Жалпы ереже



бет1/2
Дата15.04.2023
өлшемі56 Kb.
#82764
  1   2

Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аймақтық мектептер арасында өтетін «Физика-әлемнің кілті» тақырып аясында 8, 9 - сынып оқушылары (қазақ тілі бөлімі) арасында өткізілетін сайыс




Жалпы ереже
1.1. «Физика-әлемнің кілті» тақырып аясында 8-9 сынып оқушылары (қазақ тілі бөлімі) арасында өткізілетін сайыс ұйымдастырылады;
1.2. Сайыс аймақтық мектептер (№1, 5, 6, 8, 9, 23, 136, 211) арасында өткізіледі;
1.3. Байқауға жалпы орта білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың оқушылары қатыса алады.


Мақсаты:
Физика,математика және информатика пәндері бойынша оқушылардың жаңа технология элементтерін пайдалану, шығармашылық қабілетін дамыту, интеллектуалдық білім-біліктілігін және пәнге деген қызығушылығын арттыру.


Ұстаным:
«Оқытып жатқан ақпарат оқушыға түсінікті әрі қызықты болуы үшін, екі нәрседен аулақ болыңыз: оқушыға ол білмейтін және түсіне алмайтын нәрселер туралы...»
Лев Толстой
2.1.Сайыс өткізудің тәртібі мен шарттары:
- Сайыс аймақтық мектептер (№1,5,6,8,9,23,136,211) арасында өткізіледі
- Сайысқа әр мектептен 3 оқушы қатыстырылады (бір топ)
- Сайыс 4 кезеңнен тұрады:
1.Таныстыру
2.Сұрақ – жауап (Kahoot программасы арқылы)
3. «Қызық екен» (зертханалық жұмыс)
4.Олимпиадалық есептер
- Сайыс 2023 жылдың 10 наурыз күні сағат 8:30-да М.Ә.Сужиков атындағы №6 орта мектепте өткізіледі


2.2. Сайысқа қойылатын талаптар
- уақыт регламентінің сақталуы;
- әр топтың жеке эмблемасы мен ұраны болуы;
- қатысушы оқушылар киімі мектеп үлгісін бұзбауы.
3.Ұйымдастыру қызметі
М.Ә.Сужиков атындағы №6 орта мектебі
Сайысқа қатысушы оқушылардың іс-тәжірибесін бағалау үшін әділқазылар алқасы құрылады. Әділқазылар алқасының шешімімен сайысқа қатысушыларға ҚББ-нің сайыс жеңімпаздары I,II,III дәрежелі дипломмен марапатталады
Байқау туралы қосымша ақпаратты төменде көрсетілген телефон арқылы біле аласыздар: 87470611509
Сайысқа сұранысқа кестедегі мәліметтерді толтырып 2023 жылдың 7 наурызға дейін kyz_school6@mail.ru жолдануы тиіс.





Қатысушының аты-жөні

Мектебі

Жетекшілердің
аты-жөні
Телефон номері












Қалалық білім бөлімінің


басшысы Е.Т.Бодановқа

М.Ә.Сужиков атындағы №6 орта мектеп басшылығы 2023 жылдың 10 наурыз күні сағат 8:30-да аймақтық мектептер арасында (№1, 5, 6, 8, 9, 23, 136, 211) «Физика-әлемнің кілті» тақырыбында топтық сайыс өткізуге келісім беруіңізді сұрайды.


Осыған орай аталған мектептерден 8, 9 - сынып оқушыларының қатысуына ықпал жасауыңыз сұралады.
Қосымша ереже қоса тіркеледі.

Мектеп директоры: А.А.Сеилханов

Бекітемін Келісемін
М.Ә.Сужиков атындағы Қызылорда қалалық
№6 орта мектеп директоры білім бөлімінің басшысы
__________А.А.Сеилханов _________Е.Т.Бодановқа

Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аймақтық мектептер арасында өтетін «Физика-әлемнің кілті» тақырып аясында 8, 9 - сынып оқушылары (қазақ тілі бөлімі) арасында өткізілетін сайыс






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет