Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет



Дата06.04.2022
өлшемі0,79 Mb.
#30047
Байланысты:
8 сабак

сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феномені болып табылады.            Қоғамдық сананың әртүрлі нысандары бар, олардың көмегімен адамдар оларды қоршаған табиғатты, қоғам мен өздерін сезінеді. Моральдық (адамгершілік) саяси, құқықтық, эстетикалық, діни сана болып бөлінеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін айтады.Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы болып табылады.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды және заңсыздықтың шегін көрсетіп береді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез- құлықты қамтамасыз ету үшін моральдық-адамгершілік, идеологиялық, құқықтық шараларды талап етеді.            Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл жаппай сана және оның жекелеген элементтері емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – сыбайлас жемқорлықты қабылдамау негізінде жататын осы жүйемен тіпті сәйкес келмейтін құндылықтар жүйесі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – адамгершілік пен азғындық (орынды және орынсыз, мейірімділік пен зұлымдық, пайдалы және пайдасыз), құқықтық және құқықтық емес, ақылды және ақымақтық, тамаша және бейберекет призмасы арқылы адами қатынастар әлеміне көзқарас

Сондай-ақ, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің толық қалыптасуы үшін бірқатар шарттар керек екендігі сөзсіз. Ол үшін, ең алдымен тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мынаны көздейді: – сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъектілері, нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну ерекшеліктері туралы түсінік;– моральдық-адамгершілік, этикалық мәдениетті тәрбиелеу; – құқықтық сауаттылық негіздерін қалыптастыру; – қоғам мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық уәжін ынталандыру;– мүдделер қақтығысының барлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру.Осыған байланысты мыналар қажет: – сыбайлас жемқорлыққа саналы қатынасты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға моральдық «иммунитетті» қалыптастыру және осының негізінде сыбайлас жемқорлықты еңсеру бойынша құзыреттерді дамыту; – Қазақстан азаматтарының мінез-құлқы моделін қалыптастыру, бұл ретте «сыбайлас жемқорлық» сөзінің өзін қабылдамау, адамгершілік тойтарыс, төзбеушілікті туындатуы тиіс; – құқықтық құндылықтарды жоққа шығару, заң мен тәртіпті құрметтемеуді білдіретін құқықтық нигилизмді жою (латынша nihil – ештеңе);– құқықтық жаппай оқу арқылы құқықтық білім мен тәрбиені қамтамасыз ету.

Қазақстан тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев белгілеген «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтары қазақстандық қоғамды біріктіруші ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құруда негізін қалаушы болып табылады. Бұл – азаматтық теңдік, еңбекқорлық, ғалым мен білім ғибраты, зайырлы ел – толеранттылық елі сияқты құндылықтар.            Жалпы айта келгенде, егер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың этностық ерекшелігі ретінде ұлттық мәдениетті мысалға алсақ, отбасында балаларды еңбекке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу дәстүрі әрқашан да болған. Сондықтан отбасында ұлттық тәрбиенің негізі, адамгершілік пен іс- әрекеттің өзегі ретінде адал еңбек басым болуы тиіс. Сонда ғана отбасы деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тосқауыл қоя аламыз. Бұл тосқауыл осы мәселені заңдық реттеуге қарағанда мықтылау, тиімдірек.

Әдeбиeттep тiзiмi1. Хрестоматия по всеобщей истории государства и права: учеб. пособие /М. Черниловский. – М., 1994. 2. Есембаева Ж. Е. Правовые средства борьбы с коррупцией: маг. дисс. – Астана, 2013. – 103 с. 3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы. http://adilet.zan.kz 4. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы. http://adilet. zan.kz/rus/docs/U1400000986.5. European Journal On Criminal Policy And Research Том: 22 Выпуск: 3 СпециальныйВыпуск: Si Стр.: 439-475 Опубликовано: Sep 2016г. 6. Назарбаев Н.Ә. Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: Бес институттық реформа: «Нұр Отан» партиясының XVI съезіндегі баяндама // Егемен Қазақстан. 2015. 12 наурыз.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет