Лекция №1-2
Тақырыбы: Кіріспе. Пәннің мақсаты, міндеті және мазмұны. Ботаника ғылымы
Жоспары:
«Жаратылыстану негіздері» пәнінің мақсаты, міндеттері, мазмұны
Ботаника туралы түсінік
Ботаника бөлімдері
«Жаратылыстану негіздері» пәнінің мақсаты – болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне «Дүниетану» және «Жаратылыстану» пәндерін оқытуға қажетті теориялық білім мен практикалық білікті қалыптастыру, сонымен қатар табиғатты қорғау іс-шараларымен танысу, диалектика-материалистік түсініктердің қалыптасуында жағдай жасау.
Жаратылыстану негіздері пәні үш бөлімнен тұрады:1) “Ботаника негіздері” курсы; 2) “Зоология негіздері ” курсы; 3) “Жертану негіздері” курсы.
“ Ботаника негіздері” және “ Зоология негіздері” курстары өз алдына келесі мақсаттарды қояды – студенттерді өсімдіктер мен жануарлардың көп түрлілігімен, экологиялық мәліметтерді пайдалана отырып өсімдіктер мен жануарлар арасындағы, өсімдіктер мен қоршаған орта, жануарлар мен қоршаған орта расындағы өзара байланысты анықтау. Жануралар мен өсімдіктер ағзаларында жүретін прцестермен танысып, олардың шаруашылықтағы маңызы мен қолданудың, өсімдіктер мен жануарларды қорғаудың тиімді жолдарымен танысады
Курстың мақсаты – экологиялық мағлұматтарды пайдалана отырып өсімдіктер мен жануарлар әлемінің әр алуандығымен таныстыру, өсімдіктер, жанауарлар мен қоршаған орта арасындағы өзара байланысты көрсету, өсімдіктер мен жануарлар мүшелерінде жүретін процестерді зерттеу, олардың маңызын көрсету, сонымен қатар өсімдіктер мен жануарлар ресурстарын үнемді пайдалану және қорғау қажеттілігі жайында ескерту.
2.Қазіргі заманда адамдардың айнала қоршаған ортаға әсері тез ұлғайып, бүкіл Жер шарын қамтыды. Адам іс-әрекетінің әсерінен жер бедері, климат жағдайлары өзгеруде. Бір жерлерде қолдан орасан зорып бөгендер жасалып жатса, оған керісінше басқа бір өңірлерде көлемді су алаптары жойылуда (мысалы, Арал теңізі). Жер қыртысынан миллиондаған тонна тау жыныстары қопарылып, топырақ құрамы азып-тозуда. Өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлері құрып кетудің аз-ақ алдында тұр, т.б. Осындай жағдайлар география ғылымының алдына табиғатты қорғау және оны тиімді пайдалану шараларын жүзеге асыру міндетін қойып оыр.
Адамның шаруашылық әрекетінің мықтап өркендеуі табиғатта болыу мүмкін өзгерістерді алдын ала болжау қажеттігін тудырады. Мысалы, ірі су электр станциясын салуға байланысты сол төңіректің табиғаты қай бағытта өзгереді, ол өзгерістердің тиімді және тиімсіз жақтары қандай болмақ деген мәселелер туады.
3. “Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі” мамандығында оқитын студенттер “Жертану және өлкетану” курсын толық меңгеру қажет.
“Жертану және өлкетану” курсының мақсаты болашақ бастауыш мұғалімін табиғат денелері мен құбылыстарының Жер бетінде таралу заңдылықтарымен және туған өлкенің табиғатын, тарихын, халқы мен шаруашылығы жайлы білім, іскерлік және дағдыларымен толық таныстыру болып табылады.
“Жертану және өлкетану” курсының мазмұнын игеру барысында студенттер балаларды Жер бетіндегі тіршіліктің мәні мен маңызын, аспан әлемінің сан қырларын, сонымен қатар өз өлкесінің табиғат байлықтары мен шаруашылығы туралы, мәдениеті жайлы білімдермен қаруландырады.
1.Ботаника өсімдіктердің ішкі және сыртқы құрылыс заңдылықтарын, жүйелерін, тіршілік әрекеттерін, таралу ерекшелігін, ортамен қарым – қатынасын өсімдіктер жабынының құрылысын зерттейтін ғылым.
Ботаника ғылым ретінде 2300 жыл бұрын қалыптасты. Оның негізін салған көрнекті ертедегі грек философы Аристотел және оның шәкірті Теофраст болған.Олар өсімдіктердің алуан түрлілігі мен қасиеттерін, оларды егу тәсілдерін, көбею жолдары мен шаруашылықта қолданылуын, таралу заңдылықтары жайлы мәліметтерді жинақтап, кітап етіп жарыққа шығарды.
Жер бетіндегі тірі организімдер қажетті энергияны күн сәулесінен алады. Оның басқа энергия түріне айналуы өсімдік клеткасында іс жүзінде асады. Бұл энергияның басқа түрге айналуында хлорофилл пигменті басты орын алады. Хлорофилл күн сәулесінің энергиясын сіңіріп, фотосинтез реакциясының жүруін бағыттайды. Сәуле қуаты химиялық қуатқа айналып, өсімдік бойында жиналады. Өсімдіктегі тыныс алу құбылысында жылу қуаты бөлініп, қоршаған ортаға тарайды.
Қазіргі таңдағы ботаника көп салалы ғылым.
Ботаниканың басты салалары.
І. Морфология өсімдіктердің сыртқы пішіні мен ішкі құрылысын жай көзбен, арнаулы оптикалық құралдармен ( лупа және микроскоппен ) зерттейтін сала. Бұл саланы құрылымдық ботаника деп атайды, өз кезегінде өсімдіктер морфологиясы негізгі морфологиялық бір қатар бөлімдерді қамтиды.
1. Цитология-клетка құрылысы мен тіршілігін зерттейтін ғылым.
2. Гистология- өсімдіктер ұлпасының құрылысы мен олардың өсімдік мүшелеріндегі орналасуын зерттейді.
3. Анотомия- микроскоп көмегімен өсімдік құрлысын зерттейді.
4. Эмбриология- ұрықтың пайда болуын және оның бастапқы даму кезеңдерін зерттейді.
ІІ. Өсімдіктер физиологиясы олардың өздеріне тән тіршілік құбылыстарын (зат алмасу, даму және тағы басқа ) зерттейді. Физиология физика мен химияның зерттеу тәсілдерін кең түрде қолданады.
ІІІ. Өсімдіктер систематикасы бір – біріне өзара тығыз байланысты екі мақсат қамтиды.
1.Өсімдіктерді туыстық топтарға жіктеу.
2.Өсімдіктердің эволюциялық дамуының тарихи тізбегін анықтау.
ІV. Палеоботаника өсімдіктердің геологиялық кезеңдердегі өзгеруінің жалпы заңдылықтарын зерттейді. Бұл ғылыми бағыттың мәліметтері, өсімдіктер әлемінің тарихи дамуының заңдылығын анықтауға біршама өз әсерін тигізеді.
V. Фитоценология өсімдіктер қауымының қалыптасуын және даму заңдылықтарын зерттейді.
Фитоценоз табиғатта белгілі құрылымы бар, біршама тұрақты және заңды түрде қайталанатын орман, дала, шөл, батпақ, тундра өсімдіктерін құрайды.
VI. Өсімдіктер географиясы - өсімдік түрлері мен фитоценоздардың жер шарындағы таралуының ауа-райына, топыраққа және геологиялық тарихына байланысты зерттейді.
VІІ. Өсімдіктер экологиясы - өсімдіктің және олардың популяцияларының бір – бірімен және олардың сыртқы ортамен қарым-қатынасын зерттейді.
2.Өсімдіктер екі түрлі жолмен қоректенеді және соған байланысты оларды автотрофты және гетеротрофты деп атайды.
1.Автотрофты деп өзінің вегетативті денесін түзуге қажетті органикалық заттардың бейорганикалық заттардан (судан, газдан, топырақтағы минералдық заттардан) синтездейтін өсімдіктерді атайды.Себебі бұларда арнайы жасыл пластидтер – хлоропластар бар.Бұларға жоғары сатыдағы өсімдіктердің басым көпшілігі, балдырлар жатады.
2.Гетеротрофты организмдер органикалық заттарды бейорганикалық заттардан синтездеуге қабілеті жетпейді. Бұларға саңырауқұлартар, кілегейлілер, төменгі сатыдағы өсімдіктердің паразит түрлері жатады. Олар тірі организмнің есебінен дайын органикалық заттармен немесе өлі оргаизмдердің қалдықтарымен қоректенеді.
3.Өсімдіктер экологиясы.
Жер шарында өсімдіктердің 500 млн-нан астам түрі бар. Жыл сайын ғылымға жаңа түрлері еніп отырады. Өсімдіксіз тіршілік атаулыны елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі таралмаған.
Қазақстанда орман қоры 21,8 млн га жерді алып жатыр. Яғни, елімізде барлық жерінің 3,35%-ын құрайды. Біздің өлкеміздің ормандар жүйесі, негізінен, солтүстік және шығыс аймақтарда шоғырланған. Ормандардың бірнеше типі бар. Олар – сексеуіл, қылқан жапырақты және аралас ормандар, тоғайлар мен бұталар.
Орман қоры жер шары бойынша жылдан-жылға қысқара түсуде. Құрлықтың 62 млн км2 жерін өсімдіктер мен орман алып жатыр. Республикамызда ормандар аз және олардың жағдайынашар. Оның негізгі себептері – антропогендік факторлар, өрт, ауа райының өзгеруі мен қоршаған ортаның ластануы.
Қазақстанда орманға қарағанда табиғи жайылымдар басым. Өсімдіктің біздің жерімізде 5700-дей түрі өседі. Оның 500-ден астам түрі қорғауды қажет етеді. Жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтап қалу мақсатымен 1981 жылы “Қызыл кітап” шығарылды. Оның мақсаты – жойылып бара жатқан өсімдіктерді есепке алып, оларды сақтап қалу. Бұл жұмысты іске асыру үшін көптегени қорықтар ұйымдастырылуда.
Қорық ұйымдастыру ісіне біздің республикамызда соңғы жылдары көп көңіл бөліне бастады. Қазірдің өзінде 9 мемлекеттік қорық, 7 ұлттық табиғи саябақ, 17 ботаникалық, 40 зоологиялық, 2 ботаникалық-геологиялық қорыққорлар құрылған. Алматы, Шымкент, Қарағанды т.б. ірі қалаларда ботаникалық бақтар бар.
Көптеген аймақтарда жастардың белсенділігін арттыру мақсатымен “Жас орманшылар”, “Жасыл патрульшілер”, “Жас экологтар”, “Жас натуралистер”, т.б. үйірмелер ұйымдастырылған.
Сирек кездесетін және дәрілік өсімдіктерді қорғау баршаның ісі. Біздің жеріміз дәрілік өсімдіктерге өте бай. Олар көбінесе Іле Алатауы, Жетісу Алатауы, Алтай таулары мен Қаратау тау жоталары көп шоғырланған. Әсіресе алтынтамыр, маралоты, дәрмене жусан, қылша, шайқұрай, жалбыз, бәйшешек түймедақ, мыңжапырақ, тау жуасы, сарымсақ, тасжарған, алтай рауғашы, қызылжидек, сасыр т.б. өсімдіктер медицинада кеңінен қолданылады. Мәселен, Шымкентте осындай дәрілік өсімдіктерден (жәрмене жусан) дәрі-дәрмек жасайтын фармацевтикалық зауыт бар.
Еліміздің шөлді және шөлейтті белдемдерінде орналасқан Мойынқұм, Тауқұм, Жалпаққұм, Қызылқұм сияқты ерекше құм жоталары бар. Олардың бәрі – біріншіден, тұнып тұрған өсімдіктер ортасы болса, екіншіден, жайылым қоры болып саналады. Бірақ елімізде полигондар мен жел эрозиясына ұшыраған жердің көлемі 25 млн га-ға жетіп отыр. Осыған орай, біз шұрайлы жайылымдар қорын сақтап қалу үшін осы жерлерді ерекше қорғалатын аумақтарға жатқызып, қамқорлыққа алуымыз керек.
Сирек кездесетін өсімдіктердің қатарына ағаштар да жатады. Оларды кесіп, отынға, құрылыс материалы үшін пайдалануды азайту керек. Қазірдің өзінде іле шыршасы, самырсын, шетен, ырғай, тораңғыл, долана, шырғанақ, емен, т.б. ағаштар қорғауды қажет етіп отыр.
4.Өсімдік – табиғат қазынасы, халық байлығы. Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Себебі ол – тіршілікке қажетті органикалық зат пен оттегінің қайнар көзі, өсімдікие түзілген органикалық заттарды бүкіл тірі ағзалар пайдаланады.
Тірі ағзалар тұтынатын және қоректенетін азықтардың негізгі бөлігі өсімдіктер болып табылады. Өсімдіктің медицинада алатын орны ерекше. Өсімдіктердің 150-ден астам түрлерінен дәрі жасалады. Адам өсімдіктерді сәндік үшін де өсіріп, эстетикалық ләззат алып, рақаттанады.Өсімдік адамның денсаулығын нығайтып, бойына күш береді. Тынымбақтардағы өсімдіктердің хош иісі, сәнді реңі адамның жүйке жүйесінің жұмысын жақсартып, көңіл күйін шаттандырады.
Сонымен қатар өсімдіктер басқа көптеген жерлерде де қолданылады. Сондықтан да өсімдіктерді қорғау және оларды көбейту – біздің басты борышымыз.
Достарыңызбен бөлісу: |