Жаратылыстану факультеті



бет1/6
Дата27.11.2022
өлшемі413,67 Kb.
#52961
  1   2   3   4   5   6

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Жаратылыстану факультеті


Физика кафедрасы




БӨЖ
Тақырыбы: Осмоттық қысым. Раул заңы. Генри заңы.

Орындаған: Худайназарова С


Қабылдаған: П.ғ.к ,доц. Сарыбаева Ә
Мамандық: 6В01510-Физика мұғалімдерін даярлау
Тобы: ЖФЗ-111
Мазмұны:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1.Осмоттық қысым.
2.2.Осмоттық қысымға байланысты тәжірибелер
2.3.Осмоттық қысымның пайда болу себептері
2.4.Раул заңы,салдарлары мен ауытқулары
2.5.Генри заңы
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ

Ерітінді жайлы ілім өз алдына жеке бөлім болып, жалпы табиғаттану ғылымынан бөліне бастағаннан оның табиғатына қата-рынан екі көзқарас қалыптаса бастайды. Олардың бірін — ерітін-ділердін, физикалық, ал екіншісін — химиялық теориясы дейді. Ерітінділердің физикалық теориясы XIX ғасырдың екінші жарты-сында қалыптасты. Ол теорияның негізін салушылар С. Аррениус пен Я- Вант-Гофф болды. Бұл теория еру процесі жай физикалық қоспа ретінде, еритін заттардың ұсақ бөлшектері еріткіш көлемін-де біркелкі таралған, олардың араларында ешбір әрекет бол-майтын орта сияқты ұғымда қарастырылады. Олай болса, бұл теория еритін зат пен еріткіш араларында ешбір химиялық әрекет жүрмейді деген пікірді теріске шығармайды. Жалпы физика-лық теория ерітінділердін, қайнау температураларының жоғары-лауы, қату температураларының төмендеуі, будың қысымы, ос-мостық қысым сияқты касиеттеріне сүйенді. Бұл шамалар ерітін-ділердің концентрациясына тәуелді де, еріген заттың табиғатына тәуелсіз. Сондықтан да бұл теория бойынша ерітінділер еріген заттардың күйі газ күйіндегі ерітінділер секілді болып келетін молекулалардың бірыңғай қоспасы іспеттес.
«Осмостық қысым» тіркесін әртүрлі ғылыми әдебиеттерде, физика немесе химия оқулықтарынан көруге болады. Әртүрлі заттардың ерітінділері туралы, концентрация туралы жиі айтылады.Физикалық құбылыстардың ішінде табиғатта осмотикалық қысым деп аталатын құбылыс бар.Осмотикалық қысым – жартылай өткізгіш мембрана арқылы таза еріткіштен бөлінген ерітіндідегі артық гидростатикалық қысым, бұл кезде мембрана арқылы еріткіштің диффузиясы тоқтайды.Бұл қысым еріген зат пен еріткіш молекулаларының қарсы диффузиясына байланысты екі ерітіндінің де концентрациясын теңестіруге бейім.Осмостық қысым градиентінің өлшемі, яғни жартылай өткізгіш мембранамен бөлінген екі ерітіндінің су потенциалының айырмашылығы тоникалық деп аталады.
Басқа ерітіндіге қарағанда осмостық қысымы жоғары ерітінді гипертониялық, ал осмостық қысымы төмен ерітінді гипотоникалық деп аталады.

,



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет