Химиялық байланыс



Дата18.10.2023
өлшемі15,95 Kb.
#118596

Химия тест
Химиялық байланыс
Химиялық байланыс — молекуладағы атомдарды бір-біріне байланыстырып ұстап тұратын күш. Атомдардың өзара байланысуы көп жағдайда сыртқы электрон деңгейінің қатысуымен жүзеге асады. Химиялық байланыс түзу барысында атомдар өздерінің сыртқы электрондық қабатын аяқтауға тырысады. Ковалентті химиялық байланыста — әрекеттесуші атомдарға ортақ электрондар жұбы пайда болып, олардың санына қарай бір немесе бірнеше еселенген байланыстар түзіледі. Ковалентті химиялық байланыстар электрон жұбының атомдардың арасында орналасуына қарай полюсті және полюссіз деп екіге бөлінеді. Иондық байланыс электр терістілігі бойынша айырмашылығы үлкен металл мен бейметалл атомдары арасында түзіледі. Иондық байланысқан қатты заттар иондық кристалдық торға ие болады. Сондықтан олар қатты, берік, қиын балқитын заттарға жатады. Иондық байланыс көбіне нағыз типтік металдардың оксидтері мен гидроксидтеріне және барлық тұздарға тән.

  1. Иондық байланысы бар қосылысты көрсетіңіз:

A) NaCI
B) HF
C) O2
D) CH4
E) NH3
2. Ортақ электрон жұбы арқылы түзілген байланыс қалай аталады?
A) Иондық
B) Ковалентті
C) Сутектік
D) Металдық
3. Полюсті ковалентті байланысты қандай элемент атомдары түзеді?
А) электртерістігі айқын айырмашылық бар элемент атомдары
B) электртерістігі бірдей
С) электртерістігінде айырмашылық аз.
4. Иондық байланысы бар қосылыстардың қатарын көрсетіңіз
A) NaF; CaF2 ; Na2SO4
B) N2, Na2S, HF
C) K2SO4, O2
D) Cl2; NaNO3; Fe
E) KCl; MgCl ; F2

5.Полюссіз ковалентті байланысы бар қосылысты көрсетіңіз:
A) К2SO4 B) HF C) O2 D) CH4 E) NH3
6. Электртерістілігі бойынша айырмашылығы үлкен металл мен бейметалл атомдары арасында түзілетін байланыс:
A) Ковалентті
B) Иондық
C) Сутектік
D) Металдық
7. Иондық байланысы бар қосылыстарға жатады:
А) Қышқылдық, негіздік оксидтер
B) тұздар, қышқылдық оксидтер
С) Тұздар мен негіздер
D) Негіздер,қышқылдар
8. Иондық байланысы бар қосылыстардың кристалл торлары:
A) Атомдық
B) атомдық, молекулалық
C) иондық
D) молекулалық
E) иондық және атомдық


Жауабы: 1-А, 2-В, 3-С, 4-А, 5-С, 6- В,7-С,8-С

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет