Интегралды триггерлер мен түрлері



Дата10.12.2023
өлшемі139,84 Kb.
#135563
түріҚұрамы

Интегралды триггерлер мен түрлері

Триггер – жұмысы екі күйге негізделген және ақпаратты 0 немесе 1 бірлік ретінде сақтауға болатын, компьютер жадының негізгі элементі. Триггерлер – құрамына сақтау элементі (фиксатор) және басқару сызбасы кіретін элементар автоматтар. Фиксатор бір-бірімен "айқасу" бойынша біреуінің шығысы екіншісінің кірісімен байланысқан екі индикатордан тұрады. Мұндай қосылу екі тұрақты күйлі тізбек береді ( 7.1 сурет). Егер инвертор 1 шығысында логикалық нөл болса, онда ол инвертор 2 шығысында логикалық бірді тудырады және керісінше болады.



Орнатылған сигналдар 7.1 суретте үзік сызықтармен көрсетілген. Латын алфавитінің R әрпімен ( Reset дегеннен ) триггерді 0-ге қою (ауытқу) сигналы белгіленген, ал S әрпімен ( Set дегеннен) – 1-ге қою логикалық күй сигналы белгіленген . Триггер күйі Q сияқты болып белгіленетін тура шығыс мәні бойынша немесе екінші шығысты инверсерлік сигналымен есептеледі. RS-триггері үшін НЕМЕСЕ-НЕ таңдалған сигналы 1 болып табылады, себебі тек қана ол логикалық элементті 0-ге элементтің басқа шығыстарындағы сигналдардан тәуелсіз келтіреді ( 7.1, а сурет). RS-триггер үшін элементтердегі ЖӘНЕ-НЕ таңдалған сигналы нөлдік болып табылады ( 7.1, б суретті қара).
Триггерлер логикалық құрылу принциптері мен ақпаратты жазу тәсілдеріне байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Логикалық құрылу принциптеріне қарай триггерлерді RS, D, T, JK және т.б. түрлерге бөледі. Сонымен қатар, бір уақытта бірнеше типтер орын алатын аралас триггерлер және күрделі кірісті логикалы триггерлер (кіріс топтарымен, бір-бірімен өзара логикалық тәуелділікте болатын) қолданылады.
RS түріндегі триггердің екі кірісі болады – бірге орнату (S) және нөлге орнату (R). S орнату және R лақтыру сигналдарын біруақытта беруге рұқсат етілмейді (сигналдардың бұл комбинациясы тиым салынған деп аталады).
D түріндегі триггер ( Delay сөзінен алынған - ұстау) бір кірісті болып келеді. Оның күйі кіріс сигналын қайталайды, бірақ тактілік сигналымен кешігу анықталады.
Т түріндегі триггер әрбір кіріс сигналы түскен сайын өзінің күйін өзгертіп отырады. Бір кірісі бар триггер есептегіш кірісті немесе есептегіш триггерлер деп аталады.
JK түріндегі триггер (J) орнату кірістері және RS триггерінің кірістеріне ұқсас (К) лақтыру кірістері бар универсалды триггерлер болып келеді. Соңғылардың айырмашылығы бірден екі кіріске (J = К = 1) сигналдарды беру мүмкіндігіне ие болып табылады. Бұл режимде үшінші (тактілі) кіріске қатысты есептегіш триггер ретінде жұмыс істейді.
Аралас триггерлерде бірнеше режим қатар жұмыс жасайды. Мысалы, RST түріндегі есептегіш триггері, сондай-ақ оның орнату және лақтыру кірістері де бар .
Мысал ретінде, күрделі кірісті логикалы триггер ретінде J1J2J3 және К1К2К3, топтық кірістері коньюкциялық операциямен қосылған JK-триггерін алуға болады:
.
Триггерлер ақпаратты жазу тәсіліне байланысты асинхрондық (тактілік емес) және синхрондық (тактілік) болып екіге бөлінедіі. Тактілік емес асинхрондық триггерлерде жаңа күйге өту кіріс ақпараттық сигналдарының тікелей өзгеруі арқылы шақырылады. Арнайы кірісі С (Clock сөзінен шыққан) бар, тактіленетіндерде осы кіріске тактілік сигналдарды беру арқылы өту жүреді. Тактілік сигналдар, сондай-ақ синхрондалған, орындалған, командалық және т.б деп аталады.
Тактілік сигналдарды қабылдау тәсіліне қарай - деңгеймен басқарылатын және фронтпен басқарылатын болып бөлінеді. Деңгеймен басқарылу деген, тактілік сигналдың бір деңгейінде триггер кіріс сигналдарын қабылдайды және оларға ықпал етеді, басқасында қабылдамайды және өзгермейтін күйде қалады.
Фронтпен басқарған кезде ауысуға тактілік сигналдың түсу мезетінде (оның фронтында немесе түсуінде) рұқсат етіледі.
Фронтпен басқарылатын триггерлерді, сондай-ақ динамикалық басқарулы триггерлер деп те атайды. Динамикалық кіріс тура немесе инверсілік болуы мүмкін. Тура динамикалық басқару тактілік сигнал нөлдік мәнінен бірлікке ауысуына рұқсат беруді көрсетсе, инверстілік- тактілік сигналдың бірлік мәнінен нөлдік мәнге өзгеруінде қайта қосуға рұқсат береді.
Бір жағынан RS мен D триггерлері мен екінші жағынан Т, JK триггерлерінің арасында айтарлықтай айырмашылық бар. RS, D-триггерлер ажыратылған құрылымды болып келсе, ал Т, JK-триггерлері кері байланысты тұйықталған құрылымды, яғни шығыс сигналдарын өздерінің кірістеріне әсер ету үшін қолданады.
D-триггер RS триггерінен алынады, егер S кірісіне D мәнін берсе, ал R кірісіне оның инверсиясын аламыз (7.5,а суретті қара). Ақпараттық сигнал тек С синхроимпульсті мезетінде есте сақталады (7.5,б суретті қара).


Т-триггер RS триггері негізінде құрылады (7.6,а суретті қара). Бұл жағдайда есептегіш кіріс ролін С тактілеу кірісі атқарады.
Тактілеу кірісі бойынша ақпаратты қабылдаудың әрбір рұқсат етілуінде СТ – триггер кері байланыстар бойынша қарама-қарсы күйді қабылдайды, яғни қайта қосылады. Т-триггерін осыған ұқсас әдіспен D-триггерінің негізінде де алуға болады (7.6,б суретті қара).
Бақылау сұрақтары

  1. Триггерлер дегеніміз не?

  2. Триггердің активтік және пассивтік элементтерінің рөлін түсіндіріңіз.

  3. Триггерлер логикалық құрылу принциптері мен ақпаратты жазу тәсілдеріне байланысты қандай түрге бөлінеді?

  4. Деңгеймен басқарылу дегеніміз не?

  5. Фронтпен басқарған кезед не орын алады?

  6. RS мен D триггерлері мен Т, JK триггерлерінің айырмашылықтары.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет