Ќысќаша µмірбаяны



бет1/2
Дата02.02.2023
өлшемі158,5 Kb.
#64682
  1   2
Байланысты:
ғылыми жоба




КІРІСПЕ
1. Жұмыстың өзектілігі: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының көзқарасына қазақ зиялыларымен кездесуінің ықпал етуінің нәтижесін көрсету. Мәшһүр еңбектерінде осы жүздесулер барысында XIX ғасыр соңы мен XX ғасыр басындағы саяси, мәдени мәселелер қамтылуы, оларды тарихи зерделеу және ұлттық сана қалыптасуы жайлы мағлұматтар қазіргі XXI ғасыр басында да өз маңызын жоғалтпағаны анық. Кейін Алаш қозғалысы жетекшілеріне де Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің пікірлері, тарих пен тарихи тұлғалары жайлы деректері де ықпал еткені мәлім. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының қазақ зиялыларымен кездесуі ғылыми жобаға негіз болды.


2. Жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың басты мақсаты - М. Ж. Көпейұлы туралы жазылған ғылыми сын – зерттеу еңбектерді тұтастай қамту, өзара сабақтастық, ерекшелік сипатын алып таныту. Осы негізде мынадай міндеттерді алға қойдық:
- Мәшһүр Жүсіптің рухани әлеміне шолу жасау;
- М. Ж. Көпейұлымен істес болған, ұмыт болып бара жатқан бірнеше есімдерге, тың деректерге оралу;
- ақын әрі философ жазбагердің шығыс классиктерімен үндестігін бағдарлау арқылы қазақ пен шығыс – түркі әдеби байланыс арналарын ашу;
- қаламгердің кеңес өкіметі тұсындағы өмірінен деректер көрсету.


3. Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Кеңес дәуірінде тұмшаланған Мәшһүр Жүсіп өмірі мен шығармаларына, ғылыми көзқарастарына қатысты жаңа деректер көзін ашу
1 . Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының рухани әлемі
Қайсыбір қоғам не әдебиет қайраткерінің қызметі мен шығармашылығы оның өзіне дейінгілерге қарағанда қаншалықты жаңалық әкелгеніне қарай бағалануға тиіс. Шынында, осы талап бар кезеңнің қайраткерлеріне қатысты. Әсіресе, аумалы - төкпелі заманда өмір сүріп, небір қиындықтарды бастан кешкен халық ұлдарының іс - әрекеті мен ой - пікірлерін осы тұрғыдан саралауымыз керек.
М.Ж. Көпеев туралы уақыттың талғам - талабына орай әр кезде әр түрлі пікірдің болғаны да рас. Алайда, оның кестелі өлеңдері мен келісті ойларын, әсіресе, халық ауыз әдебиетін жинаудағы жойдасыз еңбегін ешкім де жоққа шығарған емес.
М.Ж. Көпеев шығармашылығын жан - жақты әрі терең зерттей келіп, оның екі ғасыр аралығындағы қазақ қоғамының саяси - әлеуметтік «халық - ахуалы» мен тұрмыс - тіршілігін бедерлеудегі болсын, бәрінің де қыр - сырын ашып, әділ де нақты бағасын беру қажет.
Әрқилы тарихи - әлеуметтік, саяси - қоғамдық өзгерістерге толы кезеңде дүниеге келген М.Ж. Көпеев (1858-1931) қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуына, көркемдік көкжиегінің кеңеюіне елеулі үлес қосқан, ағартушылық - демократтық бағытты берік ұстанған ақын әрі тарихшы ретінде белгілі. Оның кітаптары мен мерзімді баспасөз беттерінде басылған мақалаларында екі ғасыр аралығындағы қазақ қоғамының саяси - әлеуметтік жағдайын шынайы суреттеген, замана тынысын дөп басып, айта білген қаламгер. Мәшһүр Жүсіп, сонымен қатар, қазақ ауыз әдебиеті мұралары мен тарихи мағлұматтарды, этнографиялық деректерді әрі жинаушы, әрі зерттеуші фольклорист, этнограф - тарихшы ретінде де төл әдебиетіміздің тарихында ерекше орын алады.
Мәшһүр Жүсіп туындылары 1959 жылдан бері мектеп, ЖОО оқулықтары мен хрестоматияларына енгізіліп, шығармашылығын зерттеуге ден қойылды. Сөйтіп «Мәшһүртану» ілімінің негізі қаланды. Бүгінгі күні ақын, тарихшы әрі фольклоршының әдеби мұрасы жан - жақты, терең зерделену үстінде. [7, 3 б.]
Осы кезде Қазақстанда баспасөз ісі де қолға алынып, жандана бастады. ХІХ ғасырда қазақ тілінде тек бір ғана газет («Дала уалаятының газеті») шығып тұрған болса, ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында қазақ тілінде алты газет-журнал шықты. Сондай - ақ, қазақ тілінде ХІХ ғасырда небары 100 шақты кітап басылса, ХХ ғасырдың басында (1900 - 1917 жылдары) 300 - ге жуық кітап басылды. Бірақ бұл дерек нақты емес. Өйткені бұған кейін ақталып жатқан «ақтаңдақтар» аталған көптеген арыстарымыздың еңбектері енбеген еді. Сол кітаптардың жартысына жуығы қазақтың сол кездегі ақын - жазушыларының күнделікті тақырыпқа, сол заман тақырыбына арнап жазған төл шығармалары: өлең жинақтары, дастан - поэмалар, әңгіме, романдар еді.
Міне, қазақ қоғамы үшін осындай үлкенді - кішілі оқиғалар мен өзгерістерге толы кезеңде дүниеге келген халқымыздың біртуар ұлдарының бірі – Мәшһүр Жүсіп Көпеев болды.
Көшпелі сахара қазақтары көрген теңсіздік, әділетсіздік, зорлық - зомбылық Мәшһүр Жүсіп туындыларынан айрықша орын алды. Оның шығармаларынан қазақ халқының өткен кезеңдегі өмірін, арманын, күйініш -сүйінішін, қайғы - қасіретін көреміз. Ол халықтың ғылым - білімнен шет қалмауын, өнерлі болуын, алдыңғы қатарлы ел болуын тіледі. Патша саясатының қара халық басына азап төндірген ауыртпалықты жақтарын әшкерелейді.
Талай жердің дәмін татып, озық елдердің үлгілі жетістіктеріне қаныққан, әрі қазақтың тұрмыс - тіршілігінен аса хабардар Мәшһүр өз елінің мәдениетті де, өркениетті ел болуын армандады. Және осы жолда белді бекем буып, «дос жылата айтады, дұшпан күлдіре айтады» деген бұрынғының сөзі бар»,- дей отырып, батыл да бекем ойларға барады.
Замана сипатын мейлінше шынайы таныту кез - келген ақын - жазушының үлесіне тие бермейді. Ал, М.Ж. Көпеев ірі қалам иесі ретінде өз қабілет - қарымына қарай дәуір тынысына үн қата білді. Қоғамдағы нақты жағдайлар мен өзгерістерді көзімен көріп, жүрегімен сезінген ақын ғасыр басындағы дүрбелеңі мол кезеңде туған халқының көкейтесті мұң - мұқтажын жыр етті.
Өзі өмір сүрген дәуірдің шынайы сыр - сипатын суреттей білген жазушылардың бірі – Мәшһүр Жүсіп Көпеев. 1907 жылы Қазан қаласында Хұсайыновтар баспаханасынан оның «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Хал-ахуал», «Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» деген үш кітабы жарық көрді. Бұл шығармаларында ол өзінің саяси - әлеуметтік көзқарастарын білдіреді.
Жалпы, 1906 - 1907 жылдары – М.Ж. Көпеев шығармашылығының
идеялық жағынан тереңдей түскен дәуірі. Бұл жылдары жазған шығармалары тегісінен қазақ халқының бостандық, саяси - экономикалық праволарымен байланысты болып келеді.
Мәшһүр Жүсіп өмірінің соңғы жылдарында, дәлірек айтқанда, Кеңес өкіметінің тұсында өзінің жазған шығармалары мен ел аузынан жинап - терген ауыз әдебиеті үлгілерін қағазға түсірумен шұғылданады. Ақын 1931 жылы өзінің ауылында дүниеден қайтады.
- Қысы бар, жазы бар, әрі - бері өткен жолаушылар келіп түнеп қалса, барлық мүлкімді пайдалансын. Бірақ жуып - тазалап қайыра орын-орындарына қойып кететін болсын. Қорықпасын, мен көрден тұрып ешкімге да бас салмаймын, - деп тапсырады. Бұл жерде Мәшһүрдің:
- Мен өлгеннен кейін де қырық жылға дейін денем бұзылмайды. Тірі адам көзі көреді, серт етем. Тек жаздың ыстық айлары ақіретімді айырбастап отырыңдар, қыс керегі жоқ. Сонда көздерің жететін болады, - деп, үлкен баласы Шәрәпиденге шырақшылықты өсиет етеді [1, 21 б].
Әдебиет майданына ерте араласқан М.Ж. Көпеев шығармашылығы көп қырлы. Оның мақалалары мен әңгімелерінің арқауы – жеке адам болмысы мен қоғам өмірінің байланысы, соған орай туындайтын алуан проблемалар. Бұл орайда, қаламгердің өз кезінің санасы сергек, ойы озық ағартушысы ретінде орны айрықша.
Шайырдың ағартушылық сарындағы өлеңдері де баршылық. Оның қазақ қоғамының экономикалық, әлеуметтік және рухани тыныс – тіршілігін, олқылықтарды терең түсінгендіктен еңсесі биік ел болуға уағыздап, үгіттеген туындылары – соның дәлелі. Айталық, «Қара өлең» деген өлеңінде:
Жатқандай тәтті ұйқыда қазақ халқы,
Айыра алмай жақсы менен жаман парқы.
Баласы дін мұсылман ояныңдар,
Көрінер өз пайдасы жұрттың нарқы, - деп толғанса, ойын әрі қарай дамыта түсіп, былай дейді:

Өнерге ғылым – білім болсаң жерік,


Берілер ақыр бір күн басыңа ерік.
Көп жұртты көз жасыңа қылсаң куә,
Табылар мұңлы – арлы соған серік.

Мәшһүр жұртшылықты адал еңбекке, рухани көтерілуге шақырып қана қоймай, халықты жарыққа шығарудың бірден – бір жолы – оқу – білім деп түсініп, соны бағыт – бағдар ретінде ұстайды.


М.Ж. Көпеев – өз заманының барлық болмыс – бітімін, бүкіл қазақ халқының тыныс – тіршілігін, рухани және мәдени өсу деңгейін, кем – кетік жақтарына кеңінен тоқталып, тереңнен толғаған қаламгер. Оның «ұйқыда жатқан» қараңғы халықты оятпақ болып, жұртына жақсылық пен жаңалықты түсіндіріп, өркениетті ел қатарына қосылудың жолын көрсетуге тырысқаны бұған толық куә.
Егер де ісі жақсы, болса ұнамды,
Талап қып ыждахатпен бас қадамды.
Айна қыл өзіңді – өзің түзетуге,
Бұл жүрген – жаман көп адамды, - дейді ақын «Қалмады ойлай – ойлай басымда ми» деген өлеңінде. Бұл – туған халқының қамын ойлап қамыққан, болашағы үшін жабыққан қайраткер сөзі. Қамығып қана қоймай жанын ауыртқан сол дертке шипа іздеп, қалың бұқараны ғасырлар бойғы бойкүйездіктен, сауатсыздықтан арылып, өнер мен ғылым үйрену арқылы көңіл көзін ашуға шақыруы – қайраткерлік қарымы мен құлашын байқатады.
Қолда бар деректерге қарағанда, Мәшһүр Жүсіп туралы алған мақала («Қазақ әдебиеті», №2, 5 қаңтар, 1940 ж.) жазып, өзінің әділ пікірін айтқан адам – академик Әлкей Марғұлан. Оның Мәшһүр өмірбаяны мен творчествосын жетік білуі сол өлкеде туып-өскендіктен де болса керек. Жастайынан оның өлеңдерін жаттап, атағына тәнті болған ғалым өзінің аталмыш еңбегінде ақынның шыққан тегі, өскен ортасы, шығармашылығы туралы мол мағлұмат береді. Сонымен бірге, Көпейұлы діни ортада тәрбиеленгендіктен «діншіл молдалардың әсерінен жуық арада шыға алмады» деп, ақын шығармаларында діни сарыннның орын алу себебінің сырын да ашып айтады.
Бір айтарымыз, зерттеушінің Мәшһүр Жүсіп араб, парсы халқының тарихын, философиясын жақсы білген, химия, физика, геология, астрономия ғылымдарынан хабары болған деуі шындыққа әбден жанасады. Себебі, ол қалдырған көп мұраның ішінде әр алуан ғылым саласынан мағлұмат берерлік ой - тұжырымдардың жиі кездесетіні бұған толық дәлел. Мәшһүр Жүсіп Көпеев - қазақ әдеби тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі. Ақынның шығармашылық мұрасы жалпы түркі елдері әдебиетінде халықтың рухани байлығына айналып, ел ішінде кеңінен таралып, сүйсіне тыңдалатын болған. Оның шығармалары халықты ізгілікке, шындыққа, парасаттылыққа және ұлттық сана - сезімді ояту мақсатына құрылған.
2 тарау. «Бар еді жақсылармен жақындығым»

Ұлылар мұрасын игере білу ең алдымен кешегі тағдыр – тарихымызды терең тану үшін сол арқылы бүгініміздің мәнін жете парықтауымыз үшін керек. «Кешегіміз түгенделмей, бүгініміз бүтінделмейді», - дейді алаштың ардақты азаматы Қошке Кемеңгеров.


ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы қазақ халқының рухани -мәдени өмірінде өшпес із қалдырған ерекше бір кезең екені белгілі. Сондықтан да осы кезеңнің әрбір қалам иесінің шығармашылығын нақты әрі жан-жақты зерттеу бүгінгі таңда толғақты да маңызды. Өйтпейінше, сол дәуірдің шын суретін көзге елестету еш мүмкін емес.
Қазан төңкерісіне дейінгі әдеби процесте М.Ж. Көпейұлының да атқарған рөлі айрықша. Ол – қазақтың сөз өнеріне өшпес із қалдырған көрнекті тұлғаларымыздың бірі. Әдебиетіміздің тарихын зерттеуші-сыншы ғалымдарымыздың көпшілігі оны осы кезеңнің белді де белгілі өкілдерінің бірі деп таныды. Ақын, ағартушы, тарихшы, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаушы ретінде ол туралы М.Әуезов, Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин, Б.Кенжебаев, Қ.Бисенбиев, Ә.Қоңыратбаев, И.Жарылғапов, Ы.Дүйсенбаев, М.Бөжеев, Д.Әбілов және т.б. әр ой-пікірлер білдіріп отырған.
Мәшһүр Жүсіп жасында ауыл молдасынан дәріс алып, хат таниды. 1870 жылдары Хамеретдин хазіреттің медресесін бітіріп, мұсылманша орта білім алып шығады. Ауыз әдебиеті нұсқаларымен ерте танысып, халықтық жыр – дастандарды жаттап өседі. Өзінің алғырлығын, сөз өнеріне бейімділігін ол ерте –ақ танытады. Ақындық жолға бой ұруы, түсуі – 15 жасында басталғанын ақын былай баяндайды:
«Айырылдым дәл он бесте ақыл – естен,
Жабысып бір дауасыз ауыры төстен..»
1875 жылдан бастап біраз уақыт ауылды бала оқытып, қаражат жинайды. Білімін толықтыру мақсатымен 1886 жылы Бұхараға келіп, діни жоғары оқу орнында оқиды. Осы жылдары Орта Азияны аралап, Самарқан, Ташкент, Бұқара т.б қалаларда болды. Ол осы жылдары түрколог – академик В.В. Радловпен танысып, ауыз әдебиеті нұсқаларын жинап бастыру ісімен айналысты.
Мәшһүр Жүсіпті өз көзімен көрген, оның барлық еңбегімен таныс – біліс болған сол кездегі орыс оқымыстысы Белослюдов төмендегідей ой қорытады: «Мәшһүр Жүсіп халықтың мұңын жырлай бастайды. Мәшһүр Жүсіп өлеңді шығарды, мұның өзі қазақ әдебиетінің тарихында халықтық сипаттағы жаңа бағыттың дамуына зор түрткі жасады. Бұрын өлең көпшілік алдында ауызша айтылатын, ал ақын атану үшін біреумен айтысқа түсетін, жыршы міндетті түрде суырып салма ақын болуы шарт еді. Енді Көпеев өлеңдері оқырманға жазбаша түрде ұсынылды, ақын деген сөз тек ақын – жырауларға қатысты емес, өлең жазуға қабілетті талант иелеріне де қолданыла бастады»
Мәшһүр қазақтың көптеген білікті адамдарымен кездескен. Соның бірі - атақты Қажымұқан балуан. Ол онымен 1925 жылы таныс – біліс болып, екеуі Баянауылда бірнеше күн бірге жүріпті. Бірі ақын, бірі балуан – өнер адамдары іштей түсінісіп, қыл өтпес дос болып, қимай – қимай ажырасыпты. Сондай – ақ, Атбасар дуанының тұрғыны Мейрам Жанайдарұлымен де сырлас дос болыпты. Бұл кісі өз заманының оқымысты адамы болған екен. Арабша, парсыша, орысша сөйлей де, жаза да біліпті. Айрықша қасиеті – ауыз әдебиетін көп жинапты. 1895 жылы «Дала уалаяты» газетінің 41 – 49 нөмірлерінде жариялапты. Мейрам жырлаған бұл дастан Ү. Сұбханбердина құрастырған «Қисса – дастандар» атты кітапқа енді.
Көпеев шығармашылығын зерттеушілердің бірі – ғалым С. Дәуітов мынандай ақпар береді: «Мәшһүр Жүсіп Бұқара, Ташкент, Түркістанға үш рет сапар шегеді. Бірінші рет 1887 жылы, яғни 29 жасында барады. Бұл жолы Бұқарада оқып, білімін көтерді. Арабша, парсыша шыққан кітаптарды қадағалап зерттейді. Ол осы сапары жөнінде:
Мәшһүрден келе жатыр өнер қайнап,
Бұлбұлдай қапастағы тұрған сайрап.
Самарқанд, Бұқар, Ташкент – бәрін кезген
Жасында бір кем отыз тәңірім айдап, - десе, екінші рет барғаны турасында:
Жалғанда жалғыз кезген басым еді,
Бір асыл қолға түспес тасым еді.
Зыбарат шығыс бапқа бұл барғаным.
Жылым қой, отыз жеті жасым еді, - деп анықтама береді.

М. Көпеевтің айтуынша ол 1895 жылы араға сегіз жыл уақыт салып қайта барыпты. Ақынның бұл екі сапары да оның білімін көтеру мақсатынан туғандығы көрінеді.


Мәшһүр Жүсіп қазақтың байтақ даласының көп жерін аралайды, серілік құрады, көптеген ақындармен айтысқа түседі. Көкшетау ақындары шақырып, сонда барып, Ақанмен кездеседі. Бұл туралы ақын өзінің күнделік дәптеріне былай деп жазады: «Көкшенің жер – суымен танысып, Ақан серіні көру өзімнің тілегім, ойым еді. Ақан сері жігіт көркі, сөздің бұлбұлы еді».
1877 жылы Атбасар жәрмеңкесінде Ақан серімен дидарласқан екен. Бұл Ақан серінің сүйіп қосылған жары Фатима қайтыс болып, ғашық болған Ақтоқтыға қосыла алмай, атығай – қарауылды шулатып қосылған Ұрқиясы үш – ақ – ай отасып, ол да кенеттен қайтып, одан бірінен соң бірі құстары – Қараторғайы мен Көкжендетінен, иті – Базаралыдан және ең соңғы ауыр соққы – Құлагері мерт болып, шерменде болып жүрген кезі екен. Үғар көңілге мұңын шағып, көңілі босаған Ақан серіге Мәшһүр Жүсіп «Ердің қайғысын тұлпардың тұяғы, сұңқардың қияғы, сұлу әйелдің құшағы алады» деген екен. Сол айтқандай, қасірет баспас үшін әніңді кемітпе, үйленбесең де сұлу қызға деген ғашықтықты кемітпе» деп басу айтыпты. «Жақсының қасіретін жақсы ғана ұғар» дегеніміз осы болуы керек.
Ақан серінің Мәшһүр Жүсіппен Шыңғыс сұлтанның үйінде отырып айтысқанын Нұрғожа – Мәшһүрмен екінші айтысын қазақтың халық әдебиетін жинап, насихаттап жүрген Ғаббас Омарұлы Елеусізов «Жұлдыз» журналында жариялады.
Ақан айтыскерлігіндегі танылатын үлкен бір қасиет – әшейінде ешкімге бас ие қоймайтын тәкаппар сері айтыс мәдениетін сақтай біледі. Ең әуелі Мәшһүр Жүсіптің мақтауын асырып, ел алдында абыройын көтереді:

Ғиззатлу, я хұмматлу жаздым сөзді,


Бек артық көрдім сізде дана көзді.
Өзімнің хал – қадірім жеткенінше,
Айтайын бек мадақтап енді сізді.
Өзгеден затың артық сәруар гүлім,
Ағылды сізді көріп менің тілім.
Сүйейін сізден артық енді кімді,
Бар болса тіл мен жақтан, сүйер жерім.
Нұрың бар асып тұрған барлық жаннан,
Нәсілің болған сіздің Абылай ханнан.
Сипатың, салтанатың болған тегін,
Ұқсайсың періштеге атқан таңнан,
Сағымнан пайда болған арғы тегің,
Мақтауға қалай келмес менің ебім.
Дәріптеудің түрлерін айтсам дағы,
Тіл байлығым жетпей тұр, кемеңгерім.

Соншама көтере дәріптеп, абыройын асырып тұрса да, Ақан сері өз сөзін сыпайыгершілікпен «тіл байлығым жетпей тұр, кемеңгерім» деп қорытады. Тіл байлығы жетпегені мынау болса, бұдан асырып не айтуға болар еді.


Ақан тағы бір тұста:

Бірің хан, бірің сұлтан, бірің берік,


Болғанда бірің болат, бірің балға.
Бірің бал, бірің шекер, бірің алма,
Бірің лашын, бірің сұңқар, бірің тұйғын.
Қалайша теңгеремін жалпы жанға, - деп көсілгенде Мәшһүр Жүсіп оның сөзінен ұстап алар кемшілік тапқандай болып, әрі әйгілі Ақан серіні бір сүріндіріп, уәжден ұтып кетуді мақсат тұтқан болуы керек, былай депті:
Мақтауыңның бастысы шоқпар, балға,
Бұл сөзің теңеу болмас шекер балға.
Жеткізіп айта алмайсың, білімің шолақ,
Оқытар ем тіліңді үш жыл бұрап,
Бұл жерде қайтарам деп қаға алмайсың,
Қайта өзің жығыласың жарға құлап. [16, 181 б.]

Өткен ғасырдың 80 - 90 жылдарында Мәшһүр Жүсіп Омбыда шығатын «Дала уалаяты» газетінің белсенді авторларының бірі болды. Ақын ел тұрмысын танытарлық хат – хабарлармен қатар жұрт аузынан өзі жазып алған, өзі жинап терген әңгіме, өлеңдерді газет редакциясына үнемі жіберіп тұрады.


«Болат майырылмайды, асыл жасымайды, қайратты қажымайды» деген сөз асылы, ой асылы бар. Ендеше, Мәшһүр Жүсіп те таным - пайымын, білім – білігін тереңдету мақсатында 2 рет 1887 жылы Бұқара қаласына келеді. Осынау сапары Қожа Ахмет Яссауи кесенесін көріп, тарихына үңіледі. Ташкент шаһарында Сыздық Кенесарыұлымен дидарласып, Хан Кененің жорықтары жайындағы мәліметтерді хатқа түсіреді. Сонымен қатар, Майлықожа, Күдеріқожа, Ақмолда, Дайыр, Молдағали ақындармен жүздесіп, кейбіреулермен айтысады да.
1889 – 1891 жылдары Кіші жүз елінде Жәңгір төремен, атақты батыр Науша Қаржауұлының шөбересі Қадырмен сұхбаттасады. Науша, Жәңгірхан, Исатай – Махамбет, Шернияз, Тама Сарыбас мерген турасында яки тұлғатануға қатысты мағлұматтарды, ру – тайпа таңбаларын, ұрандарын, шежірелік – жылнамалық жүйесін сипаттап, ал 1895, 1907 жылдарда Бұқара, Самарқанд, Түркістан, Ташкент қалаларына келіп, әдеби – ғылыми шығармашылығын одан әрі өркендету, толықтыру, көркейту мақсатында білім, ырыс, игілік кәусарынан сусындайды. [1, 561б.]
Білімі толықтыру мақсатымен Бұқара, Ташкент шаһарларына шеккен сапарларында Мәшһүр «бұрынғының даналарымен» көзбе – көз кездескенін, «Қанжығалы қарт Бөгенбай батырдың немересі, заманының шежіресі аталған Саққұлақ шешенді көргенін», - өзінің өмірбаянын жыр еткен толғауларында айтады. Өз заманының шешендері, ақындары, көне көздермен сұхбаттас, айлас болып, қарым – қатынас жасауы да оның парасаттылығын танытады. Жиені Жолмұраттың айтуынша, ол Ақан серіні жоғары бағалап: «Ақан сері – заманының сұңқары, қызыл тілдің ділмәрі, жігіттің құлпы жібегі, сөздің айтылған тиегі», - деген. Үлгілі ақындардан өнеге алуды мұрат тұтып, өзіне міндет санаған ол:
Ақынды айт Ақмолда мен Ыбырайды,
Үлгісін өнер – білім жұртқа жайған, - дейді [17, 63 б.]
Мәшһүрдің атағы шығып, аузына дуа дари бастаған шағында оның жолын тосып, қонақ етіп сыйлап жібергісі келген адамдар саны көп болыпты. Бірі бата дәс етсе, енді бірі әңгіме – дүкен құрғысы келеді екен. Тіпті түстеніп, ат ауыздығын алдырған жерінің өзі де ат – тон беріп, кеткенше ризашылықтарын білдіретін көрінеді.
«Жасымнан өлең еді баққан қойым,
Жақсылар бас қосқан жер айт пен тойым», - деп, келеді ғой бір сөзінде. Ал, Мәшһүрдің көбінесе ат басын тірейтін жерлері қарапайым адамдар болып келеді екен. Әсіресе, қолөнер шеберлеріне, әнші – әңгімеші, небір сауыққой, ашық жарқын адамдарды ұнатады екен. Құлмағамбетұлы Жәмит, Жалбырұлы Иманбай, Мұсабайұлы Мәшірап, Сүбек, Сағынай секілді ел ішінде асқан ісмерлігімен белгілі ұсталардың ауылдарын әсте аттап өтіп кетпеген көрінеді.

  • Қара көрікте кие бар, олар сол кие иелері ғой, - деп отыратын көрінеді. Баян қалашығына барғанда түбі сарт Шонай деген қасапшының үйіне де ат басын тіреп, Пятаков Яшка дейтін казак - орыспен тамыр болып, үнемі моншасын әдейі арнайы жақтырып, түсіп тұратын көрінеді. Оның әйелі қазақшаға судай болыпты және моншадан кейін Мәшһүрге самауырыннан шай ішкізеді екен. Ал, мәжіліс құрып, үй толы кісі жиылғанда түсер үйлері: Ыбырайдың Ахметі, Бажықтың Әшімі, Жағалбайлы Серғазы, Әбілғазы, Солтандар, Хұсайынның Мәншүгі, Байменгөттің Шөкісі (академик Шапық Шөкиннің әкесі) Тауықбайдың Смағұлы т.б екен. Домбырашы, әншілер үнемі жиі кездесіп тұратын адамдары: Байжанның Қалиы, Байқошқардың Сұлтанбайы, Бұланбайдың Мұқашы, Аманның Түсәпбегі, Сүтжанның Қасендері болыпты. Ал, Тайкелтір атасынан Оңалбайдың Сағал дейтін домбырашы, әншісіне шариғатты өлеңге қосқызып айтқызып, қызықтайды екен. Сонысы үшін дүмше молдалар Мәшһүрді кіналап, «дуана, шариғатты келеке етеді» деп кінә тағады екен.

Әй, Мәшһүр туа қастас болдың баймен,
Бай көрінсе, қашушы ең, қолат – саймен....
Онан соңғы бір қасың қожа – молда,
Олармен елдеспедің бұрын, соң да», - деп келеді ғой бір сөзінде.
Бұл Мәшһүрдің дінді құрметтеуі емес, дүмше молдалардың дін бұзарлығын сынауы. Байларды да сыйлаған, бірақ та сараң, паңдарынан ат - тонын ала қашқан.
Жоғарыда біз атап өткен адамдардың ішінде дәулетті адамдар да аз болмаған. Мысалы, Ақбура Сүтжанның Қасені 1928 жылы конфескеге тартылған адам болған. Сараң демекші, Мәшһүрдің анасы Ұлбала жерленген екен. Ол өте сараң нағыз «шық бермес Шығайбайдың» өзі болыпты. Сонда Мәшһүр анасын атап дұға етіп қол жайғанда, әлгі адамды біле тұрса да, оны аузына алмайды екен: «Оныңыз не, аруақ емес пе?» - деп сауал қойғандарға:

  • сараң адамның құдайға да қажеті аз, ондайларға дұға жүрмейді , - дейді екен.

Жүсіпбек Аймауытов атақты ақын, ірі ойшыл, шежіреші Мәшһүр Жүсіппен жақын, туыс адамдар. Өз айтуынша, 7 атадан қосыламыз депті.
Екеуі 1927 – 1929 жылдар арасында жиі – жиі хат жазысып тұрады екен. Жүкең Мәшһүрге «аға» деп қара сөзбен, ал Мәшһүр Жүсіпбекке «бауырым» деп өлеңмен жазады.
Бір хатында Жүкең былай дейді: «Былтыр ойын кітабын жазуға бәйге жарияланып еді ғой. Мен «Шернияз» деген кітап жазып қосқам. Соған бірінші бәйге беретін бопты. Мен оны алмадым – екінші бәйге алған Мұхтар Әуезовтың «Қарагөзіне» беріңдер дедім, өйткені ол шет жерде оқып жүрген шәкірт, ақша менен гөрі оған керек қой»
Енді бір хатында: «Құрметті Мәшһүр аға! Сізге үлкен ұятты болдым. Не деп ғапу өтінем десем де, ол өтінішім түкке тұрмайды. Өйткені екі хатыңызға бірдей жауап бере алмағаным кешірілмейтін күнә болды. Ренжіген шығарсыз, тек қарғамасыңыз болды. Ұруға – ұрсуға мойнымды ұсынып тұрмын. Екі жарым ай болды үйден шықпағаныма. Не істедің десеңіз, бір роман жазып бітірдім. Үлкендігі өзіңіз көрген «Қартқожадан» екі есе. Бар ойым, ниетім, рухым сол романға кетіп қалып, жынды кісідей болып, досты, жолдасты, құрметті, қымбат ағаны ұмытып, уақытын бос өткізеді десеңіз, міне, былай: таңертең сағат 8 – де тұрамын да, шай ішіп қызметке кетемін. Күніне 6 сағат бала оқытамын. Сағат 6 – 7 – де оянып шай ішемін. Сөйтем де жазуға отырамын. Сол отырғаннан түнгі сағат 2 – 3 ке дейін отырып қаламын, әбден талғанда барып ұйықтаймын. Міне, екі жарым ай бойы көрген күнім осы. Әйтеуір, бұл күндерде романым бітті. Баспаға жібергелі отырмын. Басылып шықса көресіз»
Мәшһүр Жүсіп інісіне хатты тек өлеңмен жазады екен. Хатында өзінің қартайғанда, тұрмыстан қажығанын көбірек айтып мұңын шағады. Осы арада Мәшһүр хаттарынан бірер шумақ келтірейік:
Шымкенттен почтаменен бір хат келді,
Саналы жан сағынбақ жер мен елді.
Жүсіптің көйлегінен иісін танып,
Сайрамақ көзі ашылып Жақып енді.
Белгі алған шаршы топты озып аты,
Танымал болған жұртқа қиянаты.
Мәшһүрді өліп қалған бір тірілткен –
Шымкенттен Жүсіпбектің жазған хаты.
Аман бол! Аман болсаң, сен аман бол!
Сен аман жүрсең, маған дүние мол.
Жүсіпбек, Бектұр, Жанақ үшеуіңе,
Тұрайын тілеулес боп көтеріп қол. [11, 400 б.]
Мәшһүр соңғы Қоянды жәрмеңкесіне барған адам. Онда дастархандас, тікелей қарым – қатынас жасаған адамдары: Жаңалының Нұркесі, Шанин Жұмат, Иса Байзақов, Майра Уәлиқызы және Қажымұқан палуандар болған. Бұдан бірер жыл бұрын «Мәшһүр атамыздың атқосшысы, жолсерігі болдық» деген адамдар баршылық еді. Біз бұлардың ішінен Шотаның Әйтімін, Сабырдың Жәниін, үлкен келіні Ақзейнептің інісі Ысқақтың Базарханын ерекше атап өтер едік. Өйткені бұлардың бәрің де Мәшһүр өмірінің соңғы күніне дейін адал қызмет еткен адамдар көп болған. Оның ішінде Кененің Қанафиясы Қоянды Жәрмеңкесі сапарына атқосшы болған. Ол кісі 1982 жылы бізге Мәшһүр ұрпақтарына жазған хатында былай деп еске алады:
«Мәшкең 1922 жылы Ташкентте опат болған баласы Әменге дұға етіп қайтуға жолға шыққан еді, сондағы жолсерігінің бірі мен болдым. Жолай Қоянды жәрмеңксіне қатыстық. Онда арнайы шақырылған болатын, бірақ кімдер шақырғаны есімде жоқ, жобасы әрі көңілін көтерсін деген болулары керек. Одан әрі Қарқаралыны басып өтіп, Семей бардық. Сол кездегі шым - шытырман жағдайларға байланысты одан әрі жүруге мүмкіндік болмады.» Өлі арыстанымды іздеймін деп, тірі боздағымнан айрылармын» деп айтқаны әлі есімде. Өйткені үлкен баласы Шарапиден де бізбен бірге еді. Осы сапар жайлы көлемді толғау жазған еді, міне, соны Мәшһүр мұражайына арнап жіберіп отырмын» - деп хатын аяқтапты. Бұл Мәшһүр Жүсіптің Тобықты – Найман еліне екінші сапары екен. Ал, жас кезіндегі сапарында Абайдың жан досы, замандас құрдасы Нүсіпхан жайлы «Нүсіпхан» атты дастан жазған екен. Мүмкіндік болса бұл дастанды Абайдың 150 жылдық тойына орай баспа орнына ұсынбақ ойым бар, әрине, оған ниет білдірушілер болса. Міне, Мәшһүрдің істес болған адамдары жайлы еске алар болсақ, ұмыт болып бара жатқан бірнеше есімдерге, тың деректерге оралған болар едік. Өкінішке орай мұндай жәйттер ескі көз адамдардың азайып бара жатуына байланысты және жазба деректердің де оңайлықпен қолға түспей отыруына орай алтынға балар уақытымызды оздырып алып бара жатқан жайымыз бар. [9, 23 б.]


3 тарау. Мәшһүр Жүсіптің қазақ зиялыларының көзқарастарының қалыптасуына ықпалы

Қазақ зиялыларының ішінде Мәшһүр Жүсіп Көпеев ұлы Абайға ілесе шықты да осы данышпан ұстаздың ағартушылық жолын берік ұстанды, ақындық мұратын да өзіне мұрат етті.


Қараңғы қазақ көгінде
Өрмелеп шығып күн болам
Қараңғылықтын кегінде,
Күн болмағанда кім болам? - деген жойқын өнерді ақын Сұлтанмахмұтты Абайға жалғастыратын ортада осы Мәшһүр Жүсіп тұр. [13,15]
М. Ж. Көпеев өмір сүрген кезеңі әлеуметтік сілкінулер мен жаңартуларға толы дәуір еді. Әрқилы қайшылығы мол тарихи - саяси жағдайдың аса күрделі сыр-сипатын терең түсінуге қаламгерлердің бәрінің бірдей өрісі жете бермейтіні белгілі. Солардың ішінен суырылып шығып, уақыт ауқымы мен әлеуметтік –мәдени талап-тілекті дұрыс таразылай білген Мәшһүр Жүсіп секілді қайраткерлер демократтық бағыттағы әдебиетті өркендеуге, өз шығармаларында халықтың арманы мен тілегін, күйініші мен сүйінішін бейнелеге талпынды, заман ағысына ілесуге талпынды. Әрине, бұл ретте олар Абайдың эстетикалық -көркемдік принциптерін творчестволық жігерімен пайдаланды.
Жаңа дәуір басында Абай қалыптастырған реалистік әдіс аясындағы әдебиеттің алуан салалары дәуір талабына сай жанры жағынан да, түрі жағынан да молайып, байи түсті.
Бұл ретте алмағайып кезеңдегі ниеті таза, мақсаты айқын қаламгерлердің қай-қайсысы болсын дәуір талабын жеті сезініп, азаматтық жүрекпен терең толғануының мән - маңызы ерекше. Заманы алға тартқан күрделі де көкейкесті мәселелердің шешімін табуға ұмтылған көзі ашық, көкірегі ояу қайраткерлер халық өмірінің қат – қабат құбылыстары мен қоғамдық – әлеуметтік тіршілігінің алуан саласын рухани - көркемдік електен өткізіп, өз туындыларының өзегіне айналдырды.
Мәшһүр Жүсіп өзінің алдында өмір сүрген қазақ ағартушылары Шоқан, Ыбырай, Абай секілді демократияшыл идеялардың рухын терең сезініп, прогреске ұмтылудың жолын ұсынды. Ол әлеуметтік прогреске жетуде еңбек шешуші роль атқарды деп білді. Сондықтан еңбек тақырыбында арнайы тоқталып, халқын адал да пайдалы еңбек етуге шақырды.
М.Ж. Көпеев реалист ақын ретінде өзі өмір сүрген дәуірдің ғана бейнесін сeреттеп қана қойған жоқ, сонымен бірге лирикалық каһарман образын сомдай білді. Оның шығармашылығын өн бойына туған ел жұртының адал перзенті, халқына еңбек етуге еш жалықпаған ойшыл ақынның азаматтық тұлғасы әрі сөз өнерінің қадір – қасиетін жете сезінген нұрлы бейнесі айқын көріп отырады.
- Мәшһүр Жүсіптің білмейтіні жоқ екен, - деп тамсанып отырған ұлы Әбдірахманға Абай:
- Шәкәрім мен Мәшһүр Жүсіп – құрдас, екеуі де дін жолына берілген жандар. Мен де ақынмын, Мәшһүр де ақын, дегенмен де ол ақын болғанмен, Құдайға жақын, сондықтан да Мәшһүр азаматтың әулиесі ғой, - десе керек.
- Ой, ол нағыз ақын, мынаны да ақын дейсіңдер. Мен білетін ақындардың әулиесі – Құнанбай ұлы Абай, ол сияқты өлең шығаратын ешқайсысы жоқ – деген екен.
Әсет Пазыловтың осы сөзін «ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ақын – жазушылардың ішінде Мәшһүр Жүсіп те Шәкәрім сияқты Абайды рухани ұстазы ретінде құрмет тұтқан, өзіне үлгі санаған. Мәшһүр Жүсіп ерте кезден – ақ Абайдың ел ішіндегі таралған өлеңдерін жаттап, жинап жүрген. Олардың тұтынған рухани азығы да, өскен ортасы да, заманы, дәуірі де – бір» деген көрнекті мәшһүртанушы А.Тұрышевтің пікірі бекітіп түседі.
Сол Әсет Пазылов қара күш иесі Қажымұқан туралы «Тамшыға Бекхожинаның әншілігі де бар еді» деген әңгімесінде:
Көпшіліктің сұрауы бойынша Қажекең қолына домбыра алып, қоңыр дауысымен:
Атандым Қажымұқан бала жастан,
Ішінде империяның болдым асқан.
Кешегі Омскінің қаласында,
Құлаттым қырық балуанды бір шалмастан, - деп әндетеді екен.

Сондай басқосуда Алтай өңірінен келген бір ақын Қажымұқанның жұрт алдындағы беделін сөзбен түсіруді жөн көріп:



  • Мәшһүр деген әулие шығыпты ғой, бір өзінің бойында бірнеше өнер бар деп естідім. Сонымен күреске шықсаң, жеңіліп тынарсың, - деп қарқылдап күлсе керек. Сонда Қажымұқан:

  • Мен ол кісінің алдына барып, тізерлеп отырып өзім жеңілер едім. Әулиеге тіл тигізбей, жайыңа жүр, - деп ашуланып кетіп қалыпты деген дерек келтіреді.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының саналы ғұмырында бір сәт те қаламы қолынан түсіп көрмеген, бір жағынан жазып, екінші жағынан өнер – ғылым үйреніп, жатпай – тұрмай ізденіп жүріп, Қазан төңкерісіне дейін 1907 жылы бір жылдың ішінде үш бірдей кітабы жарық көрген, олар «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Хал – ахуал»
Ақынның осы жоғарыдағы аталған үш еңбегі дерлік өлеңнен тұрады, жалғыз – ақ «Сарыарқаның кімдікі екендігі» атты туындысында: «күнбатысы – Сырдария, күншығысы – ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі – Жетісу, солтүстігі – Еділ, Жайық. Сол төрт судың арасы заман хадымда дешті қыпшақ атанған Қыпшақ жұртының қонысы еді. Сол қыпшақтан тоқсан екі ру тарайды. «Қытай көп пе, қыпшақ көп пе» деп мақал болған себебі ол...Күншығыс жағында ашық намаз оқылатын қыбылаға төрі тура дәл келген тас қорғандар бар...Өлеңнің соңында «Қараоба», «Сарыоба» деген екі төбе – Қарабай мен Сарыбай деген екі байдың қоныс қылған мекені екен деп Сарыарқа әлімсақтан бері қарай қазақтың жері екенін тебірене айтады, жан – жақты дәлелдеп береді.
Мәшһүр Жүсіптің осы үш кітабы кезінде ел – жұрттың іздеп жүріп оқитын асыл дүниесіне айналған. Сол кездегі зиялы қауымның бәрі де ақынды жақсы біліп, терең танып сыйлапты. Біз бұл жағдайда Жүсіпбек Аймауытов пен Мәшһүр Жүсіптің бір – біріне жолдаған сәлем – сауқатынан, жазысқан хаттарынан білеміз. Хатты бірінші жазған Ж.Аймауытов «Сіз қазақтың қазақ заманында дүниеге келіп қалған гауһарысыз. Сіздің құлашыңыз ұзын, қиялыңыз терең, арманыңыз алыстағы өткен өмірде. Жаңа заманның бұйынтақ сөзі, жыбырлақ мінезі сізді жарытпайды, тосаңсытады, күні өткен жат адам қылады. Жаңа заман өйте берсін! Сіз онда жалғыздығыңызды, жапандығыңызды, әнді – салтанатты ескі күніңізді жырлап өтіңіз. Ақынның ақындығы улаған ойын, тулаған сырын оқушыны тоқытқандай қылып, тізген меруерттей кестелі, толғаулы сөзімен айта білуінде ғой», - деп жазса атақты жазушы, оған ақын ағасы өте орынды жауап бере келіп:

Қол жетпес көктегі айға созғанменен,


Бақ, дәурен, өмір қызық озғанменен.
Қанша жерге барады кәрі, шіркін,
Желігін делебесі қозғанменен.
Кірер үйі азайған басымыз бар,
Аппақ қардай сақал мен шашымыз бар,
Өзіңе берсін алла ұзын өмір,
Көнгіш бол қорғасындай, болма темір.
Ризамын өзіңе де, сөзіңе де,
Мақал бар. Аз сөз алтын, көп сөз көмір.
Сұрапсың қандайсыз деп мән – жайымды,
Саған үйіп төкпейін мен уайымды.
Ісек күнінде қартайған біз жаман қой,
Аз ғана мылжыңдайын қандайымды.
Бұралқы болмайтын мен еркек қой ма,
Бұл жалған айтшы маған айт пен той ма?!
«неге ерте мезгілі жоқ қартайдың», -деп,
Әменді көрген болсаң, кінә қойма?!

Шәкәрім ақын ретінде өзінің халқына қайта ораларын білген. Бұл туралы халық арасында айтылатын Мәшhүр Жүсіппен екеуінің кездесуі туралы аңыз – әңгімеде де баяндалады. Ел аузында сақталған екі данышпан ақынның кездесуі туралы әңгімені мәшhүртанушы ғалымдар мен Мәшhүр Жүсіп ұрпақтары айтады. Бұл мәліметтер бойынша екі ақын өмірлерінің соңғы сәттерінде кездесіп, сонда Мәшhүр Жүсіп: «Біреуіміздің ажалымыз адамнан, біреуіміздікі алладан. Сен балаларыңмен Қытайға өт. Аман қаласың», - деген екен. Бірақ, Шәкәрім өз өмірінің аяқталу сәтін біле тұра қашпаған. Қайта артындағы ұрпақтың әйтеуір бір уақытта есіне алатынына сенген. 1931 жылы жазылған «Кешу сөз» деген өлеңінде де ақынның бұл позициясы айқын.


Сайып келгенде, Қазақстанның саяси – әлеуметтік өміріндегі прогрессивтік өрлеу кезеңі ХIХ ғасырдың екінші жартысынан басталды.
Оған себеп болған жағдай, біріншіден, қазақ халқы мен орыс халқының саяси экономикалық байланысының өркен жаюы, олардың тұрмыс – тіршілігіндегі өмір азабының ұқсастығы екі халықты бір біріне жақындастыра түскен болса, екіншіден, Қазақстанның Ресей мемлекетіне бодан болуының реакциялық жағымен бірге прогрессивтік жағы да белгілі рөл атқарды. Оған екі халықтың мәдени тұрмыстық араласы мәдениет алмасуды туғызып, қазақ даласында орыс - қазақ мектептерінің көптеп ашылуы, онда орыс балаларымен бірге қазақ жастарының оқып білім алуы, ұлт достығын күшейтуге, оқыған қазақ зиялыларының көптеп шығуына себеп болды. Үшіншіден, қазақ даласының орыстың алдыңғы қатарлы озық ойлы оқыған зиялы қауымы – революционер демократтардың айдауда болатын жері болуы, олардың Маңғыстау түбегі мен Омбы, Семей, Өскемен, Тобыл өлкелерінің маңына шоғырлануы, мысалы Омбыда Майков, Дуров, Семейде Гросс, Долгополов, Тобыл бойында Янушкевичтердің болуы, ал олардың қазақ ағартушы демократтармен достық қарым – қатынаста болып, саяси көзқарастарының қалыптасуына оң ықпал еткені байқалады.
Мұның ұлтттық интеллигенция сана – сезімінің оянып, қалыптасып, олардың ұлт мүддесін қорғауына ықпалы тиді.
Қорыта келе, айтарымыз, Қазақстанда оқу – ағарту ісінің жандануы онан ондаған зиялы қауымның білім алып шығуы, орыс демократтарының Қазақстанда айдауда болуы, олардың қазақ ағартушыларымен достық қарым - қатынас жасауы, саяси көзқарасының оянуына, қазақ оқыған зиялы қауымның тууына негіз болды. [ 8, 24 б ]
ХХ ғасыр басындағы түркі халықтарының өзара қарым – қатынасында кітап басу ісі белгілі бір дәрежеде үлкен роль атқарады. Бұған, біріншіден, тағы да сол қоғамдық әлеуметтік жағдай түрткі болды. Олай дейтініміз, екі ғасыр аралығында түркі қоғамында жүріп жатқан оң өзгерістер тарихи – мәдени процеске өз әсерін тигізгені мәлім. Соның соны сипатын сол тұстағы баспасөз ісінің өркендеуіне байқау қиын емес.
Әдеби байланыстар үрдісін сол тұста өмір сүрген түркі тілді туысқан елдердің де, өзіміздің де әдебиет майталмандарының творчествосына байқау қиын емес. Атап айтқанда, екі ғасыр аралығындағы әдебиеттің көрнекті өкілдері Шәкәрім, Шәді, Мәшһүр Жүсіп, Сұлтанмахмұт шығармашылықтарына араб – парсы, тәжік және өзбек әдебиетінің ғана емес, басқа халық әдебиетінің игі ықпал еткендігін аңғарамыз. Мәселен, татар жұртшылығы және оның мәдениетімен байланысын Ғұмар Қараш, Мәшһүр Жүсіп, Мақыш Қалтаевтардың Қазан, Уфа, Орынбор қалаларының баспаханаларында кітап шығаруынан анық көруге болады. [ 1, 62 б ]




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет