Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне әсері



Дата14.05.2022
өлшемі30,87 Kb.
#34404

Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне әсері

Жалпы дүние жүзіндегі барлық мемлекеттерде экономика, өмір салты, ақпарат пен мәдениет салаларының ортақ бола бастағаны-глобализация, яғни жаһандану десек болады. Мысалы, біз европалық стильде киінеміз, батыс әндерін тыңдап, киноларын көреміз, махаббат күнін тойлаймыз және сол сияқты ортақ заттарды жасаймыз. Бұл барлық елдерге бірдей үрдіс бола бастаған. Жалпы айтқанда, жаһандану-жаңа жалпы дүние жүзілік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық құрылудың үрдісі. Жаһандану терминін енгізген кім? Жаһандану ағылшынша «global»-дүние жүзілік, әлемдік деген мағынаны білдіреді екен. Жаһанданудың терминін алғаш рет ғылыми айналымға 1983 жылы американдық экономист Теодор Левитт енгізген болатын. 20 ғасырдың ортасынан бастап Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Уолт Ростоу, Питер Дракер жаһанданудың жаңа түрлерін зерделей бастады. Олар «ақпараттық қоғам», «техникалық революция», «ақпараттық жарылыс» тағы сол сияқты ұғымдарды енгізген болатын. Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпы адамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Қоршаған орта, ресурстар, демография, көші-қон толқындарыесірткі тасымалы, халықаралық терроршылдық проблемалары мемлекет күшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық төңкеріс бұл проблемалардың жаҺандық өлшемге ие болуына ықпал етті. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды. Негізінен, оны ұлттық және әлемдік шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының нәтижесі деп есептейміз. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де жаһандануға көптеген ықпал жасап отыр.

Жаһандануды мәселе деп қарастыратындары бар болғанымен, оқы керісінше жаңалық деп қарастыратындар да бар екен. Жаһандану процесі әртүрлі деңгейдегі дамушы мемлекеттерге алуан түрлі әсерін тигізеді десек қате болмас. Елбасы Н. Назарбаев айтқандай, жаһандану-әлемдік дамуды айқындайтын тенденцияға айналып отыр дейді.

Жаһандану үдерісіндегі ұлттық тәрбиеде жастарды қазақ халқының өткен тарихын меңгерту және бүгінгі тарихи кезең аясында бастан кешіріп отырған қоғамдық-психологиялық жағдайдан шығу жолдарын қарастыру секілді екі бағытта тәрбиелеу керек деген пікірдеміз. Өйткені, халықтың мәдениеті мен әдебиеті, салт-дәстүрі, тілі мен ділі, сенімі мен діні дегенде тарихтың сүзгісінен өткен рухани құндылықтарға мән берілуі керек. Мұның өзі қоғамның тарихи, психологиялық даму бағытында екінші мәселенің де шешілуіне ықпал етеді. Сондықтан ағымдағы уақыттың талабы мен сұранысын қанағаттандырып отыру да ұлттық тәрбиенің негізгі қағидаларының біріне айналып отыр.

Қазіргі кезде жастар арасында заманауи болу сәнге айналған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі болғанымен, ұлттық тіліміз алаңдатарлық жағдайда. Таң атқаннан, кеш батқанға дейін әлеуметтік желіде отыратын жастар үшін қазақ тілінің қадірі кетіп барады. Ертеңгі күніне алаңдамайтын, бүгінгі күнімен өмір сүретін азаматтар үшін мәдениетіміздің, оның ішінде «қазақ тілінің» кенжелеп бара жатқандығы ойландырмайды. Тіл мәселесіне байланысты көп бағдарламалар ойластырылып, нәтижесін көрсетіп жатыр. Алайда тілімізден, мәдениетімізден айырыла жаздадық, сол қорқыныш бізде қалып қойды. Әсіресе, бұл үрей аға буында басым деп Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз жолдауларының бірінде айтып кеткен еді. Тіл-мемлекет құндылығы, мемлекеттік тілсіз қандай да бір ел мемлекет деген атқа мүлделі бола алмайды. Біздің мемлекеттік тіл-қазақ тілі және әрбір ҚР-ның азаматы немесе азаматшасы қазақ тілінде сөйлеуге міндетті деп ойлаймын. Бірақ әлемде болып жатқан өзгерістердің әсерінен біздің елге біршама жаңа бағдарламалар, өзгерістер енгізуге мәжбүр болып отыр.

Осындай мәселелердің пайда болуы жаһандану үдерісіне тікелей қатысты. Сондықтан жаһандану үдерісі қазақ тіліне жақсы жағынан немесе жаман жағынан әсер етуін анықтау маңызды.

Қазіргі кезде заманауилыққа бет бұрып жүрген жастарымыз үшін қазақы дәстүрді қолданғанға қарағанда батыстың жарқыраған дүниелерін таңдаған артығырақ секілді. Көптеген жастарымыздың ойынша, қазақы дәстүрді ұстанған қазіргі кезде сәннен қалған және көптеген нәрселерді жасауға мүмкіндік бермейді. Дегенмен, қазақ жастарының арасында еліміздің ұлттық дәстүрлерінің деңгейін көтеріп жүргендері де аз емес. Осындай жастарымыздың қатарын арттырып, ұлттық салт-дәстүрімізді қазақ жастарының арасында таратып, қазақылыққа үйрету керек деп ойлаймын.

Жаһандану үрдісі мемлекеттік тіліміз-қазақ тілімізге де зардап әкелді. Орыстандыру саясатының ықпалына түсіп, онсыз да қиын жағдайға қалған тіліміз, заманның өзгеруіне байланысты да оның қолданыс аясы табылды. Бүгінгі таңда «әлемдік тіл» мәртебесінде ие болған ағылшын тілінің қолданылмайтын саласы жоқ технологиялар, ақпарат, байланыс, оқу бағдарламалары болып табылады. Қазақстанның жаһандану процесіне интеграциясының күшеюі қазақ тілінің толыққанды мемлекеттік тілге айналу мүмкіндігін азайтады, өйткені бұл оның маңыздылығын төмендетеді. Сонымен қатар, бүгінгі күнгі урбандалу үрдісіне байланысты, дамып келе жатқан билингвизм, яғни қос тілділікке және 2006 жылдың қазан айында Елбасының бастауымен Қазақ халқы Ассамблеясының 12-ші съезінде жарияланған Үш тұғырлы тіл саясатына байланысты қазақ тіліміздің қолданыс азайып барады.

Жаһанданудың басты теріс әсері-мәдениетіміз мәдени ерекшеліктерінің кейбір элементтерін жоғалтуы мүмкін. Ата-бабаларымыз салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптар мен наным сенімдерді аса қадірлеген, әрі болашақ ұрпаққа аманат етуді көздеген болатын. Себебі, осындай мәдени құндылықтардың астарында терең тәрбиелік мәнге тән ой жатыр. Жаһандану үрдісінің әсерінен бұл ой сарқылып барады. Бұл тілге де, тарихқа да және жаңа ұрпақ тәрбиесінің кейбір элементтеріне де қатысты болып келеді. Біздің еліміз жаһанданудың теріс әсеріне төтеп беру үшін бірнеше бағдарламаны жүзеге асырды. Атап өтетін болсақ, «Рухани жаңғыру», «Мәдени мұра» және «Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы». Жағымды жақтарына келсек, басты оң әсері – мәдениетті басқа елдерге таратуға мүмкіндігіміз бар деген сөз. Мұның бәрі Қазақстанның оң имиджін қамтамасыз етеді. Жаһандану еліміздің мәдениетінің жаңа заманға дамуына көп үлес қосты, нәтижесінде музыка және сәулет, спорт өнерлеріндегі сан алуан жетістіктен арқылы Қазақстан Республикасының әлемдегі беделі артып келеді. Батыс мемдекеттерінің ықпалына тиіп, мәдениет айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған еді. Алайда, сол өзгерістердің бәрі біркелкі жағымсыз емес. Кейбір салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыздың жаңа заман талаптарына қайшы және орынсыз болып келеді. Мысалы, полигамия, яғни бір уақытта бірнеше неке құру, қара жағу және қара тігу тағы сол сияқты жағымсыз істер жатады. Басқаша айтқанда, жаһандану үрдісі елімізге 21 ғасыр ағынына сай болуға көмектесті.

Қорыта айтатын болсам, жаһандану қоғамға ортақ мәселе болғандықтан көп талқыға салынатынын бәрімізге белгілі. Көптеген адамдар тек бір жақты ойлап жатса, соның екінші жағынан, яғни жағымды немесе жағымсыз жақтарын қарауға көмек бергім келеді.



Қазақ ұлтының болмысында өзіне тән ерекшеліктері мен сан ғасырлық тарихы бар мәдениеті қалыптасқан. Қазіргі уақыт еліміздегі жаһанданудың кеңінен белең алып отырған уақыты еді. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері заманның талабына сай өркендеуді міндет етіп қойды. Осы жолда жаһанданудың оң әсерімен қатар зияны тиіп отырды. Жаһандану әлемді біріктіре отырып, дамуға арналған үдеріс деп аталады. Жаһандану тек экономикалық жағдайымызға ғана әсер етіп қоймай, мәдениетімізге әсерін тигізіп келеді. Жаһандану үдерісінің нәтижесінде қазақ мәдениетте көптеген өзгерістер орын алды. Жалпы айтқанда, мәдениетіміздің шет елдерге дәріптелуіне жағдай жасаланып жатыр. Дәріптеліп қана қоймай, шетелдіктердің арасында да, «Қазақ Мәдениетінің» дамуына мүмкіндіктер туғызып отыр. Алдағы уақытта мәдениетіміздің жағдайына көңіл бөлінбесе, жастарымыз батыстық мәдениеттік арбауында кетіп, құндылықтарымызды біржола жоғалтып алуымыз мүмкін. Қазақстан болашағы- Жастар. Жастардың арасында алуан түрлі мәдениетемізді дәріптеуге арналған қоғамдық іс-шаралар ұйымдастыру керек деп ойлаймын. Дегенмен, жақсы ойлап, жақсы іс-әрекеттер жасасақ, Қазақстан әлі де талай жетістіктерге ие болады. Бүкіл әлем таң қала да, қызғана да қарайтын мемлекетке айналады деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет