Ферменттер - химиялық реакция катализаторларының функцияларын орындайтын және медицинада, тамақ, фармацевтика және химия өнеркәсібінде қолданылатын ақуыздық заттар.
Ферменттер - химиялық реакция катализаторларының функцияларын орындайтын және медицинада, тамақ, фармацевтика және химия өнеркәсібінде қолданылатын ақуыздық заттар.
Фермент – барлық тіршілік процестерінің негізі - организмдегі түрлі химиялық реакцияларды тездетуші және организмдегі барлық зат алмасу реакцияларын, қызметін, әрбір клетканың және тұтас организмнің тіршілік әрекет байланыстарын реттейді, егер ферменттер биореакцияларға қатыспаса, клеткадағы химиялық реакциялар өте баяу жүрер еді.
Ферменттердің маңызды қасиеті - катализдің тиімділігі және әрекеттің таңдамалылығы (әр фермент бір химиялық реакцияны катализдейді). Ферменттер тек ыдырауды ғана емес, сонымен қатар химиялық байланыстың түзілуін де катализдей алады.
Қазіргі уақытта ғылыми әдебиеттерде 3000-ға жуық ферменттер сипатталған, олардың 100-ге жуығы өнеркәсіптік өндірісте қолданылады. Өнеркәсіп 50-ден астам жеке ферменттер мен одан екі есе көп ферменттік препараттар шығарады.
Ферменттер жүргізетін реакциялар экстремалды жағдайларды қажет етпейді, көптеген ферменттер үшін температураның оңтайлы мәні 20-40 °C, оның 40 °C және одан жоғары көтерілуі, әдетте, ферменттер белсенділігінің төмендеуіне немесе олардың толық денатурациясына әкеледі.