Инклюзивті білім беру жүйесі. Инклюзив сөзі латынь тілінен аударғанда «өзімді қосқанда»



Дата06.01.2022
өлшемі9,58 Kb.
#14684

Инклюзивті білім беру жүйесі.

Инклюзив - сөзі латынь тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» денег мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.

XX ғасырдың аяғында көптеген дамыған әлем елдерінде (АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Германия, Скандинавия елдерінде) мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды дамытуда алдыңғы орында тұрған инклюзивті білім беру балды. Біздің елде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортезы на қарай бейімдеу 2002 жилдан бастарды. Сол жилы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында жарымжан балаларға арте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері айқындалды.

Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері Инклюзивті білім беру жалпы орта мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау балалармен бірге оқыту; Инклюзивтік білім беру негізінде барлық адамдарға тең қарым- қатынас болу; Балалар арасында дискриминация на балдырмау; Арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнайы жағдай жасау.

Мектептерде инклюзивті білім беру жағдайында қойылатынь талаптар: оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасау; -мектептің физикалық тұрғыдан қолжетімділігін қамтамасыз ету (лифтілер, панду стар, арнаулы жиһаз); -кадрлармен қамтамасыз ету: - жалпы білім беру үдерісіне ендірілген балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау жасау; -арнаулы техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету (мместу, көру, сөйлеу мүшелерінің ақаулықтары бар балалар үшін); -педагогтарға, мүмкіндігі шектеулі және сау балаларға, оқушылар ата-аналарына, сендай-ақ мектептің техникалық персоналына кеңестьр беру.

I. Диагностикалық бағыт: - баланы алғашқы дефектологиялық тексеру; - баланың психикалық дамуының динамика сын бақылау; - баланың даму деңгейіне әсер еткен әдіс-тәсілдер анықтау; - мүмкіндігі шектеулі баланың жеке ерекшіліктерін, танымдық қызметін, ерік-жігер саласын, отбасындағы тәрбиелік жағдайдың даму ерекшеліктерін зерттеу; -жалпы білім беру ұйымдарының бағдарламасын меңгерудің деңгейін анықтау; - бала дамуындағы ауытқулардың алдын алу.

Баланы алғашқы тексеру. Оның мақсаты: баланың жақын даму аймағы мен актуалды даму аймағын, оқу барысындағы қиыншылықтардың себептері мен механизмдерін анықтау. Диагностикалық зерттеу жұмысы қыркүйек айы бойы жүргізілді. Баланы динамикалық тексеру – оқыту процесінде оқушының даму деңгейіне таңдалған оқытудың түрі, әдістері мен тәсілдердің сәйкестігін анықтау, баланың даму динамика сын бақылап отыру мақсатында жүргізіледі. Динамикалық тексеру жилына екі рет жүргізіледі. Кезеңдік диагностика – бұл диагностиканың түрі баламен жүргізілген түзете-дамыту жұмысының баланың оқу-танымдық қызметіне тигізген әсерінің тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Ағымдық диагностика – бұл диагностика әртүрлі мамандар тарапынан сұрау бойынша жүргізіледі. Бұл диагностиканың белгілі бір өткізу уақыты болмайды. Ол жил бойына сұрау бойынша жүргізіледі. Бастапқы кезеңде баланың лада кездесетін қиыншылықтары мен оқу процесінде бүгінгі күні бар қиыншылықтардың себебін, механизмін анықтау болып табылады.

Диагностикалық жұмыстың негізгі қағидалары: - Сенсорлы-перцептивті жағдай; - Зейіні; - Есте сақтауы; - Ойлауы; - Сөйлеу ерекшеліктері; - Өзін-өзі бағалауы; - Ерік-жігері; - Психомоторлық жағдайы; - Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы; - Оқу біліктілігі; - Еңбек біліктілігі; - Коммуникативтілігі;

II. Түзете-дамыту бағыты бойынша: - сенсорлық және сенсомоторлық дамуын қалыптастыру; - кеңістік-уақыт түсініктерін қалыптастыру; - пішін мен көлем, түсті қабылдауын қалыптастыру; -салыстыру, тладау, жинақтау, қорытындылау, жалпы ойлау операцияларын қалыптастыру; - зейіннің тұрақтылығын, зейін шоғырлануын дамыту; - көру, мместу арқылы есть сақтауын дамыту; - психомоторлық дамуды жүзеге асыру мен сөйлеу тілін, сөздік қорын арттыру.

III. Кеңес беру мен ағартушылық бағыт бойынша: - педагогтармен жеке жұмыс жүргізу; - баланың жас, жеке, типтік ерекшеліктерін искре отырып ата-аналарға, педагогтарға бірқатар ұсыныстарды даярлау; - балалардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып педагогтың оқу жоспарына түзету жұмыстарын енгізу; - әлеуметтік қызметкерлермен жұмыс; - ата-аналармен жұмыс: - баламен жүргізілген жұмыстың жалпы қорытындысымен ата-аналарды таныстыру; - ата-аналарға баланың тәрбиесіндегі қиыншылықтары туралы нақты ұсыныстар даярлау;

IV. Әлеуметтік-бейімдеу бағыты - баланың қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай жасау; - баланы шығармашылыққа тарту; - баланы мерекелік іс-шараларға қатыстыру; - баланы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға үйрету; - қоғамдық отрада өзін еркін сезінуге, өзін-өзі басқара білуге, өзі өмір сүретін органы толық бағдарлай білуге үйрету.

V. Әдістемелік-ұйымдастырушылық бағыт: Бұл бағыттағы жұмыс консилиумға дайындық, іс-шараларға дайындық, баланың жеке құжаттарын толтыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар төмендегідей міндеттерді жүзеге эстрады: -ұстаздар мен ата-аналарға арналған әдістемелік құрладарды жасау; -оқушыға портфолио құрастыру.

Білім берудің бұл түрінде мүмкіндігі шектеулі баланың өз-өзіне сенімі аркады, ол маңайындағылар тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді,бұл баланың өзін –өзі бағалай білуіне, қоршаған ортезы на сүйіспеншілікпен қарауына, өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезуіне жол пшады, осы сенімділіктерін дамыта түсуде әлеуметтік педагогтың ролі зорьь.

Оқытудың бұл түрі арқылы мүмкіндігі шектеулі бала өз қабілетіне сайт, ата- ананынан алшақтамай, яғни арнайы мектеп – интернаттарда тұрып оқуға мәжбүр болмай, тұрғылықты жердь білім алып, қоғам біте қайнасып, әлеуметтік жағынан бейімделеді. Ата –ананы да баласының дамуы мен тәрбиесіне белсене қатысып, жеткіншек алдында жауапкершіліктері аркады.Әлеуметтік педагог ата –анамен тікелей байланыста болып, баланың білім алу на үлес қосады. Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарян аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне органың, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.



Қорыта келгенде, ең бастысы кемтар балаларға денег қоғамның көзқарасын, пікірін өзгерту керек, олар үшін кедергісіз орта қалыптастыру қажет және мүмкіндігі шектеулі баламен бір сыныпта отырған дені сау бала әлдеқайда мейірімді, қайырымды болып өсетінін халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр.Енді сол тәжірбиенің біздің елімізде де қанат жайып,өркендеуіне педагогтар қауымы зорьь үлес қосуы қажет деп ойлаймын.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет