Хирургияға кіріспе. ҚР хирургиялық қызметті ұйымдастыру. Хирургия Клиникалық медицинаның негізгі бөлімдерінің бірі, аурулар мен зақымдануларды зерттейді



бет1/11
Дата26.09.2022
өлшемі42,66 Kb.
#40295
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Хирургияға кіріспе. ҚР хирургиялық қызметті ұйымдастыру

Хирургияға кіріспе. ҚР хирургиялық қызметті ұйымдастыру.

Хирургия - Клиникалық медицинаның негізгі бөлімдерінің бірі, аурулар мен зақымдануларды зерттейді, оларды диагностикалау және емдеу кезінде ағзаның жабынды тіндері тұтастығының бұзылуымен қатар жүретін әдістер мен тәсілдер қолданылады.


Хирургияның даму тарихы негізгі 5 кезеңнен тұрады:
І. Эмпирикалық кезең. Ол біздің дәуірімізге дейінгі 6-7 мыңжылдықтардан XVI ғасырдың соңына дейінгі уақытты қамтиды:1. Ежелгі әлем.2. Орта ғасырлар.
ІІ. Анатомиялық кезең-XVI ғасырдың соңынан XIX ғасырдың соңына дейін.
III. XIX ғасырдың соңы-XX ғасырдың басындағы ұлы ашылулар кезеңі.
IV. Физиологиялық кезең-XX ғасырдың хирургиясы.
V. қазіргі заманғы хирургия (қалпына келтіру-қайта құру хирургиясы кезеңі, жоғары технологиялар кезеңі, органиялық сақтау операциялары кезеңі).

Қазақстандағы хирургия. Қазақ республикасының хирургиясының дамуы жоғарыдағы аты аталған хирургтардың ғылыми еңбектерімен тығыз байланысты. Совет үкіметінің құрамында Қазақстан 74 жыл бойы жақсылықты да, жаманшылықты да бірге көріп, қиын-қыстау жағдайларда ат салысып, медицина ғылымын дамытып, оның ішінде хирургия ғылымын бірге алға апарды. 1931 жылы Алматыда ең бірінші рет медицина институты ашылды. 1934 жылы осы институтқа жалпы хирургия кафедрасының тұңғыз меңгерушісі болып профессор А.Н.Сызғанов тағайындалды. Ол ғалым келе сала-ақ, қан құю станциясын, ісік ауруларының диспансерін ашты, қалқан безінің ауруларының алдын алу үшін ас тұзына йод дәрісін қосуды ұсынды, іріңді жараларды салицил қышқылымен, гипосульфит натрий дәрілерімен емдеу түрін дәлелдеді. Республикалық эксперименттік және клиникалық хирургия ғылыми-зерттеу институтын ашып, осы институттың көп жылдар бойы директоры болып, 200-ден астам ғылыми еңбек шығарды. А.Н.Сызғановтың басшылығымен 18 хирург медицина ғылымдарының докторы, 80 хирург медицина ғылмының кандидаты деген ғылыми атаққа ие болды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет