Ізбасар Шыртановқа



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата30.03.2017
өлшемі382,62 Kb.
#10615
  1   2   3   4   5   6   7

 

Осы  еңбегімді  қазақ  халқының  ән  мен  күй  ӛнерін 

жинақтауға,  әсіресе  маңғыстаулық  қайқылар  мен 

сайқылар  еңбегін  жарыққа  шығарып,  елге  танытуға 

бар ғұмырын арнаған құрдасым, досым  

 

Ізбасар Шыртановқа

 

арнадым.


 

 

 

 

 

 

 

Тоқтамыс Сайын Назарбекұлы

 

 

 

 



 

Адайдың жеті қайқысы

 

 

 



 

Тоғыз кӛріністі музыкалық драма

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

Ақтау         2008

 

 

 

 

 

Басты кейіпкерлер

 

 

Досат Маяұлы

   

 

 



 

 

 



 

 

 



Досаттың жеңгесі

 

 



Айша биші

  

 



 

 

 



 

жас келіншек

 

Айшаның құрбысы



 

 

Айшаның атасы



  

 

 



 

 

Бәйімбет бай



 

 

 



 

 

 



70 

жаста


 

Иса би Тіленбай ұлы             

 

 

 



65 жаста

   


Ермембет би  

                               

 

57 жаста


   

Мәтжан би               

               

 

 



53 жаста

    


Қоштай бай

 

Шолтаман



  

Жылкелді


   

 

  



Раушан

 

 



 

 

 



 

 

Жылкелдінің зайыбы



 

Жамал әнші

 

 

 



 

 

 



жас қыз, Раушан сіңлісі

 

 



Ӛскенбай Қалмамбетұлы 

   


 

 

 



Әділ Ӛтеғұлұлы

  

 



 

 

 



 

Қалнияз ақын

 

 

 



 

 

 



79 жаста

   


Ақтан

 

 



 

 

 



 

 

45 жаста



   

Аралбай


   

 

 



 

 

 



40 жаста

   


Мұрын жырау 

   


 

 

 



 

35 жаста


   

Ғалия


 

 

 



 

 

 



 

ӛнерпаз келіншек

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бірінші көрініс. Досат пен жеңгесі

 

 

 

Таң


 

алды.  Алыс  жолдан  шаршап

 

келген


 

Досат  кӛңілсіз.

 

Жеңгесі  Досатқа 



сӛйлей жақындап келе жатады



 



 

Жеңге: Салжігіт! Бозжорғаның

 

тағы да борша



-

боршасы шығыпты 

ғой!  Сорлының  жанын  әбден  қинағап  болдың

-

ау!



 

Ӛзің  де  кӛңілсіз 

секілдісің! 

 

Досат:

 

Жеңеше!  Күндік  жерге  күнара



 

барып  келеміз.  Екеуміздің 

де борбайымыз созылып жүр.

 

Жеңге:

 

Жарықтық


-

ай, жануарым

-

ай!


  

Досат:

 

Боз  жорға  бір  күн  тынықса



 

қалпына  келер

Оны  аяп 



қайтесің.

 

Оны аяғанша мені аясаңшы, жеңеше



!  

Жеңге:

 

Айналайын, Салжігітім



-

ай! Менің қолымнан не келеді?

 

Досат:

 

Айша сұлу мені бұл



 

жолы әбден торықтырып жіберді.

 

Жеңге:

 

Кӛзім  кӛрмеседе  Айшаның  ақылына  ризамын!  Сендей 



кӛрсе қызарға жақсы сабақ! 

 

Досат:

 

Осы кездесу соңғы рет



 

болсын, енді бұйым салма деді.

 

Жеңге:

 

Дұрыс  болған  екен!  Сендей  жігітке  қыз  да,  қызық  та  кӛп 



емес пе!

 

Ұмыт сол Айшаны. Біреудің некелі жары. Бесікте баласы бар. 



Осы елде сұлулар кӛп емес пе? 

 

Досат:

 

Кӛп  шығар.  Бірақ  сен  кӛрген  сұлуларды  біздің  жүрек 



кӛрмей тұр емес пе? Тәнің де, жаның да тек қана Айша деп  ұмтылып 

тұрса! Қол жетпеске құмартып тұрса!

 

Жеңге:

 

Салжігітім



-

ау! Ӛзіңді тым азапқа салмасашы! 

 

Ой дәурен



-

ай



Ой жастық

-

ай!



 

Күйдіріп, жандырып қойған!

 

Мен  сені  білемін  ғой,  қайным!  Сенің  жаның  бір  ән  тудырмай 



тыншымас! Жаңа ән сенен тек қана осылай күйзелістен туындайды...

 

Досат:

 

Шынымен жаным қиналып бітті



Ӛн бойымды ӛрт жайлап 

алды,  жеңеше!...  Осынша  іздеп  жүріп  тапқаным  да,  осынша  жаннан 

таңдаған адамым да  біреудікі болып шықты.

 

Не істеймін, жеңеше! Ақыл айтсашы!



 

 

Жеңге:

 

Айтайын


 

тыңдайтын болсаң

!   

 

Досат:



 

Тыңдаймын.

 

Жеңге:

 

Тыңдайтын болсаң, сен ауылдан алысқа ұзап кет!  Алыс 



болғанда да

 

айшылық жолдарға, кӛп ішіне кет! 



 

Досат:

 

Сосын...



 

Жеңге:

 

Сосын,  уақыт  емші!  Уақыт  –



   

құмарлық  сезімді  сағыныш 

сезімімен  алмастырып  берер,  кӛп  іші  –

   


қайғыңды

 

ұмыттырар.  Кӛптің 



бірі кӛз қуаныш сыйлар! Сӛйткенің дұрыс.

  

 



Досат:

 

Дұрыс  болар!  Рахмет  ақылыңа!  Асылы  солай  істермін.



 

Біраз  адам  Кӛкжардың  базарына  жүріп  кетіп  еді.  Мен  де  солардың 

соңынан

  

кетермін. 



 

Ендеше мені жолға дайында, жеңеше! Жалғыз сырласым, жалғыз 

мұңдасым


 

менің!


 

Жеңге:

 

Жарайды. 



 

 

Жеңге кетеді.



 

 

 



Досат:

 

Айша деген ән айтылып болды. Енді бәрі де ұмытылмақ. 



Мені ӛзіне ғашық еткен Айша енді тек қана естелік кейпіне енбек...

 

 



 

Досат ойланып отырып, ӛзі де байқамай ыңылдап ӛлең шығара бастайды.

 

 

Досат:



  

Жүрек назы жетпеді аңсағанға! 

 

 

Біздің сезім салыпты жаңсақ әнге!



.. 

 

Айша сұлу! Айша ақын! Айша биші!.. Бәрі бір адам...



 

 

Тапқанда жүрек аңсарын,



 

Тәнге


 

тән


 

балқып қосылар!..

  

Сезімге адам болса мас,



 

Махаббат деген осылар...

 

 

Досат:



 

Не  деп  кетті

 

мына  жүрек!  "Сезімге  адам  болса



 

мас"  дей 

ме?

  

Мен мас болып жүрмін бе сонда!? Мен мас



 

екенмін ғой! Мас адам 

ес жинаушы еді ғой! 

 

Есіңді  жина  Досат!  Айшаны  сонша  қинап!  Сау  адамның  ісі  емес 



еді

-

ау! Мен махаббат сезіміне мас болып Айшаны орынсыз қинап жүр 



екенмін  ғой!  Жан

-

жағыма  қарамаппын!  Оның  адамдық,  аналық  арын 



аяққа таптамақ болған екенмін

-

ау!



 

 

Ойланып отырады. Ӛлең сӛздер тағы да ауызға түсе  бастайды.



 

 

Ғашықпын! Сезем ӛзім



 

де!


 

Амал жоқ! Кӛнем тағдырға!

 

Еркімді бердім тӛзімге,



 

Махаббат, мені жазғырма!

 

 

 



Жүрек  пен  сезім  бұл  жолы  шынын  айтты!

   


Бірақ...  Бірақ...  Мен 

осылай деймін... Айшаның жүрегі

 

не дейді


?.. 

 

Досат:

 

Біздің қайғылы кӛкірекке тағы да бір ән ұя салғысы келіп 



жүрген секілді ме?

 

 



 

Қиналып тұрады.

 

 


Ей тағдыр мен сенен ән сұрадым ба? Мен сенен Айшаны сұрап 

едім ғой!

 

  

Айшажан мені жазғырма! 



 

Не істерсің қатал тағдырға!

 

Бәріне кӛндім, тек қана,



 

Ұмыт


 

деп мені азғырма!

 

 

Досат:



 

Біздің  ендігі  жерде  сүйікті  Айшадағы  еншіміз  тек  қана 

естелік, тек қана арнау ән болып қалмақ! 

 

Сағынғанда  еске  түсір  де,  сағынышыңды  бас! 



Кекетіп.

 

Досат 



мырза...

 

 



Досат тағы да ойға кетеді.

 

Соңғы сапар. Айшаның ауылы. Айшаның құрбы келіншегі ӛз үйінде Айшаны 



Досатпен кездестірмек болады. Досат үйде, шыдамсыздана теңселіп жүреді. 

 

Үйге Айша мен Айшаның құрбысы кіреді. Досат үнсіз



 

тұрып


 

қалады.


 

 

 



 

Айша  құрбысы:

 

Досат  мырза!  Айша  ылғи  жүрегіңде  жүргесін 



барлық  уақытта  қасымда  жүр  деп  ойлаймысың?  Шақырып  алғасын 

сәлемдескенің жӛн болар еді!

 

 

Досат:



 

Жүрек шіркін

 

ерік бермей жатыр емес пе! Аузымды ашсам 



кӛкіректе лаулап жанып жатқан күйік оты атылып шығардай! Маңайды 

ӛрт шалардай!

 

 

Айшаның құрбысы: Не дейді!



 

Жаратқан сүйіспеншілік сезімінен 

еншіңді мол етіп берген екен

-

ау!



 

Айшаға сонша ынтық еткен!

 

Досат:

 

Қызғаныштан  да  кем  қалдырмаған  секілді!  Айшаны 



ешкімге еншілей алатын емеспін!

 

Айша:

 

Менің  жаным



 

да,  жүрегім  де

 

әзірге  ӛз  меншігім,  ешкімнің 



еншісі емес, Досат мырза

 



Досат:

 

Аман



-

есенсің бе, мені арманды еткен Айша сұлу!

 

 

Айша:



 

Сіз де аман

-

есенсіз бе, Досат мырза! 



 

Сізді  күйікті  жанға  жатқызу  орынсыз  болар.  Астыңда  арғымағың! 

Барам деген жеріңе жеткізеді! 

 

Басыңда бостандығың! Сүйемін дегеніңді сүйгізеді! 



 

Кӛңіліңде қалауың! Істеймін дегеніңді істеткізеді!

 

Күйік дерті соққан, арманды жан біз болармыз. Баста ерік те жоқ, 



ойда  бостандық та  жоқ.  Кӛкірек толы  арман. Оны айтып  берер  тіл  де 

жоқ.


 

Сіз  болсаңыз  тұла  бойыңызды

 

махаббат  пен  сезімге  балқытып 



алып,  ӛмірдегі  ең  бақытты  күндерді  ӛткізіп  жүрсіз!  Бақытты  жан  сіз 

емес пе


 

Досат:

 

Бақыт  деген  осы  ма  еді?!  Қол  жетпеске  ғашық  болу  ма 



еді?

 


 

Айша:

 

Біреуді  сүйе  алған  адам  бақытты  ғой,  шіркін!  Сол  сезімді 



бір сәт

 

бастан ӛткізе алмаған адамға ӛмір сүріп не керек...



 

Біз


 

сондай 


сорлының біріміз.

 

 



Ал сен осы сезімді сӛндіріп алма! Тағы да біреуге арна! Бақытың 

сонда ашылар!

 

 

Айшаның  құрбысы:



 

Мен  сіздерді  жүректің  сағыныш  мауқын 

басуға бір сәтке құшақ жаятын болар деп дәметіп едім

!  


Салқынсыңдар ғой! Бӛгет болып тұрсам кетейін.

 

 



 

 

Айшаның құрбысы шығып кетеді



 

 

Досат: Мен

 

екеумізді де бақытты етуге тырысып жүрмін. Сен де 



маған кӛмектес!

 

Айша: Қалайша

? 

Досат: Кетейік қол ұстасып! Ізделік сол бақытты!

 

Айша:  Менің  басым  да,  қолым  да  бос  емес  қой,  Досат  мырза! 

Әттең, бос болмай тұр ғой! Түсінсеші! 

 

Әкем  белім  бесіктен  шықпай  жатқанда  аяғыма  кісен  салып 



тастапты.  Мен  Алладан  бала  сұрап  па  едім?  Екінші  қолыма  тағы  бір 

кісен түсті. Енді қайда барамын?



 

Досат:

 

Қазақтың  байтақ  даласында  менің  достарым  да  кӛп, 



тілеулестерім де кӛп. Бір елге сіңісіп кетерміз. 

 

Айша:

 

Қарғысты қайтеміз! Қарғайды ғой, мына ел! Әке қарғайды 



ғой! Ата қарғайды ғой!

 

Досат:

 

Арманды қайтеміз! Бақытты не етеміз!



 

Айша:

 

Досат мырза! Мені кешіріңіз, мен



 

бақытты ӛмір сүру деген 

арманды ойлаудан қалған, тек тірі болу амалына

 

кӛнген адаммын. Ана 



балапанды ӛз ұясынан, ӛз ата шаңырағынан  ажырата алмаймын. Мен 

қазақ әйелімін! Мені солай тәрбиеледі емес пе.

 

Досат:

 

Міне,  сен  сондайсың!  Сендей  адамды  қалай  құлай 



сүймессің! Сенің ұлың –

 

менің ұлым болар еді!



 

Айша:

 

Жоқ!


 

Баланың әкесі

 

бар, ол қандай болса да, оның әкесі



Ұлты  да,  руы  да  бір.  Ондай  дәрежені  о  балаға

 

Құдай  берген.  Ешкім



 

оны


 

ӛзгерте  алмайды.  Әкесінің  кем  жаратылғанына  ол  кінәлі  емес. 

Жалғыз мен кінәлімін. 

 

Досат:

 

Сенің не жазығың бар?



 

Айша:

 

Әке  батасын  бұза  алмай  сол  мүсәпірге



 

шыққан  мен 

кінәлімін.  Мен  де  сізді  кӛргелі  күндіз  күлкіден,  түнде  ұйқыдан 

айрылдым. Сол екеуміз кездескен алтыбақан маған бақыт сыйламаса 

да,  ғажап  сезім

 

сыйлады.  Мен  соған  да  ризамын.



 

Менің  бақытым  –

 

сіздің бұл ӛмірде барлығыңыз! Сіздің маған ғашық болғаныңыз!



 

Бірақ мені ата

-

анам қазақ қызы етіп тәрбиелеген!



 

Солай болып қаламын!

 

Мені  енді  кӛп  қинама.  Осы  кездесуіміз  соңғы  болсын,  Досат 



мырза! 

Айша үй есігін ашады. 

Қош бол!

 


Досат:

 

О  тағдыр!  Қандай  жұмбақ  едің?  Шарасыздық  деген  осы 



ма сонда? Қош, Айшажан! 

 

 



Қоштасқалы қолын созады да, тез қайтып алады.

 

Досат үйден шығып кетеді.



 

 

Шымылдық



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Екінші көрініс. 1894 жыл.

 

Билер. Асқа дайындық.

  

 

Бәйімбет  бай  Ақ  Кетік  қаласы  маңында  әкесіне  ас  беретін  болып,  бір  жыл 

бұрын    сегіз  арыс  адайға  сауын  айтқызғалы  Иса,  Ермембет,  Мәтжан  билер  мен 

Қоштай байды, Шолтаман әншіні

 

шақырып мәжіліс құрады.



 

 

Шалқыған кӛк теңіз жағасына жақын тігілген Бәйімбет бай ауылы.



 

Шымылдық әлі ашылмаған. Адайдың жыр күйлерінің сазы естіліп тұрады.

  

 

 



Шолтаман:

 

Барады аулым кӛшіп Кӛлтабанға,

 

Салайын Сарыӛзенде Шолтаманға.



 

Қырмызы қызыл заман амалың кӛп,

 

Жолығып қалма бір күн қыран паңға.



 

 

Дауыс:

 

Шолтаман  ән салып жатыр!..



 

 

Шымылдық ашылады.



 

Ерте кӛктем. Ұлттық жиһазды Бәйімбет байдың киіз үйі.  Иса

 

би, Ермембет 



би, Мәтжан би, Қоштай бай, Бәйімбет бай Шолтаманды жырлатып отырады. 

 

 



 

Шолтаман:

 

Дүние қозғалады тимесеңде,

 

Ӛткен күн қарайламас сүйресеңде.



 

Кездессең ажал итке амалың жоқ,

 

Ғаламды он сегіз мың билесеңде.



 

 

Дүние қызыл түлкі бұлаңдаған,

 

Айтпаса кімнің сырын кім аңдаған.



 

Жан барда, ей жігіттер, сырласып қал,

 

Бұл дәурен ӛтпей бастан тұра алмаған.



 

 

Шолтаман  әнін  аяқтап,  жыр  күй  сазын  ширата  тағы  бір  қайталай  тартып 



ӛтеді.

 

 



 

Бәйімбет бай:

 

Пай, пай шіркін



-

ай! 


 

Бұл дәурен ӛтпей бастан тұра алмаған дейді

-

ау! 


 

Жарықтық  аталар  әуені

-

ай!  Құлаққа  қандай  жағымды!  Жұрекке 



қандай сіңімді! Туған ел сазы деген осы...

 

Иса  би:

 

Адам  пендесінің  туған  жер  деп  табынатыны  ӛзінің 



жаралған  топырағы  болса,  туған  ел  дейтіні  түсінісетін  тілі  мен 

сүйсінісетін осы әуендері секілді. 

 

 


 

Ермембет  би:

 

Балалық  шақтан  аман



-

есен  ӛтіп,  есін  дұрыс 

қалыптастырған барлық пенде туған ел, туған жер деген сӛздерсіз ӛмір 

сүре алмақ емес. 

 

 

Мәтжан  би:



 

Жеткізіп  айттыңыз

-

ау,  Иса


-

еке!  Жақсы  айттыңыз

-

ау, 


Ермембет  би!  Елді  ел  етіп  біріктіріп  тұратын  да,  солардың  мінездері 

мен қасиеттерін сақтап тұратын да сол әуендер мен саздар... 

 

Қоштай  бай: 

(кербездене  сӛйлейтін  кісі)



 

Мәтжан  аға!



 

Біздердің 

адамдар  деп  жүргеніміз,  ел  деп  жүргеніміз  сонда  әлгі  жыршылардың 

ыңылы мен домбыраның дыңылы болғаны ма?

 

 

Кекеткендей болып күледі.



 

 

Мәтжан  би:

 

Ай,  Қоштайжан



-

ай!  Сұрағыңды  астарлап  отыр 

екенсің.  Бұ  сұрақты  түсіну  түсіну  үшін  ерекше  ойдың  қажеті  шамалы.

 

Сенің естігің келіп отырғаны елді ел етіп ұстап тұрар байлар мен билер 



деген сӛз емес пе?

 

 



Біраз ойланып отырып қалады. 

 

 



Мәтжан  би:

 

Кейбіреулерге  жыршылардың  ыңылы  мен 



домбыраның  дыңылы  күлкілі  нәрсе  болып  кӛрінсе,  маған  сол  ыңыл 

мен дыңыл бабалардың ӛсиеті, тіпті құдіреттің бұйрығы секілді болып 

естіледі.

 

Олар:    тірілерге  біз  жырлап  ӛткен  әуенді  бұзып  алмаңдар



біз 


салып  кеткен  соқпақтан  адасып  қалмаңдар

 



 

деп  саздары  мен 

сӛздеріне,  кӛп  байқала  бермейтін,  бір  құдіретті  қоңыр  ызыңды

 

енгізіп 



қойған секілді.

 

Қоштай бай:

 

Қандай ызың



 

дедіңіз




Мәтжан  би:

 

Аталардың  сол  ызыңдағы  ойын



 

түсіну  үшін  осы 

әншілер  салатын  әуендер  мен  күйшілер  шығаратын  күй  саздарын 

жүрекпен тыңдап байқаңдаршы. Жүректеріңе жетіп қалар. Ал жүрекке 

жетті  болды,  онда  сол  саздар  мен  мақалдардың  аржағында  ылғи 

күзетте тұрған бір рух бар екені байқала бастайды.  Мен соны сезетін 

секілдімін.   

 

 



Иса  би:

 

Ән  де,  саз  да,  Шолтаманның  ӛзі  де  сіздер  сӛйлеп 



отырған  тіл  де,  осы  отырған  бәріміз  де,  сол    баяғы  біз  кӛрген 

шалдардың елесі, рухы емеспіз бе!? 

 

Әрбір  адам  «мен»  деген  сӛзден  алшақтап,  біздің  бабалар  деп 



сӛйлей бастағаннан, аталар мен бабалар рухын риза етуге еңбек ете 

бастағаннан бастап ӛзін кісі санауға қақылы болмақ. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет