Жаратушы жан-алла



Pdf көрінісі
бет1/21
Дата31.01.2023
өлшемі0,5 Mb.
#64222
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


ЖАРАТУШЫ ЖАН-АЛЛА 
Жаратушы – Жан-АЛЛА, 
Жарылқаушым ғаламда. 
Мейіріңнен дәметем 
Кірпігімді жабарда. 
Әзірейіл төнгенде, 
Қарқараға келгенде 
Не қылармын, Құдай-ай!? 
Жан тапсыру уайымын, 
Әзәзілдің ойынын – 
Сенен жәрдем болмаса 
Не қылармын, Құдай-ай!? 
Оңайлықпен жанды ал да 
Сапарымды оңда, АЛЛА! 
Жан кеудеден самғарда, 
Тәнім жерде қалғанда, 
Табытқа әкеп салғанда 
Не қылармын, Құдай-ай!? 
Түстім талай аранға, 
Баттым талай харамға, 
Бола ала алам ба панаңда, 
Жаратушы – Жан-АЛЛА, 
Жарылқаушым, ғаламда? 
Кеудеге тас басылып, 
Жерге мәңгі жасырып, 
Жыйылған жұрт асығып 
Жеті қадам ұзарда, 
Мүңкір-Нәңкір сұрарда 
Не қылармын, Құдай-ай!? 
Рухты Тән қарсылап, 
Қылған күнәм жаншылап; 
«Раббың кім?» – деп періште, 


Қысқан кезде сан сұрақ – 
Не қылармын, Құдай-ай!? 
Құл Қожа Ахмет, мақтанба 
Нәпсі-кірге батқанға! – 
Мақшар Таңы атқанда 
Не қылармын, Құдай-ай. 
 
Уа, Жаратқан 
Уа, жаратқан! 
Хақ есігін аш алыстан, 
Мен бір жемтік, жеді нәпсім – аш арыстан. 
Күнәм шексіз, бақытсыздық батпағынан 
Шығара гөр мен бейбақты қасарысқан. 
Дүние – нәпсі, соны іздеген соры қалың 
Иттей болдым, сүйек тастар жолыма кім? 
Қара басты! – Хақ жолынан мен адастым, 
Қайда барам, ей, достарым, не қыламын? 
Нәпсі, шайтан жүргізеді жарлық маған, 
Бір пенде жоқ соған құл боп шалдықпаған. 
Пендең сорлы – танымаған оң мен солды, 
Уа, дариға, қасіреттен қаңғып барам. 
Десе сенбе: менен де өткен болды әлемет, 
Қылығыммен салып біттім елге де әлек. 
Жүзім – қара, басып өткен ізім қара, 
Қай түріммен көрінемін, мен – қарабет?! 
Әзіз жанның жақсылығын танымадым, 
Қайтіп онда жан сырына бағынамын?! 
Бас ұрмады дәргейіңе масыл, залым, 
Иә, Раббым, енді, міне, зары қалың. 
Күнәм – ауыр, не бетім бар Досқа қарар? – 
Сансыз тәубе жеңілдетпес масқара бар. 
Құл Қожа Ахмет жылап келді, ал панаңа, 


Назарың сал, жерім бар ма басқа барар?! 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет