Жалпы орта білім беретін мектепте «Қазақ тілі» оқулығында



Дата06.01.2022
өлшемі14,33 Kb.
#16736
Байланысты:
лексика 1


Лексика дегеніміз тілдегі сөздердің жиынтығы. Кейде сөздік құрам деп те атайды. Лексика тіл білімінің саласы болса оны зерттейтін ғылым саласы лексикалогия деп аталады. Біздер, болашақта мұғалім болатынымыз анық. Мұғалім болатындықтан мектепте лексикологияны оқытудың танымдық, қатысымдық маңызы зор. Лексиканы меңгеру барысында оқушылардың жалпы тіл білімі кеңейіп, сөздің фонетика, морфология, синтаксис, стилистикамен байланысын және тіл салаларының тұтас жүйе екендігін ұғады. Осы салалардың ішінде лексика тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым барлығын біріктіретін компанент болып табылады. Яғни, тек сөздің мағынасын ғана біліп қоймай біз лексиканы үйрене отырып, өз ойымызды жеткізіп, лексика арқылы адаммен араласқанда адамның көңіл күйін, сезімін аңғаруға болатынын байқаймыз. Жалпы лексиканы оқытудағы ең басты мақсат тіл біліміндегі сөздерді меңгеру емес, оқушыны қазақ тіліндегі сөздердің шығу төркінін, мәнін, мағынасын, мазмұнын ұғынып, оның түрлі нұсқаларын ұғынып, сөйлеу барысында қолдануға үйрету, ізденісті талап ету болып отыр.

Жалпы орта білім беретін мектепте «Қазақ тілі» оқулығында

сөз бен мағына

сөздің тура және ауыспалы мағынасы



омоним

синоним


табу сөздер

деген секілді тақырыптар қарастырылған. Айғабылов лексикаға байланысты былай дейді: «лексиканы біз сөздердің жиынтығы деп қана түсінбей, оның лингвистикалық негізін қоса ажыратып отыру керектігін айтады. Тілдегі әрбір бөлім бір бірімен байланысып, бірігіп тұтас тілді құрайды. Лексиканың қарастыратын басты обьектісі сөз. Тілдегі сөздердің де қызметі әртүрлі. Оның басты қызметі ұғым беру. Сөз затты, қимылды, сынды, мөлшерді білдіреді. Ал енді лескиканың басқа салалармен байланысына келетін болсақ. Мысалы ретінде төзімді сөзін алайық. Төзімді сөзін т,ө,з,і,м,д,і фонемалары жасап тұр. Яғни, фонема сөздің материалдық жабдығы секілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет