«инновациялық технологияларды меңгеру негізінде мұҒалімдердің КӘсіби біліктілігін дамыту»



Pdf көрінісі
бет13/28
Дата06.03.2017
өлшемі6,12 Mb.
#7852
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28

Диаграмма   параметрлері  сұхбат   терезесінде   диаграмманы   безендіру   жұмыстары
жүргізіледі.  Келесі  (далее) батырмасын шертеміз.  4-ашылған бетті таңдап  Дайын  (готова)
батырмасын шертеміз. Сол сәтте таңдауымыз бойынша диаграмма көрсетіледі.
Берілген   сұрақтарға  кей   оқушылар   да   жауап   беріп   жатты,   пікірталасқа   қатысты,   кей   оқушылар
қамтылмай қалды, себебі оқушылардың компьютерге қызығушылығы басым болып кетті.
Әр   сабағыма   «Талантты   және   дарынды   балаларды   оқыту»   модулі   кіріктірілді.   Оқушының
қабілетін,   біліктілігін,   әлеуеттік   мүмкіндіктерін   көрсету   үшін   оларға   жағдай   туғызу   қажет.
Оқушылардың   барлығы   да   дарынды,   кеңейтілген   тапсырмалар   арқылы   олардың   дарындылығын
байқауға болады. Ендігі кезекте сабақтарда үнемі оқушылардың пікірлерін басты назарға алуды өзіме
міндет еттім. Джин Раддок «Оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы ретінде «Оқушылармен пікірлесудің
мақсаты – қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда оқудың не екендігін түсіну, жекелеген
оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін жазады (МАН,46-б). 
Сергіту   сәтінде   оқушыларға  «Анаграмма»   шешуді   ұсындым.   Интерактивті   тақтада   көрсетілген
әріптерінің   орны   ауыстырылған   пернетақта   пернелерінің   атауларын   табулары   керек   болатын,
анаграммаларды аса белсенділікпен шешті. 
MUNOCKL,  TNERE, CLTR, DETELE, TBA, SIFHT, INESRT, DEN, BCKAPSACE, CPALSOCK, ATL,
OHME
«Телефон» тобы жақсы нәтиже көрсетті. Берілген он екі атаудың тоғызын тапқан.
Сыныпта   оқушымен   жеке   жұмыс   «Сәйкесін   тап»   тапсырмасы   арқылы   көрініс   тапты.   Тапсырма
бойынша интерактивті тақтада көрсетілген диаграмма түрлері мен аттарын сәйкестендіру қажет. Бұл
тапсырманы орындауға сабақ айтуға қиналатын, үндемейтін оқушыларды тарттым. Бұнда оқушы тек
баға үшін ғана емес, бірінші білім, яғни көбірек білу керектігін оқушы түсінеді. Сондықтан, мен
сабақтар барысында оқушылардың өз пікірімен, өз көзқарасымен және жан-жақты ойланып жауап
бере   алатындай   сұрақтар   дайындап   жүремін.   Өзім   де   сабақты   түрлендіру   арқылы   тәжірибемді
молайтамын,   бір   жағынан   оқушылардың     пайымына   әсер   беремін.   Білу,   іздену,   талпынудың
арқасында іште көрінбей қалған оқушының да шығары сөзсіз. Сол үшін де жаңа әдісті қолданып,
оқушының еркін өз айтуына мүмкіндік берсе, оған жөн көрсетсе мұғалім жетістігі сол болады. 
Оқушыларым   әдетте   компьютермен  жұмыс   жасауға   бейім,   қызығушылықтары  жақсы.  Әр   сабақта
жаңа тақырыпты бекіту, жинақтау мақсатында берілген тапсырманы орындайды. 
Оқушылардың дәлелге қатысты сыни тұрғыдан ойлану барысын талдау мақсатында берілген «Венн
диаграммасы»   арқылы   топтар  Word  мәтіндік   бағдарламасы   мен  Ecxel  кестелік   бағдарламаларына
сипаттама беріп,  айырмашылығы мен ұқсастығын жазып шықты.
Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс-
әрекетке   қатыстырсаң   үйренемін»   деген   даналығы   білім   алушының   білімге   ықыласын   аттыруда
ақпараттық   -   коммуникативтік   технологияларды   пайдалана   отырып,   өзіндік   ізденіс   жүргізуді
практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді.
Оқушыларға білім беруде АКТ-ның барлық мүмкіндігін қолдандыруға тырыстым.  Жаңа тақырыпқа
сәйкес   топтық   жұмысты  компьютерде   орындауға   бердім,   яғни   әр  топ  сынып   үлгірімінің   кестесін
дайындап,   диаграммасын   құрулары   керек.  Алдымен   топ  мүшелері  ақылдасып,   кейін  тапсырманы
орындаулары керек. Әр топ берілген тапсырманы компьютерде орындайды. Тапсырма мазмұны:

а) Сыныптағы оқушылар саны кестесін толтыру, диаграммасын құру және пішімдеу.
1. Сынып оқушылары саны.
2. Ұлы.
3. Қызы.
б)Сынып үлгірімінің кестесін толтыру, диаграммасын құру және пішімдеу. 
1. Сынып оқушылары саны.
2. Үздік оқушылар.
3. Екпінді оқушылар.
4. Орташа оқушылар. 
Оқушылар тапсырманы орындады, кей топ аяқтап үлгірмеді. 
Бұл сабақ барысында топқа бөліну арқылы жұмыс жасағанда оқушылардың бірлесе жұмыс жасауы,
бір-бірін шеттетпеуі қуантты.
Бағалаудың басты мақсаттары оқытудың қиындықтарын анықтау, жетістікке жеткендігін көрсететін
кері байланыс, уәж айту, болжау мен сұрыптау, оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру
стилін   бақылау.  Оқушыларды   бағалауда   әр   топтан   жақсы   жұмыс   жасаған   белсенділік   танытқан
оқушыларды жекелей мадақтап отырдым. Бағалау барысында баланы мақтап отыруда маңызды рөл
екенін түсіндім. Себебі, баланы мақтасаң, оның бойында бір күш пайда болады. Бірақ баланы мақтай
отырып, оның кемшілігін де айта кету керек. Осы кезде ғана біз баланың жан дүниесі мен оның еркін
ойлау қабілетін түсінеміз.
Оқушыларды бағалау кезінде сабақ басында әр оқушыға таратып шыққан бағалау парақшаларын да
пайдаландым. «Бағалау парақшаларының» мазмұны:
Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
Бұл сабақ қаншалықты қиын болды?
Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдың?
Бұл сабақта «Мен» үшін не қиын болды?
Бұл «Мен» үшін неге қиын болды?
Бұл қиындықтарды ненің көмегімен еңсердім/еңсере аламын? 
Таратылған стикерге әр топ келесі топтарды бағалады, белсенді оқушыларды өзара ауызша мадақтап
отырды. Сабақ соңында оқушыларға шығу парағын толтырттым. Шығу парағына оқушылар «Менің
түсінгенім»,   «Не   ұнамады?»,   «Мұғалімге   сұрақ   немесе   ұсыныс»   деген   критерийлермен   өз   ой-
пікірлерін еркін жазды. Барлық парақшаларды оқып, саралағанымда «Менің түсінгенім» бағамына
оқушылар топпен жұмыс жасағанда ақпараттармен өзара бөліскенін, топпен тақырыпты түсіну және
топтық   жұмыстың   оңай   болатынын   жазған.   «Не   ұнамады?»   бағамына   кей     топ   мүшелерінің
бағалауларына келіспейтіндіктерін жазып көрсетсе, ал «Мұғалімге сұрақ немесе ұсыныс» бағамына
келесі   сабақтарда  да  топта   жұмыс   жасау,   өзара  бағалау  жалғасын  тапса,  басқа   пәндер де   осылай
ұйымдастырылып өтілсе деген пікірлерін келтірген. 
      
Осыдан өзімнің түйгенім: 

Оқушыдан оқу туралы пікірін міндетті түрде сұрау;

Оқушыға қиындық туған жағдайда кеңес беруге даяр болу;

Диалог құру барысында анықталған қиындықтарды бірлесе жеңу (мұғалім-оқушы).
Сабағымда   «Оқытуды   басқару   және   көшбасшылық»   модулі   мұғалімнің   көшбасшылығы   арқылы
көрініс тапты. Сабақ барысында топпен жұмыс жасауда оқушылар арасында әр топтан бір оқушы
көшбасшы болып, топ жұмысын басқарып отырды.
Оқып - үйренудің нәтижесі – оқушының дүниетанымын кеңейтті, өзіне деген сенімділігін арттырды,
информатикаға деген қызығушылығы оянды, жалпы сабаққа деген ынтасы зор болды.
Сәтсіз тұстарым: 
2
Топ ережесінің кейде сақталмауы; 
2
 Уақытты тиімді пайдалана алмауы; 
2
 Оқушылардың өз ой пікірлерін еркін жеткізе алмауы, камераға алаңдауы; 
2
 Диалог көрініс табу үшін сыни ойлауға жетелейтін белсенді сұрақтарды қойылмауы. 
Болашақта  Сабақты жоспарлау барысында уақытпен санасуды жолға қойып, сабақта сыни ойлауға
ықпал жасайтын   әдістерді, жоғары деңгейлі тапсырмаларды көптеп қолдансам, осы жеті модулді
кіріктіре  отырып,  жоспарлауды  толық меңгерсем  деймін.  Оқушыларым  тек  мұғалімнің  басқаруын
күтіп   отырмай,   өз   беттерінше   сабаққа   анализ   жасауға,   бағалауға   үйренді.   Келесі   оқу   жылында
формативті бағалаудың өзім үйренген техникаларын жете меңгеріп, іс тәжірибемде кеңінен қолдана
білу.   Және   алдағы   уақытта   да   осы   модульдерді   қолдану   арқылы   оқушылардың   көшбасшылық

қасиеттерін дамыту.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Информатика негіздері
Интернет желісі (
www.45minut.kz
)
Интернет желісі (
www.ustaz.kz
)
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Г.Қ.Жанахметова, №42 орта мектептің география пәні мұғалімі
Қызылорда қаласы, Сырдария ауданы, Аманкелді ауылы
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды 
география сабағында тиімді пайдалану
«Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс»  Н.Ә. Назарбаев.
Озық   тәжірибе   таратуға   бағытталған   Қазақстан   мен   Ұлыбритания   ұсынып   отырған  үш   деңгейлік
бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті   модуль түрінде берілген, олар оқыту барысында бір-
бірімен   тығыз   байланыста   қамтылады.   Осы   жеті   модульдің   бірі   ақпараттық-коммуникациялық
технологияны   тиімді   пайдалануға   бағытталған.   Аталған   «Оқыту   мен   оқуда   ақпараттық   –
коммуникациялық технологияларды пайдалану» модулін ерекше қарастыруыма алдым. Себебі, қазіргі
таңда   әлемнің   озық   елдері   қатарында   көрінуіміз   үшін   жас   жеткіншектерге   күннен   күнге   өзгеріп,
толысып келе жатқан ақпараттық технологияның мол мүмкіншілігін мектеп қабырғасынан меңгертіп
жіберуіміз аса маңызды.
Оқу   үдерісін   сапалы,   әрі   тиімді   өткізудің   басты   алғышарттарының   бірі   әртүрлі   инновациялық
технологияларды   ұтымды   пайдаланып   сабақ   беру   болып   табылады.   Солардың   бірі   –   ақпараттық
технология. Ақпараттық технологияны оқу үдерісінде пайдаланудың негізгі көзі сабақ барысында
компьютерді   пайдалану,   интерактивті   тақталарды   қолдану   болып   табылмақ.  Ақпараттық-
коммуникациялық   технологиялар   оқушыларға   ғылыми   ұғымдарды   түсіндіруді   және   олардың
қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік бере отырып,  мұғалімдерге сабақ беруге көмектесетін
құрал.
1
Қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет
ресурстарды   пайдалану   оқушының   білім   беру   үдерісінде   шығармашылық   қабілетін   дамытуға
мүмкіндік   беретіндігі   сөзсіз.   Бағдарламаның     жеті   модулі   негізінде   8-сыныптарға   еліміздегі   биік
таулар   тарауына   өткен   сабақтарымда   ақпараттық   технологияның   мүмкіншіліктерін   тиімді
пайдалануды көздедім. Слайд - ұсынымдарды дайындап сабақтың әр бөлігінде тиімді пайдалануға
тырыстым.  Сабақ   үстінде   интерактивті   тақтаның   көмегімен   сыни   тұрғыдан   ойлауға   бағытталған
тапсырмаларды,   танымдық   ойындарға   арналған   тапсырмаларды   көрсетіп,   оқушылар   сол
тапсырмаларды орындауда ActivStudio арқылы интерактивті тақтаны пайдаланды.

Жетісу   Алатауы   тақырыбын   өтуім   барысында  өтілген   Алтай   тауын   қайталау,   пысықтауда
интерактивті тақта көмегімен оқушыларыма әртүрлі деңгейдегі сұрақтардан құралған  сөзжұмбақты
шешуді   ұсындым.   Бұл   тапсырма   барысында   оқушылардың   белсенділігін   арттыруға,   қабілеттілігі
әртүрлі барлық оқушыларымды қамтып жұмыс жасатуға тарттым. 
Жаңа   сабақты   түсіндіруде   интерактивті   тақта
көмегімен   электронды   оқулықтағы   физикалық
картаны,   суреттер   мен   тапсырмаларды
қолдандым.
Өтілген   сабақты   бекітуде   интерактивті   тақта
көмегімен   «Көңілді   смайликтер»   әдісінің
тапсырмаларына жауап беріп отырды.
          
 
 

Сауыр   –   Тарбағатай   тақырыбы
барысында  ақпараттық   құралдар   көмегімен   өтілген   сабақтан   алған   білімдерін   тексеру   үшін
«Тікұшақта   саяхат»   әдісін   қолдандым.   Бұл   әдіс   барысында   тікұшақ   тоқтаған   бөліктен   әр   топқа
тапсырма шығады. Осы тапсырмаларды орындай алмаса ұпай алу мүмкіндігі келесі топқа өтеді.
       Жаңа сабақты түсіндіруде ақпараттық құралдар көмегімен презентация арқылы өсімдіктері мен
жануарлары, тау жоталары көрсетілуі арқылы диалог негізінде тақырып ашылды.


Тянь-Шань тақырыбын өтуде ақпараттық құралдар көмегімен жаңа сабақ түсіндірілді, Тянь-Шань
тауының ең биік шыңы «Хан тәңірі шыңы» видеосы көрсетілді. Интерактивті тақта көмегімен тест
тапсырмалары орындалды.

Төртінші   бекіту   сабағымда   интерактивті   тақта   көмегімен   оқушылар   өздерінің   үйге   берілген
шығармашылық   жұмыстарын,   презентацияларын   көрсетіп   қорғады.   Еліміздегі   биік   тауларға
байланысты презентация жұмыстарын тапсыруым барысында дарынды оқушыларымның да, қалыпты
оқушыларымның да үлкен қызығушылықпен жұмыстар жасап жүргендіктерін кітапханадан шықпай
ізденіп,   бар   кітаптағы   суреттерді   ұялы   телефондарына   суретке   түсіріп,   сканерлетіп,   ғаламторды
пайдаланып   жургендерін   бақыладым.   Оқушыға   осындай   әртүрлі   шығармашылық   тапсырмаларды
берудің өте маңызы бар деп білемін. Себебі, біз талап етіп тапсырмалар беруіміз арқылы оқушылар
қажеттіліктен ақпараттық құралдардың барлығын меңгере түседі деп ойлаймын.
          География     сабақтарында   ақпараттық-коммуникациялық   технологияларды   пайдаланудың
тиімділігі:
2. қарапайым көзбен көріп, ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың
таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
3. қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
4. қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
5. экономикалық тиімділігі жоғары (бару, келу, тұрмыс тауқыметі т.с.с метериалдық шығынды қажет
етпейді);
6. білім сапасын арттыруға әсер етеді;
7. аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
8. оқушының ой – өрісін, дүниетанымын кеңейтуге ықпалы зор.
      Сабақта   компьютерді   пайдалану   оқушылардың   шығармашылық   дағдыларын   қалыптастыруға
жағымды   жағыдай   туғызады.   Мысалы:   тілші   болып   зерттеулер   жүргізу;   режиссер   болып   деректі
фильм түсіру, саяхатшы болып дүние жүзін шарлау.
Ақпараттық құралдардың бірі электронды оқулықтың тиімділігі зор. Электрондық оқу құралы – бұл
оқу   курсының   ең   маңызды   бөлімдерін,   сонымен   бірге   анықтамалар,   карталар,   атластар,   оқу
эксперименттерін   жүргізу   нұсқаулары   және   т.б.   білім   беруді   басқаратын   мемлекеттік   органдар
тағайындаған   арнайы   статусы   бар   берілген   түрдегі   баспаларды   қамтитын   электрондық   оқу
басылымы. 
Интерактивті   тақталардың   бағдарламаларын,   оның   жұмыс   жасау   ерекшеліктері   мен   техникалық
мүмкіндіктерін толық меңгеріп, сабақ барысында пайдалану – бүгінгі таңдағы барлық мұғалімдердің
алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі. 
Оның  себебі:   күнделікті   дамыған  қоғамның  сұранысы  техникалық  жетістіктерді   жылдам   меңгеру,
игерудің нәтижесінде алға дамып отыр. Компьютерлік оқыту технологиясында орын алып отырған
оқытудың   тағы   бір   түрі   ғаламторды   пайдалана   оқыту   мәселесі     болмақ.   Бұл   орайда   әрбір   ұстаз
ғаламтормен   байланыс   жасай   алу,   одан   қажетті   ақпараттарды   алу,   оны   өмірде,   сабақ   барысында
пайдалану арқылы күнделікті оқу үдерісін жалғастыра алады.
Ресей   ғалымдары   О.И.   Агапова,   О.А.   Кривошеев,   А.С.   Ушаковтар   компьютерлік   оқыту
технологиясының үш деңгейін бөліп көрсетті. Олардың айтуы бойынша, «компьютерлік технология –
бұл әдістер жиынтығы, адамның даму үдерісіндегі іс – әрекеттің формасы мен қаруы»
3
.
География сабағын қызықты өткізудің негізгі талаптарының бірі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды
әдіс   –   тәсілдерді   қолдану,   оқыту   әдістемесін   жаңартып   оқытуына   байланысты.   Қазіргі   таңда
география пәнінің мұғалімдері инновациялық және интерактивтік технологияларды сабақ барысында
пайдалана отырып, сабақтың сапалы, әрі қызықты өтуіне ықпал тигізуде.
Соның ішінде ақпараттық технологияны қолдану тұлғаның жан – жақты ашылуына жағдай жасайды,
шығармашылық әлеуетін арттырып, жоғары интеллектуалды жастар тәрбиелеуге үлес қосады. 
Күнделікті сабақта бейне, аудиоқондырғыларын, теледидиар мен компьютерді қолдану айтарлықтай
нәтижелер   беріп   келеді.   Заман   ағымына   сай   ондай   қондырғылар   оқушылардың   қызығушылығын
арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көрсетуге не тыңдауға,
алған   мағлұматты   нақтылауға   мүмкіндік   береді.   Оқушылардың   өздері   де   алынған   ақпаратты   ой
таразысынан өткізіп, өңдеп онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.
Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер, білім беруді дамытудың жаңа жолдарын,
яғни, педагогика ғылымының парадигмасы мен әдістемесін өзгертуді талап етеді. Бұрынғы әдетке
айналған   оқу   үдерісінде   мұғалімге   басымдылық   рөлі   берілсе,   ал   қазір   оқу   үдерісінде   оқушы
белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпайды, ол өздігінен оқуы керек. Қоғам гуманизациялау. Оқытуды
дифференциялау арқылы оқушылардың өз таңдауына жол ашады (пәнді оқыту формасын т.б.). Сол

арқылы оқушы өз қажеттілігін қамтамассыз етіп, таңдап алған жолында жетістікке жетуге мүмкіндік
алады.   Ал   мұғалімнің   негізгі   көңіл   аударатын   жайы   әрбір     оқушының   жеке   қызығуы   мен
мүмкіндіктерін ашу болмақ. Оқушының іс – әрекеті көптеген мінез – құлық параметрімен (іс – әрекет
сипаты, жеке интеллектуалды дамуы, сөйлеу мәдениеті, өз бетінше жұмыс істеу, жауапкершілігі, өз
еркімен ұсыныс жасауы т.б.) бағаланады. Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуді үйренуі аса
маңызды.   Сонда   баға   оның  жіберген  қатесіне   берілген   жазалау   емес,   жеткен   жетістігіне   берілген
мадақтау, қызығуы мен қажетін көтермелеу құралына айналады. «Тек қана есте сақталуымен емес,
өзінің   терең     ойлануымен   игеріп   алған   білім   ғана   -   білім»   деп,   әйгілі   ғалымдар   айтқандай,   бұл
жүйенің   бір   ерекшелігі   –   кез   келген   ақпараттың   жан–жақты   ой   елегінен   өткізіп   барып
қабылданатындығы.
   Технологиялық білім сыныпта АКТ – ны қолдану жөніндегі білімдерді қамтиды.
   Мектептегі технологияларға мыналар жатады:

Теледидар бағдарламалары;

Сандық теледидар;

Интернет/ WWW;

Ұялы телефон;

Ұтқыр қондырғылар;

Компьютер/ ноутбук.
Дәстүрлі педагогика
Жаңа педагогика
Кітапта қанша бар болса, соша және мұғалім
қанша айтса, сонша білу.
Нені білуді және нені еске сақтауды шешу.
Мұғалім оқушыға білім береді.
Мұғалім оқушыларға ақпаратты бағалауға, таңдауға,
ұйымдастыруға және сақтауға көмектеседі.
Мұғалім оқу үшін оқушылар қағазға
жазады.
Оқушылар дискке жазады және желіде жариялайды.
Анық, қолмен жазылған есеп.
Кәсіби, қағазға басылған құжаттар.
Оқушылардың ақпарат көздерін  таңдауы
шектеулі.
Оқушылар жеке таңдау жасайды деп күтіледі.
Оқушылар бір – бірінен жазбаны жасырады
және мұғалімге ғана оқуға болады.
Оқушылар өз жұмыстарын редакциялау және
тексеру кезінде пікір алмасады.
  
Ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін
де уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс–тәсілдер,
әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін Ұлыбританияда мұғалім мамандығын
таңдап алған бүгінгі жастардың, өздерінің болашақ оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық
сауаты   бар,   себебі   олар   өмір   жағдайларының   барлық   аспектілерінде   жаңа   технологияның   бар
мүмкіншілігін пайдалана отырып, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне
жатады
1
.
Жоғарыдағы сөздерді оқи келе Қазақстанымды салыстырмақ болдым. Бұл елдің біз қазіргі деңгейіне
жетіуге талпыныс жасап жатырмыз, ал ақпараттық технология күннен-күнге күрделенуде, жаңаруда.
Біз   қашан   алдыңғы   қатарлы   елдердің   біріне   айналамыз   деген   көкейімде   сұрақ   туды.   Осы   озық
елдердің   қатарына   қосылуда   мұғалімдер   үлкен   жауапкершілікпен   аянбай   еңбек   етсе,   осындай
қиындықтарды да еңсеріп, оң нәтижеге қол жеткіземіз деп сенемін.
  Пайдаланылған әдебиеттер:
7.
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Астана, 2012 61,65,70-бет
8. ҚР «Білім туралы» Заңы
9. Бегалиев Т.Б. Педагогика – Тараз, 1999
10.Қоянбаев Ж.Б.,  Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Алматы, 2000
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қызылорда облысы Сырдария ауданы 
№ 44 орта мектептің  биология пәні мұғалімі 
Ахметова Салтанат (1 деңгей)
«Топтық оқу-оқушылардың табысты оқу әрекетінің кепілі»

Қазіргі оқыту оқушылардың өз бетінше оқуына бағытталғандықтан, олардың таным белсенділігін
көтеру   маңызды   деп   есептеймін.Сондықтан   мұғалім   оқушылардың   білімді   іздену,
пікірталас,проблемалық жағдайларды шешу, жоба құрастыру арқылы өз беттерінше алатындай етіп
ұйымдастыра   білуі   үлкен   шеберлікті   қажет   етеді.Оқушылардың   таным   әрекетін   белсендіретін
оқытудың белсенді түріне топтық жұмыс жатады.  Топтық жұмысты ұйымдастыру ұжымдық  өзара
әрекеттестікті   жүзеге   асырудың   бір   жұмыс   формасы   болып   табылады.Бұл   жерде   мұғалім
дидактикалық принципті ұстанғаны дұрыс деп ойлаймын, дәлірек айтсақ,күшті оқушылар мен әлсіз
оқушылардың  барлығының  дамуына  ықпал  жасайтындай  мақсатты бағытталған  жұмыс  жүргізілуі
қажет
Дұрыс   ұйымдастырылған   жұмыстың   бұл   формасы   топ   мүшелерінің     ортақ   мақсатты
түсініп,жауапкершілікті сезінуіне, міндеттерді дұрыс бөлісіп, бақылау жүргізуге үйретеді. 
Топтық жұмыс барысында:
9. Оқушылардың өзара әрекеттестігі жүзеге асады
10. Оқыту мен оқытудың қажеттілігі туындайды
11. Білімнің бақылануы жүреді
12. Оқу тобында қолайлы орта қалыптасады
Топтық оқытудың артықшылықтары:
1.Қажетті маңызды дағдыларды үйренеді ( өзара әрекеттестік,тыңдай білу,пікірталастарды шешу,бір 
мақсатқа жету үщін бірлесіп жұмыс істеу)
2.Оқушылардың академиялық үлгірімі артады
3.Өзін-өзі құрметтеуге үйренеді
4.Оқушылар өзара көмектің маңыздылығын түсінеді
Мен  өз тәжірибемде топтың жұмыстың  мынадай түрлерін ұйымдастырамын.
1.Жұптық жұмыс
2.Бірге отырған топ
3.Кішкене команда
Топтық жұмысты ұйымдастыру мына міндеттерді шешуі тиіс:
Ортақ жұмысты орындау барысында оқушылардың тапсырмаларды өздігінен  өзара  дұрыс бөлісуі
Тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауы
Топтық жұмыс ережелерін орындауы
Өзара ынтымақтастықта болуы
Өзінің көзқарасын еркін білдіре отырып,басқалардың пікірін тыңдай білуі
Топтық жұмысты ұйымдастыру барысында оқушыларды тапсырма мен міндеттерді өздерінің 
арасында дұрыс бөлісуге үйрету қажет.Дұрыс ұйымдастырылған топтық жұмыс әрбір оқушының 
дамуы мен қалыптасуына ықпал етеді.
Міндеттерді бөлісу кезінде оқушыларды бір - біріне бағынуға,тапсырманы жауапкершілікпен 
орындауға  үйрету тәртіптілікке шақырады.
Топтық жұмыс кезінде топ мүшелерінің саны  5-6 оқушыдан тұрса, әрбір топ мүшесі  ортақ  әрекетке 
барынша ат салысады деп ойлаймын..Оқушылар өзара әрекеттестікке үйренеді. Ол үшін топтың 
құрамын ауыстырып отыру қажет және топтағы рольдерді көшбасшылық,спикер ,сарапшы сияқты 
рольдерді ауыстырып отыру керек.Топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде оқушының жеке тұлға 
ретінде қалыптасуын бірінші орынға қойған дұрыс деп есептеймін.Ол үшін меніңше, топтың әрбір 
мүшесінің өзіндің көзқарасын бағалау керек. Биология сабақтарында мен  топтық жұмыс формасын 
жаңа сабақ материалын өту барысында, бекіту және қайталау кезеңдерінде пайдаланамын.Әр топқа  
бірнеше күрделілік деңгейдегі карточкалар дайындаймын.
1 деңгей карточкасының  тапсырмасы  білімді тек жай ғана айтып беру немесе оқулықтан  оқып беру 
сипатында.Бұл көбіне оқулықтағы ұғымдар мен заңдылықтар болуы мүмкін.
2 деңгей тапсырмалары алынған білімді алгоритмдік әрекет арқылы қолдану.Мысалы, белгілі бір 
нәрсені сипаттау арқылы оның не екенін табу.
3 деңгей тапсырмалары бар білімді нақты жағдайларды қолдана білуді,салыстыру,қорытынды 
жасауды қамтиды.
Тапсырманы орындау барысында оқушылардың бірін-бірі тексеруі өте маңызды деп 
есептеймін.Тапсырманы орындап болған соң оның қорытындысын хабарлаймын.Кеткен қателер мен 
жетістіктері хабарланады.Рефлексия.
Сабақтағы жұмыс  реті:
1.Сабақтың мақсаты мен міндетін кою.
2.Топқа бөлу.

3.Топтың тапсырмаларын беру.
4.Уақытты бөлу
5.Топта жұмысты орындау
6.Топтың жұмысын бағалау
7.Рефлексия
Топтық жұмыстардағы оқушылардың ролін бөлу.
Көшбасшы – топтағы жұқмысқа толығымен жауап береді:
Спикер – топтың шешімі мен жауабын қорғаушы
Сарапшы – сараптама жасап, қайшы  пікірлер айтады.
Хатшы – топта айтылған пікірлерді жазып отырады
Топтық жұмыста нәтижені бірден күтпеу керек,барлығы да дағдымен келеді деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет