I том: мақалалар, пьесалар. 1917-1920. 464б



Дата25.11.2023
өлшемі34,37 Kb.
#126437

Мұхтар Әуезовтің 50 томдық шығармалар жинағы:Алматы: “ Дәуір “, “ Жібек жолы “ , 2014.

Қазіргі заман әдебиетінің ұлы классигі Мұхтар Әуезовтің көзі тірісінде алты томдық (1955-1956), ал қайтыс болғаннан кейін он екі томдық (1967-1969) және жиырма томдық (1979-1985) шығармалар жинағы басылып шықты.




I том: мақалалар, пьесалар.1917-1920 . -464б.
1 том: жазушының 1917-1920 жылдары жазылған мақалалары мен “Еңлік-Кебек” пьесасының 1922 және 1943 ж. Нұсқалары енгізілді. Бұлардың көпшілігі осыған дейінгі басылымдарға енбеген және ертедегі газет-журналдарда жарық көргеннен кейін қайтып ешқайда басылмаған. Жалпы жазушының алғашқы туындыларының қатарына жататын бұл еңбектерден қаламгердің ойшылдық қарымы, шығармашылық бет алысы, қоғамдық, ұлттық, рухани- әлеуметтік мәселелерге деген көзқарасы анық танылады. Бұл басылым Әуезовтің көркемдік әлемі туралы түсінігімізді бұрынғыдан да кеңейтіп , тереңдете түседі.

II том: мақалалар,әңгімелер, аудармалар, пьесалар. 1921-1925.-480б


2-трмында жазушының 1921-25 ж аралағында жазған мұралары қамтылған. Олар:мақалалар,әңгімелер, және 1923 жылы жеке кітап болып басылып шыққан “Бәйбіше-тоқал”пьесасы. Жалпы алғанда мұнда жарық көріп отырған еңбектерінің көпшілігі ертеде газет-журналдарда жарияланғаннан кейін қайтып ешқайда басылмаған. Бұларда қазақ өмірі мен әлеуметтік жай-жағдайларының алуан-алуан қырлары мен сырлары сөз болады: өнер-білім, шаруашылық, мемлекет, ағарту -ісі жөніндегі қилы-қилы ой-толғаныстары айтылған. Осылардың барлығы да ұлттық мүдде, ұлттық тұрғыда қарастырылады. Бұл еңбектерден жазушының жиырмасыншы жылдардың басындағы көркемдік ой деңгейі,шығармашылық бет алысы, азаматтық көзқарасының бағыт-бағдары танылады,тұлғалық бітімі күрделеніп , биіктей түседі.

III том: мақалалар,әңгімелер, аудармалар, пьесалар. 1921-1929 .-424 б


1921-29ж аралығында қамтиды. Олар:мақалалар, әңгімелер, 1926 ж жеке кітап болып басылып шыққан “ Қаракөз” пьесасы. “Қаракөз” пьесасы мен “ Қаралы сұлу” әңгімесінің екі нұсқасы берілен. Бұл томға ертедегі газет-журналдарда жарық көргеннен қайтып ешқайда басылмаған еңбектері де енгізілді. Жалпы осында қамтылған мұраларынан драматургия, көркем шығармадағы ізденістер мен театртану саласына көңіл аударғандығы көрінед және көркемдік жетістік, өзіндік бағыт , бет алыс жағынан болсын жиырмасыншы жылдардағы әуезовтік бітім танылады.

IV том: зерттеулер, оқулықтар, әдеби нұсқалар .1924-1930.-456б.


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық академиялық толық басылымының 4-томында 1924-1930 жылдар аралығында жазған "Әдебиет тарихы" (Бірінші кітап) атты үлкен зерттеу еңбегі мен "Жеткіншек" деп аталатын оқулығы, "Қазақ шаруа жастар мектебіне арналған програм- ма және түсінік хат" дейтін еңбегі қамтылды. "Әдебиет тарихы" 1925 жылы жазылып бітті де, 1927 жылы Қызылорда қаласында жеке кітап болып ба- сылып шықты, бірақ тұрпайы социологизм бұл кітаптың ел арасына кеңінен таралуына мүмкіндік бермеді. Жаңа, қызықты, тартымды формада жазылған. "Жеткіншек" өз заманында бір ұрпақты тәрбиелеуге айтарлықтай қызмет атқарды. Осы тұрғыдан қарағанда, ол бүгін де өзінің құнын жоғалтпайды. Кезіндегі саяси өзгерістерге байланысты кітап алғашқы жарияланымынан кейін тоқтап қалды. Бұлардан жиырмасыншы жылдардағы үлкен ғұлама ойшылдың жан-жақты терең зерттеулерге бой ұрғандығы танылады.


V том:Повестер. 1927-1929. -376б.


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық академиялық
толық басылымының 5-томында 1927-1929 жылдарда жазылған "Қилы заман",
"Қараш-Қараш оқиғасы" (екі нұсқасы) прозалық шығармалары қамтылды.
"Қилы заман" 1929 жылы Қызылорда қаласында басылып шықты, "Қараш-
Қараш оқиғасы" "Жаңа мектеп" журналының 1927-1928 жылдардағы санда-
рында жарияланғанынан қайтып, 1936 жылға дейін кітап болып басылған жоқ.
Бұл еңбектер жиырмасыншы жылдардың екінші жартысындағы
М. Әуезов шығармашылығынан жан-жақты хабардар ете алады.

VI том: Әңгіме , зерттеулер, пьесалар. 1927-1933. -368 б.


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық академия-
лық толық жинағының 6-томына 1927-1933 жылдар аралығында жазылған
"Көксерек" атты белгілі әңгімесі мен қалың оқырманға беймәлім
"Қазақстандағы ұлттар" деп аталатын мақаласы, "Хан Кене" (екі нұсқасы және
орыс тіліне автордың аудармасы) драмасы қамтылды, сонымен қатар жазушы
жариялаған ауыз әдебиеті нұсқалары енгізілді. Осылардың ішіндегі бұрынғы
жиырма томдықта жарияланған "Көксерек", "Хан Кене" драмасынан басқасы
алғаш басылуынан кейін бірінші рет жарық көріп отыр.
1928 жылы жазылып біткен "Хан Кене" 1934 жылы Қазақ драма
театрында бір рет қойылғаннан кейін, солақай сынға ұшырап, Ағарту
министрлігінің бұйрығымен тоқтап қалды. Осындай себептерге байланысты
пьеса жазушының жиырма томдық шығармалар жинағына дейін (1983,
14-том) баспа бетін көрмеді. Бұл еңбектер жиырмасыншы жылдардың екінші
жартысындағы М. Әуезов шығармашылығынан жан-жақты хабардар ете
алады және бұлардың қай-қайсысы да әлі күнге дейін өзінің тәрбиелік мәнін
жоймаған.

VII том: Оқулықтар. 1929-1933. -504 б.


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық академиялық
толық басылымының 7-томына 1929-1933 жылдар аралығында жазылған
еңбектері: "XIX ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті (6-класс)", "Но-
вый аул. Русский букварь для казахских детей", "Новый аул. 2-книга для чте-
ния по русскому языку для казахских детей школ I ступени" деген оқулықтары
еңгізілді. Осылардың ішінен тек "Новый аул. 2-книга для чтения по русскому
языку для казахских детей школ I ступени" оқулығы ғана жазушының жиыр-
ма томдық шығармалар жинағының 16-томында (1983) басылды. Бұлардың
барлығы да М. Әуезов шығармашылығының алуан қырлылығынан, отызын-
шы жылдар басындағы тағдырының ауыр кезеңінен хабардар етеді.

VIII том: Мақалалар,зерттеулер,очерктер,әңгімелер,аудармалар,құжаттар.1930-1934.-504б.


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық акаде-
миялық толық жинағының 8-томына 1930-1934 жылдар аралығында
жазылған мақалалары мен зерттеулері, очерктері мен әңгімелері,
болашақ роман эскизі, аудармалары және түрмеде отыруына бай-
ланысты құжаттар мен хаттары еніп отыр. Бұлардың қатарында сол
жылдардағы қазақәдебиетіне, драматургия жайына, Абайдың өміріне,
шығармашылығына қатысты мәселелерді сөз еткен "Қазақстан мемлекет
театрының жеті жылдығы және алдағы міндеттері", "Театр, музыка кадры",
"Жақсы пьеса - сапалы әдебиет белгісі", "Үзінділер", "Абайдың туысы
мен өмірі", Оңтүстік Қазақстан облысына шығармашылық мақсатпен
барып қайтқаннан кейін жазылған "Жуалы" колхозшысы", "Білекке білек",
тағы басқа әңгіме-очерктері, болашақ үлкен романы "Тұман айығар-
даның" жобасы, I. Жансүгіровтен "Степь", В. Эвальдтан "Құрылыс
материалдарының" аудармалары бар. Құжаттар мен хаттар жазушының
отызыншы жылдардағы өмірінің ең ауыр, қилы кезеңінен хабардар етеді.
Кітап ғылыми жұртшылыққа, қалың оқырман қауымға арналған.

IX том: мақалалар,зерттеулер,пьесалар.1934-1935.-456б.


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық академиялық
толық жинағының 9-томына 1934-1935 жылдар аралығында жазылған
мақалалары мен зерттеулері, пьесалары еніп отыр. Бұлардың қатарында сол
жылдардағы қазақ әдебиетін, драматургия жайын сөз еткен "Драматургияның
бүгінгі жайы мен міндеттері", "Виднейшие памятники казахского эпоса",
"Нет больше Барса-кельмес", "Над чем я работаю", "На литературной строй-
ке" мақалалары, "Октябрь үшін", "Түнгі сарын", "Айман-Шолпан" (I, II, III
нұсқалары және либреттосы) пьесалары және түсініктемелері қамтылған.

X том: Мақалалар,зерттеулер,әңгімелер, очерктер,аудармалар.1931-1936.-456б


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық академиялық
толық басылымының 10-томына 1932-1936 жылдар аралығында жазылған
әңгімелері, очерктері, мақалалары, зерттеулері, аудармалары, "Манас" эпосына
қатысты монографиясы еніп отыр. Бұлардың қатарында сол жылдардағы қазақ
әдебиеті мен мәдениетінің мәселелеріне арналған "Абай ақындығының айна-
ласы", "Қалмақаннан не тілер едік?", "Социалды Қазақстанның" басқармасына
ашық хат", "Қазақстанның көркемөнері", "Абай - казахский классик", "Ақаю"
туралы", "Пушкинді қазақшаға аудару тәжірибелері туралы", "Ценные памят-
ники киргизского и казахского фольклора", "Казахский эпос - на службу соци-
алистической культуре", "Тас түлек", "Іздер", "Шатқалаң", "Баймұқамбетұлы
жолдас", "Товарищ Жанай" очерктері мен "Қорқыныш", "Қасқыр" атты аудар-
малары және ғылыми түсініктемелер қамтылған.

XI том: Мақалалар, әңг., очер.,зерттеулер,пьесалар, әдеби нұсқа.1935-1937.-440 б.


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық академиялық
толық жинағының 11-томына мақалалары, әңгіме, очерктері, "Тартыс", "Тас
түлек" пьесалары енді. Ұлы жазушының өміріндегі қиын да қауіпті кезеңінде
жазылған мақалаларынан сол кездегі ауыр идеологиялық қысымның әсеріне
қарамастан қазақ әдебиеті мен өнеріндегі жағдай жан-жақты және айқын
көрсетілді. Бұл томнан "Как запела Татьяна в степи" әңгімесінің М. Әуезов
жасаған аудармасы да орын алды. "Тартыс", "Тас түлек" пьесалары толық
текстологиялық салыстырудан өткізіліп, канондық нұсқа жасалды, Алмамбеттің
айтуында жазып алынған "Манас" атты әдеби нұсқа енгізілді.

XII том : мақалалар,оқулық, әдеби мұра. 1936-1938.-416б


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық академиялық
толық басылымының 12-томына мақалалары мен зерттеулері, орта, орталау
мектептің 6-класына арналған "Әдебиет хрестоматиясы", М.Әуезов
жариялауындағы "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" аталатын әдеби мұрасы
енгізілді. Солардың ішінде "Евгений Онегиннің" қазақшасы туралы", "Қазақ
сахнасындағы аударма пьесалар", "Мәңгі жасайтын ақын - Шота Руставели",
"Тарих путевкасын берген адам" атты мақалалары мен зерттеулері бар.
Қоғамымыздағы саяси ахуалдың қайшылықтарға толы кезеңінде
жазылған мақала, зерттеулерде қазақ мәдениетіндегі өзекті мәселелер
тереңінен қозғалды.
13 том: мақалалар, пьесалар.1935-1938.-384б.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық акаде-
миялық толық басылымының 13-томына 1935-1938 жылдар аралығында
жазылған мақалалары, зерттеулері және пьесалары еніп отыр. Бұлардың
қатарында "Елубай Өмірзақов", "Тарғын" туралы", "Ревизордың
аудармасы", "Джамбул и народные акыны", "Джамбул и народная поэзия",
"Золотые ключи", "Айман - Шолпан" (орысша), "Борьба", "Ночные
раскаты" сияқты зерттеулері мен драмалары қамтылған.

14 том: мақалалар, зертт.,пьесалар,либреттолар.1936-1939.-376б.


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық
академиялық толық басылымының 14-томына 1936-1939 жылдар
аралығында жазылған мақалалары, зерттеулері мен драмалық шығармалары
еніп отыр. "Әбділда ақын", "Геройдың мол бейнелі образы", "Зор бағалы
сый", "Эпос и фольклор казахского народа" сияқты мақала-зерттеулері
мен "Ақан - Зайра" (қазақша), "Ахан - Зейра" (орысша) пьесасы және
либреттосы қамтылған.

15 том: мақалалар, зерт.,пьесалар.1937-1940.-392б.


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық
академиялық толық басылымының 15-томына 1937-1940 жылдар
аралығында жазылған, қазақ әдебиетінің мәселелеріне арналған "Абайдың
идеялық-мәдени ізденулері", "Жақсы сынға жан пида", "Жәңгір" жыры
қазақ тілінде", "Абай жайын зерттеушілерге", "Мәдениетті Қазақстан",
"Абайдың өмірбаяны" атты мақала-зерттеулері мен "Шекарада" пьесасы,
"На границе" деген атпен автордың аударуындағы орыс тіліндегі нұсқасы
еніп отыр. Сонымен қатар басылымда жазушы шығармалары жөніндегі
ғылыми түсініктемелер қамтылған.

16 том: мақалалар,зерттеулер, пьесалар.1936-1941.-400б.


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық академия-
лық толық басылымының 16-томына 1936-1941 жылдар аралығында
жазылған мақалалары, зерттеулері, пьесалары мен аудармалары еніп отыр.
"Абай (Ибрагим) Кунанбаев", "Марабай мен Мардан", "Идея патриотизма
в художественной литературе", "Будем писать для детей", "Казахский
эпос и дореволюционный фольклор" сияқты мақала-зерттеулері мен
"Бекет"(қазақша), "Бекет" (орысша), "Ақ қайың" пьесалары және
"Ақсүйектер", "Любовь Яровая" аудармалары қамтылған.

17том:мақалалар, аудармалар.1936-1944.-376б.


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық
академиялық толық басылымының 17-томына У.Шекспирдің "Отелло",
"Асауға тұсау", Н.В. Гогольдің "Ревизор" пьесаларының, Л.Н. Толстой-
дың "Булька" атты әңгімелер топтамасының аудармасы енгізілген.
Сонымен қатар жазушының 1936-1944 жылдары жазылған мақалала-
рымен бірге бұрын еш жерде жарияланбаған "Драмы Чехова" атты
баяндама-мақаласы беріліп отыр.
18 том: мақалалар, очерктер,зерттеулер, пьесалар.1935-1942.-400б.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық
академиялық толық басылымының 18-томына жазушының "Выступление
на оперной конференции", "Евгений Онегин" на казахском языке" атты
мақалалары, "Оның аты екінші" очеркі мен осы туындының орыс тіліндегі
нұсқасы, "Абай" трагедиясы мен бұрын еш жерде жарияланбаған "Қанат
қақты" пьесасы ұсынылып отыр.

19 том: мақалалар, очерктер, сценарийлер, либреттолар.1942-1945.-400б.


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының 50 томдық академия-
лық толық басылымының 19-томына 1941-1944 жылдардағы бірнеше
мақалалары, Абай жайында жазылған кинодрамасы, әдеби сценарийі,
либреттосы енгізілді. "Конвейерде күй мығым" мақаласы Балқаштағы
мыс қорытушылардың еңбектегі жетістігін сөз етсе, "Шабдар "ерге"
май не дер!" очеркі Отан қорғау тақырыбына арналған. Сценарийі мен
либреттоның орыс тіліндегі аудармасы оқырман қауымға алғаш рет
ұсынылып отыр.

20 том: мақалалар, очерктер, киносценарий, балет ли-бреттолары, пьесалар.1927-1943.-400б.


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елутомдық академия-
лық толық басылымының 20-томына бұрын еш жерде жарияланбаған
"Экспозиция и завязка символической драмы (пьесы Метерлинка, Ибсе-
на, Гауптмана и Л. Андреева)", "Особенности драматургических приемов
Пушкина", "Поэзия чистого искусства 60-х годов", "Окрыленное творче-
ство" атты мақалалары және "Об "Аркалыке" и о критике тов. Мусрепо-
ва", соғыс тақырыбындағы "Жеңеміз біз, жеңеміз", "Әр тынысың "Отан"
дейтін күн бүгін" очерктері енді.
Сонымен қатар бұл томда 1940-1943 жылдарда жазылған "Рай-
хан" киносценарийі, "Қалқаман - Мамыр" балетінің либреттосы, "Қара
Қыпшақ Қобыланды" пьесалары (қазақша-орысша) және жазушының
сахнаға лайықтап жазған "Краткая фабула пьесы" Кара Кипчак Коблан-
ды" деген жоспары беріліп отыр.

21 том: мақалалар, пьесалар, либретто . 1941-1945. -384б.


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық академиялық толық басылымының 21-томына "Литература и кино", "Накануне расцвета", "Больше высокохудожественных произведений", "Көрген, сезген жайлардан", "Асыл елдің алып үлы", "Ақынның өзбек өнеріндегі бейнесі" атты мақалалары мен 1942-1943 жылдары жазылған "Намыс гвардиясы" (қазақша және орысша нұсқалары), "Бес дос","Қара Қыпшақ Қобыланды" пьесалары


22 том: 1 кітап Абай жолы

23 том: 2 Абай жолы


24 том: 3 Абай жолы


25 том : 4 Абай жолы


26 том: “ Ақын аға” роман ,1949-50 ж.


27 том: мақалалар, зерттеулер, пьеса, 1943-1946ж


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елутомдықакадемия- лық толық басылымының 27-томына "Сын сағатта" пьесасы, "Абай өмірбаянының үшінші нұсқасы", (Ибраһим) Құнанбаев (1845- 1904)", "Ақын елінде", "Абайдың еңбектері", "Орыс классиктері мен Абай", "Абай еңбектерінің биік нысанасы", "Халықтың ғасырлық жыры", "Абай жолының" деректері", "От домбры - до оперы" сияқты мақалалары мен зерттеулері енді.


28 том : мақалалар, зерттеулер, әңгіме, пьеса, 1946-49 ж


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық академиялық толық басылымының 28-томына "Асыл нәсілдер" пьесасы мен әңгімесі, "Ертегілер", "Қыз Жібек", "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Ворошилов атындағы колхозда", "Проблемы изучения истории казах- ской литературы", "Жамбылдың айтыстағы өнері", "Қазақ әдебиетінің тарихын жасау мәселелері", "Үшқоңыр жайлауында", "Біздің елдің салт- сауығы", "Әлішер Науаи" сияқты зерттеулері мен мақалалары енді.


29 том: мақалалар, зерттеулер, әдеби сценарийлер, әңгіме, пьеса 1947-1950


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық академия- лық толық басылымының 29-томына "Стойкое племя" пьесасы, "Асыл нәсілдер" әңгімесінің екінші нұсқасы, "Степной батыр" әдеби сценарийі, "Манас" - киргизская народная героическая поэма", "Әбділда Тәжібаев" сынды макалалары мен зерттеулері енді.


30 том: мақала-р, зерттеу-р, аударма 1949-1952


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық академиялық толық басылымының 30-томына "Заметки о романе", "Қазақтың әдеби тілі туралы", "Абай өмірбаянының төртінші нұсқасы" сынды мақалалары мен зерттеу еңбектері және И.С. Тургеневтен аударған "Дворян ұясы" романы енді.


31 том: Мақалалар, либретто, пьеса. 1951-1954. 402 б.


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық академиялық толық басылымының 31-томына "Өнер өрінде", "Тағы да көркем әдебиет тілі туралы", "Абайдың халықтығы мен реализмі туралы" атты мақалалары, "В нашем совхозе" либреттосы, "Асыл нәсілдер" пьесасы (бірінші нұсқасы) мен оның деректері және жобалары енді.


32 том: Мақалалар, киносценарийлер. 1951-1954. 412 б.


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық академиялық толық басылымының 32-томына "Қазақ халқының үлы ақыны", "Реалистік драма жолында" атты мақалалары, "Алуа" пьесасының негізінде орыс тілінде жазылған киносценарийлері ("Большая судьба", 2 нұсқа; "Ее доля") кірді. Бұл шығармалар 1950 жылдардың басындағы идеологиялық қысымның дәуірлеп тұрған кезінде жазылған.
33 том: Мақалалар, кино-әңгіме, пьеса. 1953-1955. 432 б.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық академиялық толық басылымының 33-томына "Художественные переводы литератур народов СССР", "На пути к реалистической драме", "Мәлік Ғабдуллинге жауап хат", "Алдағы жылға асқын тілек", "Байсалды зерттеу қажет", "Сөз - кітап достың жөнінде", "Қасиетті парыз" атты мақалалары, "Әйел жолы" кино-әңгімесі, "Бақталай", "Алуа" пьесалары мен жобалары енді.


34 том : Мақалалар, очерктер, жолжазбалар. 1954 1956. - 416 б.


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық академиялықтолықбасылымының 34-томына жазушының 1954-1956 жылдары жазған "Мәңгілік кепілі", "Всегда с нами", "Сәт сапарға дос ниет", "Новая весна Казахстана", "Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері" мақалалары мен көлемді туындылары "Индия очерктері", "Түркістан" солай туған" очерктері енді. Кітап ғылыми жұртшылыққа,


35 том: Мақалалар, зерттеулер. 1956-1957. - 416 б.


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық академиялық толық басылымының 35-томына жазушының "Ф.М. Достоевский и Ч. Валиханов", "Өмір мен шығарма", "Ауыр қаза", "Колониализму позор!", "Плечом к плечу" және "Қазақ ССР тарихына" арнайы жазылған зерттеулері енді. Бұл томнан жазушының "Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы" атты монографиясы да орын алды.


36 том: Мақалалар, күнделік. 1956-1958. - 408 б.


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық академиялық толық жинағының 36-томына "Өнер алғысы", "Iрі оқымысты", "Республиканың жарқын жолы", "СССР халықтары әдебиеттерінің өркендеуі", "Из истории казахской литературы", "Воссоздать народный вариант "Манаса", т.б. мақалалары мен "Жапония күнделіктері" енді.


37том:
Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық академиялық толық басылымының 37-томына 1958-1959 жылдарда жазылған мақалалары, "Дос - Бедел дос" пьесасының қазақша, орысша нұсқалары мен осы пьесаның жоспары, қырғыздың батырлық эпосы "Манас" жырына қатысты жинаған деректері кірді. Томдағы "В цветущем саду", "Новые горизонты", "Партия туралы ойлар", "Зоны ужаса", "О родном Казахстане", т.б. мақалаларында "социализм толық, түбегейлі жеңді" деп жариялаған СОКП-ның ХXI съезі өткен кезеңнің атмосферасын берсе, "Өнерге өнеге", "Радость творчества", "Размышление об эпосе семилетки", "Сын болашақка мегзесін" мақалаларында сол кезеңдегі әдебиет, өнер мәселелері жайындағы ойларын айтқан. М. Әуезовтің манастану саласындағы зерттеушілік жұмыстарының бұрын жарияланбаған тағы бір тобы осы томда берілді.


38 том : Мақалалар, очерктер, жазбалар, зерттеу. 1959-1960. - 408 б.


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық академиялық толық басылымының 38-томына 1959-60 жылдарда жазылған «О труде многолетнем и вдохновенном», «Народный «Бустан», «60-летие академика Каныша Сатпаева», «Братство наших литератур», «Әдебиетіміздің туысқандығы», «Как я работал над романами «Абай» и «Путь Абая», «Қазақтың халық жұмбақтары», «Искренное большое сорадование» атты мақалалары, «Оңтүстік сапарынан», «Шаяндағы шешен Керекең», «Америка әсерлері» очеркі, «Америка сапары» жолжазбасы мен қырғыздың батырлық эпосы «Манас» жырына қатысты бұрын жарияланбаған «Манас» – киргизская героическая поэма» атты зерттеушілік жұмысы «Әуезов үйі» ҒМО қолжазба қорынан алынып тұңғыш рет жарияланып отыр. Кітап ғылыми жұртшылыққа, қалың оқырман қауымға арналған.

39 том:


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық академиялық толық басылымының 39-томына 1959–1961 жылдары жазылған “Өскен өркен” романы, осы шығарманың “Роман аты – “Өскен өркен адамы” (әзіргі ат)” деп аталатын жоспары мен “Үміт қыздың өлімі туралы” поэманың кейбір деректері” жазбалары енді.

40 том: Мақалалар, баяндамалар, жолжазба. 1959- 1961. - 280 б.


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық академиялық толық басылымының 40-томына "Особенности развития литератур социалистических наций", "На пороге шестидесятого… "Светлая вершина литературы", "Әкел достық қолыңды, бауырларым!", "Заман шарты", "Жыл келгендей жаңалық сеземіз" мақалалары мен баяндамалары және "Өскен өркен" романының деректері енді.

41 том: Мақалалар, зерттеулер. 1952-1961. - 288 б.


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық академиялық толық басылымының 41-томына "Литературная жизнь Советского Союза", "Слушая гомеров нашего времени", "Өрлеу егіз - қатар болсын", "Тың ойлары", "Туысымыз, досымыз біздің", "Доброе начало" мақалалары, "Айтыс өлеңдері", "Совет ақындарының айтысы" атты зерттеу еңбектері және "Қазақ ССР тарихына" арнайы жазылған тараулары енді.

42 том: Мақалалар, зерттеулер, лекциялар, пьеса. 1935 1961. - 296 б.


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық академиялық толық басылымының 42-томына 1935-1961 жылдары жазылған мақала, зерттеулері, алғы сөздері кірді. Бұлардың қатарында "Қазақ ертегілері" зерттеуі, "Современный роман и его герой", "Современники своем герое", "Есте болар сөздер", т.б. мақалалары бар. Академик жазушының абайтанудан оқыған лекциялары, бұрын еш жерде жарияланбаған "Абай" трагедиясының орыс тіліндегі қолжазба нұсқасы оқырман қауымға алғаш ұсынылып отыр.

43 том: Мақалалар, зерттеулер. 1923-1955. - 328 б.


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық академиялық толық басылымының 43-томына 1923-1955 жылдары жазылған мақалалары, зерттеулері енді. Бұлардың қатарында "Ыбырай Алтынсарыұлы", "Казахская народная музыка И музыкальный театр", "Привет Премьер-министру Неру!" мақалалары, "Абайдың өмірбаяны", "Абай шығармаларының текстологиясы", "Абай мұрасының рухани көздері", "Абайдың ақындық дәстүрі", "Становление реализма", "Ертегі" атты зерттеулері бар.

44 том: Баяндамалар, пікірлер, сөздер, лекциялар, зерт- теу. 1950-1960. - 320 б.


Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің елу томдық академиялық толық басылымының 44-томына 1950-1960 жылдары жазылған баяндамалары, пікірлері, түрлі жиындарда сөйлеген сөздері, лекциялары және "История казахской литературы" атты зерттеу еңбегі енді.

45 том: Сөйлеген сөздер, баяндамалар, зерттеу, жол- жазба, пьеса. - 348 б.


Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің елу томдық академиялық толық басылымының 45-томына әр жылдары жазылған еңбектері, сөйлеген сөздері, баяндамалары және тезистері енді. Бұлардың қатарындағы "Ертегілер туралы" зерттеуінің жоспары, 1935 жылы Шығыс Қазақстанға барған жолсапарының жазбалары, "Сын сағатта" пьесасының қолжазбасы оқырманға тұңғыш рет ұсынылып отыр.

46 том: Өмірбаян, сөйлеген сөздер, пьесалар, зерттеу, аударма. - 288 бет.


Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің елу томдық академиялық толық басылымының 46-томына әр жылдары жазылған өмірбаяны, сөйлеген сөздері, зерттеуі мен аудармасы енді. Бұлардың қатарындағы "На крыльях песни", "Золотокосая" пьесалары оқырманға тұңғыш ретұсынылып отыр.

47 том: Мақалалар, тезистер, сөздер, стенограммалар, пікірлер, пьесалар, сценарийлер, зерттеу, лекция. - 456 б.


Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларыныңелутомдық академия- лық толық басылымының 47-томына бұрын еш жерде жарияланбаған "Қынаптан қылыш" пьесасы, осы пьесаның орысша нұсқасы, "Еңлік- Кебек" трагедиясының автордың өзі жасаған сөзбе-сөз аудармасы, "Три желания" сценарийлері енді. Сонымен катар "Позор торговцам судьбою и совестью народов!", "Тагордың кемеңгерлігі", "Неиссякаемый источ- ник благодарной радости", "О казахской литературе", т.б. мақалалары, әдебиет пен өнер саласы бойынша Лениндік сыйлықтар беру комитетінде сөйлеген сөздері, тезистері мен пікірлері, абайтанудан студенттерге оқыған лекция мәтіні берілді. Томға кірген материалдардың көбі алғаш жарияланып отыр.


48 том: Сөздер, пікірлер, жолжазба, аудармалар. 452 б.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық академиялық толық басылымының 48-томына бұрын еш жерде жарияланбаған "Алуа" пьесасы мен "Происшествие на Караш-Караш" повесінің автордың өзі жасаған сөзбе-сөз аудармасы, сонымен қатар пікірлері, сөйлеген сөздері, 1935 жылы Шығыс Қазақстанға барған жолсапарының жоспары енді.
49 том: Мақалалар, сөздер, пікірлер, әңгімелер, сцена- рийлер. - 456 б.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елутомдықакадемия- лық толық басылымының 49-томына бірнеше көркем әңгімелерінің ау- дармалары, "Ақын азамат", "Разящий клинок" атты сценарийлері, "Абай жолы" роман-эпопеясының аудармасына қосымшалар, сонымен қатар пікірлері, жиындарда сөйлеген сөздері, мақалалары берілді. Томға кірген материалдардың көпшілігі алғаш жарияланып отыр.


50 том: Хаттар, аудармалар. 1927-1961. - 472 б.




Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық акаде- миялық толық басылымының 50-томына эпистолярлық мұрасымен қатар "Қарагөз" пьесасыныңавтордыңөзі аударған нұсқасы, А. Серафимовичтің "Темір тасқын" романынан аударған үзінді оқырманға тұңғыш рет ұсынылып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет