«жансугуровские чтения»


Сұмырай  –  жауыз,  сұм,  сұмпайыдеген  мағынаны  білдірсе,   жауыз



Pdf көрінісі
бет25/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   208
Сұмырай  –  жауыз,  сұм,  сұмпайыдеген  мағынаны  білдірсе,   жауыз  сөзі  қанышер, 
қаныпезер,  зұлым,  қаскүнем  мағынасында  қолданылған.  Батыраштың  Ақанның  «сырласы» 
болған тұлпары Құлагерді өлтіртіп, Ақанға жасаған қиянатын автор суреттей келе сұмырай, 
жауыз  деген  мағыналас    сөздерді  қолданады.  Осы  сөздер  арқылы  біріншіден,    шығарма 
кейіпкері  Батыраштың  іші  тар,  қызғаншақ  адам  екенін,  екіншіден  зұлым,  сұм  адам  екенін 
суреттеп көрсеткен. 
 «Бөктерем Батыраштың Көк атын!» деп, 
Оттапсың ауызыңа ие болмай [5, 299]. 


 
19 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
Сорпасы Сағынайдың бу болды ма, 
 «Алтайдан озамын!»-деп боқты жепсің [5, 299]. 
Оттау  –  аузына  келгенді  сөйлеу.  «Боқты  жепсің»  секілді  тұрпайы  сөз  кейіпкер 
бейнесін  аша  түсу  үшін  ұтымды  қолданылған.  Демек,  көрініс,  оқиғаны  жеріне  жеткізе, 
шындықтан  ауытқымай  суреттеуде  ақын  дисфемизмдерді  тиімді  жүзеге  асыра  білген. 
Сонымен  қатар,  дисфемизмдер,  бөгде  тілдік  сөздер  кейіпкер  мінез-құлқын,  тілдік 
агрессиясын көрсету үшін беріліп, образ жасауға пайдаланылған. 
Поэмада  зат  есімнен,  сын  есімнен,  етістіктен,  тұрақты  тіркестерден,  бейнелеуіш 
сөздерден, бейвербалды амалдар арқылы жасалған «ашу-ыза», «реніш» психологиялық күйін 
сипаттайтын тірлік біірліктер де кездеседі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет