Жануар физол



Pdf көрінісі
бет382/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   504
 

17-ТАРАУ.  

 

ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІ³ ВЕГЕТАТИВТІК БӨЛІМІНІ³ ФИЗИОЛОГИЯСЫ 

 

Соңғы  кезге  дейін  адам  мен  жануарлардың  жүйке  аппараты  бір-біріне 



тəуелсіз,  дербес  екі  жүйеден  -  анимальдық  (аnіmal  (лат.)-жануар)  жəне 

вегетативтік (vegetatіvus - өсімдіктік), құралған деген тұжырым қалыптасқан 

болатын. Бұл ұғымның негізін XVІІІ - ғасырдың соңында француз дəрігері, 

əрі физиолог Мари Франсуа Биша салған. Организмге тəн қызметтерді де ол 

екі  топқа  бөлген.  Бірінші  топты  тек  жануарларға  тəн  қызметтер  құраса, 

екінші  топқа  жануарларға  да,  өсімдіктерге  де  ортақ  қызметтер,  немесе 

вегетативтік функциялар жатқызылған. 

Биша жіктеуіне сəйкес түйсік, қимыл-əрекет, сөйлеу қабілеті анимальдық 

функциялар  тобын  құрайды,  ал  қоректену,  өсуі,  көбею  –  вегетативтік 

қызметтерге  жатады.  Осымен  байланысты  жүйкенің  жануарларға  тəн 

қызметтерді  реттейтін  бөлігін  анимальдық,  ал  өсімдіктерге  тəн  қызметтерді 

реттейтін  бөлігін  вегатативтік  деп  атаған.  Сонымен,  анимальдық  (тəндік) 



жүйке  жүйесі  организмнің  сезімдерін,  қимыл-əрекеттерін  қамтамасыз  етсе, 

вегетативтік жүйке жүйесі бүкіл ішкі ағзалардың, қан тамырларының, тер 

бездерінің  жүйкеленуін,  жеке  ағзалардың  нəрленуін  қамтамасыз  етеді. 

Анимальдық қызметтерді орталық жүйке жүйесі, ал вегетативтік қызметтерді 

арнаулы  жүйке  түйіндерінен  құралған  вегетативтік  жүйке  жүйесі  реттейді 

деп саналған. 

Ұзақ  уақыт  вегетативтік  жүйке  жүйесі  ми  мен  жұлынға  тəуелсіз 

автономды  жүйе  ретінде  танылып  келді.  Тек  XX  ғасырдың  басында 

вегетативтік  жүйке  жүйесі  жайлы  ілімде  үлкен  өзгерістер  қалыптасты  да, 

қазіргі кезде Биша тұжырымдары тарихи дерек ретінде ғана көңіл аударады. 

Вегетативтік  жүйке  жүйесі  жайлы  қазіргі  кездегі  ілім  əлемнің  көптеген 

талантты  ғалымдарының  зерттеулері  негізінде  жасалды.  Ағылшын 

ғалымдары Дж.Ленгли, Г.Гаскелл, неміс зерттеушілері И.Шифф, И.Мюллер, 




 

508


француз  оқымыстылары  М.Ф.Биша,  Браше,  американдықтар  –  ×.Кеннон, 

Гелльгорн,  Швейцария  ғалымдары  В.Гесс,  Моннье,  орыс  физиологтары 

И.М.Сеченов,  И.П.Павлов,  Л.А.Орбели,  А.Д.Сперанский,  Л.С.Штерн  ж.б. 

еңбектерінің  нəтижесінде  вегетативтік  жүйке  жүйесінің  құрылысы  мен 

қызметі  жайлы  көптеген  деректер  жинақталып,  жаңа  көзқарас  қалыптасты, 

вегатативтік  реакциялардың  күрделі  табиғаты  анықталды.  Атап  айтқанда, 

организмнің  вегатативтік  қызметінің  анимальдық  функциялар  сияқты 

орталық  жүйке  жүйесімен  басқарылатыны  дəлелденді.  Бұл  тұрғыдан 

В.Я.Данилевский зерттеулері зор рөл атқарды. Ол 1875 жылы мидың маңдай 

бөлігін  тітіркендіргенде  жүрек  қызметінің,  тыныстың  өзгерітінін  дəлелдеді. 

Н.А.Миславский  сопақша  мида  тыныс  пен  қан  айналымын  реттейтін 

орталықтарды  ашты.  Осындай  зерттеулердің  нəтижесінде  вегетативтік 

жүйке жүйесінің автономиясы туралы ұғым жойылып, оның біртұтас жүйке 

аппаратының  бір  ғана  бөлімі  екендігі  туралы  көзқарас  қалыптасты.  Қазіргі 

кезде  шеткей  жүйке  жүйесін  тұлғалық    (тəндік)  жəне  вегетативтік  деп  екі 

бөлімге бөледі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет