Пәннің оқу бағдарламасы Пәннің мақсаты



бет1/10
Дата26.12.2023
өлшемі495 Kb.
#144023
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ФОӘ жалпы мәселелері Ф-23-1у







Пәннің оқу бағдарламасы
Пәннің мақсаты. Физиканы оқыту әдістемесі пәні жоғары оқу орындарында болашақ физика мұғалімі меңгеруге тиісті теориялық білімдердің, дағдылар мен шеберліктің көлемін, сол сияқты орта мектептегі физика курсының мазмұны мен құрылымын анықтайды
Пәннің міндеттері: - студенттердің орта және жоғары оқу орындарындағы физика курсының ғылыми және психология-педагогикалық негізінің құрылымы мен мазмұнын оқып үйрену;
- физиканы оқытудың принциптері мен әдістері
Пререквизиттер. Пәннің оқытылуы студенттердің төменгі курстардағы педагогика, психология, жалпы және теориялық физика курстарынан алған біліміне сүйенеді.

Постреквизиттер. Пәнді толық меңгерген студенттердің алған білімдері педагогикалық практика өту кезінде пайдаланылады.
Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер: Орта және орта оқу орындарындағы физика курсының ғылыми және психологиялық және педагогикалық негізінің құрылымы физиканың оқытудың принциптерімен әдістерін пән бойынша оқу жоспарын жасауды біледі. Оқу процесін ұйымдастыру формаларын жасау, формаларын оқытудың инновациялық әдістерін салыстырып, қорытынды шығаруға қабілетті. Оқу әдістемелік әдебиеттерді өз бетінше терең оқып оқу процестерінде бағалаудың өлшемдік технологияларының негізінде оқушылардың білімін талдай және бағалай алады.
Пән бойынша оқытудың күтілетін нәтижелер: ОН1: Педагогика,физиканы және информатиканы оқыту әдістемесін, соның ішінде online режимінде, оқытудың қазіргі білім беру технологияларын біледі. Оқу процесінде ақпараттық ортаның мүмкіндігін пайланады.
ОН2: Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістері, формалары мен тәсілдерін, инклюзивті білім берудің тиімділігі мен құндылықтарын түсінеді. Балалар мен жасөспірімдер өсунің жалпы заңдылықтарын, жүйке жүйесінің физиологиясын біледі. Тұлғаның даму заңдылықтарын, оқыту және тәрбиелеу процестерін біледі, білім беру процесінің барлық деңгейлерінде психологиялық-педагогикалық көмекті жүйелі ұйымдастырудың құралдары мен әдістерін біледі; педагогикалық іс-әрекетте жүйелі ойлау және оны тұтас қабылдау туралы түсінікке ие.
ОН3: Кәсіби қызметінде жаңа білім беру технологияларын, зертханаларды, жазу құралдарын, видео, мультимедиялық құралдар, интернетті; бала құқығы мен ерекше мұқтаждатағы адамдар құқықтар халықаралық және отандық негізгі құжаттарды; бағалаудық сыни әдістері: формативті және жиынтық бағалауды; педагогикалық ,физикалық және информатикалық білім беру саласындағы зерттеулер нәтижелерін қолданады.
ОН4: Білім беру процесінің барлық субьектілерінің (өзіндік, оқушылардың, ата-аналардың) қызметтерін талдайды, сыныптық және зертханалық сабақтарда физиканы және инфороматиканы оқыту процесін жетулдіру үшін әріптестерімен бірлесе жұмыс істей алады. Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру жолдарын біледі және оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысына жетекшілік жасай алады.
ОН6: Физиканы оқытудың теориялық негіздері мен технологияларын және физиканың іргелі теорияларын меңгереді.
ОН9: Физикалық және информатикалық білімнің теориялық және эксперименттік негіздерін физика мен информатиканы оқыту технологиясында қолданады; оқушылардың пәнді игеру шеберлігін қалыптастыру әдісін меңгереді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет