Қабитқан Т. Ж., Айтқожина С. К



бет1/12
Дата15.12.2023
өлшемі165,21 Kb.
#138301
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Мексика


Қабитқан Т.Ж., Айтқожина С.К.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
Өскемен қ., Қазақстан Республикасы
Мексика мемілекеті
Мексика (ис. México [ˈmexiko]), ресми — Мексикалық Біріккен
Штаттары (ис. Estados Unidos Mexicanos) — Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Америка Құрама Штаттарымен, Оңтүстік-шығысында Гватемала және Белизбен шектеседі. Батысы мен оңтүстігі Тынық мұхитының, шығысы Атлант мұхитының жағалауларын алып жатыр. Астанасы —Мехико қаласы. Аумағы бойынша Мексика бүкіл елдердің арасында 13-ші орын алады. Мексиканың жалпы аумағы 1 972 550 км², оның ішіне Тынық мұхитында, Мексика шығанағында және Кариб теңізінде орналасқан аралдар (ең ірі Гваделупа аралы) және Ревилья-Хихедо архипелагы кіреді. Жалпы аралдардың ауданы 6 мың км²-ге тең(1сурет).
Мексика — федеративтік республика. 1917 жылы 5 ақпанда қабылданған Конституциясы бойынша мемлекет басшысы — президент. Президентті халық 6 жыл мерзімге сайлайды. Жоғары заң шығарушы органы: Сенат (6 жыл мерзімге сайланады) пен Депутаттар палатасынан (3 жыл мерзімге сайланады) құралатын ұлттық конгресс. Жоғары атқарушы органы — Министр Кабинеті ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні — 16 қыркүйек (1810). Әкімшілік жағынан 31 штат пен федералдық астаналық округке бөлінеді. Әр штатта өзінің қабылдаған заңдары, заң жүйесі, басшалағы бар. Біріккен Ұлттар Ұйымына (1945), Америка мемлекеттері ұйымына(АМҰ)(1948)мүше
(1сурет)Мексика мемілекетінің орналасуы

Табиғи жағдайлары мен ресурстары.Мексиканың көпшілік бөлігін Мексика таулы қыраты алып жатыр.Солтүстік батысында таулы Калифорния түбегі, оңтүстігінде —Чьяпас және Оңтүстік Сьерра-Мадретау тізбектері, оңтүстік-шығысында ойпатты Юкатан түбегі орналасқан. Мексиканың ең биік жері — Орисабо вулкан шоқысы (5700 метр).

Жер қойнауынан түсті металдар (мыс, қорғасын, мырыш, күміс, сынап, сурьма, қалайы, вольфрам, алтын, тағы басқа) мен мұнай, газ, тас көмір, темір, уран өндіріледі. Елде темір, қорғасын, мырыш,сынап кені көп. Мексикадағы жалпы мыс рудасының резервтері 1,7 млн тоннаны қамтиды. Мыс рудасының орналасқан жерлері Артвинда, Гиресун-Эспиеде, Ризе-Чайелиде, Элазыг-Эрганида, Кастамону-Кюреде және Сииртеде. Елдің үлесіне дүниежүзілік гидроргирумның 25 %-ы тиесілі. Сонымен бірге ел вольфрамның қорына өте бай және жүзге жуық мыстың кен орындары белгілі. Мексика хром рудасын, хромитті және оның концентраттарын ең негізгі өндіруші және экпортқа шығарушы. Мексикадағы хромиттің бағаланған қоры 26 млн тонна және осы көрсеткіш бойынша дүниежүзінде 4-орында. Өнеркәсібінің маңызды салалары мұнай өңдеу, мұнай химиясы мен түсті металлургия. Мексика мырыш, қорғасын, күкірт, сынап өндіру жөнінен дүниежүзінде алдыңғы ондыққа енедіЭкспортының негізін мұнай мен мұнай өнімдері, шикізаттар, түсті металдар, күміс, электр, Ауыл шаруашылық тауарлары, мақта, кофе және балық құрайды. Сырттан машиналар мен құрал-жабдықтар, темір, химия өнеркәсібінің өнімдерін, телебайланыс аспаптарын, электроника сатып алады. Ұлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 8120 Америка Құрама Штаттары долларына (1997) тең. Негізгі сауда серіктестері — Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Франция мен Бразилия.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет