Тірек-қимыл аппараты организмнің қозғалуын іске асырады. Қозғалыс қызметінен басқа тірек-қимыл аппараты дененің жерге тірегі қызметін де атқарады, сондықтан да оны тірек-қимыл аппараты деп атайды.
Қаңқа (скелет) екі жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негізгі қатты түлғасы. Олардың көбі бір-бірімен буын арқылы жалғасып, қозғалмалы келеді. Қаңқаға бұлшық еттер бекітілген. Ет пен сүйек адамның негізгі тірегі және оның қозғалуы, еңбек етуі осы сүйек-ет жүйесінің қызметіне байланысты. Ол жұлынның, мидың және көптеген ішкі мүшелердің сауыты болғандықтан, қорғану қызметін де атқарады, яғни жұмсақ мүшелерді (жүрек, бауыр, өкпе, ішек-қарын, бүйрек т.б) соққыдан және басқа да түрлі жағымсыз әсерлерден қорғайды. Зат алмасуына, әсіресе минерал заттарының мөлшерін бір деңгейде сақтауға қатысады.

Еттердің негізгі қызметі — сүйектерді қозғау. Сол арқылы адамның еңбек етуін, күрделі жұмыстарды орындауын қамтамасыз етеді.