Жануарлар этологиясы оқу құралы Қостанай, 2016 Әож 591. 500(075) кбж 28. 6я7



бет46/122
Дата06.01.2022
өлшемі365,26 Kb.
#15031
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   122

Ориентация


Жоғары сатыдағы жануарлар, негізінен сүтқоректілер мен құстар, бағдарлау кезінде жады бар — мемотаксияны басшылыққа алады. Бағдарлау кезінде жануарлардың қозғалысы жарық бойынша жүзеге асырылуы мүмкін (соның ішінде күннің жарығы және жарықтың және қараңғының алмасуы). Ауыл шаруашылық жаунарларына қатысты қолға үйрету үрдісі кезінде жануардың этиологиялық көрінісі едәуір өзгереді. Бұған негізінде генетикалық даму мен жануарларды дұрыс ұстау мен азықтандыру тәсілдерінің өзгеруі себеп болады. Бұл өзгерістер қолға үйретумен және тікелей адам әсерінен (әр түрлі түрлеріне секция көріністері) немесе жанама жолмен туындаған.

Табынның әлеуметтік саралануы, яғни дараның түрі, тұқымы, жасы мен жынысына жеке тұлғалар арасындағы иерархияға байланысты.

Даралар төмен дәрежеде болған жануарлардан әлсіз болып келеді. Көбінесе осы қарым қатынастар жайылымда анық байқалмайды, себебі бұл жерде агрессивті даралармен кездескенде олардан оңай құтылуға болады. Табында агрессияны жою ушін жануарда мүйіздерді алып тастайды, онда ол өзінің дәрежесін жоғалтуы мүмкін. Көбінесе ондай операцияларды агресивті жануарларға жасайды, бірақ кейде олардың агрессивтілік рөлі басқа жануарлар алу мүмкін. Демек, мүйіздерді жою – тәуліктік режиміне айтарлықтай әсер береді. Дарақтардың интеграциясы белгілі бір дәрежеде топтардың кеңістіктік жақындасумен жүреді. Бұл ішкі популяциялық бәсекелестікке әкеледі. Жағымсыз қарым-қатынастардың әлсіреуі, ресустарының арттыру мен топтарда дарақтардың қарым-қатынастың өзара реттеу арқылы жүріп жатады. Біз бұл көріністі жоғары дамыған жануарлардың ерекше формаларын, әлеуметтік мінезқұлықкешені ретінде қарастырамыз.

Жалпы дарақтардың қарым-қатынасы барлық ішкі популяциялық топтарға сәйкес және оларды айқын немесе одан кем басымдылық жүйесіні жақызуға болады. Басымдылықтың нақты формасының көрінісі әр түрлі түрлерінде кеңінен құбылып отырады. Осындай өзара қарым-қатынас жүйесін иерархиялық деп атайды. Мұндай жүйе кезінде топ құрамында түрлі дәрежеге жеткен дарақтар ерекшеленеді: «доминант», «субдоминант» (доминантқа бағынады, бірақ басқалардан жоғары болады). Мұндай иерархиялық жүйе көптеген түрлерде болады. Атап айтқанда, ол зертханалық ақ тышқандарда зерттелген. Осындай иерархиялық жүйе кейбір бауырымен жорғалаушыларда да сипатталған, атап айтқанда игуаналарда аумақтық қарым-қатынастар қалыптасады, яғни доминанты дарақтар көршілес аймақтарына кіріп, олардың тарапынан қауіпке ұшырамайды. Ішкі популяциялық иерархияда басқа да нұсқалары болады. Мысалы, нильдік қолтырауының Crocodylus niloticus популяциясын алсақ, оларда доминанты аталықтар аумақтарды жаулап, оларды қорғайды, ал барлық қалған дарақтарда аумақтар болмайды. Жекелеген түрлерінде «диспотикалық» басымдылық байқалады. Мұндай қарым – қатынастың құрылымы атжалмандарға Onychomys lucogaster breviauritus тән. Әсірессе, өзара қарым-қатынас жабайы үй тышқандарда байқалады және олар адамадардың тұйық құрылыстарында мекендейді. Басымдылық қарым-қатынасы жиі аталық жануарлар арасында ғана байқалады, бірақ бірқатар түрлерінің паралелі қалыптасады, яғни доминанты ұрғашы жануар болады. Осының басты биологиялық мәні ұйымшылдық дәрежесінің артуы, табынның «басқарылуы» және өзара қарымқатынас ерекшелігі болып табылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет