Жарыстың құжаттары, оларды құрастыру әдістемесі



бет1/8
Дата14.10.2023
өлшемі30,97 Kb.
#114075
  1   2   3   4   5   6   7   8

Жарыстың құжаттары, оларды құрастыру әдістемесі

Жарыстың құжаттары, оларды құрастыру әдістемесі
Жарыстың құжаттары төртке бөлінеді. Олар:
1. Жарыстың мәлімдемесі.
2. Жарыстың сұранысы.
3. Жарыстың хаттамалары.
4. Жарыстың бас төрешісінің есебі.
Осы құжаттарды қалай дайындау, құрастыру қажет соларға жеке – жеке тоқталайық.

1 Жарыстың мәлімдемесін дайындау, құрастыру, жазу
Барлық дәрежедегі жарыстарға даярлық алдында ең негізгі жарыс құжатын -мәлімдемені құрастыру, жазу керек. Жарыстың мәлімдемесін жазған кезде жарыстың атына, атауына үлкен мән берген дұрыс. Жарыстың атауында жарыс көлемі, кімдер арасында өткізілуі нақты түрде көрініс табуы керек. Мысалы: «Шаңғы спортынан оқушылар арасында өткізілетін Шығыс Қазақстан облысының біріншілігі, Дзю-до күресінен ересектер арасында өткізілетін Өскемен қаласының біріншілігі» т.с.с.
Барлық жарыс түрлерінің мәлімдемелері негізгі жеті түрлі бөлімдерден тұрады:


1 Мақсаты мен міндеттері. Жарыстың мақсатын жазғанда, жарыс негізі қандай мақсатта өткізілетінін жазамыз. Мысалы, дзю-до күресінен қала біріншілігін өткізсек, өткізу мақсаты: қаланың мықты дзюдошыларын анықтау. Облыс біріншілігін өткізсек, республикалық жарысқа қатысатын облыс құрама команда мүшелерін анықтау т.с.с. Міндеттері 1-3 ке дейін болуы мүмкін. Мысалы: 1 Спортшылардың денсаулығын нығайту. 2 Жарыс өткізілетін спорт түрін насихаттау. 3 Спорт түрінің техникасы мен тактикасын жетілдіру ж.т.б.

2 Жарыс өткізілетін орны мен уақыты. Өткізілетін орны мен уақыты қатаң, белгіленіп, нақты жазылуы керек. Мысалы: «Жарыс Өскемен қаласында, Спорт Сарайында, 2011 жылдың 1-3 қараша жұлдызында, өткізіледі».

3 Жарысты басқару мен қаржыландыру. Бұл бөлімде мәлімдемені бекітіп, оның оң жақ бұрышына «бекіттім» деп қол қоятын мекеме басшысы жарысты басқаруға төрешілер тағайындайды. Сол төрешілер жарысты басқару бөлімінде жазылуы керек. Мысалы, жарысты Облыстық спорт және туризм басқармасы өткізсе: «Жарысты басқару ШҚО Спорт және туризм басқармасы бекіткен төрешілер алқасына жүктеледі», «Спортшылардың жарысқа келу, қайту жолына, қонақүйге, тамақтануға керек қаржыны команданы жіберген мекеме береді» – деп, жазылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет