Жалпы білім беретін №17 мектеп-гимназиясы



бет1/3
Дата26.08.2023
өлшемі114,5 Kb.
#105593
түріБағдарламасы
  1   2   3



Аманбайұлы атындағы орта мектеп

10 сыныпқа арналған «Химиялық талдау негіздері» атты қолданбалы курстың бағдарламасы

2019-2020 оқу жылы


Бұл бағдарлама жалпы орта білім беретін мектептердің жаратылыстану- математикалық бағыты бойынша 10- сыныпқа химия пәнінен «Химиялық талдау негіздері» тақырыбындағы қолданбалы курсты жүргізуге арналған.
Түсінік хат
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында :
«Қазақстанның келешегі халықтың білімінде, біліктілігінде…» деп көрсетілген. Өйткені өркениетті елдерде адам факторы шешуші өндіргіш күшке айналады.Сондықтан Қазақстанның интеллектуалдық рухани әлеуметі арттыру, елді алға жылжытудың маңызды фаторы болмақ. Жалпы білім
беретін мектептің жоғарғы сатысында бағдарлы оқытуды жаппай енгізуге жоспарлануда .Осыған байланысты оқушыларға мектеп қабырғаларында болашақ мамандық бағытын таңдау қажеттілігі туады, ал мұғалімдер бұл жағдайда жақсы бағдарлы біліммен қамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби біліктілігін шыңдауға бағытталған рөлі былайша көрсетілген: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандарттарына көзделген деңгейден төмен емес білім,білік,дағды алуын қамтамасыз етуге ,жеке шығармашыл қабілеттірінің көрініп,дамуы үшін жағдай жасауға міндетті».
Бұл бағдарлама жаратылыстану – математикалық бағытта 10- сыныптар үшін жасалынған . Бағдарлама аптасына 1 сағат жалпы 34 сағаттқа негізделген. Бейімдік оқытудың мақсаты – химия пәні мазмұны ғылым жетістігіне сай болып, оны түсініп қолдануға және әріқарай дамытуға жағдай жасайтындай болуға және басқа ғылымджарды жай ғана меңгерту емес, жеке тұлғаны интеллектуалдық қорын ұлғайту.
Химияның негізгі түсініктерін көбейту және тереңдету;
Жаңа білім қалыптастыру;
Оқушылардың жалпы дүниетанымын дұрыс қалыптастыруда химиялық ұғымдарды көзқарасты тірек ретінде пайдалану;
Тиімді әдістерді қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту;
Пәнаралық байланысты кеңінен пайдалану;
Заттарды дұрыс пайдалану жөніндегі білік пен дағдыны қалыптастыру;
Алынған білімдері бойынша реферат,баяндама,ғылыми жұмыстар жасайды;
Оқушыларды олимпиадаға дайындау;
Курс материалы химия ғылымының әдісі мен пәнінің бірлігіне қарай отырып,мектеп бағдарламасын күрделендіру мақсатында құрылған.Мектеп бағдарламасындағы кейбір тақырыптар кеңейіп,қажетті мағлуматтар толығымен берілген.
Курстың мақсаты:
Оқушылардың пәнді меңгеруге деген белсенділігін , ғылымға қызығуын ояту. Өз ісіне жауапкершілігін арттыруды талап етеді. Сабақтарда теорияны өмірімен байланыстырудың маңызы үлкен. Сондықтан бұл курс бағдарламасында оқушылардың білімге жеке пәнге деген құштарлығын дамыту, белгілі бір кәсіптік мамандықты игеруге әзірлеу, өзіндік ой – пікір қалыптастыру, логикалық ой – өрісін дамыту.
Оқушыларды оқу тәрбие процесі арқылы оқушыларды терең білім берумен қатар танымдық және эксперименттік есептер шығаруға дағдыландыру.
Курстың міндеттері:
Оқушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде , болашақта қолдана білуге , өз күшіне сене білуге т әрбиелеу. Әрбір сабақта оқушыларды тәрбиелей отырып оқытуды талап етеді. Мектеп оқушыларының барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті білімді өзі біліп, табуға үйренуі, оқу кәсіптік, тұрмыс мәселелерін кез келгшен жағдайда шешіп, іс-әрекет жасай алатын болуы қажет. Кез келген материалды өмірмен байланыстыра оқыту, оны химиялық тәжірибе жүзінде көрсетіп, зерттеу жұмысын жүргізіп, көзін жеткізу теорияны түсінуге жол ашады.
«Химиялық талдау негіздері» қолданбалы курстың бағдарламасы мемлекеттік стандарттық бағдарлама негізінде, ҰБТ-ке дайындық ретінде жасалынған.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет