Құқық теориясының негіздері. Мемлекет және құқық теориясының қалыптасуы мен дамуының тарихы. «ҚР құқық негіздері»



бет1/5
Дата21.02.2023
өлшемі49,98 Kb.
#69802
  1   2   3   4   5

Құқық теориясының негіздері. Мемлекет және құқық теориясының қалыптасуы мен дамуының тарихы.
1. «ҚР құқық негіздері» пәнінің жалпы ұғымы. «Құқық негіздері» - заң ғылымдар жүйесіндегі базалық әдістемелік ғылым болып саналады. Құқық негіздері заң ғылымының барлық саласының объективті даму заңдылықтарын, бір-бірімен байланысын зерттеп, жалпылама тұжырымдар жасап отырады. Жалпы пән салалық ғылымдардың жетістіктерін пайдаланып, заң ғылымының негізін дамытып отырады.
Курсты оқытудағы негізгі мақсат: құқық негіздеріне байланысты барлық ілімдерді меңгеру, негізгі категорияларды білу, мемлекет және құқық туралы мағлұмат алу болып табылады.
Құқық негіздері пәнінің мақсаты – мемлекет пен құқықтың пайда болуының алғы шарттарын, себептерін теориялық және әдістемелік тұрғыдан қарастыру. Демократиялық, құқықтық мемлекет орнату жолындағы Қазақстан қоғамында жаңа құқықтық ойлауды, жалпы және құқықтық мәдениетті қалыптастыруды, жоғарғы кәсіби маман дайындауды жүзеге асыру.
Құқық негіздері жоғарғы оқу орындарының барлық мамандықтарында оқытылатын міндетті пәндердің бірі. Бұл пән құқық пен мемлекет туралы жинақталған ұғымдарды оқытады.
Адамзат қоғамын ежелден-ақ құқық пен мемлекет неге қажет?- деген сұрақ ойландырды. Құқық неге қажет? Мемлекеттің ролі қандай?-деген сұрақтарға жауап іздеді. Сондықтан мемлекет пен құқықтың пайда болуының заңдылықтарын оқыту негізгі міндеті болып табылады.
Егеменді Қазақстан мемлекетінде Қазақстан қоғамының даму заңдылықтары, мемлекеттілігінің қалыптасуының жолдары бүгінгі күні мемлекет және құқықты жаңа мазмұнда оқытуды қажет етеді. Құқықтық мемлекет орнатудың ең басты мәні қоғам мүшелерінің құқықтық білімін жетілдіру, азаматтық-құқықтық қоғам орнату- құқықтық институттарының алдына жаңа міндеттер қояды.


2. Мемлекеттiң түciнiгi, мәні, белгiлерi және нысаны. Мемлекет - бұл арнайы баскару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкiлi бола тұра оны баскаратын және оның дамуын камтамасыз eтетін бұқаралық билiктiң саяси-аумактық егемендi ұйымы. Мемлекеттi рулық құрылымдағы әлеуметтiк билiктен ажырататын төмендегiдей белгiлерi болады:

  1. Бұқаралык билiктiң болуы. Мiндеттi түрде мемлекеттiң бас­қару және мәжбүрлеу аппараты болуы тиiс, себебi, бұқаралық билік - бұл шенеунiктер, әскep, полиция, түрме мен басқа да мекемелер.

  2. Аумақтык бөлiнiс. Мемлекет өз аумағында өмip сүрушi барлық адамдарды өз билiгiмен және қорғау арқылы бiрiктiредi.

  3. Салыктар жүйесi. Олар мемлекеттiк аппараттың өмip cүрyiн қамтамасыз ету ушiн қажет.

  4. Егемендiк. Бұл мемлекетке тән өз аумағындағы үстемдiк пен халыкаралық қатынастардағы тәуелсiздiк.

  5. Құқықтың болуы. Мемлекет құқықсыз өмip сүре алмайды, себебі құқық мемлекеттiк билiктi заңдастырады.

Мемлекеттiң мәнін түсіну мемлекет және құқық теориясының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi болып табылады. Мемлекеттiң мәні - бұл онын- мазмұнын, мақсаттарын, қызмет eтуін анықтайтын басты қасиетi. Мемлекеттiң мәнін бұл түсініктің кен және тар мағынасында анықтауға болады.
Кең мағынада мемлекеттiң әлеуметтiк мәнін билiктiк-саяси ұйымдасқан қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бiрлестiгi ретiнде анықтауға болады. Мұндай бiрлестiктердiн тұтастығы сәйкес мемлекеттiк-құқықтық институттар мен қатынастарда көрінic тапқан бұқаралык-билiктiк құрылымдар негiзiнде калыптасады.
Тар мағынада мемлекеттiң әлеуметтiк табиғатын қоғамнан бөлектенген, жекелеген таптар мен әлеуметтiк топтардың да, қоғамның да мүддесiн бiлдiрушi әpi қорғаушы басқару аппараты, бұқаралык билiктiң әр түрлi мекемелерiнiң жүйесi ретiнде анықтайды.
Жоғарыда аталғандардың негiзiнде, мемлекеттiн мәнін қарастыруда екі аспектiнi ескерудiң маңызы зор:
1) формальды - кез-келген мемлекеттiң саяси билiктiң, ұйымы екендігі;
2) мазмұнды - осы ұйымның кімнің мүдделерiне кызмет ететiндiгi.
Мемлекеттiң мәнiн aнықтayдa келесi бағыттарды атап өтуге болады:

  • таптық, бұған сәйкес мемлекеттi экономикалық, үстемдiк құрушы топтың саяси билiгiнiң ұйымы ретiнде анықтауға болады;

  • жалпы әлеуметтiк, бұған сәйкес мемлекеттi әртүрлi таптар мен әлеуметтiк топтардың мүдделерiн ескеру үшiн жағдай жасайтын саяси билiктiң ұйымы ретiнде анықтауға болады.

Сонымен, мемлекеттiн мәнi саяси билiк аппаратынын көмегімен қоғамның тұтастығы және қалыпты қызмет eтуін қамтамасыз етуден көрiнедi.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет