«Қыз – өріс, ұл – қоныс» деп білгендіктен қазақ халқы өрісін кеңейтер қыз балаға ай­рықша көңіл бөлген. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып, «Қызға қырық үйден тыйым» жасайды



Дата07.10.2022
өлшемі15,22 Kb.
#41752

Хаттама № 1


27.04.2022жылы №8 орта коммуналдық мектебінде 7-8"а" сынып қыздар жиналысы болып өтті.


Күн тәртібінде:
Қыз тәрбиесі туралы


Ерте заманнан ата-бабаларымыз сұ­лулықтың көркем үлгісін ару қыздың тал бойынан көруді көксеген. Гүлге тән нәзіктік пен батырға тән батылдық бір бойына жа­расқан қазақтың қыздарына тәнті болған жазушылар оларды шығармасына арқау етсе, ақындарымыз инабаттылығы мен нәзіктігін әнге қосып, өлең өрнектерімен көмкерген.
«Қыз – өріс, ұл – қоныс» деп білгендіктен қазақ халқы өрісін кеңейтер қыз балаға ай­рықша көңіл бөлген. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып, «Қызға қырық үйден тыйым» жасайды.
Қызға 40 үйден тыйым:
1. Жарыса сөйлеуге
2. Жалғыз қыдыруға
3. Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге
4. Орынсыз ұрынуға
5. Басқаларға қол тигізуге
6. Өтірік, өсекке
7. Суық жүріс, сумаң қылыққа
8. Кісіге қарай керіліп есінеуге
9. Талтайып отыруға
10.Шалқайып жатуға
11.Тамақты обырлана асауға
12.Ұрлық-қарлыққа
13.Ұятты мүшелерін ашып жүруге
14.Бұраңдап қылымсуға
15.Қызыл іңірде жатуға
16.Түске дейін ұйықтауға
17.Кісі алдында киім ауыстыруға
18.Салт-дәстүрден аттауға
19.Елді ғайбаттауға
20.Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға
21Ішімдік пен шегімдікке
22.Ұрыс-керіске
23.Беттен алып, бет жыртысуға
24.Қараулыққа, ысырапқа
25.Рахымсыздық пен қатыгездікке
26.Түнде суға жалғыз баруға
27.Өзге жыныстылармен араласып жатуға
28.Күйеуге қашып тиюге
29.Әдепсіз сөзге
30.Тарс-тұрс етуге
31.Адам мен жануарларды тебуге
32.Кісіні қорлап жәбірлеуге
33.Тәкаппарлық пен сайқымазақ жасауға
34.Айғай сүреңге
35.Шектен тыс сыланып жасануға
36.Қызғаншақтық пен күншілдікке
37.Менмендік пен өзімшілдікке
38.Алдап-арбауға
39.Көрсеқызарлыққа
40.Нәпсіқұмарлыққа тыйым.
Қыз ақылды болады - болғысы келсе, шыдамды болады - қолынан келсе, сұлу болады - уақыт берсе, батыр болады - сынға түссе, адал жар болады - қазақ қыздарының мінезділігі осы тыйымдардың арқасы деп ойлаймын.
Жиналыс ұйымдастырушы:Эбилхаева Ардақ

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет