Жануар физол


 Қозудың рецепторларда туындауы жəне олардан таралуы



Pdf көрінісі
бет379/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   504
16.4. Қозудың рецепторларда туындауы жəне олардан таралуы 

 

Рецепторлар  деп  ішкі  жəне  сыртқы  орта  тітіркендіргіштерінің  əсерін 

қабылдап,  оларды  ерекше  электрохимиялық  сигналдарға  -  жүйке 

импульстеріне  айналдыратын  арнаулы  сезімтал  жүйке  ұштарын  айтады 

(латын  тілінде  rесіро  -  қабылдау  деген  мағына  береді).  Рецепторлар  сезім 

жүйесінің  бастапқы  буынын  құрайды,  сондықтан  олар  жануарлар 

организміндегі  əр  түрлі  ақпараттардың  көзі  болып  табылады. 

Рецепторларда  туындаған  тітіркеніс  жүйке  талшықтары  арқылы  шартты 

белгі - импульс түрінде орталық жүйке жүйесінің нейрондарына жетеді де, 

сол жерде талдаудан өтеді. 

Рецепторлар  орналасу  орнына,  морфологиялық  ерекшеліктеріне, 

мамандану  сипатына  қарай  бірнеше  топқа  жіктеледі.  Орналасу  орнына 

қарай  олар  сыртқы  (экстеро-)  жəне  ішкі  (интеро-)  рецепторлар  болып 

бөлінеді.  Экстерорецепторлар  тітіркендіруді  қабылдау  ерекшеліктеріне 



 

504


байланысты  алшақтық  (дистанциялық)  жəне  жанаспалы  (контактық) 

болып  жіктеледі.  Алшақтық  рецепторлар  тітіркендіргіш  əсерін  белгілі  бір 

ара  қашықтықтан  қабылдай  береді  (мысалы,  көру,  есту,  иіс 

талдағыштарының 

рецепторлары). 

Жанаспалы 

рецепторлар 

тітіркендіргішпен  тікелей  жанасқанда  ғана  қозады.  Интерорецепторларды 

ішкі 

ағзалардың 



висцерорецепторлары 

мен 


бұлшық 

ет 


проприорецепторлары құрайды. 

Мамандану  сипатына  қарай  рецепторлар  фото-,  механо-,  хемо-  жəне 



ноцирецепторлар (ауырсынту əсерлерін қабылдайтын) болып бөлінеді. 

Қозу ерекшеліктеріне қарай рецепторлар тікелей сезінетін жəне сатылы 

сезінетін болып жіктеледі. Тікелей сезінетін рецепторлар (тері, бұлшық ет, 

ішкі ағза, иіс талдағыштарының рецепторлары) əсерді тікелей қабылдайды, 

ал  сатылы  сезінетін  рецепторлар  -  арнаулы  маманданған  эпителийлік 

немесе глиялық рецепторлық торшалар арқылы қабылдайды. Бұл торшалар 

қозуды  негізгі  рецепторлық  торшаларға  синапстық  байланыс  арқылы 

бағыттайды.  Рецепторлардың  бұл  түріне  есту,  дем,  көру,  тепе-теңдік 

талдағыштарының қабылдаушы құрылымдары жатады. 

Ал енді осы рецепторларда тітіркеніс қалай туындап, ол сезімтал жүйке 

талшықтары бойымен қалай тарайды? 

Рецепторлардың  барлық  түрлерінде  сыртқы  орта  энергиясы  (жарық, 

механикалық  əсер,  жылу  т.б)  рецепторлық  торшалар  “тіліне“  айналады. 

Адекватты  тітіркендіргіштердің  əсері  рецепторлық  торшалар  табиғатына 

байланысты.  Мысалы,  механикалық  тітіркендіргіштер  рецепторлық  торша 

мембранасын деформацияласа (пішінін өзгертсе), химиялық заттар мембрана 

хеморецепторларымен  байланысады,  жарық  сəулесінің  əсерімен  мембрана 

фоторецепторларының фотопигменттері өзгереді, жылу мембрана өтімділігін  

өзгертеді,    зақымдаушы    əсерлерге    бөлінген    пептидтер  мембрана 

рецепторларымен байланысады (ноцицептивтік рецепторларда) т.с.с. Барлық 

жағдайда  мембрананың  иондарға  өтімділігі  жоғарылап,  сезімтал  жүйке 

ұшына  натрий  иондары  өтеді  де,  мембрана  үйексізденіп,  рецепторлық 



потенциал  (РП)  туындайды.  Көздің  фоторецепторларында  үйексіздену 

орнына  гиперүйектену  жүріп,  əрекет  потенциалы  туындамайды.  Жарық 

сəулесінің  əсерімен  фоторецепторлар  мембранасының  сыртқы  бөлігінің 

натрий  иондарына  өтімділігі  төмендейді  де,  гиперүйектену  жүреді.  Тікелей 

сезінетін  рецепторларда  рецепторлық  потенциал  жүйке  ұштарының  өзінде, 

ал  сатылы  сезінетін  рецепторларда  -  олармен  синапс  түзетін  алғашқы 

рецепторлық торшаларда пайда болады. РП мембраналық потенциал деңгейі 

80-нен  30–мВ-қа  дейін  төмендеген  кезде,  демек  мембрана  жартылай 

үйексізденгенде,  туындайды.  Бұл  жағдайда  РП  рецептордың  тек 

тітіркендіргіш əсер еткен жерінде ғана қатал шектелген түрде байқалады. 

Тікелей  сезінетін  рецепторларда  қозу  табалдырығынан  жоғары  РП 

алдымен  генераторлық  потенциалға  (ГП),  содан  соң  жүйке  талшығының 




 

505


əрекет  потенциалына  айналады.  Сатылы  сезінетін  рецепторларда  ол  жүйке 

ұшының  постсинапстық  мембранасында  үйексіздену  тудыратын  химиялық 

медиаторлар  бөлдіреді.  Осының  нəтижесінде  негізгі  рецепторлық  торшалар 

өсінділерінің  ұшында  пайда  болған  РП  генераторлық  потенциал  арқылы 

бірден  жүйке  талшығының  əрекет  потенциалына  айналады  (179-сурет). 

Аталған жағдайдың қайсысында болмасын генераторлық потенциал əсерімен 

туындаған үйексіздендіруші токтар сезімтал жүйкелерде тітіркеністің пайда 

болуына соқтырады. Бұл токтар аксонның қозу табалдырығы төмен бастапқы 

сегментіне бағытталады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет