Ii тарау. Корпускулалық – толқындық дуализм 1 Жарық пен бөлшектердің корпускулалық – толқындық табиғаты. Луй – де – Бройль теңдеуі



бет1/7
Дата12.05.2023
өлшемі389,66 Kb.
#91971
  1   2   3   4   5   6   7

II тарау.Корпускулалық – толқындық дуализм
§2.1 Жарық пен бөлшектердің корпускулалық – толқындық табиғаты.
Луй – де – Бройль теңдеуі

Оптика бөлімінде жарықтың толқындық әрі корпускулалық қасиеттері болатынын анықтаған болатынбыз. Яғни интерференция және дифракция құбылыстары жарықтың толқындық табиғатын білдірсе, фотоэффект Комптон–эффектісі жарықтың корпускулалық, немесе кванттық қасиеттерін түсіндіреді. Толқындық теория тұрғысында жарық жиілік пен толқын ұзындығы арқылы, ал корпускулалық теория бойынша жарық фотонының белгілі энергиясы, массасы және импульсі арқылы сипатталады. Олар өзара байланысты болады. Корпускулалық теория бойынша жарық фотонының энергиясы (квант)


(2.1.1)
Салыстырмалық теория бойынша энергия мен масса байланысты. Оны жарық фотонына қолдансақ, фотон энергиясы үшін:


(2.1.2)

Осы формуладан масса мен импульсті анықтасақ, ол




(2.1.3)


(2.1.4)

Сонымен жарық фотонының массасы мен толқын ұзындығы арасын жарық жылдамдығы, ал импульспен толқын ұзындық арасын М.Планк тұрақтысы байланыстырып тұрады.


Олай болса жарықтың екі жақтылық қасиеттері болады, ондай қасиеттері электронға да тән деген гипотезаны француз физигі Луй – де – Бройль ұсынды. Луй – де – Бройльдың пікірінше әрбір электронның қозғалысы бір толқындық процеске байланысты. Егер электрон жылдамдығы жарық жылдамдығынан аз болса (υ≤с), ондаэлектрон импульсы мен толқын ұзындығының арасындағы байланысты (2.1.4)-формулаға ұқсас мынадай формуламен өрнектеуге болады:
бұдан (2.1.5)
Бұл формула де – Бройль формуласы деп аталады.
Егер электрон үдетуші электр өрісінде қозғалса, оның кинетикалық энергиясын мынадай түрде жазамыз:


бұдан (2.1.6)

мұндағы үдетуші потенциал, е – электрон заряды.


(2.1.6) формуланы (2.1.5) формулаға қойсақ, онда


(2.1.7)







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет