Кабельдерді канализацияға тарту және канализацияданкабельдерді шығару



бет1/8
Дата09.05.2022
өлшемі162,97 Kb.
#33460
  1   2   3   4   5   6   7   8

2.2 Кабельдерді канализацияға тарту және канализацияданкабельдерді шығару

Кабельдік канализация – кабель төсеуге, монтаждау және пайдалану мақсатында жүргізіліетін құбырлар мен бақылау құрылғыларының жиынтығы. Электрлік байланыс станцияларының құрылыс шахтасы мен тоннельдері де кабельдік канализциялар жүйесіне кіреді. Бұлардың ішінде кабелль құбырсыз – ақ арнаулы тіруеіш конструкциялар арқылы тартылады. Елді мекендерде кабель тарту үшін 0,4-1,8 м тереңдікте қазылған траншеялар пайдаланылады. Жер асты кабельдік канализация үшін ішкі диаметрі 100 мм, ұзындығы , метр құбырлар пайдаланылады. Кабель тартуға, монтаждау және пайдалануға арналған бақылау құрылыстары (құдық, қорап) салынады. Олар құрылысы мен мөлшеріне (арнаулы немесе типтік), кескініне (өткелдік, бұрыштық, тармақтауыш, станциялық), материалына (кірпіш, темір - бетон) т.б. сәйкес ажыратылады. Жер кабельдік канализация жер қазу жұмыстарын жүргізбей - ақ кабельді кез келген уақытта бақылап, тексеріп отыруға мүмкіндік береді.

Картограммамен танысқаннан кейін құбырдағы каналдардың бұзылмағандығын және тазалығын тексерген соң, каналдарды дайындағаннан кейін тікелей кабель тартуға кіріседі.Кабель оралған барабанды оны салатын жерге кузовында қол лебедкасы орнатылған автомашинаға тиеп немесе арнайы кабель арбасымен жеткізеді.Түсірілген барабан құдық люкіне жақындатып домкратқа қондырылады / кабель арбасы жоқ болса /, сол люктен бастап кабель тартылады,онда люктен тартылғандағы кабельдің майысу радиусы, барабандағы майысу радиусынан кем болмау керек.Домкраттарды барабанның екі жағына тегіс жерге орналастырады, бұдан кейін барабанның орталық тесігінен темір осьті өткізеді де домкратқа бекітеді.Темір осьтің ұзындығы және диаметрі кабельді барабанның салмағы мен көлеміне сәйкестендіріп алады.Барабан бос айналып тұру үшін оны жерден 20-25см домкраттармен көтеріп қояды, сонымен бірге темір осьті түзіу қояды, барабан бір жағына сығрып кетпеу үшін.

Егер кабельдің салмағы 3000кг/км-ден көп болса, онда төсеу механикаландырған әдіспен орындау керек, кабель машинасын және кабель арабасын қолдана отырып.Сыйымдылығы 100х2 екі құдықтың аралығы150м көп болмаса, кабельді қолмен төсеуге болады.Домкраттардағы барабандарды қаптамадан / обшивка / босатады және кабельді тартатын троспен жалғайды, сонымен қатар келесі жағдайларды орындау қажет:

Кабельді барабанды күшпен кабель тарқатқанда емес, жұмысшының күшімен айналып тұрыуға мәжбүр істеу керек;

Құбыр каналына кабель барабаның үстіңгі қабатынан түсіп тұру керек;

Кабельдің қабатына және талшықтарына зақым келтірмеу үшін, лебедкамен тартатын тростың диаметірін дұрыс есептеу қажет.Салмағы 6000кг/км-ге дейінгі кабельдерге тростың диаметрі-8,8мм,салмағы 6000кг/км көпке -11,5мм болады.

Тарту күшін есептегенде, аралықтың ұзындығы, қабаттың материалын және оның қалыңдығын ток өткізетін талшықтардың матиралын және диаметрін, құбырдағы каналдардың жағдайын ескеру қажет, себебі олар үйкелу коэффициентіне әсер етеді.Болжаумен қос каналдың ішіне кабель тартқанда, тарту күшін мына формуламен есептеуге болады:

F = PLf, мұндағы Р- кабельдің бірлік ұзындығының салмағы, кг/м;

L-бір тартқандағы кабелдің ұзындығы, м;

F – үйкелу коэффиценті

Кабельді лебедканың тарту тросымен жалғастыруға болат кабель шұлғысы қолданылады, түрі цилиндр, жіңішке болат сымдардан тоқылған және бір жағында тартатын тросты немесе арқанды бекітетін құлағы бар.Шұлықты кигізгенде кеңейеді және кабель қабатына тез жылжып киіледі, ал тартқан кезде тартылады, кабельді тығыз қопсырады.

Кабельдердің металл шұлғылары үш типті болып дайындалады: ұштықтар / концевые /- кабельдің ұшына кигізетін түзу өтетіндер / сквозные / /екі жағы да ашық / -құдықта кабельді керек болатын ұзындыққа тартатын және ашық / разрезные /- кабельдің кез-келген жерінен бекітілетін,кабельдердің метмлл шұлықтарының негізгі көлемдері әр түрлі сыйымдылықты кабельдер канализацияға тартыуға қолданылатын, келтірілген.

Кабельге шұлықты берік жалғастыру үшін, қабаттың үстіне кигізілген шұлыққа бұрандалы шеге / шұруп / орап немесе шұлықтың ұшын жұмсақ сыммен байлап қояды, оның үстіне жекелеуіш лентаны орап қояды. Сыйымдылығы 600 жұптан көбірек кабельдерді тартқанда немесе аралықтың ұзындығы 120м-ден асса, қорғасын қабат тарту күшіне шыдамай үзіліп кетіу мүмкін.Мұндай жағдайларда троспен кабельді жалғастыратын басқа тәсіл қолданылады.Кабельдің 15-20см қабатын алып және оның талшықтарын қағаз жекелеуіштерінен тазартады.Үлкен диаметрлі қабатты бір бөлігін алдын-ала дайындай қойған талшық шоқтарына кигізіп, қорғасын қабаттың үстіне ығыстырып, шеттерін айналдыра дәнекерлеп қояды.Сонан соң екінші ашық шетінен муфтаға балқытылған қорғасынды құяды.Кабель талшықтары да кабельге дәнекерленіп қояды, сонда кабельге түскен тарту күші талшықтарда да түседі.Кабельдің осы ұшына тесіктері бар қысқаш кигізеді, тесіктерге бұрандалы шегелер / шуруп / бекітіледі.

Трос пен темір шұлықтың немесе кабель қысқышының ортасына бұралу компенсаторын орналастырады, ол өзінің осімен айналып отырып, кабельді тартқанда пайда болатын бұралудан сақтайды.Құдықтағы тартқыш трос машинадағы лебедкамен жалғасқан топсалы блок арқылы өткізіледі, ал блок шығыршыққа қосылады. Шығыршық бұрынырақ құдықтың шығыңқылау қабырғасына бекітіліп қойылған. Кабельді каналдың қабырғасына қажалуын азайту үшін құдықтың ішінде тұрған жұмысшы қорғасын қабатты техникалық вазелин мен майлап тұрады және кабельдің ұшын каналға бағытап тұрады, ал басқа жұмысшы кабельді каналға түсіріп тұрады.Кабельге жалғанған трос лебедканың барабанына кабель жылжыған сайын орала береді.Кабель бағыттайтын блокқа жеткенде, түзу шұлықпен тартып шығарады. Егер кабель іші бос емес каналмен тартылса, оны кендір арқанмен жалғастырып, кабель шұлығын барлық ұзындығы бойынша, жекелеуіш лентамен үш қабат орайды, сонда канал ішіндегі кабельдер тырналаннған және қажалудан қорғайды.Сыйымдылығы 100 жұпқа дейінгі кабельді каналға қолмен тартады. Байқау құрылысына тартылған кабельдердің қоры болуы қажет ол кабельдерді консолдарға орналастыруға, сынауға және құрастыруға керек болады.

Кабельдерді бірнеші құдықтардан өткізіп түзу тартқанда, бригада мүшелерінде өзара байланыс ұйымдастыру қажет.Байланыс көзбен көрінетін немесе жалаумен шартты белгілермен,УҚТ радиостанцияларының көмегімен радиодан берілетін болуы мүмкін.Әрбір орталық құдықта жұмысшы тұру керек, ол қорғасын қабатты вазелинмен майлап тұрады.Пластмасса қабаттары бар кабельдер немесе полиэтилен құбырларына тартылатын кабельдер майланбайды. Тартылғаннан қалған кабельдің ұшының шетерін ішіне қарай майыстырып және дәнекерлеп қояды,ол үшін қабатты бірнеше рет майыстырып және ұшына тартады.ТГ кабельдерінде сыйымдылығы 100 жұптан көбіректерінің мыс талшықтарын ұзындығы 2-3см дейін қабаттың ішіне балғамен қағады, ал қабаттың қалған бөлігін майыстырып және дәнекерлеп қояды. Кабельдердің ұштарының ұзындықтарының шамаланған қорлары, электірлік өлшемдер, тексерулер, сынауларға және муфталарды құрастыруға қолданылады. Жалғастырылатын Кабельдерге Жұптардың саны Ұзындық қоры муфтаның осінен,см Жалғастырылатын Кабельдердегі жұптар- Дың саны Ұзындық қоры Муфтаның Осінен, см



  • 10-нан 50 қоса 25-35 800 55-60

  • 100 және 150 35-40 900-ден 1200 қоса 60-65

  • 200 40-45

  • 300-де 700 қоса 50-55

Полиэтилен қабатқа арнайы полиэтиленнен жасалған қақпақты балқытып бекітеді,кабельдің ішіне дымқыл сіңбеу үшін.Полиэтилен қақпақ жоқ болса, кабельдің ұшын подиэтилен лентасымен бірнеше қабат орап қояды.Егерде кабельді құбырдың каналынан шығару керек болса, оны алдымен кабельдің жабдықтарынан бөліп тастайды / бокустардың бөлгіш қораптардан, кабель жәшіктерінен / аралық муфталардың дәнекерін алып және бөліп немесе кесіп алып тастайды, кабельдің екі ұшын дәнекерлеп бекітіп қояды.

Кабельді тартып шығару үшін, құдықтың жанына барабанды домкраттармен сандалған / козлы / орнатады.Сыйымдылығы 100 жұпқа дейінгі кабельдерді қолмен тартып шығарады, ал үлкен сыйымдылықты кабельдерді қол лебедкасымен немесе кабель машинасымен шығарады.Лебедкамен қосылған тросты бағыттайтын блоктан өткізіп, кабельді түзу шұлықпен қосады.Каналдың ішіне кабельді қысқа учаскелер мен, түзу шұлықты жаңа учаскеге жылжыта отырып шығарады, сонан кейін кабельдің сыйымдылығына сәйкес келетін барабанға, өткізіп кабель қабатына ешқандай зақым / майысу, қысу / келмейтіндей етіп орайды.

Кабельді шығарып болған соң, оны мұхият қарайды және бұзылған учаскелерін кесіп тастайды, ал қайтадан пайдаланатын қабатының саңылаусыздығына және жекелеуішінің кедергісі тексеріледі.Сонан кейін кабельге оның сыйымдылығын, талшығының диаметрін,

ұзындығын және кабельдің электірлік жағдайларын көрсетіп бирка іліп қояды.

Егер де канализациядан әр түрлі кабельдер, талшықтардың диаметрі және сыйымдылығы әр түрлі болса, олардың әрқайысын бөлек барабанға орайды.

Жерге кабельдік желілерді тарту ережелері. Кабельдерді жерге төсеу стандарттары. Кабельді жерге төсеу

Кабель - бұл кәсіпорындарды немесе тұрғын үйлерді электрмен жабдықтаудың негізгі элементтерінің бірі. Кабельді төсеу әдістері жұмыстың құны мен жылдамдығына, сондай-ақ техникалық дизайнына сүйене отырып таңдалады - әуе арқылы, блоктарда, құбырларда, траншеяда, тіректерді немесе науаларды қолдана отырып.

Кабельді жердегі траншеяға орналастыру - бұл кабель төсеудің ең арзан түрлерінің бірі. Прокладка жоғары вольтты кабель жерде жұмыс кезінде кабельдің механикалық зақымдануын болдырмайтындай етіп жасалған және жүзеге асырылған. Электр кабелін жерге төсеу жер есебінен кабельді салқындатуды ұйымдастыруға үлкен плюс береді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет