Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер етуші факторлар Зертханалық жұмыс №6



Дата17.10.2023
өлшемі0,94 Mb.
#117009
Байланысты:
9-

Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер етуші факторлар Зертханалық жұмыс №6

9.3.2.1 - реакция жылдамдығы ұғымын түсіндіру; 9.3.2.2 - реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды анықтау және оны бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру

Химиялық реакцияның жылдамдығы


Химиялық реакциялардың жылдамдығын зерттейтін химияның саласы химиялық кинетика деп аталады. Химиялық кинетикадағы басты ұғым- химиялық реакцияның жылдамдығы.
Химиялық реакцияның жылдамдығы деп-уақыт бірлігінде әрекеттесетін заттардың немесе реакция өнімдерінің концентрацияларының өзгеруі.
С2 және С1 – соңғы және бастапқы концентарция;
t2 және t1 - – соңғы және бастапқы уақыт;
жылдамдықтың бірлігі моль/л*с; моль/л*мин.

Химиялық реакциялар: гомогенді және гетерогенді

Гомогенді реакциялар

  • Біртекті ортада жүретін реакциялар гомогенді реакциялар деп аталады.
  • М:ерітінділер арасында; газдар арасында

Гетерогенді реакциялар

  • Әртекті ортада жүретін реакциялар гетерогенді реакциялар деп аталады.
  • М:газдар мен сұйықтықтар;
  • Қатты заттар мен сұйықтықтар

Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар
1.Әрекеттесуші заттар табиғаты;
2.Еритін реагенттердің концентрациясын жоғарылату;
А)Газ тәріздес реагенттердің қысымын жоғарылату;
Б)Қатты реагенттердің беттік ауданын жоғарылату;
3.Температураны жоғарылату;
4.Катализаторды қолдану;
5.Ингибатроды қолдану.

Әрекеттесуші заттар табиғатының химиялық реакция жылдамдығына әсері

Mg + H2SO4 → MgSO4 + H2

Магний + күкірт қышқылы → магний сульфаты + сутек

реакция қалыпты жағдайда шабытты жүреді

Zn + H2SO4 → ZnSO4 + H2

Мырыш + күкірт қышқылы → мырыш сульфаты + сутек

реакция қыздырғанда жүреді

Cu + H2SO4 →

Мыс + күкірт қышқылы → реакция жүрмейді

реакция қыздырғандада жүрмейді


газтәріздес заттар
қатты заттар
ерітінділер
V
V
V
˃
˃
Ерітілген реагенттердің концентрациясы жоғары болған сайын, химиялық реакция жылдамдығы артады.
Себебі: концентрация жоғары болғанда, кеңістіктің сол аймағында бөлшектер саны көп болады. Бұл бөлшектер көбірек соқтығысады және көбірек реакцияға түседі дегенді білдіреді.
Концентрациясы жоғары
Концентрациясы төмен
Химиялық реакция жылдамдығына концентрацияның әсері
Мырыш + күкірт қышқылы → мырыш сульфаты + сутек
Zn + H2SO4 → ZnSO4 + H2↑
Қысым артқан сайын, газ бөлшектері қозғалып жүрген кеңістік азаяды.
Газ бөлшектері соқтығысудың жиілігін арттыра отырып, бір-біріне жақындайды. Бөлшектердің реакцияға қабілеттілігі жоғарылайтынын білдіреді.
Жоғары қысым
  • Химиялық реакция жылдамдығына қысымның әсері

N2(г) + O2(г) = 2NO(г) – гомогенді реакция
Tөмен қысым

Химиялық реакция жылдамдығына беттік ауданның әсері

  • Қатты заттары болатын кез келген реакция тек қатты заттың бетінде жүреді.
  • Егер қатты зат бірнеше бөлшекке бөлінсе, беттік аудан ұлғаяды. Бұл соқтығысулар көп және реакцияға түсуге қабілеті жоғары дегенді білдіреді.

Беттік ауданы аз
Беттік ауданы көп
C (қ) + O2(г) = CO2 - гетерогенді реакция

Температураның химиялық реакция жылдамдығына әсері

Температура жоғарылаған сайын реакция жылдамдығы артады. Көп реакцияда температураны 10 °C арттырғанда химиялық реакция жылдамдығы шамамен екі есе артады.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет