Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктер бөлімі. Қосжарнақтылар класы. Сарғалдақтар,Бөріқарақаттар,Көкнәрлер тұқымдасы



Дата03.05.2023
өлшемі73,66 Kb.
#89572

Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктер бөлімі. Қосжарнақтылар класы. Сарғалдақтар,Бөріқарақаттар,Көкнәрлер тұқымдасы

Орындаған:Қалдығұлов А.Қ

Тексерген:Туралин Б.А

Жоспар:

1.Жабық тұқымдылар бөлімі

2.Қосжарнақтылар (Dicotyledoneae) класы

3.Сарғалдақтар (Ranunculaceae) тұқымдасы

4.Бөріқарақаттар (Berberidаceae) тұқымдасы

5.Көкнәрлер тұқымдасы (Papaveraceae) тұқымдасы

Жабық тұқымдылар бөлімі

Түрлерінің саны 250 000 – 300 000 дейін барады.Бұл жер бетіндегі қазіргі кезде қалыптасқан жағдайға ең жақсы бейімделген,барлық құрлықтардың өсімдіктер жабынында ерекше басым болып келетін өсімдіктер.

Құрылысы.Спорофиттерінің өмірлік формасы-ағаштар,лианалар,бұталар, шөптесін өсімдіктер.Вегетативтік органдарының микроскопиялық құрылысы олардың гистологиялық элементтерінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Бұларда трахеидтермен қатар түтіктері де болады.Жабық тұқымдылардың өмірінің ұзақтығы әрқилы, 2-3аптадан бірнеше мыңдаған жылдарға дейін созылады.Көп жылдық шөптесін өсімдіктердің жылдың қолайсыз мезгілдерін бастан өткізуге мүмкіндік беретін түрі өзгерген жер асты вегетативтік органдары – түйнектері,баданалары,тамырсабақтары болады.

Көбеюі. Спорофитте гүлдер пайда болады, ал оларда микро және мегаспоралар жетіледі.Споралары спорнагилерінің ішінде өсіп гаметофитке айналады.Аталық гаметофит 2 клеткадан ал аналық гаметофит 8 клеткадан тұрады.Жыныстық процестің нәтижесінде тұқымбүрінен дән,ал гүл түйінінен жеміс түзіледі.

Гүлдің шығу тегі. Стробилярлық теория.Бұл теория бойынша гүл – түрі өзгерген өркен және гүл алғаш беннетиттерде пайда болған.Бұларға тән ерекшелік стробилдердің болуы.Алғашқы гүлдердің гүл табаны ұзын қос жынысты,аталықтары мен аналықтарының саны көп,өздері ірі келеді.


Псевданттық теория.Негізін салушы Веттштейн.Бұл теория гүл,гүл шоғырларының тұтас метаморфоздануынан пайда болған ,яғни аталық гүл шоғырларынан аталық гүлдер,аналық гүл шоғырларынан аналық гүл қалыптасады.
Теломдық теория.Негізін салушы неміс ботанигі В.Циммерман.Гүл өсімдіктің бүйірлік мүшесі жапырақтан емес,сабақтан пайда болады.Бұл теорияға риния тәрізділердің қазба қалдықтарынан табылған дене құрылысындағы ерекшеліктер негіз болды.
Жабық тұқымдылар (Angiospermatophyta) бөлімі
Қосжарнақтылар класы
Даражарнақтылар класы
  • 2 тұқым жарнағы бар
  • Кіндік тамыр жүйесі,екінші рет жуандайды
  • Жапырақтары жай не күрделі жүйкеленуі торлы
  • Гүлдерінің мүшелері 5 қатар (4) түзіп орналасады.
  • 1 тұқым жарнағы бар
  • Шашақ тамыр жүйесі,екінші рет жуандамайды
  • Жапырақтары жай,параллель не доға тәрізді жүйкеленуі
  • Гүлдерінің мүшелері 3 қатар түзіп орналасады

Қосжарнақтылар (Dicotyledoneae) класы

Түрлерінің саны 200 000 астам ,300 тұқымдасы бар. Олардың көбісі практикалық маңызы зор не теориялық тұрғыдан назар аударарлық.


Сарғалдақтар (Ranunculaceae) тұқымдасы
45 туыс 2000-дай түрі бар.Ылғалы мол ормандарда,шалғындардың негізгі компоненті.Негізгі өмірлік формасы – көп жылдық шөптесін өсімдіктер, олар тамырсабақ және түйнек түрінде жер астында қыстап шығады. Жапырақтарының жапырақ серігі болмайды,олар қарапайым тілімделген. Сабаққа кезектесіп не қарама – қарсы орналасады.Гүлдері алуан түрлі:ациклді, циклді,гемициклді,актиноморфты не зигоморфты,гүл серігі қосарланған не қарапайым,гинецейі апокарпты не ценокарпты.Жемістері көп жағдайда таптамалардың жиынтығынан,жаңғақшалардың жиынтығынан не қарапайым жидек тәрізді болып келеді.Сарғалдақ гүлдерінің бойында улы алкалоид бар сондықтан оны мал жемейді.
Бөріқарақаттар (Berberidаceae) тұқымдасы
600-ден аса түр 14 туысы бар.Жапырақтары қарапайым не күрделі болып келеді. Гүлдері циклді,оның мүшелерінің саны тұрақты.Гүл серігі нашар жіктелген. Жемісі шырынды,сиректек қауашақ не жаңғақша болып келеді.Бөріқарақаттардың барлық түрінде берберилин алкалоид жиналады.

Көкнәрлер тұқымдасы (Papaveraceae) тұқымдасы

Тұқымдастың құрамында 450-дей түр 28-30 туысы бар.Әдетте шөптесін өсімдіктер,кішігірім ағаштары мен бұталары да болады.Солтүстік ендіктің тропикалық,субтропикалық және қоңыржай климатты облыстарында өседі. Жапырақтары кезектесіп кейде топтасып орналасады,олардың шеттері тілімделген,қосалқы жапырақшалары жоқ болып келеді.Ішінде сүтті шырындар жиналатын қапшық тәрізді клеткаларымен бунақты шайыр жолдары болады. Құрамында әртүрлі алкалоидтары бар,әсіресе морфин,кодеин,пантопин және т.б апиыны бар сүтті шырындары болады.Гүлдері қос жынысты,көп жағдайда актиноморфты,сирек зигоморфты болып келеді.Тостағаншасы гүлдеудің басында түсіп қалатын 2 тостағанша жапырақшадан тұрады,ал күлтесі 4 дұрыс қатпарланбаған күлтежапырақшадан тұрады.Андроцейі көптеген шеңбердің және спиральдің бойымен бос орналасқан аталықтардан тұрады.Олардың саны кейде 4-тен немесе 6-12ден аспайды.Гинецейі ценокарпты,екі не бірнеше жеміс жапырақшалардан тұрады.Гүл түйіні жоғарғы,2-немесе көп ұялы болып келеді, аналықтың ауызы барлық уақытта отырмалы.Гүлдері үлкен,бояуы қанық, біреуден не симподиальды гүлі аз болып келетін гүлшоғырынан тұрады.Жемісі қорапша



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет