Инструкция по организации образовательного процесса в учебных кабинетах школы



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата18.01.2017
өлшемі0,85 Mb.
#2142
түріИнструкция
  1   2   3   4   5   6   7   8

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  



Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  

 

Министерство образования и науки Республики Казахстан  

Национальная академия образования им. И. Алтынсарина  

 

 



 

 

 



 

 

 



МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ КАБИНЕТТЕРІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН 

ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ  

 

 

 

ИНСТРУКЦИЯ ПО ОРГАНИЗАЦИИ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОГО 

ПРОЦЕССА В УЧЕБНЫХ КАБИНЕТАХ ШКОЛЫ  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Астана  


2015  

 

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға 



ұсынылды (2015 жылғы 20 шілдедегі № 6 хаттамасы)  

 

Рекомендовано  к  изданию  Ученым  советом  Национальной  академии 



образования им. И. Алтынсарина (протокол № 6 от 20 июля 2015 года) 

 

Мектептегі оқу кабинеттерінде білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша 



нұсқаулық. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. 

– 49 б.  

 

Инструкция  по  организации  образовательного  процесса  в  учебных 



кабинетах  школы.  –  Астана:  Национальная  академия  образования  им. 

И.Алтынсарина, 2015. – 48 с.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



© Ы. Алтынсарин атындағы  

Ұлттық білім академиясы, 2015  

© Национальная академия  

образования им. И. Алтынсарина, 2015  



 

1 Жалпы ережелер  

 

1.1  Осы  Нұсқаулық  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  23 



тамыздағы  №  1080  Қаулысымен  бекітілген  орта  білім  берудің  (бастауыш, 

негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  беру)  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 

стандартына,  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрінің  2014 

жылғы  29  желтоқсандағы  №  179  бұйрығымен  бекiтiлген 

«Білім  беру 

объектілеріне 

қойылатын 

санитариялық-эпидемиологиялық 

талаптар» 

санитариялық  қағидаларына

  (бұдан  әрі  –  Санитариялық  қағидалар), 

«Қашықтықтан  білім  беру  технологиялары  бойынша  оқу  процесін 

ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және 

ғылым  министрінің  2015  жылғы  20  наурыздағы  №  137  Бұйрығы,  Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 

бұйрығымен  бекітілген  Мектепке  дейінгі,  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта, 

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен 

жарақтандыру  нормаларына  (09.  07.  2013  ж.  берілген  өзгерістер  мен 

толықтырулармен) сәйкес әзірленді.  

1.2 Осы Нұсқаулық жалпы білім беру ұйымдарындағы оқу кабинеттерінде 

білім  беру  үдерісін  ұйымдастыруға  және  білім  алушылардың  қауіпсіздігі  мен 

денсаулығын  сақтауды  нормативтік  қамтамасыз  етуге  қойылатын  талаптарды 

белгілейді.  

1.3 Жалпы білім беретін ұйымдардың оқу кабинеттері оқу-тәрбие үдерісін 

ұйымдастыру мен оқыту сапасын арттыруды тиімді қамтамасыз ететін орталық 

болып табылады.  

1.4  Жалпы  білім  беру  ұйымдарындағы  оқу  кабинеттері  Санитариялық 

қағидаларға сәйкес жабдықталуы тиіс:  

 

оқу  кабинеттерін  жобалау,  орналастыру  және  пайдалану  Санитариялық 



қағидалардың 3-тармағына;  

 



оқу кабинеттерін жиһаздармен жабдықтау оқушылардың бойына сәйкес 

Санитариялық қағидалардың 4-тармағына;  

 

оқу  кабинеттерін  жабдықтау  (сумен  қамтамасыз  ету,  жылыту, 



жарықтандыру, 

желдету, 

микроклиматына 

қойылатын 

санитариялық-

эпидемиологиялық талаптар) Санитариялық  қағидалардың 5-тармағына сәйкес 

орындалады.  

1.5 


Оқу 

кабинеттерінде 

оқушылардың 

демалуына 

немесе 

қызығушылығына  қарай  жұмыс  жүргізулері  үшін  арнайы  орындар 



қарастырылады.  

1.6  Жалпы  білім  беретін  ұйымдардың  оқу  кабинеттері  оқушының  білім 

беру нәтижелеріне табысты қол жеткізуін және алған білімін оқу, практикалық 

қызметте  пайдалана  алуын  қамтамасыз  ететін,  логикалық,  конструктивті,  сын 

тұрғысынан  ойлау  негіздерін  қалыптастыратын  оқытудың  тиімді  құралдармен 

жабдықталуы тиіс.  

1.7  Жалпы  білім  беру  ұйымдарындағы  оқу  кабинеттері  оқушының 

физиологиялық  және  психикалық  дамуына,  оқу-танымдық,  зерттеу  іс-



 

әрекеттерін  ұйымдастыруға,  жобалау  дағдысын,  шығармашылық  қабілетін 



дамытуға, оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға қолайлы жағдай жасауы тиіс.  

1.8 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 

Қаулысына  сәйкес  жалпы  білім  беру  ұйымдарында  даму  мүмкіндігі  шектеулі 

балалармен дені сау балалардың бірлесіп оқитын сыныптарында (бір сыныпта 

даму  мүмкіндігі  шектеулі  екі  баладан  артық  оқытылмауы  тиіс)  мүмкіндіктері 

шектеулі  білім  алушылар  үшін  ғимарат  ішінде  арнайы  жиһаздар  және 

жабдықтармен жасақталады.  

1.9  Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  кедергісіз  қолжетімді  оқыту  үшін 

пандустарды,  тұтқаларды,  лифт  және  көтергіштерді,  арнайы  жиhаздарды, 

мүгедек  балаларға  арналған  киім  шешетелін  орынды,  бейімделген  санузелді 

және кең кіреберістерді қарастыру қажет.  

1.10 Оқу кабинеттері 4 аймақтан тұруы керек:  

1-аймақ  –  ақпараттық  (кабинеттің  алдыңғы  бөлігінде  тақта,  экран, 

оқушылардың  көз  алдына  үнемі  тұруы  тиіс  плакаттар,  хабарландырулар 

ілінеді);  

2-аймақ  –  жұмыс  аймағы  (бөлменің  негізгі  бөлігі  мұғалімнің  және 

оқушылардың  жұмыс  аймақтарынан  тұрады,  оған  мұғалімнің  үстелі  мен 

орындығы және оқушылардың үстел-орындықтары орналасады);  

3-аймақ  –  көрме  аймағы  (бөлменің  артқы  бөлігі  оқу  үдерісіне  қажетті 

көрнекіліктер  мен  оқу-әдістемелік  құралдарды,  дидактикалық  материалдарды 

сақтауға, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық жұмыстарын орналастыруға 

арналған бірнеше секциялы шкафтардан тұрады);  

4-аймақ  –  демалыс  бұрышы  (үзіліс  кезінде  немесе  сыныптан  тыс 

жұмыстарда  оқушылар  демалатын  немесе  қызығушылығы  бойынша  жұмыс 

істейтін орын, мұнда жұмсақ дивандар мен ойын үстелдері орналасады).  

1.11 Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:  

1) оқу кабинеті – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, 

оқу  жоспарларына  және  бағдарламаларына  сәйкес  көрнекі  құралдармен,  оқу 

жабдықтарымен,  жиһаздармен  және  оқытудың  техникалық  құралдарымен 

жабдықталған оқушылармен сабақ, факультатив және сыныптан тыс жұмыстар 

жүргізетін мектептің оқу бөлмесі;  

2)  оқу  кабинетінің  төлқұжаты  –  білім  беру  стандартының  талаптарына 

кабинетінің  сәйкесігін  көрсететін,  оқу  үдерісін  оқу-әдістемелік  қамтамасыз 

етуді ұйымдастырудың негізгі бағыттарын анықтайтын құжат;  

3) кабинет портфолиосы:  

 



электронды портфолио –компьютерде немесе қандай да бір электрондық 

тасымалдағышта сақталған құжаттардың жиынтығы;  

 

«қағаз»  портфолио  –  мұғалім  мен  оқушының  параметрі  мен  негізгі 



кезеңдегі қызметін қамтып көрсететін құжаттар сақталған папка;  

4)  кабинеттің  жұмыс  жоспары  –  кабинетті  білім  беру  үдерісін 

ұйымдастыруды қамтамасыз етуді реттейтін жұмыстар тізімі;  

5)  кабинетті  бағалау  бланкісі  –  оқу  кабинетінде  білім  беру  үдерісін 

ұйымдастырудың мүмкіндік деңгейін анықтайтын құжат;  


 

6)  оқушының  жұмыс  орыны  –  оқушының  жұмыс  үстелі  және  орындығы 



орналасқан орын;  

7)  мұғалімнің  жұмыс  орыны  –  кабинетте  мұғалімнің  білім  беру  үдерісін 

ұйымдастыруына  мүмкіндік  жасайтын  жұмыс  үстелі  мен  сынып  тақтасы 

орналасқан орын;  

8) қосымша кеңістік – білім беру үдерісін ұйымдастыруға қажетті көрнекі 

оқу және көрсету құралдарының (графопроектор, теледидар, бейне магнитофон, 

аудио магнитофон, компьютер және т.б.) орналасу орны;  

9)  географиялық  алаң  –  практикалық,  зерттеу-жобалау  жұмыстарын 

жүргізуге мүмкіндік беретін ашық аспан астында орналасқан зертхана;  

10)  смарт-сынып  –  оқу-тәрбие  үдерісінде  ақпараттық  технологияның 

мүмкіндіктерін  барынша  пайдалануға  жағдай  жасайтын  әмбебап  интерактивті 

кабинет (оқу материалын дайындау, сабақ өткізу, интерактивті тестілеу, сұрау 

және  пікірталас,  оқушылар  білімінің  мониторингі,  мектепаралық  on-line 

сабақтарын ұйымдастыру сияқты үдерістерді қамтиды);  

11)  сандық  зертхана  –  деректерді  жылдам  жинақтау  мен  сараптауға, 

сонымен  қатар  эксперименттің  нәтижесін  сызбанұсқалар,  графиктер,  кестелер 

түрінде көрсетуге мүмкіндік беретін құрылғы;  

12) автоматтандырылған оқу-зертханалық стенділері – компьютер, ноутбук 

және интерактивті құрылғыларға (проекторлар, интерактивті тақталар) қосылу 

мүмкіндігі  бар  үстелмен,  әдістемелік  және  бағдарламалық  қамсыздандырумен 

толық жасақталған стенділер;  

13)


 

мультимедиялық  кабинет  –  арнайы  бағдарламалармен  қамтамасыз 

етілген  интерактивті  тақтаны,  компьютерді  және  фото,  бейне,  графиктер, 

анимация  және  дыбыстың  көмегімен  нысандарды,  үдерістерді  және 

құбылыстарды ұсынуға мүмкіндік беретін жергілікті желіден тұратын бөлме;  

14) 


ТВ-технологиялар 

– 

білім 



алушыларды 

оқу-әдістемелік 

материалдармен  сонымен  бірге,  ақпараттық  білім  беру  ресурстарымен 

қамтамасыз  ететін,  өзара  іс-әрекетті  ұйымдастыратын  теледидардың  эфирлік, 

кабельдік және спутниктік желілерін қолдануға 

негізделген жүйе;

  

15)  желілік  технология  –  оқу-әдістемелік  материалдармен  қамтамасыз 



етуді,  білім  алушылардың  мұғаліммен  және  бір-бірімен  интерактивтік  өзара 

әрекет  түрін,  сондай-ақ  Интернет  желісін  пайдалану  негізінде  оқу  үдерісін 

әкімшілендіруді қамтитын технология;  

16)  кейстік  технология  –  қағаз,  электронды  және  өзге  де 

тасымалдағыштарда  оқу-әдістемелік  материалдар  жиынтығына  (кейстерге) 

және оларды өз бетінше зерделеу үшін білім алушыларға жеткізуге негізделген 

технология;  

17)  Қашықтықтан  білім  беру  технологияларын  іске  асыратын  білім  беру 

ұйымының  интернет-ресурсы  –  білім  беру  үдерісінің  қатысушылары  үшін 

әкімшілік-академиялық ақпараттары бар интернет-ресурсы;  

18)  ақпараттық-білім  беру  порталы  –  ҚБТ  бойынша  білім  беру  үдерісін 

ұйымдастыруға  мүмкіндік  беретін  әкімшілік-академиялық  оқу-әдістемелік 

ақпараты  бар,  ақпараттық  ресурстар  мен  Интернет  сервистерінің  желілік-


 

ұйымдастырушылық өзара байланысқан жиынтығы;  



19)  контент  –  оқу  материалдарын  ақпараттық  (мәтіндер,  графикалар, 

мультимедиалар және басқа да маңызды толықтырулар) толықтыру;  

20)  мультимедиа  –  пайдаланушыға  диалогтық  режимде  әр  текті 

деректермен  (графика,  мәтін,  дауыс,  бейне)  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  беретін 

аппараттық және бағдарламалық құралдар кешені;  

21)  қашықтықтан  оқытудың  ақпараттық  технологиясы  –  электронды 

тасмалдағышта  оқу  материалдарын  құру,  беру  және  сақтау  технологиясы,  оқу 

үдерісін 

ұйымдастыру 

мен 


қолдау 

ақпараттық-телекоммуникациялық 

технологиясы;  

22)  ақпараттық-білім  беру  ресурсы  –  білім  беру  сипатында 

қалыптастырылған  ой  мен  білім,  әртүрлі  деректер,  оларды  жинақтау  әдістері 

мен құралы, ақпараттар көзі мен тұтынушылар арасындағы алмасу мен сақтау;  

23)  тестілеу  кешені  –  білім  беру  үдерісінің  барлық  деңгейінде  білім 

алушылардың  оқу  материалдарын  меңгеру  дәрежесін  анықтау  үшін 

қолданылатын бағдарламалық құрал;  

24) электрондық оқу-әдістемелік кешен (ЭОӘК) – білім беруге негізделген, 

оқыту  үдерісінің  дидактикалық  циклінің  толықтығын  және  сабақтастығын 

қамтамасыз  ететін,  теориялық  және  практикалық  материалдарды  жүйелеуді 

және ұйымдастыруды қамтитын Мультимедиалық бағдарламалар өнімдері.  

 

 



 

 



Пән 

ерекшелігі 

бойынша 

оқу 

кабинеттерін 

жабдықтауға 

қойылатын талаптар  

 

2.1  Мектепке  дейінгі,  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  беру 

ұйымдарының  материалдық-техникалық  базасын  жаңарту  және  нығайту 

жұмыстары ҚР Білім және ғылым министрінің  2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 

бұйрығымен  бекітілген  орта  мектептің  оқу  бағдарламалары  мен  мектепалды 

даярлық  сыныптарына  арналған  оқу  бағдарламалары  негізінде  жүзеге 

асырылады.  

2.2  Оқу  кабинеттерінде  мемлекеттік  рәміздерді  орналастыру  Қазақстан 

Республикасы  Үкіметінің  2007  жылғы  2  қазандағы  №  873  Қаулысына 

(2012.30.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) сәйкес безендіріледі.  

2.3 Жалпы білім беретін мектепте бастауыш сынып кабинеті, мектепалды 

даярлық  немесе  мектепалды  тәрбиелеу  шағын  орталығы,  қазақ  тілі  мен 

әдебиеті,  орыс  тілі  мен  әдебиеті,  шетел  тілі,  тарих,  математика,  информатика, 

биология,  физика,  химия,  география,  музыка,  бейнелеу  өнері,  технология, 

алғашқы әскери дайындық кабинеттері және спорт залы болуы тиіс.  

2.4  Оқу  кабинетінде:  жұмыс  аумағы,  мұғалімнің  жұмыс  аумағы,  оқу-

көрнекі  құралдарды,  техникалық  оқыту  құралдарын  орналастыру  үшін 

қосымша  кеңістік,  оқушылармен  жеке  шұғылданатын  және  мүмкін  болатын 

белсенді  қызметтер  аумағы  және  мектепалды  даярлық  және  бастауыш  сынып 

кабинеттерінде  ойын  аумақтары,  химия,  физика,  биология  кабинеттері  мен 

компьютерлік сыныптарда зертхана болуы тиіс.  

2.5  Әр  оқу  кабинеті  жалпы  жабдықтармен  (жиһаз,  оқытудың  техникалық 

құралдары және т.б.) және арнайы оқыту құралдарымен (модельдер, аспаптар, 

кестелер және т.б.) жарақталуы тиіс.  

2.5.1  Оқу  кабинетінде  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыру  барысындағы 

жалпы жабдықтар жиынтығы төмендегі қызметтерді орындауы тиіс:  

- мұғалім мен оқушылардың жұмыс орындарын ұйымдастыру;  

- оқыту құралдарын оңтайлы орналастырылуы және сақталуы;  

- техникалық құралдардың тиімділігі;  

- қолда бар оқу қорының жүйеленуі.  

2.5.2  Оқушылардың  жұмыс  орындарын  жабдықтауға  арналған  жиһаз 

жазбаша  жұмыстар  орындауға,  кітаппен,  жұмыс  дәптерімен,  ақпараттық-

анықтамалық  материалдармен  жұмыс  істеуге  қолайлы  жағдайды  қамтамасыз 

етуі тиіс.  

2.5.3  Жиһаз  жұмыс  түрлерін  (жұппен,  топпен,  ұжымдық)  ұйымдастыруға 

байланысты  оның  орнын  өзгерту  үшін  жеңіл,  қозғалмалы  және  оңтайлы 

болуы тиіс.  

2.5.4  Жұмыс  орындарын  жабдықтауға  арналған  үстел  және  орындықтар 

оқушылар бойларының түрлеріне сәйкес болуы тиіс.  

2.5.5  Мұғалімнің  жұмыс  орны  сабақ  уақытында  жедел  іс-әрекет  жасауға 

мүмкіндік беретіндей болуы керек.  

2.5.6 Мұғалімнің жұмыс орнын ұйымдастыруға арналған жиһаз мұғалімнің 



 

үстелінен және орындықтан тұрады.  



2.5.7  Мұғалім  үстелі  бетінің  ауданы  сабақта  пайдаланылатын  бірнеше 

кітаптар,  анықтамалар,  дәптерлер  жиынтығы,  үлестірмелік  оқу-дидактикалық 

материалдар 

жиынтықтарын 

орналастыруға 

мүмкіндік 

жасайтындай 

болуы керек.  

2.5.8  Мұғалімге  демонстрациялық  және  жапсарлас  жасалған  жұмыс 

тумбасы  бар  жұмыс  үстелі  қажет  (үстел  үстіне  интерактивті  тақтаға  арналған 

компьютер мен принтер орнатылады).  

2.5.9  Кабинетті  аудиоактивті  лингафондық  құрылғымен  жабдықтау 

барысында ҚР СанЕжН нормаларына сай мұғалімнің үстелі басқару пультімен 

жабдықталады.  

2.5.10  Мұғалімнің  зертханадағы  жұмыс  орны  жазу  қағаздарын  сақтауға 

арналған  бөліктері  бар  үстел  болуы  тиіс,  онда  лингафондық  құрылғыны 

басқаратын  пульт,  қашықтықтан  басқару  блогі,  проекциялық  аппарат,  жарық, 

орынжайдың 

пердемен 

бөлінуі, 

телефондық-микрофондық 

аппарат 


болуы қажет.  

2.5.11  Қабырғадағы  кестелер,  сызбалар,  карталар,  сынып  тақтасы, 

интерактивті тақта мұғалімнің жұмысына жағдай жасауы тиіс.  

2.5.12 Сынып тақтасы бүктемелі, бес жұмыс беті бар үшэлементті (жасыл 

түсті борға арналған үш тақта, ақ түсті маркерге арналған екі тақта), магнитті 

беті карталар мен кестелерді көрсетуге ыңғайлы болуы тиіс.  

2.5.13  Сынып  тақтасы  оқу  кабинетінің  алдыңғы  қабырғасының  ортасына 

орналастырылуы тиіс.  

2.5.14  Сынып  тақтасы  кестелерді  ілуге  және  көрсетуге  арналған 

құрылғылармен жабдықталуы тиіс.  

2.5.15  Тақталар  өлшемі  мен  конфигурациясы  бойынша:  жылжымалы, 

ашылатын, биіктігі бойынша өзгеретін болуы мүмкін.  

2.5.16  Сынып  тақталары  бор  үгіндісін  жинауға,  тақтаны  сүртуге  арналған 

шүберекті  қоятын  жері  бар  күңгірт,  күңгірт  қоңыр  немесе  жасыл  түсті 

болуы тиіс.  

2.5.17  Сынып  тақтасы  негізгі  қалқаннан  және  екі  қайырмалы  тақтадан 

тұрады.  Негізгі  қалқанның  көлемі:  1500  х  1000  мм,  қайырмалы  қалқандардың 

көлемі: 750 х 1000 мм. Бұл тақталардың беті магнитті болуы шарт.  

2.5.18 Жанында интерактивті тақта орнатылады (кестелер, сызба-нұсқалар 

және  карталарды  көрсетуге  арналған  қажетті  құрылғыны  арнайы 

ұстатқыштармен бүйір қабырғаға орнатуға болады).  

2.5.19  Оқу  кабинеттері  проектор,  бейнемагнитофон,  телевизормен 

жабдықталуы  мүмкін  (жақсы  көрінуі  үшін  телевизорды  кронштейннің 

көмегімен алдыңғы қабырғаға орнатуға болады).  

2.5.20  Әрбір  кабинетте  пәндік  оқу-әдістемелік  кітапханаға  арналған 

(сөрелер, стеллаждар немесе арнайы шкафтар) жабдықтар болуы керек.  

2.5.21 Оқу кабинеттеріндегі жабдықтар арасында төмендегідей аралықтар 

мен қашықтықтар көзделеді:  

1) алдыңғы үстелдер мен демонстрациялық үстел арасы кемінде 60 см;  


 

2)  сынып  тақтасы  бар  алдыңғы  қабырғадан  бастап  үш  қатармен 



орналастырылған барлық қатардағы алдыңғы үстелдерге дейін кемінде 250 см;  

3) үстелдер тобының арасы кемінде 140 см;  

4) қатардағы үстелдер арасы кемінде 60 см;  

5) сынып тақтасынан оқушының отыратын соңғы орнына дейінгі ең үлкен 

қашықтық 860 см;  

6)  сынып  тақтасының  төменгі  жиегінің  еденнен  биіктігі  (жұмыс 

жағдайында)  бастауыш  сыныптар  үшін  –  80  см,  5-11  (12)  сыныптар  үшін  –

 90 см;  

7)  арнайы  білім  беру  ұйымдарында  оқу  жиһазы  мен  жабдықтарын  оқу 

үдерісінің бейініне сәйкес орнатады.  

2.5.22  Кабинетті  безендіру  барысында  заманауи  ғылыми  деректерді, 

ашылулар  мен  зерттеулерді  көрсететін  пәндік-тақырыптық  стенділер 

қарастырылуы қажет.  

2.5.23  Тақырыптар  үшін  жағымды  түстерді  (қызыл,  қызғылт  сары,  сары, 

көгілдір) пайдалану қажет.  

2.5.24 Мәтіндер анық, айқын, бір түспен (көк, қоңыр) жазылуы керек.  

2.5.25  Пәндердің  ерекшеліктеріне  сай  жиһаздар  мен  жабдықтар, 

мұғалімнің  демонстрациялық  үстелі  және  оқушылар  үстелдері  құрылымы, 

терезе  мен  желкөз  құрылымы,  Санитарлық  ережелердің  талаптарына  сай 

кабинетке жарық түсірілуі нормалары сақталуы тиіс.  

2.5.26  Оқу  кабинеттерінің  барлық  мүлкі  мен  электр  жабдықтары  өрт 

қауіпсіздігі талаптарына сәйкес болуы тиіс.  

2.5.27  Оқу  кабинеттерінде  бар  жабдықтар,  жиһаздар,  құрылғылар  тізімі 

мен олардың есептік нөмірлері көрсетілген мүлік кітабы болуы тиіс.  

2.5.28  Әр  білім  алушының  ыңғайлы  жұмыс  орнын  қамтамасыз  ету  үшін 

кабинет үстелдермен және орындықтармен жабдықталуы керек.  

2.5.29  Білім  алушылардың  жұмыс  үстелі  алмалы-салмалы  бір  адамдық 

немесе екі адамдық үстелдерден тұруы тиіс, көлемі 700x500 және 1200x500 см, 

бойларына қарай сәйкесінше түрлі болады.  

 

Жиһаз 



тобы 

Бой ұзындығы 

тобы (мм) 

Орындықтың алдыңғы 

шегінің биіктігі (мм) 

Үстелдің биіктігі 

(мм) 

Таңбалану 



түсі 

1450-1600 



380 

640 


Қызыл 

1600-1750 



420 

700 


Жасыл 

1750-ден 



460 

760 


Аспан көк 

 

2.5.30  Білім алушылардың  жұмыс орнын  тиімді ұйымдастыру  үшін  келесі 



талаптар сақталуы тиіс:  

–  білім  алушының  ыңғайлы  жұмыс  қалпын  сақтау  үшін  үстелдер  мен 

орындықтар антропометриялық деректерге сәйкес келуі тиіс;  

– жұмыс үстелінің беті қажетті деңгейде жарық болуы тиіс (300 лк);  

– жазу, оқу және телефондық-микрофондық аппаратуралар үшін жеткілікті 

жұмыс орны болуы тиіс.  



10 

 

2.5.31  Бір  комплектілі  және  екі  комплектілі  шағын  жинақты  мектептерде, 



5-11-сыныптардың  білім  алушыларының  сабақтары  бір  кабинетте  өткен 

жағдайда, жиһаздың орташа топтарының - № 4, 5 басымдылығы болуы тиіс.  

2.5.32  Білім  алушылардың  жұмыс  үстелдерінің  нөмірленуі  мұғалімнің 

пультіндегі  нөмірленумен  сәйкес  болуы  тиіс,  бұл  білім  алушының  жұмысын 

қадағалауды жеңілдетеді.  

2.5.33  Оқу  жабдықтарын  орналастыратын  және  сақтайтын  секциялық 

шкафтар  болуы  тиіс.  Секциялардың  саны  кабинеттің  аумағына  сәйкес 

айқындалады.  

2.5.34 Оқытудың проекциялық аппаратураларын және басқа да техникалық 

жабдықтарын  іске  қосу  үшін  зертханада  3  штепсельден  кем  емес  розетка 

қарастырылуы тиіс: бірі – сынып тақтасының жанында, екіншісі – зертханадағы 

тақта  қабырғасына  қарама-қарсы  бетте,  үшіншісі  –  терезеге  қарама-қарсы 

қабырғада.  

2.5.35  Телебағдарламалар  мен  бейнефильмдерді  көрудің  рұқсат  етілген 

ауқымы  теледидар  экранынан  2,7  м  кем  емес  арақашықтық  болуы  тиіс. 

Теледидарды орналастыру биіктігі еденнен 1,2-1,3 м.  

2.5.36  Графопроектор  (егер  бар  болса)  шұңқыршасы  мен  қойғышы  бар 

арнайы  үстелге  орналастырылуы  тиіс  және  оқу  материалы  көрсетілетін  экран 

мен тақтаға дейінгі қарама-қарсы аралық 1,8 м кем болмауы қажет.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет