КІРІСПЕ
I БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ. ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI.
1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптастыру мәселесiнiң зерттелуi.
1.2. Кіші жастағы оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың лингвистикалық негіздері.
1.3. Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысына әсер ететiн психологиялық факторлар.
I.4. Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптастырудың педагогикалық негiзi мен тәрбиелік мәні.
II КІШІ ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АУЫЗША СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДIСТЕМЕСI
ІІ.1 «Әліппе» оқулықтарын оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру тұрғысынан талдау
II. 2 Кіші жастағы оқушылардың ауызша сөйлеу дағдылары мен қалыптасу деңгейлері.
2.3 Бастауыш мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру әдіс. тәсілдері
ІI. 4 Бастауыш мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру әдiстемесiнiң тиiмдiлiгiн эксперимент жүзiнде дәлелдеу
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі таңда қоғамда түрлі экономикалық және әлеуметтік реформалар жүріп жатыр. Мұндай өзгерістер жалпы білім беретін мектептерді де айналып өтпеді, өйткені қазіргі уақытта ұлттық мәдениетті жетік меңгерген, шығармашылықпен ойлай алатын жан-жақты білімді жастарды дайындау талап етілуде. Осыған байланысты мемлекет білім саласын реформалауға ерекше көңіл бөлуде.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев: «Білім беру реформасы – Қазақстанның нақты бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің маңызды құралдарының бірі» дей келе, білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар бүгінгі күн талабының жемісі екеніне тоқталды. Демек, жас ұрпақты «...экономикалық және әлеуметтік жаңару талабын қанағаттандыратын» етіп тәрбиелеу студенттердің ана тілінде мәнерлеп сөйлеуіне, өз ойын жүйелі жеткізуіне байланысты. Ал мұның іргетасы бастауыш сыныптарда қаланады.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасында бастауыш мектепте оқытудың маңыздылығы мен қазақ тілін оқытудың негізгі қағидалары атап өтілген: «Бастауыш мектептің бірінші кезектегі міндеті – баланың жеке басының бастапқы қалыптасуын қамтамасыз ету, қабілетін анықтау және дамыту. Бұл кезеңдегі білім беру мен оқыту оң мотивацияны, оқу іс-әрекеті туралы білімдерді, күшті оқу, жазу, санау дағдыларын меңгеру, қарапайым коммуникативті тілдік тәжірибені, шығармашылық тұрғыдан өз ойын жеткізе білуді қалыптастыруға бағытталған. Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағында тұлғаны қалыптастыру оқушының өз ойын ана тілінде еркін, дұрыс, анық жеткізе білуінен басталады. Ең алдымен оқушы ойын қорықпай жеткізе білуі керек; екіншіден, сөйлемдерді дұрыс, анық құра білу; үшіншіден, сөйлеу мәдениетінің алғашқы қарапайым элементтерін меңгеру; төртіншіден, қоршаған ортаға сәйкес қарым-қатынас жасай білуі керек. Сайып келгенде, мұның бәрі Тұжырымдамада көрсетілген тілдік қатынастың негізгі қағидалары мен ұстанымдарын меңгеруді талап етеді. Сондықтан Қазақстан Республикасының мемлекеттік тапсырысы бойынша бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту, балалардың ауызекі сөйлеу тілін қатысу арқылы қалыптастыру мәселесі өзекті болып отыр.
Қазіргі таңда білім беру саласы жаһандану үдерісін бастан кешіруде. Осы процестің арқасында бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесіне көптеген жаңа инновациялық технологиялар енгізілді. Отандық педагогикада әлемдік педагогиканың озық тәжірибелерін сапалы пайдалану қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан интерактивті әдістер, әңгімелесу арқылы оқыту, т.б. бірінші сынып оқушыларының сөйлесу дағдыларын жетілдіреді. Техниканың көмегімен мектеп оқушысының тұлғасын қалыптастыру мәселесі
1. Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың Қазақстанның халқына жолдауы // Университет №9-14.03.2006ж
2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм беру тұжырымдамасы // Қазақстан жоғары мектебi. 2004 ж № 1.
3. Байтұрсынов А . Тiл тағылымы. А: Санат-1992-448 бет.
4. Жұбанов Қ. Қазақ тiлi жөнiндегi зерттеулер А.: Ғылым, 1966.-362
5. Жұмабаев М. Педагогика Алматы: Ана тiлi, 1992.-155 б.
6. Аймауытов Ж Таңдамалы шығармалар жинағы Алматы:1998,302 бет
7. Шонанов Т. Тіл дамыту. Қызылорда. 1935
8. Бегалиев Ғ. Әрiп,дыбыс,буын. Қызылорда, Қазақстан, 1935.- 23 б
9. Бегалиев К. Бастауыш мектепте қазақ тiлiнiң методикалық мәселелерi 1950-192 бет.
10. Садуақасов Ә. Қазақ тiлiнен методикалық құрал А.,Қазмембас,1941-81б.
11. Жиенбаев С. Қазақ тiлiнiң методикасы. А.,Қаз.бiрiккен мемл. баспасы. 1946-118 б.
12. Ұйықбаев И.Қ. Қазақ тiлi методикасының очерктерi. А.: Қаз. мемлекеттiк оқу пед. баспасы 1962-108 б.
13. Сарыбаев Ш. Қазақ тілін оқыту методикасы. Қазмембас, 1941
14. Бозжанова К. Бастауыш мектепте қазақ тiлiн оқыту.. А., 1964-88 бет.
15. Жұбанова М. Бастауыш мектепте сауат ашу методикасы п.ғ.к. ғылыми атағын алу үшiн дайындалған диссертация. А.,1965ж
16. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.А, Өлке,2003-124.
17. Жазыбаев М, Нағашыбаев Ә. Бастауыш кластар үшiн грамматикалық ойындар, Алматы, Мектеп 1981-48 б.
18. Ұйықбаев И.Қ. Қазақ тiлi методикасы
19. Қазыбаев С. Бастауыш кластарда қазақ тiлiн оқыту. 1985-636.
20. Әбдікерімова Т. Бастауыш мектеп оқушыларының текст арқылы тілін дамыту әдістемесі. 1993
21. Уаисова Г.И. Методика обучение лексическую систему родного языка в казахской школе. А.: 1993-26б
22. Жұмабаева Ә.Е. Бастауыш мектептегі сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының әдістемесі. педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін дайндалған автореферат. А,:1998-26б
23. Ермекбаев М. Бастауыш мектеп оқушыларының қазақша сөздiк қорын молайту әдiстемесi. п.ғ. к., ғылыми атағын алу үшiн дайындалған диссертация. А., 2003-183б
24. Томанов М 3 класта сын есiмдi оқыту тiл. Бастауыш мектепте қазақ тiлiнiң методикасының мәселелерi. А., 1957-85-99 б.б.
25. Рахметова С. Бастауыш мектеп оқушыларының тiлiн дамытудың ғылыми - әдiстемелiк негiздерi (ауызша және жазбаша тiл дамыту) п.ғ.д. ғылыми атағын алу үшiн дайындалған диссертация. А.,1994ж
26. С.Ахметов Әліппе кезеңіне дейінгі сабақтарды оқыту.// Қазақ тілі мен әдебиеті, 1958, № 2, 13-17 б.б.