Исаева Айнур Женисовна Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу мәселелері



бет1/3
Дата06.03.2023
өлшемі22,79 Kb.
#71958
  1   2   3

Исаева Айнур Женисовна


Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу мәселелері

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 43-бабының 1-тармағына сәйкес Мемлекеттік қызметшілер өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін ҚР заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауаптылықта болады деп көрсетілген.


Жасалмаған шаралар үшін 44-бапқа сәйкес «Тәртіптік теріс қылықтар және жазалар»
Тәртіптік теріс қылықтардың бірнеше түрі келтірілген, соның бірі, бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау да тәртіптік теріс қылықтар деп танылады.
Жасалып қоған шаралар үшін ҚР ӘҚБтК 680-бабына сәйкес Мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы
Мемлекеттiк органдар, ҚР Қарулы Күштерi, ҚР басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары басшыларының не жауапты хатшыларының немесе ҚР Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдарының өз өкiлеттiктерi шегiнде ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының бұзушылықтарын жою бойынша не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi, өздерiне бағынысты адамдарға қатысты шаралар қабылдамауы не көрсетiлген шараларды ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұза отырып қабылдауы, не кiнәлi адамдардың тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органдарына тиiстi ақпаратты ұсынбауы – 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
52-бап. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы
1. Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге тиіс.
2. Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан жасалатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуге тиіс.
3. Егер мемлекеттік қызметшіде дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөніндегі қажетті шараларды қабылдауға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға және (немесе) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу ақпарат беруге тиіс. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабар беруге міндетті.
Мемлекеттік органның басшылығы ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы мәлімдеулері бойынша, оның ішінде тексерулер ұйымдастыру және уәкілетті органдарға өтініштерді жолдау арқылы шаралар қабылдауға міндетті.
4. Мемлекеттік органның басшылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы хабарлаған мемлекеттік қызметшінің құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасайтын қудалаудан қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
5. Мемлекеттік қызметшілер жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге тиіс.
6. Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасады деп жариялы түрде негізсіз айып тағылған кезде ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөніндегі шараларды қабылдауға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет