Хv-хvii ғғ. Географиялық ашылымдар. Ерте отарлаудын мақсаты, түрі және әдісі


,Отарлық экспансияның жетекші Еуропа елдерінің экономикалық дамуына ықпалы



бет3/4
Дата19.04.2023
өлшемі32,99 Kb.
#84693
1   2   3   4
2,Отарлық экспансияның жетекші Еуропа елдерінің экономикалық дамуына ықпалы. 


Отарлау саясаты - [лат. colonia - қоныстану] - жергілікті халықты тұралатып, қанаумен жүргізілетін, күшті державаның артта қалған ел мен халыққа аумақтық бақылау орнату саясаты әрі іс-әрекеті. Батыс еуропалық отарлау саясаты өзінің қалыптасу кезеңінде әлемдік экономиканың аса күшті даму тетігіне айналды, өйткені, отар елдер метрополияларда капиталдың жинақталуына және олардың тауарларын өткізуге қолайлы нарық туғызды. Сауданың бұрын-соңды болмаған кеңеюі нәтижесінде әлемдік нарық қалыптасты, ал, экономиканың қыз-қыз қайнауы Жерорта теңізінен Атлантикаға ойысты. Көптеген еуропалық портты қалалар (ЛиссабонСевильяЛондон және т.б.) сауданың күшті орталықтарына айналды. Еуропаның аса бай қаласы Антверпен болды, онда сауданың толық еркіндігі тәртібінің арқасында ірі көлемдегі халықаралық сауда және несие шаралары жүргізілді. Сауданың дамуы жеке банктермен қатар Бүкіл Еуропада кеңінен таралған қоғамдық банктердің құрылуына қолайлы жағдай туғызды. ХIХ-XX ғғ. басында әлемнің аумақтық бөлінісінен кейін әлемдік отарлық жүйе - ең алдымен Африка, Оңтүстік- Шығыс Азияның отар, тәуелді елдеріне әлемдік державалардың үстемдік жүйесі қалыптасты.Негізгіотарлаушыелдер ҰлыбританияИспанияФранцияРесейГерманияАҚШ, БельгияИталияЖапония болды.
Бұл елдердің жиынтық отарлық иеліктері XX ғ. басында Жердің жартысынан көп бөлігіне (72 млн ш. шақырым), планета халқының үштен бір бөлігіне (560 млн адам) жүргізілді.
Ұлыбритания әлемнің аса ірі отарлық бола тұра,Үндістанға,Африкаға,Америкаға,Австралияға және Жаңа Зелвндияға үстемдік етті.
АҚШ - Кариб бассейнінде, Тынық мұхитында, Орталық Америкада және Қиыр Шығыста билік құрды.
Француз экспансиясы Африка мен Үндіқытайға жүрді;
Германия Африкада отарларға ие болды;
Жапония - Маньчжурияны, Кореяны, Қытайды және Оңтүстік-Шығыс Азияны отарлады.
Ресей Қиыр және Таяу Шығыста, Орталық Азияда өз ықпалын жүргізді. II дүниежүзілік соғыстан кейін отар елдерде ұлт-азаттық қозғалыстардың өршуі нәтижесінде әлемдік отарлық жүйе қирады.
XVII ғасырдағы Голландияның отаршылдық әрекеттері. Индонезия мен Цейлоңды голланд отаршылдарының басып алуы. XVII-XVIII ғасырлардағы ағылшындық Ост-Индия компаниясының отаршылдық әрекеттері. XVIII ғасырдағы капиталистік державалардың Азия жөне Африка елдерін отарлау мен ықпал аймақтарына ие болу үшін күресі. Толық және жартылай отарлыққа түскен Шығыс елдерінің жағдайы. Қиыр Шығыс елдерінің (Қытай, Жапония, Корея) отаршылдыққа қарсы оқшаулану немесе "жабық есік" 'саясатын үстауының салдары. Отаршылдыққа қарсы болған ұлт-азаттық қозғалыстар.
XVII ғасырдың басында Батыс Еуропа елдерінің ішінде сауда және отаршылдық саясат жүргізуде Голландия алғашқы орынды иемденді. Оның отарлық иеліктері Оңтүстік және Солтүстік Америка құрлығында орналасты.
XVII ғасырдың 40-жылдарындағы Англиядағы буржуазиялық революция бұл елді отарлық үстемдік үшін ашық күреске әкелді. XVII ғасырдың екінші жартысында жүргізілген соғыстардың нәтижесінде Англия Голландияны жүргізілген бәсекелестік соғысы Голландияның негізгі отарлық иеліктерін толық тартып алуға мүмкіндік бермейді.XVIII ғасыр бойында Англия мен Франция арасында Америка мен Үндістанды отарлау үшін кескілескен күрес жүреді.
XVII-XVIII ғасырлада Ресей де отаршылдық саясатқа бет бұрып, халықаралық саясаттағы мәртебесі өсе бастады. Ресейлік отаршылдардың Шығысқа жылжуы біршама ауқымы болды. XVIII-XIX ғасырларда Еуропа елдеріндегі капиталистік қатынастардың дамуы азиялық рынок үшін күресті, отарлық иеліктерді қанауды одан әрі күшейте түсті. Отаршылдар отарлық қанаудың жаңа әдісіне көше бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет