Жоспар: Стресс туралы түсінік



бет1/3
Дата01.10.2024
өлшемі35,52 Kb.
#146471
  1   2   3
Байланысты:
4-лек пси


4-дәріс. Стресс-менджмент және өзін реттеу психологиясының негізгі мәселелері
Жоспар:
Стресс туралы түсінік.
Стресстің пайда болуына әсер ететін факторлар
Стресстен шығу әдістері

1. Ганс Селье күйзелістің үш кезеңін бөліп көрсетеді: мазасыздық кезеңі, қарсылық көрсету, бейімделу немесе тұрақтану кезеңі жүйке жүйесінің ширығу кезеңі.


«Стресс» термині ағылшын тілінен аударғанда «stress» − «қысым, күш» деген мағынаны білдіреді. Стресс концепциясының авторы канадалық физиолог Ганс Селье болды. Оның теориясының негізгі мазмұны келесідей бірқатар кілттік тұжырымдамаларда жинақталған.
Стресс үш кезеңнен тұрады:
1) үрейлену − жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңыр қауіспетті сезім пайдаболады;
2) төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакция сытуады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалы мен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғуы рғағы жылдамданады, тыныс алуы рғағы да жиілене түседі. Бұл шық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;
3) әлсіреу – бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады.
Стресті тудыратын әсерлерге қарай физиологиялық және психологиялық стресс деп екіге бөледі. Психологиялық стресті мәліметтік және эмоциялық стресс деп атайды. Тосыннан жағымсыз хабар естігенде мәліметтік стресс пайда болады. Адам дұрыс жауап таба алмай, қатты қиналады, не істерін білмей, абыржып қалады. Ал эмоциялық стресс қауып туғанда немесе оқыс қорыққанда, не біреуден қатты көңілі қалғанда байқалады. Мұндайда жоғарғы жүйке әрекетінде тежеулі серпілісі қанат жаяды. Соның нәтижесінде іс-қимыл әрекеті немесе сөйлеген сөзі бұзылады.
Стрестің физиологиялық тетігі гипоталамус-гипофиз бүйрек үсті безі жүйесінің рефлекторлық қызметіне негізделген. Стресс кезінде қанда глюкокортикоидтар мен катехоламиндердің, серотониннің мөлшері оқыс көбейеді. Ғылымның жаңа деректері бойынша оған қосымша самототропин және самотомединдер де стрестің, әсіресе оның үрейлену кезеңінің өрлеуі не себеп болады. Самототропиниммундық жүйенің қызметін белсендіріп, организмнің стреске қарсы тұру төзімділігін арттырады.
2. Соңғы жылдары стресс мәселесі әлемдік психологиялық ғылым мен тәжірибеде өзекті тақырыптардың бірі ретінде қарастырылуда. Кеңестік психологияда жастар ортасындағы психологиялық стрессті зерттеуге басты назар аудартылды. Жастардағы психологиялық стрессті бастан кешіруі көптеген факторлармен шарттасады.
Олардың ішінде:
1. Әлеуметтік факторлар – бұл факторлардың тобына қоғамдағы әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық, көптеген әлеуметтік мәселелер, сондай-ақ, жұмыссыздық, әлеуметтік жанжалдар, жас отбасылардың мәселелері.
2. Әлеуметтік-психологиялық факторлар – түрлі типтегі әлеуметтік және тұлғааралық қатынаспен байланысты мәселелер, позициялық және эмоционалды дау-жанжалдар, қарымқатынастық мәселелер, кіші топтағы жағымсыз психологиялық көріністер.
3. Тұлғалық факторлар:
а) обьективті-тұлғалық – жастық шақтағы дағдарыстар, жыныстық ерекшеліктер;
б) субьективті-тұлғалық – темпераменттің, жоғары жүйкелік іс-әрекеттің ерекшеліктері, «бұрынғы стресстік тәжірибенің» болуы, адекватсыз өзін-өзі бағалау, жоғары тұлғалық мазасыздық, қысым, агрессивтілік, ригидтілік, мотивациялық ерекшеліктер және т.б.
4. Іс-әрекет ерекшелігімен байланысты факторлар – оқу, кәсіби, кәсіби-оқыту, қызметтік. Мысалы, ұйымның еңбегінің бұзылысы, ақпараттық қысымдар және т.б.
Көптеген теориялық және қолданбалы зерттеулерді талдай келе, әсіресе, жастық шақтағылар орта жастағыларға қарағанда стресске әсер етулері біршама қарқынды болады деген қорытынды жасауға болады. Шектен тыс стресстің салдары көбінесе жас адамдарда 21 жастан 22 жасқа дейінгілерде көп байқалады.
Негізгі психологиялық мәселелердің жиынтығын төмендегідей көрсетуге болады:
 біріншіден, біршама көп таралғандары әлеуметтік қатынас пен тұлғааралық қатынас мәселесі және олармен қарым-қатынастық мәселе де тығыз байланысты болып табылады.
 екіншіден, жеткілікті түрде таралған мәселелер қандай-да бір іс-әрекетпен байланысты болып табылады. Бұл мәселелерге кәсіби, әлеуметтік-рөлдік анықталу, кәсіби әрі оқу іс-әрекетіне қанағаттанбау, біршама пасихологиялық қысым жатады.
 үшіншіден, түрлі типтегі тұлғаішілік мәселелер кең таралған.
Стресс әрбір жас адамның өмірінде кездеседі, өйткені стресстік импульстар адам өмірі мен ісәрекетінің барлық аумағын қамтиды. Жас адамның ағзасын түбегейлі өзгертетіндер: эгоцентристік (эгоизм), қызығушылықтарының бұрмалануы, фанаттыққа ұмтылу, өз мүмкіндіктерін мойындамау, истероидтылық және т.б. Осылардың нәтижесінде адам өз хал-ақуалына қанағаттанбайды. Мұның барлығы стресстің пайда болуына әкеліп соғады.
В.Ф.Калошин стресстік күйге жиі түсетін жастардың типін келесідей бөліп көрсетеді:
гиперәлеуметтік – жастардың шектен тыс «шыншыл» болғаны, тым жауапкершілігі, адамгершілігі жоғары, өзіне аса жоғары талаптар қою, ең алдымен әлеуметтік жетістікке жетуді ойлау, мансапқа қол жеткізу;
максималист – егер жастар барлық жерде ашу-ызаға, әділетсіздікке, дискриминацияға куә болса, онда олар әрдайым бар әлеммен өштесіп өмір сүреді. Ең соңында өздері жалғыздықта қалып қоятындар.
Тура – ригидті, ымыраға келмейтін тұлға – тек қана «иә» немесе «жоқ», ақ немесе қара, барлық нәрсе қандай болмасын жүзеге асу керек дейтіндер.
Әлсіз – төмен бейімделген адам – туылғаннан немесе өмір ағымында мүмкіндіктері шектеулі әрі тек физикалық жағынан ғана әлсіз емес, психикалық және әлеуметтік әлсіз жастар.
Мазасыз – күдікшіл жастарға әрдайым қорқыныш сезімі тән болғандықтан, ағзаны әлсіздендіреді. Бұл типтегі жастар әрқашан өздерін ауру сезініп жүреді.
волюнтаристер − ереже бойынша өмірді «кейінге» қалдыратындар. Жастардың көбісі жұмыста , шығармашылықта көп шаруаларын «кейінге» ысырып қояды. Бірақ әрдайым «кейінге» қала берген де түрлі бастан кешулерге, реніштерге, қанағаттанбауға алып келеді. Осы типтегі адамдарда әрдайым стресске ұшырау қаупі төніп тұрады. Демек, осы бөлінген типтерге орай жастардағы стресстің пайда болу себептері мен жастардың бойында көрініс табуын да ашып айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет