Идеал газ. МКТ-ның негізгі теңдеуі. Менделеев – Клайперон теңдеуі. Изопроцесстер.
Физика пәнінің мұғалімі: Оңғарбай Ж
Термодинамикалық параметрлер
Термодинамикалық параметрлер деп макродененің күйін сипаттайтын физикалық шамаларды айтады. Оған қысым, көлем, температура жатады. Термодинамикалық процесс дегеніміз қандай да бір термопараметрдің өзгеру құбылысы немесе жүйенің бір күйден екінші күйге өтуі.
Барлық макроденелер микроденелерден (атомдар мен молекулалардан) тұрады.
Идеал газ
дегеніміз молекулалары шексіз аз көлем алатын серпімді шариктер болып табылатын және өзара әрекеттесуі тек олардың бір бірімен тікелей немесе ыдыстың қабырғасымен соқтығысуы кезінде ғана білінетін газ болып табылады.
Есептеулерді жеңілдету үшін МКТ нақты газдардың қарапайым физикалық моделі – идеал газ моделі енгізілді.
Молекулалық-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі
- теңдеуі молекулалық-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі деп аталады. Оны бұлай атау себебі:
Ол макро және микродүниелерді байланыстырып тұр;
Тәжірибе арқылы алынған барлық газ заңдарын теориялық жолмен алуға мүмкіндік береді;
Ол микроәлемде өтіп жатқан процестер жайлы ақпарат береді.
Негізгі теңдеуді былай да жазуға болады:
Менделеев-Клапейрон теңдеуі
Термодинамикалық параметрлерді байланыстыратын теңдеу газ күйінің теңдеуі немесе Менделеев –Клаперйрон теңдеуі деп аталады.
Универсал газ тұрақтысы дегеніміз заттың 1 молінің температурасы 1К-ге арттыру үшін оған қанша жылу мөлшерін беру қажет екенін көрсететін физикалық шама:
Изопроцестер-газ заңдары
Термодинамикалық жүйеде бір макроскопиялық параметрі тұрақты, ал қалған екеуі тұрақты болмаса, онда оны: изопроцестер деп аталады.
Изотермиялық процесс
Температура тұрақты болғанда, газ күйінің өзгеруін изотермиялық процесс дейміз.