Зжасам, терминжасам тәсілдері олардың байланысы мамаева Гүлнар Бейсенқызы



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі329,07 Kb.
#9632

СӨ

ЗЖАСАМ, ТЕРМИНЖАСАМ ТӘСІЛДЕРІ ОЛАРДЫҢ 

БАЙЛАНЫСЫ Мамаева Гүлнар Бейсенқызы 

филология ғылымдарының кандидаты Л.Н. 

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 

қ

азақ тіл білімі кафедрасының доценті Астана. 

Терминжасам тәсілдері сөзжасам тәсілдеріне негізделеді. Сонымен бірге, терминжасам 

тәсілдерінің  өз  ерекшеліктері  де  бар.  Сөзжасам  тәсілдері  терминжасам  тәсілдерінің 

негізін 


құрайды. 

Сөзжасамдық  тәсілдер  туралы  сөз  болғанда,  оның  бірте-бірте  қалыптасқанын  есте 

ұстау  керек.  Өйткені  терминжасам  тәсілдері  де  бірте-бірте  қалыптасады.Сөзжасам 

тәсілдері,  олардың  түрлері  туралы  теория  А.Байтұрсынұлының  «Тіл-құралы»  кезінде 

қалыптаспаған  еді.  Сондықтан  А.Байтұрсынұлы  «Тіл-құралында»  сөзжасамның 

синтетикалық,  аналитикалық,  семантикалық  тәсілдері  терминдерін  қолданған  жоқ. 

Бірақ  сөзжасамдық  тәсілдер  негізінде  жасалатын  туынды  сөз  мәселелерін  ол  жазды. 

Мәселен, жұрнақ, туынды сөз, қос сөз (жалпылағыш қос сөз, жалқылағыш қос сөз), зат 

есімнен  туған  сөздер,  оны  есімнен  туған  сөздер,  етістіктен  туған  сөздер,  туынды 

етістіктердегі  жұрнақтар,  етістіктен  туатын  басқа  сөздердегі  жұрнақтар  түрінде 

сөзжасамның  негізгі  мәселелерінен  «Тіл-құралда»  мәлімет  берілген  [1,  182-255]. 

А.Байтұрсынұлының  бұл  пікірлері  кейін  жұрнақ  теориясының  дамуына,  туынды 

сөздер,  зат  есімнің  синтетикалық  сөзжасам  теориясына,  сын  есім,  етістік  сөзжасам 

теориясына 

негіз 

болды. 


Рас, 

А.Байтұрсынұлы 

үлгісі 

ұзақ 


сақталды. 

А.Байтұрсынұлы  қазақ  тіл  білімінің,  қазақ  әдебиетінің  терминін  жасағанда,  тек 

қазақтың  байырғы  сөздеріне  сүйенді  және  қазақтың  байырғы  сөздерінен  ғылыми 

термин  жасауға  болатынына  сенді,  оны  уағыздады,  оны  іс  жүзінде  дәлелдеді. 

Н.Сауранбаев 1953 жылғы «Қазақ тілі» деген атпен шыққан педучилищелерге арналған 

оқулығында «Зат есімнің жасалуы», «Сын есімдердің жасалуы», «Етістіктің жасалуы» 

терминдерін қолданып, сөз таптарының сөзжасамы мәселесін көтерді [2]. Бұдан қазақ 

тілінде  сөзжасам  мәселесі  жұрнақ  арқылы  туынды  сөздің  жасалуынан  басталғаны 

байқалады. 

1960  жылы  шыққан  Ғ.Әбухановтың  «Қазақ  тілі»  оқулығында  «Зат  есім  сөздерін 

тудыру  тәсілдері»  деген  тақырып  берілген  [3,  97].  Бірақ  оқулықта  сөзжасамдық 

тәсілдер  аталмаған.  Тек  1964  жылғы  А.Ысқақовтың  «Қазіргі  қазақ  тілі.  Морфология» 

жоғары  оқу  орнына  арналған  оқу  құралында  морфологиялық  (синтетикалық), 

синтаксистік  (аналитикалық)  тәсілдер  көрсетіліп,  оларға  бірінші  рет  мынадай 

анықтамалар  берілген:  «Морфологиялық  тәсіл  деп  түбір  сөзге  я  туынды  сөзге 

қосымшалар қосу арқылы жаңа сөз тудыру тәсілін айтамыз да, синтаксистік тәсіл деп 

түбір  (я  туынды)  сөздердің  бірігуі,  қосарлануы,  тіркесуі  арқылы  сөз  тудыру  тәсілін 

айтамыз» 

[4, 

108]. 


1967  жылғы  «Қазақ  тілінің  грамматикасы»  кітабында  сөзжасамдық  тәсілдер  дәл 

жоғарыдағы 

пікірді 

қайталаған 

[5, 

16]. 


Ал  1974  жылғы  А.Ысқақовтың  «Қазіргі  қазақ  тілі»  атты  жоғары  оқу  орны 

студенттеріне  арналған  оқулықта  сөзжасамның  мына  үш  түрі  берілген:  «Сөйтіп, 

грамматикалық  жолмен  сөз  тудырудың  үш  түрлі  тәсілі  бар,  оның  біріншісі  – 

морфологиялық  тәсіл,  екіншісі  –  синтаксистік  тәсіл,  үшіншісі  –морфологиялық-

синтаксистік 

(я 


синтаксистік-морфологиялық) 

тәсіл» 


[6, 

90]. 


Қазақ  тілінің  сөзжасамында  тәсілдерді  бұлай  топтастыру  да  толық  қалыптаспады, 

әсіресе 

тәсілдің 

үшінші 

түрі 


танылмады. 

1989  жылы  шыққан  «Қазіргі  қазақ  тілінің  сөзжасам  жүйесі»  атты  монографияда  ғана 

қазіргі қолданыстағы сөзжасамдық тәсілдердің үш түрі алғаш рет беріліп, ол ғылымда 

қалыптасып,  орнықты.  Монографияда:  1)  синтетикалық  (морфологиялық),  2) 

аналитикалық  (синтаксистік),  3)  лексика-семантикалық  тәсілдер  берілген  [7,  64]. 

Сонымен бірге, монографияда әр сөзжасамдық тәсіл алғаш рет ғылыми негізде толық 

сипатталған. Бұл сөзжасамдық тәсілдерге алғаш рет берілген толық ғылыми сипаттама 

болды. 


Монографияда  синтетикалық  тәсіл  термині  түрліше  аталып  жүргенін  ескерту  арқылы 

синтетикалық  тәсіл  терминінің  қалыптасып  үлгермегенін  аңғартқан.  Синтетикалық 

тәсіл  арқылы  туынды  сөз  жасауға  түбір  сөз  бен  жұрнақ  қатысатынын,  олардың 

атқаратын  қызметін  анықтап,  синтетикалық  тәсіл  арқылы  жасалатын  модельдер 

(үлгілер)  мен  типтерге,  олардың  түрлеріне,  түбір  морфемаға  мағынасы  мен 

құрылымына, 

жұрнақтарға 

жан-жақты 

сипаттама 

берген 


[7, 

65-88]. 


Бұл  сөзжасам  тәсілдеріне  қазақ  тіл  білімінде  толық  берілген  алғашқы  сипаттама. 

Монографияда  сөзжасамның  аналитикалық  тәсілі  де  кең  талданған.  Аналитикалық 

тәсіл өте көне тәсіл деп саналып, оның дүние жүзі тілдерінен алатын орны жан-жақты 

сипатталған.  Сонымен бірге  түркі  тілдері  сөзжасамында  белсенді  қызмет  атқаратыны 

дәлелденген.  Қазақ  тілінде  аналитикалық  тәсілдің  іштей  4  түрге  бөлінетінін 

төмендегіше көрсеткен: «Тілімізде аналитикалық тәсілдің мынадай ішкі түрлері бар: 1) 

сөзқосым, 

2) 


қосарлау, 

3) 


тіркестіру, 

4) 


қысқарту 

[7, 


91]. 

Монографияда 

бұл 

тәсілдердің 



бәрі 

өте 


толық 

дәлелденген. 

Осы  мәселеде  тірек  сыңар,  ауыспалы  сыңар,  туынды  мағына  мәселелері  мұқият 

талданған. Сол арқылы аналитикалық тәсілде сөзжасамға қатысатын тілдік бірліктер де 

талданған. 

Лексика-семантикалық  тәсіл  сөзжасамдық  тәсілдер  қатарына  алғаш  рет  осы 

монографияда қосылып, ғылыми сипаттама алған. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы 

сөз  жаңа  мағынаға  ие  болып,  омоним  сөздер  қатарын  толықтырып,  сөз  басқа  сөз 

табына 

да 


өтеді 

деп 


сипатталған 

[7, 


99]. 

Осы  монографиядан  кейін  лексика-семантикалық  тәсіл  қазақ  тіл  білімінде  танылып, 

барлық еңбектерде көрсетілетін болды. Сонымен бірге, сөзжасамдық тәсілдер мәселесі 

барған  сайын  толықтырылып,  нақтыланып  анықталды.  Мәселен,  2002  жылғы  «Қазақ 

грамматикасында»  негіз  сөз  бен  туынды  сөздің  мағыналық  байланысы,  сөзжасамдық 

жұрнақтың  екі  түрі  –  лексикалық  мағына  жасайтын,  лексикалық  мағынаны 

түрлендіретін  жұрнақтар  туралы  мәлімет  берілген  және  сөзжасамдық  жұрнақтардың 

сөз  таптарына  қатысы  дәлелдену  арқылы  синтетикалық  тәсіл  толықтырылған. 

«Қазақ  грамматикасында»  аналитикалық  тәсіл  сөзқосым,  қосарлану,  қысқарту 

тәсілдерінің 

мәнін, 

түрлерін, 



дамуын 

дәлелдеу 

арқылы 

толықтырылған. 



«Грамматикада» лексика-семантикалық тәсіл мәселесі де нақтыланып, толықтырылған. 

Мәселен, лексика-семантикалық тәсілде сөздің дыбыстық, морфемдік құрамын сақтай 

отырып  жаңа  мағынаға  ие  болуына  байланысты  оның  лексика-семантикалық  тәсілге 

жататыны  әр  сөз  табы  арқылы  анықталған.  Лексика-семантикалық  тәсіл  арқылы 

жасалған туынды сөздін сөз табын сақтауы да, сөз табын ауыстыруы да мүмкін екені 

дәлелденген. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған сөздердің басқа сөз табына 

көшудің 

ішкі 


заңдылықтары 

ашылған 


[8, 

203-208]. 

1989  жылғы  «Қазіргі  қазақ  тілінің  сөзжасам  жүйесі»  монографиясынан  бастап-ақ 

ғалымдар  сөзжасамның  3  тәсілін  қабылдап,  өз  еңбектерінде  қолдана  бастады,  оған 

терминология 

ғалымдары 

да 

жатады. 


Сөзжасамдық  тәсілдің  осы  3  түрі  «Қазақ  тілінің  сөзжасамы»  оқулығында  беріліп,  ол 

ғылымда 


орныққан 

заңдылық 

ретінде 

танылған 

[9]. 


Сөзжасам  мәселесінде  сөзжасамдық  тәсілдер  мәселесі  негізгі  орын  алатыны  белгілі. 

Бұл  мәселе  терминжасам  мәселесіне  байланысты  елеусіз  қалды  деп  айта  алмаймыз. 

Терминолог ғалымдар еңбектерінде қажетіне қарай оған көңіл бөліп отырған. Мәселен, 

терминология  саласының  ірі  маманы  академик  Ө.Айтбаев  ғылымда  аталып  жүрген 

мына  тәсілдерді  атап,  оларға  талдау  жасаған:  «1)  семантикалық  тәсіл,  2) 

морфологиялық  тәсіл,  3)  синтаксистік  тәсіл,  4)  калькалау  тәсіл,  5)  сөз  қысқарту 

(аббревиациялау) 

тәсілі» 


[10, 

253]. 


Ғалым терминжасамның семантикалық тәсілін талдай келе, ол пікірлерін төмендегіше 

қорытады:  «Сонымен,  семантикалық  тәсіл  терминжасамның  негізгі  тәсілдерінің  бірі 

ретінде  терминологиялық  лексика  қабатының  толыға,  байи  түсуіне  үлкен  септік 

жасайтын негізгі амалдың бірі болып табылады. Мұның тағы бір атап айтылуға тиісті 

ерекшелігі  сол  арқылы  жасалған  терминдер  терминжасамның  өзге  амалдарына 

қарағанда,  әрі  қысқа,  әрі  нұсқа  болып  шығатыны.  Сондықтан  да  терминжасам 

процесінде 

бұл 


тәсілді 

сарқа 


пайдаланып 

отыру 


қажет» 

[10, 


259]. 

Ғалым  еңбегінде  калькалау  тәсілі  туралы  жай  аудармадан  калькалаудың  айырмасы 

мәселесіне  жақсы  түсінік  берген.  Сондай-ақ,  ғалым  калькалану  арқылы  жасалған 

сөздерді зат есім сөздер тобына жатады деп танып, калька-терминдердің екі түрін, яғни 

мағыналық  және  мағыналық-құрылым  тұрғысындағы  түрін  атаған.  Оны  ғалымның  өз 

сөзімен  келтірген  дұрыс.  Ол  төмендегідей:  «Калькалану  тәсілі  арқылы  жасалып, 

тілімізге енген терминдерді  екі  ыңғайда қарастырып, танып білу керек сияқты. Бірі  – 

мағыналық калька, яғни сөзбе-сөз аударма емес, түбір сөздің негізгі мағынасын беру, 

екіншісі  –  мағыналық  құрылымын  (структурно-смысловые  слова)  беру.  Бұл  тәсіл 

бойынша термин сөзбе-сөз аударылады. Онда сөздің негізгі мағынасын берумен қатар, 

оның бөлінбес бөлшектері мен синтаксистік құрылымын да сақтау көзделеді» [10, 269]. 

Терминжасамда  өзіндік  орны  бар  бір  топ  терминдер  бар,  олар  химия,  физика, 

математика,  техникаға  қатысты  терминдер.  Олар  осы  салаларда  үлкен  қызмет 

атқарады. Мысалы, көпшілікке мәлім математикадағы мына таңбаларды алайық: =, ≠, 

>,  <,  \\.  Бұл  таңбалардың  әрқайсысы  белгілі  ұғымды  білдіреді.  Мәселен,  =  тең,  ≠  тең 

емес, 


көп, 


аз 


т.б. 

Математика, химияда латын әріптері белгілі мәнде қолданылатыны белгілі. ά, β, γ, А, 

В,  С  т.б.  Таңбалардың  бір  тобы  жол  бойында  көп  қолданылатыны  белгілі.  Әсіресе, 

ғылымның  түрлі  саласында  қолданылатын  таңбалар,  символдардың  прагматикалық 

мәні 

оларды 


терминология 

саласында 

қарауды 

нұсқайды. 

Бұл мәселелер туралы  зерттеулер қазақ тіл  білімінде кездеспеді. Мамандар арасында, 

оқыту ісінде ондай таңбалар жиі қолданылатыны белгілі. Демек, олардың да зерттелуі 

қажет. 

Терминдердің  сөзжасам  жүйесі  бар.  Бірақ  терминдердің  сөзжасам  жүйесі  арнайы 



зерттелмеген. Оның әр мәселесі жөнінде түрлі пікірлер, белгісіз, анықталмаған ғылыми 

ұғымдар 


өте 

көп. 


Терминжасам  –  жүйелі  құбылыс,  оның  яғни  жүйенің  бір  мүшесіне  терминжасамдық 

тәсілдер  жатады.  Терминжасам  тілдің  сөзжасам  жүйесінің  бір  мүшесі,  бір  тармағы 

болғандықтан,  ол  сөзжасамның  жалпы  заңдылықтарын  сақтайды,  оған  бағынады,  ол 

терминжасамда  қолданылады.  Олай  болса,  терминжасамда  сөзжасамның  тәсілдері 

түгел  қолданылады.  Сонымен  бірге,  терминжасамның  өз  ерекшелігіне  байланысты 

тәсілдер 

де 

терминжасам 



тәсілдерінен 

орын 


алады. 

Терминжасам  мәселесіне  арнайы  назар  аударған  ғалым-  Ш.Құрманбайұлы.  Ғалым 

монорафиясында терминжасам тәсілдерінің мына түрлерін көрсеткен: 1) синтетикалық 

(морфологиялық) тәсіл, 2) аналитикалық (синтаксистік) тәсіл, 3) терминдену (лексика-

семантикалық) 

тәсілі, 


4) 

калькалау 

тәсілі 

[11, 


99-165]. 

Термин  сөздердің  тіліміздегі  аумағы  өте  үлкен.  Оған  30  томдық  терминологиялық 



сөздік  толық  дәлел  болады.  Бұл  сөздік  қорымыздағы  үлкен  байлық.  Тіліміздегі  осы 

үлкен  байлық  жан-жақты  толық  зерттелген  деп  айтуға  әлі  ерте  демекпіз. 

Термин  мәселелерін  зерттеген  ірі  ғалымдарымыз  барын  білеміз.  Академиктер 

Ә.Қайдар,  Ө.Айтбаев,  профессор  Ш.Құрманбайұлы  сияқты  ғалымдарымыз  –  қазақ 

терминология ілімін зерттеушілер. Қазір заман өзгерді, талап та өзгерді. Кеңес заманы 

кезінде  орыс  тілінен  терминдер  біріздендіру  саясаты  бойынша  дайын  қалпында 

қабылданды.  Осы  саясаттың  нәтижесі  туралы  Ш.Құрманбайұлы  сөзін  келтірелік: 

«Оған  70-80  пайызын  орыс  терминологиясымен  ортақ  терминдер  құрайтын  біздің 

терминологиялық  лексикамыз  бен  біз  тәрізді  одақ  құрамында  болған  көптеген 

халықтардың  терминологиялық  қоры  құрамына  қарап-ақ  көз  жеткізуге  болады»  [11, 

33]. 

Әрине,  кеңес  заманында  жат  тілдегі  дайын  терминді  қабылдау  саясаты  кезінде 



терминжасам теориясын зерттеу мәселесі қойылған емес. Бұл жағдай ұзаққа созылды. 

Қазір  терминологиядағы  кемшіліктерді  жою  мәселесі  көтерілуімен  байланысты  ғана 

терминжасам  мәселесін  зерттеудің  теориялық,  практикалық  жағынан  маңызы  артып 

отыр. 


Терминологияның  келесі  маманы  Ш.Біләлов  терминжасам  тәсілдерін  өзінше 

түсіндірген:  «Сонымен,  1-ереже  бойынша  баламалық  жаңа  сөз  қалай  жасалады? 

Біріншіден, сөзге қосымша, жалғаулықтар жалғану арқылы жасалады. Мысалы, көрме 

(хорда), жарма (биссектриса), кейіптеме (формула), түзгі (элемент), қосым (интеграл), 

ажырам  (дифференциал),  үстеме  (мантисса),  бүйірлік  (абсцисса),  беттік  (ордината), 

төбелік 


(апликата), 

қиынды 


(сектор), 

тікше 


(прямоугольник)… 

Екіншіден,  жаңа  сөз  сөздердің  бірігуі  арқылы  жасалады:  теңқиық  (ромб),  ішжиын 

(подмножество),  қиықша  (параллелограмм),  қиықжақ  (параллелепипед),  костабан 

(трапеция),  кілшоқы  (пирамида),  екімүше  (бином),  баскерме  (диаметр)… 

Үшіншіден,  сөз  тіркестері  арқылы  жасалады:  алғашқы  берне  (первообразная)…»  [12, 

24-25]. 


Алайда,  тіл  білімінде  терминжасам  тәсілдері  туралы  пікір  тұрақталған  деп  айтуға 

болмайды,  бұл  мәселеде  пікір  алалығы  күшті.  Кейбір  ғалымдар  терминжасамда 

сөзжасамдық тәсілдердің түрлерінің атауы, яғни терминдерін өзгертуді де ұсынады. Ол 

туралы  С.В.Гриневтің  пікірін  келтіруге  болады.  С.В.Гринев  терминжасам  тәсілдерін 

былай  атауды  ұсынады:  семантикалық  терминжасам,  морфологиялық  терминжасам, 

синтаксистік  терминжасам,  морфолого-синтаксистік  терминжасам,  терминологиялық 

алмасым 

[13, 


67]. 

Ал О.П.Фролова терминдену, күрделі  терминдер жасау, алмасу тәсілдерін атаған [14, 

4]. Көпшілік ғалымдар синтетикалық тәсіл, аналитикалық тәсіл, лексика-семантикалық 

тәсіл 


терминдерін 

қолданып 

жүр. 

Қосымшалы  терминжасам  (суффиксальные  терминообразования),  транспозиция, 



словосложение,  лексикализация  терминдерін  қолданушы  ғалымдар  да  бар.  Бұдан 

терминжасам  тәсілдері  мәселесінің  әлі  толық  шешілмегенін  аңғаруға  болады. 

Тілдің  сөзжасам  тәсілдерінің  бәрі  терминжасамда  қолданылады.  Терминжасамның 

өзіндік 


ерекшелігі 

де 


бар. 

Терминжасамда  тілдің  сөзжасамдық  тәсілдері  қолданылатын  болғандықтан, 

терминжасам 

тілдің 


сөзжасам 

заңдылықтарына 

бағынады. 

Сондықтан 

терминжасамның  синтетикалық  тәсілі  де  сөзжасамның  синтетикалық  тәсілінің 

заңдылықтары 

бойынша 

қызмет 


етеді. 

«Қазақ  тілінің  сөзжасамы»  оқулығында  синтетикалық  тәсіл  туралы  мынадай  мәлімет 

берілген:  «Синтетикалық  тәсіл  арқылы  туынды  сөз  жасауда  екі  тілдік  бірлік  қызмет 

атқарады:  1)  лексикалық  мағыналы  сөз,  2)  сөзжасамдық  жұрнақ»  [9,34]. 

Бірақ  терминжасамның  өз  жұрнағы  жоқ.  Сондықтан  терминжасамда  тілдің  сөзжасам 


жүйесінің  жұрнақтары  қызмет  етеді,  онда  сөзжасам  заңдылықтары  толық  сақталады. 

Сөзжасамның  аналитикалық  тәсілі  де  терминжасамда  белсенді  қолданылады.  Тек, 

терминжасамда  оған  қатысатын  лексикалық  бірліктер  терминнің  дефинициясына  сай 

таңдалады. 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

1. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. –Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б. 

2. Сауранбаев Н. Қазақ тілі. Педучилищелерге арналған. – А. 1953. –219 б. 

3. Әбуханов Ғ. Қазақ тілі. Педучилищелерге арналған оқулық. 1960. –366 б. 

4. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. –Алматы: Мектеп, 1964. –398 б. 

5. Қазақ тілінің грамматикасы. –Алматы: Ғылым, 1967. –263 б. 

6. Ысқақов А. Қазақ тілі. Морфология. –Алматы: Мектеп, 1974. –407 б. 

7. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. –Алматы: Ғылым, 1989. –268 б. 

8. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. Астана, 2002, -

784 б. 


9. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2001. – 213 б. 

10. Айтбаев Ө. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Арыс, 2007. – 624 б. 

11. Құрманбайұлы Ш. Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тәсілдері. – 

Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. – 240 б. 

12. Біләлов Ш. Ұлттық ғылым тілі негіздерін қалыптастыру (математика саласы 

бойынша). Филол.ғыл.док.дис… авторефераты. Алматы, 1997. – 44 б. 

13. Гринев С.В. Введение терминоведение. – М., 1993. 

14. Фролова О.П. Словообразование в терминологической лексике современного 



китайского языка. – М., 1981. 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет