«Әліппе» пәні бойынша күтілетін нәтижелерді талдау
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Орындаған: Бекболатқызы Аяулым
Тексерген: Танатарова Ж.А.
Алматы 2022
"Әліппе" пәнінің мазмұны
"Әліппе" пәнінің мазмұны
"Әліппе" пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан, барлығы І жартыжылдықта 96 сағатты құрайды.
Оқу пәнінің мазмұны:
қазақ тілінің дыбыстық және әріптік жүйесінен;
негізгі тілдік бірліктерден (дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін);
қазақ тілі бойынша қарапайым грамматикалық дағдылардан;
орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалардың қарапайым түсініктерінен құралады.
"Әліппе" пәнінің мазмұны І жартыжылдықта "Әліппе" оқулығы (әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдері) арқылы жүзеге асырылады.
Әліпбидегі әріптер мен әрбір әріптің дыбыстық мәнін, қарапайым тілдік ұғым мен түсініктерді меңгертудің реті мен көлемі:
1) 1-тоқсан: тілдік ұғымдар туралы қарапайым түсінік (сөйлеу дағдылары) (әліппеге дейінгі кезең) – 12 сағат;
а, р, л, у, н, бекіту (2 сағ) – 12 сағат;
с, о, т, қ, ы, з, м, е, д, ш, ұ, бекіту (2 сағ) – 24 сағат;
2) 2-тоқсан: б, й, к, і, ң, ғ, ж, ә, п, ү, бекіту (3 сағ) – 24 сағат;
ө, г, и, я, ю, х, h, щ, в, э, Ұ, ц, ф, ч, ь-ъ, әліпби – 2 сағ, бекіту (4 сағ) – 24 сағат.
Міндеттері
Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері:
Әліппе кезеңінің міндеттері:
1) оқу әрекетіне қызығушылығын ояту;
2) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы қарапайым түсінік қалыптастыру;
3) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс сызба-модельдерін ажырату және қолдану дағдыларын қалыптастыру;
4) сөзге дыбыстық талдау жүргізу: сөздегі буын санын анықтау, сөз ішіндегі дыбыстарды екі, үш буынды сөзбен анықтау; дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату;
5) жазуға дайындық кезеңінде - қолдың ұсақ моторикасын дамыту (бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлба салу, әріп элементтерін жазу).
6) тыңдай білуге және сұрақты түсінуге, сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету.
керек.
1) қазақ әліпбиінің дыбыс пен әріптерін таныту, дыбыстардың айтылуына жаттықтыру;
2) дауысты және дауыссыз дыбыс түрлерін ажыратуға жаттықтыру;
3) әріптердің баспа және жазба түрлерін үйрету;
4) дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрауға, жазуға, оқуға үйрету;
5) дұрыс, үзбей, буындап оқу дағдыларын қалыптастыру;
6) көркем жазу дағдыларын қалыптастыру;
7) сөздік қорын байыту, өз ойын жеткізе білуге үйрету;
8) негізгі тыныс белгі түрлерін (нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі) қолдана білуді қалыптастыру;
9) ұлттық рухани құндылықтарға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
"Әліппе" пәнінің базалық білім мазмұны.
Тыңдалым мен айтылым:
мұғалімнің, өзге білім алушылардың сөзін тыңдай білу, тыңдалым мәнін түсіну, сұраққа дұрыс әрі нақты жауап беруді қалыптастыру; коммуникативтік мақсаттарына сәйкес қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
ертегі айту; өлең, санамақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақты жатқа айту;
дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білуді; буын, сөзді буынға бөлу; дауысты дыбыстардың буын құрау дағдыларын қалыптастыру;
сөз әдебінің формаларын қолдану
Жазылым:
• жазуға дайындық (дұрыс отырғызу, жарықтың дұрыс түсуі, дәптердің көлбеу орналасуы және жазу кезінде қарындаш/қаламды ұстай білу); парақтағы кеңістікті бағдарлай білуді қалыптастыру ; сурет салу, штрихтау, бастыра жазу, әріп элементтерін жазу;
сурет бойынша сөйлем құрастыру, берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру, сөйлемдегі сөздердің санын анықтау, сөйлемдердің графикалық модельдерін құру;
Достарыңызбен бөлісу: |