Қазақстан Республикасындағы жастардың электоралдық белсенділігін арттыру жолдары Жоспар: Кіріспе 1. Жастардың электоралды белсенділігін арттыру Негізгі бөлім 1. Белсенділігін арттырудың міндеті 2. Электоралды белсенділігін арттырудың мақсаты 3.Статистика Қорытынды Жастардың белсенділігін арттырудағы негізгі мақсаты - азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту. Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына басылымдық беруді көздейді: 1. Жастар бойынша патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы. 2. Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету. 3. Жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау. 4. Жастардың денесін шынықтырып, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау. 5. Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру. 6. Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру процестеріне тарту Жастар — қоғамның құрылымында бірегей қасиеттері, өзіндік ерекшеліктері — жасы, рухани әлемі, мүдделері, әлеуметтік құндылықтары, ұмтылыстары, іс-әрекеттері, мінезқұлықтары және т.б. бар белсенді қатысушысы, әлеуметтік қатынастар және оны қалыптастырудың белгілі бір кезеңінде әлеуметтік ықпал етудің нысаны немесе субъектісі болып табылатын әлеуметтік-демографиялық топ.
Саяси әлеуметтену процесінде жас азаматтарды қазіргі саяси жүйеге бейімделуіне қол жеткізеді, бұл оның тұрақтылығы үшін маңызды шарттардың бірі болып табылады. Нәтижесінде, белгілі бір биліктің легитимділік деңгейін қолдайды және саяси бағытта жүзеге асырылатын шекарасы белгіленеді.