Ж. кҮнпеЙІс кӘсІптІк бІлІм беРуДІҢ оҚыту мазмҰны мен мҮмкІнДІктеРІ



жүктеу 0.53 Mb.
Pdf просмотр
Дата31.03.2017
өлшемі0.53 Mb.

36

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

Ж.кҮнпеЙІс

 

кӘсІптІк бІлІм беРуДІҢ оҚыту мазмҰны мен мҮмкІнДІктеРІ

This article is considered the substance of professional education, choosing future specialty and 

preparing future specialists on the bachelor degree.

Жалпы білім беретін орта мектептердің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі - мектеп 

оқушыларының білім аясын тереңдету арқылы кәсіби шеберлікке баулу болып табылады. Ал, 

қай  дәуірде  болмасын,  адамзаттың  басты  міндеттерінің  бірі  ақылды  да  саналы,  еңбексүйгіш 

ұрпақ  тәрбиелеу  екені  мәлім.  Адамның  жан-жақты  және  үйлесімді  дамуында  еңбек  шешуші  

факторлардың бірі екені белгілі. Қазақ халқы ертеден еңбекті асыл-мұрат тұтып жас ұрпақты 

халқымыз жалпы еңбекқорлыққа тәрбиелей  отырып он саусағынан өнер тамған жан-жақты кәсіп 

иесі болуды көздеген. сондай-ақ әрбір өнердің өзінің тұрмыстық шаруашылық ерекшеліктеріне 

байланысты өсіп өркендеп отырды.

Атап айтқанда, кілем, алаша, басқұр тоқу, текемет, киіз басу, сырмақ сыру, ертұрман даярлау, 

күбі, келі-келсап, сандық, кебеже, жүкаяқ, бесік даярлау және зергерлік бұйымдарды даярлауда 

қолөнер  шеберлерінің  өзіндік  қолтаңбалары  болды.  Аталған  кәсіпшілік  түрлеріне  жастарды 

үйретуде қолөнер шеберлері өздерінің үлгі өнегесін жалғастырып отырды [1]. 

Жалпы кәсіпшілікке бейімделу мен икемделуде үй іші, отбасының қарым-қатынас әсері, ата-

аналарының  үлгі  жолдары  мол  болған.  Бұл  айтылған  мамандықтың  барлығына  бүгінгі  таңда 

жеке  кәсіпкерлер  мен  қолөнер  шеберлері  және  мектептерде  өтілетін  технология  пәні  аясында 

бағыт-бағдар беріліп келеді. Демек, халқымыздың салт-дәстүрлеріндегі тұрмыстық әртүрлі үй 

бұйымдарының дайындалу технологиясын үйреніп қана қоймай, ол бұйымдардың қолданудағы 

өзіндік  құндылық  жақтарын,  гигиеналық-тазалық  сақтаудағы  талаптары  мен  түсініктерін 

толықтырып отырады.

Бүгінгі таңда, мектеп оқушыларының кейбір кездерде мамандық таңдауда көзқарастарының 

түсінбеушіліктерінен пәнге деген көзқарастары төмен болып жататыны байқалады. керісінше, 

мектептерде  оқытытылатын  пәндер  ішіндегі  «Технология»  пәнінің  ролі  ерекше  екенін  түсіне 

бермейміз. 

Демек,  жастардың  бойында  еңбексүйгіштік  және  еңбекке  икемділікке  қалыптастыруда  пән 

ықпалының  зор  екені  мәлім.  осындай  талап-тілектердің  өмірлік  қажеттілігі  ескеріліп,  қазақ 

халқының тұңғыш ағартушысы Ыбырай Алтынсарин ұйымдастырған мектептердің оқу пәндері 

аясында жастарды қолөнер шеберлігіне баулу жоспарланып, кейін келе, өндірістік білім негіздері 

мен байланыстырылып еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарлама мазмұнында көрсетілді [2].

Ал бүгінгі жаңарған Қазақстан өзінің экономикасының қарқынды даму сатысында әлемдік 

стандартқа  сай  өнімдер  шығаруда  барлық  өндіріс  орындары  әлемдік жаңа  технологиялар  мен 

жабдықталып  толықтырылуда.  Аталған  заманауи  өндіріс  орындарының  білікті  мамандарын 

даярлау  ісі  әрине  арнаулы  кәсіптік  білім  алуға  бағыттайтын  орта  оқу  орындары  мен  жоғары 

оқу  орындарында  даярланады.  Әрбір  жас  түлектерге  теориялық  білім  негіздерін  мектептерде 

оқытылатын ғылыми пәндер негізінде алғашқы түсініктері қаланып отырса, арнаулы өндірістік 

білім негіздері «Технология» пәні арқылы беріледі. сондықтан «Технология» пәні арқылы оқыту 

мазмұнының мынандай мүмкіндіктері бар:

- технологиялық процестерді орындау барысында оқушылар технологиялық білім негіздері 

мен қаруланады;

-  технологиялық  процесстерді  іске  асыру  арқылы  нақты  ойлауға  үйрету,  өндірістік  еңбек 

әрекетінің әдістерін, еңбек мәдениетін қалыптастырады; 

- жеке бұйым жасаудың қыр-сырын үйренеді;

- болашақ бұйымның сызбасы мен танысады;

- жеке операцияларды орындау мүмкіндігін игереді;

- жасалған бұйымның сапалы болуына баса назар аударады;

- тиісті технологиялық жабдықтардың технологиялық сипаттарын біледі;



37

№ 5 (78) 2010

- техника қауіпсіздігі мәселелерін мұқият орындайды т.с.с.

Бұл айтылғандар негізінен бүгінге дейін мектеп қабырғасындағы ұйымдастырылған сабақтар 

барысында жоспарланғаны мен мектептің материалдық жабдықталу жағдайларының төмендігіне 

байланысты  толықтай  орындалмай  келгені  мәлім.  келешекте,    мектептерде  он  екі  жылдық  

оқытуға көшкенде кешендік бағдарлама аясында толық орындалуға мүмкіндіктер  болады деп 

түсінеміз.

Бүгінгі күні осындай талаптарды орындауда жалпы білім беретін мектептерде, оқушыларға 

өндіріс салалары жөнінде кәсіптік білім беруге бағытталған  мүмкіндіктерін  атап өтуге болады:

- оқушыларға өндіріс негіздері туралы білім, мектеп бітірушілердің үлкен бір бөлігінің халық 

шаруашылығының әртүрлі салаларында бір мамандықты таңдау, оны игеру және тұрақты өнімді 

еңбек ету арқылы әрбір қоғам мүшесі оның дамуына өз үлесін қоса алады;

- ғылым мен технологияның қарқынды дамуы оны адам еңбегі арқылы өндіріске ендіру болып 

табылады; 

-  өндірістің  барлық  салаларындағы  адам  еңбегі  технологиялық  процестердің  үздіксіздігін 

қамтамасыз ете  алу.

Нәтижесінде ол өндіріс процестерін автоматтандыру және кешенді механикаландыруға саяды; 

Жоғарыда аталып өтілген міндеттерді шешу үшін, болашақ жұмыскер мамандарды даярлауда, 

ол өзіне ұнаған бір мамандықты өз еркімен таңдағаны жөн. 

Әр  адамның  іс-әрекеті  жоғары  шеберлік  дәрежесінде    болу  үшін  испан  дәрігері  Хуан 

уарте (1575 ж) мынандай шарттың керектігін ұсынды: ағаш ұстасы-егіншілікпен, тоқымашы-

сәулеткерлікпен, заң қызметкері - дәрігерлікпен, дәрігер - адвокаттықпен айналыспасын. Әркім 

өзінің табиғат берген қабілетіне лайықты өнер түрімен немесе кәсібімен айналысатын болсын 

[3].  


міне біз осындай ұстаным мен келісе отырып мектеп оқушыларына жалпы өндіріс жөніндегі 

теориялық  білімдерін  практикалық  білімі  мен  ұштастыра  біліп,  оларды  болашаққа  дұрыс 

бағыттай білуіміз тиіс.

сондықтан, оқушыларды қоғамдық өндірістің кез келген жүйесіне даяр болуға үйрету үшін, 

мектептердегі «Технология» пән мұғалімдері заманауи өндірістің қыр-сыры мен инновациялық 

технологияларды жетік меңгере білуге ұмтылыс жасағаны жөн. 

Қ.  А.  ясауи  атындағы  халықаралық  қазақ-түрік  университетінің  050120-  «кәсіптік  білім» 

мамандығын  бакалавр  деңгейінде  бітірушілері  жалпы  білім  беретін  мектептерде  өтілетін 

«Технология» пәні мұғалімі болуға даярланады. 

Демек, бұл мамандықты бітірушілер кәсіби оқыту педагогы болып қалыптасады. Педагогика 

ғылымдарының    докторы,  профессор  о.сыздықов  осындай  мамандарды  даярлаудағы 

технологиялық білім берудің кезеңдерін анықтаған. Ғалымның пайымдауынша технологиялық 

білім беру кезеңдеріне мыналар жатқызылады [4]:

1-кезең.  Бастапқы  даярлық-  жабдықтар  мен  қондырғыларды  және  кесу,  өлшеу  аспаптарын 

таңдау мен даярлау.

2-кезең. Болашақ өңделуге тиісті тетік дайындамасын жасау.

3-кезең. Жабдықтар мен қондырғыларды кесу (өңдеу) аспаптарын жұмыс күйіне келтіру.

4-кезең.  Тетік  сызбасында  көрсетілген  өлшемдер  мен  бет  сапасы  талаптарына  сай  әрбір 

технологиялық операцияларды орындау.

5-кезең. Өңделген бет сапасын анықтау. 

осы  технологиялық  кезеңдердің  орындалу  ретін  студенттерге  түсіндіру,  іс  жүзінде  оқу 

шеберханасында немесе зауыт жағдайында көрсету, әрбір кезеңнің ерекшеліктерін, олардың бір 

тұтас технологиялық цикл екендігін нақты тетікті өңдеу мысалында талдау қажет.

мамандықтар  мен  олардың  мазмұнын  талқылайтын  болсақ,  олардың  негізгі  салалары 

өндіріспен тікелей байланыста болып, нақты өнім шығару, бұйым жасау, шикізат өндіру, құрылыс 

материалдары, таукен өндірісі, транспорт, транспорттық техника және технологиялар, мұнай-газ 

ісі, технологиялық машинаналар мен жабдықтар, биотехнология, агрономия, азық-түлік өнімдері 

технологиясы, агроинженерия сияқты салаларда жұмыс істейтін мамандар болып келеді [5]. 

Бұл  айтылған  өндіріс  салалары  үшін  жеке  мамандық  тізбегі  көптеп  саналады.  солардың 


38

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

әрқайсысының  жұмыс  сипатын,  еңбек  ету  шеңберін,  тиісті  мамандыққа  сай  ерекшеліктерін 

оқушыға түсіндіру нәтиже береді. 

Ал, жоғары да аталған оқу орнының 050120-«кәсіптік оқыту» мамандығының бітірушілері 

мына бағыттар бойынша даярланады:

- тігін бұйымдарын конструкциялау және модельдеу;

- металл және ағаш өңдеу;

- мектептегі авто ісі және ауылшаруашылығы. 

мұндай мамандықтарды игерген болашақ бакалаврлар жалпы білім беретін орта мектептердегі 

«Технология» пәні бойынша оқытушы болып жұмыс істейді. Бұл мамандықтың бір ерекшелігі 

кәсіпкерлікпен айналысамын деушілерге үлкен мүмкіндіктер беріп, мамандардың болашағына 

жол аша алады.

Білім  беру  саласында  белгілі  орын  алатын  қазақ  халқының  тәлімдік  мәні  зор  сәндік 

қолданбалы өнерді оқу-тәрбие үрдісінде қолдану жағдайлары күрделі зерттеулерді қажет етеді. 

Бүгінгі таңда әлемдегі бірінші міндет – ол дүние жүзі елдерінде жастарды бейбітшілік рухында 

ынтамақтастыққа тәрбиелеу және әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті кіріктіре меңгерту.

екіншіден, жастардың бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтарды дамыту, сондай-ақ жеке 

тұлғаның  рухани-адамгершілік  тұрғысынан  кемелденуіне  ықпал  ету.  Өйткені,  жеке  тұлғаның 

адами қасиетін ашып көрсету, руханилығын дамыту – заман талабы. Қазақстан республикасы 

Білім туралы заңында: «Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік , интелектуалдылық 

мәдени  дамуының  жоғарғы  деңгейін  қамтамасыз  етуге  бағытталған  тәрбие  мен  оқытудың 

үздіксіз  процесі»,  -  деп  көрсетілуі  біз  көтеріп  отырған  мәселенің  қоғам  талабынан  туындап 

отырғандығының дәлелі.  Біздің мақсатымыз ұлттық қолөнердің әдептік және тәрбиелік пайдасын 

зерттей отырып, оның тарихы, жасалуы және пайдалану жолдарын, тәрбиелік мәнін көрсету. 

«Қол өнері - зор өнер» - дейді халық даналығы. Бұл халық мақалының  ішіне теренірек үңілсек, 

бұдан біз халық қол өнерінің сан-салалы, көп түрлі екенін байқаймыз. 

Қазір  халық  қолөнерінің  бай  мұраларын  жинап,  сұрыптай  отырып,  заманымызға  лайықты 

сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беру керек. мысалы, жеңіл күпі, қаптал шекпен, 

саптама етік, түлкі тымақ, жүн қолғап, бөкебай, шарф сияқты ұлттық киімдер малшылар қауымы 

үшін қазір де қажет. еңбекте қазақ қолөнерінің бірнеше салалары бар:



Жүн және оған ұқсатылатын заттар, қой, түйе жүндері, ешкінің түбіті мен қылы, олардың 

түрлері мен атаулары. Жылқы қылы мен қоянның, құстың жүндері, олардан жасалатын заттар. 

Жүндерді іске әзірлеу: жуу, қайнату, сабау, түту, шүйкелеу, иіру, басу, бояу және т.б.;

киіз басу. мұнда жүн сабау, киіз басу, текемет, сырмақ сияқты заттарды өрнектеу әдістері;

кестешілік пен көркем өнер тігіс өнері, олардың түрлері, атаулары, кестелеу әдістері, өрнек 

түрлері мен қазақ қол тігісі;

зергерлік өнер, зергерлер жасайтын сәнді бұйымдардаң түрлері мен атаулары, зергерлік ісінің 

өзгешелігі, оған керек жабдықтар мен істеу әдістері. Ат-тұман, теңге, моншақ, білезік, сақина, 

сырға, алқа, шолпы жасаудағы зергерлер ісінің мәнерлері және т.б. жайлардан деректер;

Сүйек пен мүйізден істелген әдемі заттар - жүк-аяқ, асадал, кебеже, ожау, піспек, адалбақан 

т.б.;  Мал  мен  аңның  терілерін  ұқсату  -  и  салу,  қайыс  илеу,  көң  қатыру,  тері  ыстау,  көн  тілу, 

өрімшілік, ат-тұман жасау өнері; Балғары ұқсату - етікшілік, тігіншілік, етік, кебіс, мәсілердің 

түрлері, кіселер, күмісті белдіктер;  Ши орау өнері - шиді әзірлеу, тоқу, өрнектеу.

Қазақстан республикасының білім беру және тәрбиелеу саласының түбегегейлі жаңару жағдайы 

- бүгінгі таңда халықтың  дәстүрлі өнер түрлерін жинақтап, зерделеуде, оның айналасындағы 

тәлім-тәрбие, мол тәжірибе негізінде жас өспірімдерді тәрбиелеу қажеттілігін тудырады.

Қазақстан республикасының мәдени-этникалық білім беру  тұжырымдамасында «Әрбір жеке  

тұлға  өз  тарихында,  мәдениетінде  болған  оқиғаларды білуі, қалыптасқан рухани құндылықтарға 

адамдық, ұлт  қаһармандарын қастерлейтін біртұтас дүниетаным мен лингвистикалық, тарихи, 

географиялық,  діни,  құқықтық,  көркемдік-эстетикалық  сана  иесі    қиял    мен    нәзік  сезімнің, 

әсемдікке құштарлық пен әдемілікті бағалай  білетін  қасиеттің,... өнер  туындыларын  түсіне  

алатын    қабілеті  болуға  тиіс.    Бұл...  ғылыми    мағыналарды    қолдана  отырып  қазақ    ұлтының 

төл  мәдениеті,  салт  дәстүрі    мен    әдет-ғұрпы    арқылы    жас    жеткіншектердің  ұлттық    сана-

сезімін,  имандылық  қадір-қасиетін  қалыптастыру,  ұлттық  мәдениет  пен  өнер  негізінде  жан-


39

№ 5 (78) 2010

жақты эстетикалық тәрбие беру,  сұлулыққа, тазалыққа үйрену, адамзат қоғамында  бұрын-соңды 

жасалған  мәдени  мұраны  жүйелі  меңгеруге,  жалпы  әлемдік  рухани  құндылықтарды  бағалай 

білуге тәрбиелеу» деп атап көрсетілген. Қорыта келгенде, Қазақстан республикасының барлық 

білім беру саласында  жаңаша білім беру жүйесін қарастырып отырған да әрбір жас түлек тек білім 

алып қана қоймай, келешек мамандық иесінің қыр-сырын ерте бастан ұғынуға тиісті. сондықтан, 

мұндай  талаптарды  орындау  барлық  педагогикалық  оқу  орындарында  даярланатын  «кәсіптік 

оқыту»  мамандықтарының  оқытушы-профессорлар  құрамының  педагогикалық  шеберліктерін 

күн сайын арттырып отыруды қажет етеді.

паЙДаланылҒан ӘДебиеттеР

1. Қасиманов с. Қазақ халқының қолөнері. –Алматы: Қазақстан, 1995. -3-6 бб. 

2.  күнпейіс  Ж.Қ.  Педагогика  ғылымдарының  кандидаты  ғылыми    дәрежесін  алу  үшін  дайындалған 

диссертация. - Түркістан, 2009.

3. Құдайқұлов м.Ә. Қабілеттілік. Дағды. Шеберлік. –Алматы: Қазақстан, 1986. -118 б.

4. сыздықов.о. кәсіби оқыту педагогын даярлаудағы технологиялық білім беру кезеңдері. с.сейфуллин 

атындағы ҚазАгроуниверситетінің ғылыми жаршысы. -№2 (49), 2008,472-476 б.б.

5. Пошаев Д.Қ. мамандық таңдау негіздері. –Шымкент: м.Әуезов атындағы оҚму, 2007. -81 б.

редакцияға 11.05.2010 қабылданды.

н.а.туебакова

гуманистиЧеские Цели обРазования и воспитания

The article dealds with the humanistic goals of education and training of students. Except 

this, there are given teacher

,

 s tasks and conditions, which help to realize education, which is so 

important for humanity. In this article the humanistic approach of education is well described. 

As  such  example  of  humanistic  approach  article  presents  «Gaydens»  service  in  one  of  the 

American schools.  

Гуманизм,  прежде  всего,  означает  человечность  человека:  относительно  людей  высокий 

уровень психологической терпимости,  мягкость в человеческих отношениях, уважение к личности 

и eе  достоинству. в конечном счете, понятие гуманизм оформляется как система ценностных 

ориентаций, в центре которых лежит признание человека в качестве высшей ценности.

При  такой  трактовке  гуманизм  получает  значение    общественного  идеала,  человек 

рассматривается как высшая цель общественного развития, в процессе которого обеспечивается. 

создание  необходимых  условий  для  полной  реализации  всех  его    потенций,  достижение 

гармонии в социально-экономической и духовной сфере жизни, наивысшего расцвета конкретной 

человеческой личности. Таким образом, с позиции гуманизма, конечная цель воспитания состоит 

в  том,  чтобы  каждый  человек  мог  стать  полноценным  субьектом    деятельности,  познания  и 

общения,  то есть свободным, самодеятельным существом,  ответственным за все происходящее 

в этом мире.

содержательной  стороной  реализации    принципов  гуманизма    в  воспитательном  процессе 

означает проявление общечеловеческих ценностей. общечеловеческие ценности – это  ценности, 

значимые не для какого-то узкого ограниченного круга людей, а то, что  имеет  значение  для 

всего  человечества.  они  в  той  или  иной  форме    присущи    всем  социальным  общностям, 

социальным  группам, народам, хотя не у всех выражены одинаковым образом. особенности их 

выражения зависят от  особенностей культурно - исторического развития той или иной страны, 

ее религиозных традиций, типа цивилизации[1].

Также  общечеловеческие  ценности  -  это  предельные,  исторически  и  социально-

нелокализируемые ценности, которые носят  абсолютный характер, вечные ценности. верующие 



люди, осмысливая  общечеловеческие ценности с позиции религии, считают, что эти ценности 

Каталог: bitstream -> handle -> 123456789
123456789 -> Қ атыстық сын есімдердің лексикалық тіркесімділігі
123456789 -> Бегімбай К. М. Дизайн және бейнелеу өнері салаларына
123456789 -> СҮттің Қоректік сапасы және сүттегі микроорганизмдер
123456789 -> Қазақ халқының ою-өрнектерінің Қолданылуы
123456789 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы
123456789 -> Қр президенттік мәдениет орталығының кіші ғылыми қызметкері
123456789 -> Адам қҰҚЫҚтары жүйесіндегі білім алу қҰҚЫҒЫ
123456789 -> Бейбітшілік бақЫТҚа бастайды
123456789 -> Г.Қ. аЙҚынбаева оҚуШылаРДыҢ беЙІнДІк ҚабІлетІн аныҚтауДа психологиялыҚ- пеДагогикалыҚ ӘДІс-тӘсІлДерді қолДануДыҢ еРекШелІктеРІ
123456789 -> Артыкбаев Ж. О. «Қозы көрпеш – Баян сұлу» Жаратылыс құпиялары туралы жыр


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет