ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР 1 тақырып. Психологияның салалары: фундаменталды және қолданбалы
Мақсаты: тақырып бойынша білімдерін тереңдету, өз бетінше жұмыс істеу біліктерін, талдау, жүйелеу сияқты ойлау операцияларын, шығармашылық ізденіс дағдыларын қалыптастыру
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар: Төмендегі пікірге өз түсінігіңізді беріңіз. «Қолдаймын» және
«қарсымын» деген тұрғыда кем дегенде 5 дәлел келтіріңіз.
Психология – бұл ғылым емес, нағыз тұрмыстық тәжірибе! Таксисттерге, даяшыларға, балгерлерге, қайыршыларға қараңыздаршы – психологтардан қай жері кем! Сенімге кіру, сіздің сөздеріңіз бен күйлеріңізге бағдарлану, ішіңіздегіні жайып салуға, сенуге, сенім білдіруге мәжбүрлеу, көңіл-күйіңізді, әлеуметтік жағдайыңызды, мінез ерекшеліктеріңізді дөп басып білу, сосын осының бәрін өз мүддесіне пайдалануда шебер-ақ! – тіпті, «нағыз» психологтарға олардан үйренетін нәрсе көп!
Төмендегі кестені толтырыңыз:
Жұмыстың құрылымы:
№
Психологияның салалары
Анықтамасы
Қысқаша сипаттама (өз түсінігіңізбен құрастырған ақпарат)
Әр түрлі жастағы адамдар тұлғасының психологиялық ерекшеліктеріне ерекше көңіл бөлетін психикалық білімдер саласы. Ол тұлғаның әр түрлі психикалық процестері мен психологиялық сапаларының онтогенезін зерттейді және ішінара мынандай бөлімдерге бөлінеді: балалар психологиясы; жеткіншек психологиясы; жасөспірімдер психологиясы; ересек адам психологиясы; геронтопсихология (қарттар психологиясы).
Адамдардың белгілі бір жас кезеңдеріндегі: балалық шақта, жеткіншектік, жасөспірімдік шақта, т.с.с. дамуының психологиялық ерекшеліктерін зерттеумен айналысады.