Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
8.2.3.2 - реагенттердің зат мөлшері қатынасын тәжірибелік жолмен анықтау
8.2.3.3 –реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жаза отырып,химиялық реакциялар теңдеулерін құру;
Сабақтың мақсаттары
Сабақтың соңында барлық оқушылар:
-реагенттердің зат мөлшерінің қатынасын анықтай алады;
-реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жаза алады;
-химиялық реакциялар теңдеулерін құра алады;
Жетістік критерийлері
Оқушы мақсатқа жетеді, егер: -реагенттердің зат мөлшерінің қатынасын анықтай алса;
- химиялық реакция теңдеулерін құрып, теңестіре алса;
Тілдік мақсаттар
Пәнге қатысты лексика мен терминология: реакция, өнім, реагенттер, коэффицент, индекс
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Реакцияға түскен заттардың массасы…. Реагенттердің массасы…. Реакция өнімінің массасы…. Атомдарды топқа бөлу
Оқушылармен амандасу. Жағымды ахуал туғызу. Оқушылар бір біріне доп немесе жұмсақ ойыншық лақтырып «бүгінгі сабақта саған тілерім...» тілек тілейді.
Оқушыларға сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты таныстырылғаннан соң оқушылармен сол оқу мақсатына жетістік критерийі бірлесе құрылып алынады.
Қосылыстар формуласын құру бойынша «миға шабуыл» әдісін қолданыңыз. Бірнеше заттар атауын ұсыныңыз, оқушылар мини тақташаларға формулаларды жазу керек.
Ак тақташалар
6-5 мин
Проблемалық сұрақ (оқушылармен талқылау)
Химик оқушыға темірмен күкірт арасында эксперимент жүргізуге тапсырма береді. Оқушы темір мен күкірттің қанша массасын алғанда реакция толығымен жүретіндігін анықтау мақсатында реакцияның химиялық теңдеуін қолданады. Реакцияның сызбанұсқасы реакцияның нақты нәтижесі болып табылады ма?
Зертханалық жұмыс. (Жұмыс парағы)
Мыс (ІІ) сульфаты мен калий гидроксидінің зат мөлшерінің қатынасын анықтау үшін демонстрация жүргізу.
Бір литрде әр реагенттің мөлшері 0.5 моль болатындай ерітіндіні пайдаланыңыз. Бес сынауыққа 5 см3калий гидроксиді ерітіндісін құйыңыз. 0,5 см3, 1,0 см3және т.с.с. мыс (II) сульфаты ерітіндісін сынауыққа қосыңыз. Біраз уақыттан кейін, заттар толық әрекеттескен соң тұнбаның биіктігін өлшеңіз. Тұнбаның биіктігі 1:2 қатынасын көрсетеді
Теңестірілген теңдеуді жазыңыз.
CuSO4 +2KOH-> K2SO4 + Cu(OH)2 Реагент, өнім, коэффицент және индекс ұғымдарынының дұрыс қолданылуына мән беріңіз.