Ішкі кедергісі 1 Ом, ЭҚК-і 1,2 в элемент



бет1/2
Дата02.12.2023
өлшемі215,21 Kb.
#132083
  1   2

  1. Ішкі кедергісі 1 Ом, ЭҚК-і 1,2 В элемент R = 5 Ом болатын сыртқы кедергіге тұйықталған. Өткізгіш арқылы өтетін ток күшін анықтаңыз.

  1. 0,1 А

  2. 0,2 А

  3. 1 А

  4. 2 А

[1]

  1. 12 вольттық элемент батареясының ішкі кедергісі 0,1 Ом –ды құрайтын болса, онда 10 А ток күші өткен кезде батарея қысқыштарындағы кернеу неге тең болады?

  1. 9 В

  2. 10 В

  3. 11 В

  4. 12 В

[1]

  1. Соленоидтың магнит өрісін қалай арттыруға болады? Төмендегі берілген тұжырымдардың қайсысы дұрыс:

  1. орам санын арттыру

  2. темір өзекше енгізу және ток күшін арттыру

  3. орам санын кеміту

  4. орам санын арттыру және ток күшін азайту

  5. өзгертуге болмайды




  1. тек 1

  2. 1 және 2

  3. 2 және 4

  4. тек 5

[1]

  1. Егер магнит өрісінің индукциясы 2 есе артса, индукцияның ЭҚК-і қалай өзгереді?

  1. Өзгермейді

  2. 2 есе кемиді

  3. 2 есе артады

  4. 4 есе артады

[1]

  1. Суретте айнымалы ток генераторының схемасы бейнеленген.


Раманың қандай орналасуында ол арқылы өтетін магнит ағыны максимал мәнге ие болады?

  1. Рама 90° бұрылғанда

  2. Рама 180° бұрылғанда

  3. Рама 45° бұрылғанда

  4. Рама 360° бұрылғанда

[1]

  1. Суретте көрсетілген схема, ЭҚК 12 В және ішкі кедергісі 1 Ом батареядан, сонымен қатар кедергілері R1=R2= R3=3 Ом, R4=2 Ом резисторлардан тұрады.




(а) Тізбек бойымен өтетін жалпы токты анықтаңыз.


[1]
(b) Кедергісі R4 резистордағы кернеудің түсуін анықтаңыз.
[1]



  1. Потенциометрдің жұмыс принципін тұжырымдаңыз.

[1]

Тізбектегі жалпы ток күшін, потенциометрдегі резисторлардағы кернеулердің түсуін есептеңіз.

[2]

8. Оқушы ЭҚК пен ток көзінің ішкі кедергісін анықтау үшін төмендегі суретте берілген схеманы құрастырды. Реостаттың жылжымалы контактысының күйін ауыстырғанда амперметр 0,5 А, ал вольтметр 4 В көрсетеді. Контактыны солға қарай ауыстырған кезде амперметр 0,9 А, ал вольтметр 3,6 В көрсетті. ЭҚК пен ток көзінің ішкі кедергісін анықтаңыз.




9. Төменде арнайы берілген орынға термистор кедергісінің температураға тәуелділік графигін сызып көрсетіңіз.



10. Суретте K, L және M өткізгіштердегі кернеудің ток күшіне тәуелділік графиктері көрсетілген. Қай өткізгіштің кедергісі тұрақты?






  1. тек К

  2. тек L

  3. тек M

  4. K және L

11. Суретте көрсетілгендей ЭҚК-і 3 В және ішкі кедергісі r=1 Омэлектр батарейкасы кедергісі 10 Ом болатын резисторлармен мен жалғанған.






(i) Тізбектегі ток күшін есептеңіз

Ток күші: I = ______________ А


(ii) Тізбектегі кернеудің мәнін есептеңіз.

Кернеу: U = ______________ В


[3]
12. Төменде арнайы берілген орынға шамның ВАС графигін сызып көрсетіңіз.



[1]

13. 4-суретте кернеу бөлгіштің сызбасы берілген. R1 және R2 кедергілер сәйкесінше100 Ом және 174 Ом. Сызбаның кірісіндегі кернеу Uк 12 В-қа тең болса, сызба шығысындағы Uш кернеу неге тең?



[2]
14. Электр тізбегі екі гальвани элементінен, үш резистордан және амперметрден тұрады. Бұл тізбектегі R1= 100 Ом, R2= 50 Ом, R3=20 Ом, ɛ1 =2В, І3 =50 мА.
а) Кирхгофтың 1 заңын пайдалана отырып, тізбектегі ток күшінің теңдеуін жазыңыз:
[1]
b) Кирхгофтың 2 заңын пайдалана отырып, тізбектегі ЭҚК-нің теңдеулерін жазыңыз:
[2]
c) Екінші контурдағы ток көзінің ЭҚК анықтаңыз:


  1. Кирхгофтың екінші заңын жазыңыз. [1]



  2. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет