«жаркент өңірі» қҰрылтаЙШы: Панфилов ауданының



жүктеу 2.87 Mb.
Pdf просмотр
бет3/5
Дата17.01.2017
өлшемі2.87 Mb.
1   2   3   4   5

      (ӨЗ   ТІЛШІМІЗ). 

ТАҒЗЫМ


ЕСІМІ     ЕЛДІҢ    ЕСІНДЕ

  

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы 



Назарбаев  айтқандай  «Уақыт 

қарқыны  зымыран.  Күні  кеше 

өткен  сияқты  оқиғалар  бүгінгі  та-

рих  беттеріне  айналып  үлгерді. 

Бұл  жаңа  мемлекет  пен  жаңа 

қоғамның  дүниеге  келуінің  азап-

ты  толғаққа  толы,  сонымен  бірге 

ғаламат  сәті  еді.  Сол  сәт  әлі 

аяқталған  жоқ,  бірақ  ең  қиын  бе-

лестерден аса білдік. Ең қиын жыл-

дар  дәл  қазір  артымызда  қалды, 

сондықтан  да  мен  еліміздің  еңсесі 

биіктей  беретініне  сенемін».  Биыл 

Тәуелсіздігіміздің  таңы  атқанына 

жиырма  бес  жыл  толып  отыр.  Тіл 

мен  Тәуелсіздік  -  егіз  ұғым.  Тіл  - 

Тәуелсіздігіміздің  қуатты  құрамы, 

асыл  ой  мен  парасат  белгісі, 

елдігіміз бен бірлігіміздің туы.Еліміз 

Тәуелсіздік  алғалы  бері  жүргізіліп 

келе  жатқан  тіл  саясатының 

арқасында  қазіргі  таңда  қоғамда 

тіл 

туралы 


оңды 

көзқарас 

қалыптасып  отыр.  Мемлекеттік  тіл 

мәртебесіне  ие  қазақ  тілі  бүгінде 

ұлттық  руханиятымыздың  өзегіне 

айналды. 

      Әрине асыға күткен Тәуелсіздігіміз 

бізге  оңай  келмеді.  Қаншама  қиын 

– қыстау кезеңнен, қанжылатардай 

қиын кезеңдерден өттік.  Тәуелсіздік 

–  халықтың  тойы,  елдің  тойы. 

Қалың Қазақ, алты алаш туған күн, 

мерейтой.  Тәуелсіздік-  ең  алды-

мен  Қазақ  халқының  бостандыққа 

ұмтылған  асқақ  армандары  мен 

қайсар рухының жемісі. 

    

      


          Айнұр     

                               САНСЫЗБАЙ,  

А.В.Луначарский  атындағы  орта    

мектеп  –  гимназиясы  қазақ  тілі 

мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі. 

ТӘУЕЛСІЗДІК – 

ХАЛЫҚТЫҢ  ҮНІ

 

Еліне  елеулі,  халқына  қалаулы  болған  абзал  азаматтар  өңірімізде  аз 



емес. Солардың бірегейі, ауыл шаруашылығы өндірісінің айтулы маманы, екі мәре 

«Еңбек  Қызыл  Ту»  мен  «Құрмет  белгісі»  ордендері  мен  көптеген  медальдардың 

иегері, марқұм Шәріп Омаров. 

 

Жаркент  қаласының  солтүстік  шетіндегі    «Жаңақұрылыс»  шағын 



ауданындағы жаңа көшелердің біріне Ш.Омаровтың есімін беруге арналған жиында 

аудан әкімі Бердәулет Абдулдаев , Панфилов, Ақсу және Кербұлақ аудандарының 

«Құрметті азаматы» Ғалым Тұрғанбаев, Алматы облыстық ардагерлер Кеңесінің  

төрағасы Ермек Келемсейіт, ҚР АШМ АӨК МИК Алматы  облыстық аймақтық ин-

спекция басшысы  Серік Аханов, Социалистік Еңбек Ері Күләш Айтжанова, Пан-

филов  ауданының  «Құрметті  азаматтары»  Ағзам  Марипов,  Галина  Молчанова, 

Ш.Омаровтың  ұлы Болат Омаров сөз алып, ауданымыздың ауыл шаруашылығын 

өркендетуге  лайықты  үлесін  қосқан  Шәріп  Омарұлының    өмірбаяны  мен  еңбек 

жолы, тағлымды ғұмырнамасы  жайлы әсерлі әңгімелеп берді. 

 

Бұдан соң жас ұландар өлеңдерін оқып, «Жаркент әуендері» ансамблінің 



өнерпаздары шағын концерттік бағдарламасын көпшілікке  тарту  етті. 

 

Көшеге ардақты азаматтың есімі жазылған ескерткіш тақтаның ашылу 



рәсімінде  аудан  әкімі  Б.Абдулдаев,  облыстық  ардагерлер  Кеңесінің  төрағасы  Е. 

Келемсейіт, Социалистік Еңбек Ері К.Айтжанова мен марқұмның інісі З.Омаров лен-

та қию құрметіне ие болды. 

 

Жұбайы Роза Әбілқайымқызы екеуі жұптасып 47 жыл тату-тәтті ғұмыр 



кешкен отбасында 2 ұл мен 1 қыз, 7 немере мен 2 шөбере өсіп-өнуде. 

 

Қарапайым  агрономнан  аудандық  ауыл  шаруашылығы  басшысына 



дейінгі еңбек жолынан өткен ірі өндіріс ардагері Шәріп Омаровтың рухына терең 

тағзым жасап, оны естеріне түсірген жерлестерінің бұл игілікті  шарасы-көпшіліктің 

көңіл түкпірінен орын алды. 

            Марқұмның әруағына арналып «Атлантик» мейрамханасында  ас берілді. 

                                                                                                      

 

Г.  ИСМАЙЫЛЖАНОВА. 



Суретте : Н.Хайруллин

дұрыс  емес»  деп  өздерінің 

діни  ағымының  ұстанымдарын 

тықпалады,  дәстүрлі  дінімізге 

қарсы  шықты.  Енді,  бүгін  елдің 

ішіне    лаң  салғысы  келетін 

пиғылын танытып отыр. 

 

Елбасы  Жолдауында 



осы мәселеге арнайы тоқталды.  

Жастарымыздың бір бөлігі өмірге 

жат осы жалған діни көзқарасты 

көзсіз  қабылдап  жатқанына 

алаңдаушылық  білдірді.  Елба-

сы  ата-бабаларымыз  таңдаған 

ғасырлар  бойы  қалыптасқан, 

ұлттық 


салт-дәстүрімізбен 

бетпе-бет 

қайнасқан 

діни 


ұ с т а н ы м д а р ы м ы з д а н 

айнымауға шақырды. 

 

Негізінен 



діннің 

діттегені-бүлік емес, бірлік екенін 

ізгі  ниетті  адамдар  айтуындай-

ақ  айтып  келеді.  Өйткені,  дін 

адамгершілік, мейірім, ізгілік пен 

имандылықтың адамзатты алға 

жетелейтінін  уағыздайды. Бірақ 

соған  қарамастан  «бүйректен 

сирақ»  шығарып,  теріс  жолға  

бұра  тартатындар  бүлікшіл 

әрекеттерін қояр емес.  

 

Жуырда  аудан  әкімі 



жанындағы  терроризмге  қарсы 

комиссия отырысы өтіп, оны ау-

дан әкімі Бердәулет Абдулдаев 

ашып, жүргізіп отырды. 

 

Комиссия 



отыры-

сында  «Халықты  жұмыспен 

қамту,  соның  ішінде  жа-

старды 


жұмыспен 

қамту 


мәселелерін  шешу  үшін  және 

деструктивті  дәстүрлі  емес 

діни 

ағымдардың 



әсерінен 

қоғамды қорғау үшін аудандағы 

ә леу м е т т і к - э к о н о м и к а л ы қ 

бағдарламалардың 

жүзеге 

асырылуының  тиімділігі  тура-



лы»,  «Ақпараттық-насихаттау 

топтарының 

діни 

экстре-


мизм  мен  терроризмге  қарсы 

атқарылған  жұмыстар  туралы» 

мәсле қаралды. 

 

Күн тәртібінде қаралған 



аталмыш  мәселелер  бойын-

ша  аудандық  жұмыспен  қамту  

орталығының 

директоры 

Қуандық  Әшіржанов,  Алматы 

облысының  жастар    ресурстық 

орталығы»  КММ-нің  филиалы 

«Панфилов  ауданының  жа-

стар  ресурстық  орталығының» 

кеңесшісі  Ерлан    Нарымбаев, 

аудандық  ішкі  саясат  бөлімінің 

басшысы  Марат  Илипов,  Жар-

кент  қаласының  әкімі  Ерғали 

Шоқпаров,  аудандық  білім 

бөлімінің 

басшысы 


Тұрар 

Қастеев,  аудандық  ішкі  істер 

бөлімі    бастығының  орын-

басары  Руслан  Керімқұлов, 

Шолақай  ауылдық  округі  әкімі 

аппаратының    бас  маманы  Ал-

мас Қуанышев хабарлама жаса-

ды.  


 

Мұнан  соң  басқосуда 

көтеріліп  отырған  мәселе  бой-

ынша ұлттық қауіпсіздік комитеті 

департаментінің    аудандық 

бөлімінің аға жедел уәкілі Арман 

Дүкенбеков хабарлама жасады. 

Сондай-ақ  Алматы  облыстық 

дін 

істері 


басқармасының 

бөлім  басшысы  Қазбек  Ома-

ров,  Алматы    облыстық  жа-

стар  ісі  жөніндегі  басқарманың 

бас  маманы    Бейбіт  Сарқұлов 

сөз  алып,  қаралып  отырған 

осы    мәселелер  бойынша  өз 

пікірлерін  білдірді. 

 

Комиссия 



отыры-

сында  аудандық  ішкі  саясат  

бөліміне,  «Алматы облысының 

жастар  ресурстық  орталығы» 

КММ-нің  филиалы    Панфилов 

ауданының  жастар  ресурстық 

орталығына,  білім  бөлімі  мен 

жұмыспен  қамту  орталығына, 

Жаркент  қаласы және ауылдық 

округ  әкімдері  мен  барлық  ко-

миссия  мүшелеріне  нақты  тап-

сырмалар жүктелді.

                                Б.ТЛЕУХАН.


 

4

«Жаркент  өңірі»

№ 44  (8835)

28 қазан  2016  жыл

ТАРИХЫ  ТҰНҒАН  ТАҒЫЛЫМ

БІЛІМ   МЕН    ТӘРБИЕНІҢ    БАСТАУЫ

60 жыл

    


ПАРАСАТ    ПЕН  

 ІЗГІЛІКТІҢ  МЕКЕНІНЕ

             Аудан орталығы Жаркент қаласында  

осыдан 60 жыл бұрын  ашылған  №6 орта мек-

теп-интернаты көп ұлтқа құтты мекен болып 

отырған осынау жазиралы өңірде, оқу тәрбие 

жұмыстарын  ұлттық  ерекшеліктерге  сәйкес 

құра  білетін,  білім  мен  тәрбиенің  жаңа  әдіс-

тәсілдерін  заман сұранысына сай қолданып

дамытушы  білім  ордаларының  бірі    емес, 

бірегейі десек қателеспейміз. Іргетасы өткен 

ғасырдың екінші  жартысында, дәлірек айтсақ  

1956 жылы қаланып  Сергей Степанович По-

туданский  басшылық  жасаған  .  Одан  кейін 

мектеп басшылығы қызметін Григорин, әкелі-

балалы Леонид Васильевич Лян мен  Анато-

лий Леонидович Лян, Тұрсын Ибраймжанұлы 

Қожахметов, Советхан Ошақбайұлы Абишев, 

кейіннен  Светлана  Токушқызы  Смагуло-

ва,  Есмұхамед  Меденов,  Жексен  Баратұлы 

Арымбеков,  Тұрдәлі  Қайназарұлы  Өмірбаев 

сынды  азаматтар  абыроймен  атқарды.  Сол 

ашылған  1956  жылы  222  тәрбиеленуші 

жас 


жеткінщектер 

облысымыздың, 

ауданымыздың 

түкпір-түкпірінен 

келіп 

білім  алды,  мектепте  12  сынып  толықтай 



жабдықталып,  6  тәрбиеші  жұмыс  жасады. 

 

Мектептің  өткен    тарихына    аздап 



шолу жасаcақ,   өткен ғасырдың 70-90 жылда-

ры бұл оқу ордасының даңқы Одаққа таны-

мал  білім ордасы болғандығын айғақтайды.

Оған 1977жылы Қаз КСР-ның Білім министрі  

С.  Балахметовтың,  1987  жылы  Қазақстан 

Коммунистік  партиясының  республикалық 

семинарының  өткізілуі  және  1988  жылғы 

ҚазКСР-ның  Жоғарғы  Кеңесінің  төрағасы  

Муқашевтің,  облыстың  бірінші  хатшысы  

Ануфриевтердің    келуі  мектеп  мәртебесінің  

Одақтық  деңгейдегі  дәрежесінің  көрсеткіші 

іспетті.  Сол  жылдары  мектеп  директоры 

қызметін  атқарған  Анатолий  Леонидович 

Лянның  да  еңбегі  мемлекет  тарапынан 

«КСРО Білім министрлігінің, облыстық, Алма-

ты қаласы әкімінің» құрмет грамоталарымен, 

«Қазақ КСР-ң оқу-ағарту  ісінің үздігі» атағын 

алуымен лайықты  бағаланғанын  байқаймыз. 

         «Өркениетке апарар жолдың бірі мектеп» 

- деген тәмсілді арқау ете отырып,   осы оқу 

ордасының өткеніне  көз жүгіртсек, аталмыш 

№6 орта мектеп- интернаты  осынау 60 жыл 

ішінде үлкен өмір жолынан өтіп заман тала-

бына сай, кемелдеген білім ордасына айнал-

ды. Мәселен, 1956 жылдан 2016 жылға дейінгі 

аралықта   1854  оқушы орта білімді аяқтап, 

аттестат  алып  үлкен  өмірге  түлеп  ұшты. 

Мектептің  кемелдену  жолына  білімді,  пара-

сатты басшылармен бірге ұлағатты  ұстаздар 

өлшеусіз    еңбек  етіп,  кейінгі  ұрпаққа  ерен 

еңбектің    үлгісі  мен  өшпес  өнеге  қалдырды. 

Бас-аяғы    60  жыл  ішінде  10  директор,  20-

дан  астам    оқу  ісінің  меңгерушілері  жұмыс 

жасап көптің құрметіне бөленді. Айтулы мек-

теп тарихындағы тағы бір елеулі оқиға – Ұлы 

Отан соғысының ардагері Данил Евграфович 

Важниннің  бастамасымен  1961  жылы  қолға 

алынып  1964  жылы  толықтай    жинақталып 

ашылған  «Тарихи-өлкетану  мұражайының» 

іске қосылуы. Мұражай кеңейтіліп 1970 жылы 

арнайы бір сынып бөлмесіне орналастырыл-

са,  1978  жылы  20  желтоқсанда  Қазақстан 

бойынша  Панфилов  қаласындағы  №1  «Мек-

теп мұражайы» дәрежесінің берілгендігі тура-

лы  күәлік тапсырылған екен, кейін 1983 жылы 

27 сәуірде ҚазКСР-ғы №247 ең «Үздік мектеп 

мұражайы»  дәрежесін  айғақтайтындығы  ту-

ралы  күәлік  берілген.  Белгісіз  себептермен 

біраз  жыл  тоқтап  қалған  мұражай  жұмысы, 

2008  жылы  мектеп  директорының  баста-

масымен  қайта  жанданып,  Д.Е.Важниннің 

шәкірттерінің, 

мектеп 

ұстаздарының 



және 

ата-аналардың 

көмегімен 

мұражай 


экспонаттары 

жаңартылып, 

реттеліп,  бастапқы  қалпына  келтірілді. 

   


Халық    аузында  «Мектеп  дарынды 

шәкірттерімен  әйгілі»-  деген,  жақсы  сөз  бар. 

Соған орай  60 жыл тарихы бар білім ордасын 

әр  жылдары  тәмәмдап,  бірі  Отан  қорғауда 

ерлігімен  көзге  түссе,  енді  бірқатары  бейбіт 

өмірде  өз  ісінің  маманы  аталып  ауданымыз-

да  талмай,  қажымай  еңбек  етуде,  және  де 

ел  құрметіне  бөленіп    өнер  мен  спорттың  биік 

шыңдарын  бағындырып  жүрген  дарынды  да 

талантты  түлектері    баршылық.  Мәселен,  осы 

мектептің түлегі, Кеңес әскері қатарында жүріп 

Ауғанстанда  өзінің  интернационалдық  боры-

шын  өтеу  кезінде  өшпес  ерлік  көрсетіп  қаза 

тапқан  (1988ж.)«Қызыл  жұлдыз»  орденінің 

иегері-  Көншібаев  Ербосын  Нұрмұхаметұлы, 

спорттық  додада  топ  жарған  Азкенов  Ж.Б. 

Азия  жеңімпазы,  грек-рим  күресінен  ҚР-ның 

бірнеше  дүркін  жеңімпазы,  Рамазанов  Е.Б. 

грек-рим  күресінің  спорт  шебері  атағын  алған, 

сондай-ақ,      кезінде  қаламыздағы  ГПТУ-нің 

директоры,  қала  әкімі  қызметтерін  абырой-

мен  атқарып,  қазірде  қаламыздағы  іргелі 

оқу  ошағының  бірі    Жамбыл  атындағы  орта 

мектептің  директоры-  Ризайдин  Сейітұлы  Ай-

саев  және  комсомол,  партия  басшылығында 

жұмыс  жасап,  аудан  әкімінің  орынбасары, 

Кербұлақ ауданының әкімі болған, іскер басшы, 

тәжірибелі  маман-  Азат  Нұрахметұлы  Абыка-

римов  т.  б.  азаматтарымыз  халыққа  танымал. 

Олар  өмірдің  әр  саласында  еңбек  етіп,  айна-

ласына үлгі болып, ел мақтанышына айналған 

жандар.            Қайталанбас өзіндік қолтаңбасы 

қалыптасқан    ауданымыздағы  іргелі  білім 

ошағын    №6  орта  мектеп-интернатының 

ұжымын  2006  жылдың  қазан  айынан  бергі 

уақытты  Айтжамал  Шағманқызы  Кобелекова 

басқарып  келеді.  Мектепте  10  пән  бірлестігі 

жұмыс  жасайды.  Ұстаздар  қауымының 

сапалық  құрамына  тоқталсақ,  жалпы  саны 

88  барлығы    жоғары  білімді,  жоғары  санатты 

ұстаздар саны 8,  бірінші санаттысы 35, қалған 

бөлігі  екінші  және  жалпы  санатты  құрайды.  

Мектепте  ұзын  саны-981  бала  екі  ауысымда, 

екі  тілде  заман  талабына  сай  білім  алуда.  42 

сынып  комплектісі  бар.  Жалпы  мектеп  бой-

ынша  14  мұғалім  «Өрлеу»  біліктілікті  артты-

ру  ұлттық  орталығы  акционерлік  қоғамының 

филиалы  «Алматы  облысы  бойынша  педагог 

қызметкерлер  біліктілігін  арттыру  иституты» 

орталығынан «Кэмбридж тәсілі бойынша » білім 

берудің  түрлі  деңгейлік  курстарынан  өткен. 

                      Биылғы  оқу  жылында    мектеп 

жанындағы  интернатта  жалпы  саны  75 

оқушы  тәрбиеленуде.  Интернатта  көбінесе 

малшылардың, көп балалы жанұялардың және 

сәтсіз жанұя, жартылай жетім  мен мектебі жоқ 

шалғай  аудандардың  балалары  қабылданған.

Олардың  жайлы,  жарық  бөлмелерге  орнала-

стырылуы,  4  уақыт  тамақтандырылуы  және 

оқу-тәрбие  жұмыстарымен  қатар,  уақтылы 

тынығуын  қамтамасыз  ету  жағдайымен  

жоғары  білімді  3  тәрбиеші  айналысады.  Және 

мектеп  жанындағы  интернатта  күзгі,  қысқы, 

көктемгі  каникул  күндерінде  аудандық  білім 

бөлімінің  ұйымдастыруымен  басқа  мектеп 

оқушыларынан  топтар  жасақтап  ҰБТ-ке  дай-

ындау  мен  түрлі  демалыстық  іс-шараларды 

өткізіп тұрады. Мектепті алтын белгіге бітірген 

оқушылар: Көбелеков Қуат, Каримжан Назира. 

          Білім саласының тәжірибелі маманы іскер 

Айтжамал Шағманқызының ұйымдастыруымен 

жұдырықтай  жұмылған  ұжым  мүшелері  «Білім 

заңы»  стандарттарын  басшылыққа  ала  оты-

рып  тиянақты  да  жүйелі  білім  беру,  дарын-

ды  оқушылардың  білімін  шыңдап  жетілдіру 

арқылы,  ұлтына,  Отанына  адал  қызмет 

ететін,  жоғары  мәдениетті,  елжанды  азамат 

тәрбиелеуді  өздерінің  басты  міндеті  санайды. 

 

 

2015-2016 



оқу 

жы-


лында  мектеп  бойынша  10  пән  бірлестігі, 

жас  мұғалімдер  тобы  және  дарынды  ба-

лалармен  жұмыс  арнайы  жоспар  бойынша 

жүйеленіп,  реттелген.  2015    жылдың  қазан 

айында  мұғалімдерге    әдістемелік    көмек 

беру,  кәсіби өсуіне жағдай жасау мақсатында, 

«Өрлеу»  біліктілікті  арттыру  ұлттық  орталығы 

акционерлік қоғамының филиалы «Алматы об-

лысы бойынша педагог қызметкерлер біліктілігін 

арттыру иституты» мен аудандық білім бөлімінің 

ұйымдастыруымен  аудан  көлемінде  семи-

нар  өткізілді.  Республикалық  «  Жылдың  үздік 

мұғалімі» жобасына қатысып  озық іс-тәжірибе 

ұсынып өз шеберлігі  мен біліктілігін танытқаны 

үшін  география  пәнінің    мұғалімі  Н.Ибраева  

«Жылдың 


үздік 

мұғалімі» 

медальімен, 

Талдықорған  қаласындағы  Ө.Жолдасбеков 

атындағы академияда өткен    І Халықаралық 

ғылыми - практикалық  конференцияға қатысып 

өз баяндамасын ұсынып, қорғағаны үшін тарих 

пәнінің  мұғалімі Қ.Ибрайымжанов ІІІ дәрежелі 

дипломмен және академик Ө.Жолдасбековтың 

мерейтойлық  төсбелгісімен,  «Өрлеу»  білім 

жетілдіру  институтындағы  семинарда  үздік 

шығып,  білім  беру  ісіндегі  айрықша  еңбегі  

үшін  информатика    пәні  мұғалімі  М.Манапова 

«Ұлағатты    ұстаз»  медальімен,  оқушылары 

Облыстық  ғылыми  жобалар  байқауында,  КҒА 

жүлделі  орындарды  алғаны  үшін  қазақ  тілі 

мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі  Г.  Сарсенбаева 

«Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.

         Облыстық білім басқармасы мектеп-ин-

тернаттар,  арасында  ұйымдастырған  «Үздік 

тәрбиеші»  байқауында  тәрбиеші  Қожақанова 

Ж.  арнайы  «Алғыс  хатпен»  интернат  арқылы 

өткізілген  «Умната»  байқауында  орыс  тілі 

мұғалімі  Г.Иманғалиева  лауреат  дипломы-

мен,  ал  А.Далабаева  ІІІ  орын  дипломымен, 

аудандық  «Жыл  мұғалімі-2016»  конкурсында  

география пәнінің мұғалімі Е.Тұрабов І орынды 

және  «Үздік  педагог»  байқауында  технология 

пәнінің  мұғалімі  М.Бектасова  ІІ  орын,  «Үздік 

бастауыш  сынып»  байқауында  З.Сұлтанова 

ІІІ  орынды  иеленіп  аудандық  білім  бөлімінің 

құрмет  грамотасымен  мадақталды.  Бұл  мек-

теп  ұстаздарының  барлық  байқауларға  бір 

кісідей  атсалысып,  талапқа  сай  жан-жақты 

дайындықпен  қатынасатындығының  дәлелі.

           Сондай- ақ, Халықаралық додаларда 

оза  шауып  бәйге  алып  жүрген  шәкірттеріміз 

жетерлік.  Олардың  қатарында-  Ойша  есеп-

теу  арифметикасы  бойынша  Республикалық 

олимпиадада  І  орынды  жеңіп  алған  Бек-

дайыр  Нұрлыбек  2016  жылдың  желтоқсан 

айында  болатын  Дубайдағы  Халықаралық 

олимпиадаға  жолдама  алды,  жетекшісі:  Р. 

Құстаева,  Бекмұхан  Нұргелді  болса  физика-

дан  Халықаралық  жобаға  қатысып  жүлделі 

ІІ  орынды  иеленді,  жетекшісі:  Бохбай  Н,  және 

Алибекова  Әдемі  Облыстық  пән  олимпиа-

дасында  ІІІ  орынға  тұрақтап,  Халықаралық 

ғылыми  жобада  да  ІІІ  орынды  жеңіп  алды, 

жетекшісі: 

А.Рахымбаева.Мектебімізде 

өлкетану  бағытындағы  жұмыстарды  жүргізу 

жақсы  жолға  қойылған,  себебі,  оның  бастауы 

жылдар бойы жалғасып келе жатқан «Өлкетану 

мұражайының» тарихымен тығыз байланысты.

Бұл  бағытта  да  оқушыларымыз-Бекмырза 

М.  «Асылақын-айтыскер  ақын»атты,  келесі 

бір  шәкіртіміз  –Қожаева  А.  «Өсек  өзені 

бойындағы  туризмді  дамыту»тақырыбында 

Республикалық  КҒА  жобалар  жарысын-

да  жүлделі  І  орынды  иеленіп  абройымыз-

ды  тасытты,  жетекшілері:  Г.  Сарсенбае-

ва,  Н.Ибраева.    Республикалық  интернет 

олимпиадаға қатысқан 2 сынып оқушылары: 

Г.Әусадық, 

Ж.Нұрғали, 

М.Санақбай, 

Г.Тоқсанбек,  М.Усекбай  қазақ  тілі  бойынша 

жеңімпаз  атанып  І  дәрежелі  дипломды  ие-

ленсе,  ұстазы  А.Джумашова    «Дипломмен» 

арнайы  «Алғыс  хатпен»    ұлықталды.  Тағы 

бір  бастауыш  сынып  мұғалімі  Г.Айсаева 

«Безопасный  мир»,  «Кругозор»  жобасын-

да  2  «В»  сыныбын  толық  қатыстырып, 

6  оқушысы  І  дәрежелі,  4  оқушысы  ІІ 

дәрежелі,  9  оқушысы  ІІІ  дәрежелі  диплом-

мен  марапатталып,  жетекші  мұғалімге 

«Алтын  алғыс  хат»  берілді.  Жоғары  сынып 

оқушылары  да  Халықаралық,  аудандық 

КҒА,  Республикалық  интернет  жобаларға 

қатысып  жүлделі  жеңіс  тұғырынан  көрінді. 

Атап  айтар  болсақ  –  «Бейбітщілік  Әлемі» 

халықаралық Қазақ Творчествалық бірлестігі 

ұйымдастырған  «Мәңгілік  Ел,  Қазақстаным» 

атты  ғылыми-теориялық  конференцияға 

7  оқушы  қатысты:  олар  9а  сыныбынан 

А.Шакирова  І  дәрежелі,  8ә  сыныбынан 

М.Санақбай ІІ дәрежелі, 9а сынып А.Қалиев 

ІІ дәрежелі, 6ә сынып оқушысы  Ә.Солтанбек 

ІІІ дәрежелі, 9а сыныбынан А.Моданова да ІІІ 

дәрежелі дипломдарды жеңіп алып жүлдегер 

атанды. Жетекші ұстаздары - М.Ильгедаева, 

Н.Ибраева,  Қ.Ибрайымжанов,  Ж.Шаукеева, 

А.Жолдасова, А.Кончибаева, Б.Бакетовалар.       

                Облыстық  «Дарын»  байқауында  9а 

сынып  оқушысы  А,Іргебаева  математика 

пәні бойынша жүлделі ІІІ орын, ал Бекмырза 

Мөлдір ІІІ орын алып, грамотомен облыстық 

КҒА-ның  «Алғыс  хатымен»  марапатталды. 

Жетекшілері:  Б.Бакетова,  Г.  Сарсенбаева. 

Республикалық  «Ғұмырдария»  байқауында 

Нұрқасымова  Динара  мен  Абдраманова 

Айгерім  жүлделі  ІІ  орынды  жеңіп  алды. 

Жетекшілері:  Г.  Сарсенбаева,  А.Әлімхан. 

Аудандық  КҒА  жобалар  жарысында  мек-

теп  оқушылары  Е.Елеусіз,  И.Шакирова, 

І.Еркін  ғылыми  жобаларын  сәтті  қорған 

жеңімпаз  болды.  Жетекші  ұстаздары 

Ж.Құдайбергенова    мен  А.Кончибаева. 

Республикалық  және  Халықаралық  мара-

фондар:  «Ақботаға»  -  16  оқушы,  «Русский 

медвежонокқа» - 52, «Золотая Руноға» - 18, 

«Кенгуру лингвистке» - 14, «кенгуру матема-

тика – 36, «Адам және табиғатқа» - 48, «Пони-

ге» - 15, оқушы қатынасып, жүлделі орындар-

ды  иеленіп  жеңістің  биік  тұғырынан  көрінді. 

Және  де  мектепішілік  «Абай»,  «Ілияс», 

«Махамбет»  оқулары  мен  «Жамбыл-ай-

тыскер  ақын»,  «Жыршылар»  байқаулары 

өткізіліп  жеңіп  шыққан  оқушылар  аудандық, 

облыстық  байқауларға  жолдама  алды. 

                  Оқушылар  арасында  «Салауатты 

өмір  салтын»  дәріптеуде  түрлі  спорттық 

секциялардың  алатын  орны  ерекше.  Бұл 

салада  да  біршама  жетістіктері  баршылық. 

Атап  айтсақ:  Республикалық  «Мектеп-

тер  лигасы»  атты  спартакиаданың  аудан 

көлеміндегі  көрсеткіші  бойынша  волейбол-

дан  5-8  сыныптың  қыздар  командасы  -2 

орын,  баскетболдан  9-11  сынып  қыздар 

командасы  да  -  2  орын,  ал  5-11  ұлдыр  ко-

мандасы  -3  орынды  иеленсе,  футболдан 

ұлдар арасында 7-8 сыныптар - 1 орын, 5-6 

сыныптар  -2  орын  иеленіп  жеңіс  тұғырына 

көтерілді.  Жаттықтырушылары    дене 

тәрбиесі    пәнінің  мұғалімдері:  А.  Есенов, 

Қ.Тұрсынбаев.    Тағы  бір  жағымды  жаңалық 

–  велосипед  спортынан  қыздар  арасындағы 

Астана  қаласында    өткен  Қазақстанның 

Республикалық    чемпионатында  Утебаева 

Диана  жүлделі  ІІІ  орынды  иеленіп,  вело-

спорттан  Қазақстан  құрама  командасының 

мүшелігіне  қабылдануы  бәрімізді  қуанышқа 

бөлеп,    мәртебемізді  бір  көтеріп  тастады. 

          Ендігі кезекте мектеп  өміріндегі тыным-

сыз еңбектің бел отасында жүрген ұстаздар 

қауымының  жетістіктері  туралы  айтсақ  - 

физика  және  информатика  пәнінің  мұғалімі 

А.  Рахымбаеваның  Республикалық  «Ин-

теллектуал-2050»  қорының  демеушілігімен 

Швейцарияның астанасы Женева қаласында 

орналасқан  «Европадағы  ядролық  зерттеу 

орталығында»  (ЦЕРН)  болатын,  шетелдік 

Франция  және  Швейцария  ғалымдары  дәріс 

беретін  арнайы  курсқа  бару  жолдамасын 

жеңіп  алғандығын  қуана  хабарлаймыз 

(Қазақстан бойынша 2-ақ жолдама), тағы бір 

тоқтала кететін жағдай 2016 жылы орыс тілі 

мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Б.Г. Заводен-

ко    Талдықорған  қаласындағы    Назарбаев 

зияткерлік  мектебі  жанындағы,  «Мұғалімдер 

шеберлігін  шыңдау  орталығынан»    арнайы 

курстан  өтіп,  мектепішілік    тренер  серти-

фикатын  алуы  болса,  Облыстық  «Тарихқа 

тағзым»  атты  Қазақстан  Республикасы 

тәуелсіздігінің  25  жылдығына  байланы-

сты  «Көркемсөз»  байқауында    Өнербай  Т. 

белсенділігімен  топ  жарып    арнайы  грамо-

тамен  марапатталды,    ал,  тәжірибелі  ұстаз 

Р.Құстаеваның  «Ұжымдық  оқыту  техноло-

гиясын  пайдалана  отырып  оқушылардың 

білім  сапасын  арттыру»  атты  әдістемелік 

құралының  (кітапша)    да  жарыққа 

шығып  таратылуы,    мектеп    ұстаздары  

үшін 

үлкен 


жетістік-деп, 

есептейміз.

 

  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың: 



«Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарт-

тар  деңгейінде  сапалы  білім  беру  қызметін 

басқаруға қол жеткізуіміз керек» -деген сөзі, 

мектеп  ұстаздарына  үлкен  жауапкершілік 

жүктейтінін  айқын  сезінеміз.  Және  де  ме-

рейтой  қарсаңында  облыс  әкімі  А.Баталов 

мен аудан әкімі  Б.Абдулдаев  мырзалардың  

қолдауымен  мектебіміз  күрделі  жөндеуден 

өтіп,  заман  талабына  сай  жаңартылып, 

керекті  құрал  жабдықтармен  қамтамасыз 

етілгені  барша  қауымды  бір  қуантып  та-

стады.  Облыс,  аудан  әкімшілігіне,  қол 

ұшын  берген  ер-азаматтарға  -  ұстаздар 

мен  ата-аналар    қауымы  атынан  үлкен  

алғыс  айтамыз!  Осынау  қиындығы  мен 

қуанышы  мол  ұрпақ  тәрбиесіндегі  парасат-

ты  еңбектеріңізге  мол  табыс  тілей    отырып, 

барлығыңызды  мектебіміздің  60  жылдық 

,  Тәуелсіздігіміздің  25  жылдық  мерейтой-

ларымен  шын  жүректен  құттықтаймыз! 

«Мәңгілік  Ел»  ұрпақтарын  тәрбиелеуде  ру-

хымыз асқақ, алар асуларымыз биік болғай.

Қ. ИБРАЙЫМЖАНОВ ,

№6  орта мектеп 

- интернатының                                                                              

тарих    пәнінің   мұғалімі

  Жаркент  қаласындағы  60 жылдық  тарихы  бар № 6 орта  мектеп – интернаты – 

ауданымыздағы оқу-тәрбие  үрдісін  заман  талабына  сай  ұйымдастырған, технологи-

ялары  өскелең  ұрпаққа  лайықты,  өзіндік  қолтаңбасы  қалыптасқан  көп  ұлтты   білім   

ордаларының  бірі. Мектебіміз  шұрайлы,  жазиралы  мекен  Жаркентте    1956 жылы    

500      оқушыға  лайықталып  ашылған.   Бүгінде  аталмыш  қара шаңыраққа  60 жыл  

толып   отыр. Іргесі    нық  бекіген   мектептің   педагогикалық   ұжымын  бүгінде   аудан,  

облыс,  республика  көлеміне  танымал  болған  «Ұлағатты ұстаз» медалінің  иегері,  

білім  саласында   37  жыл  үздіксіз  еңбек  етіп,  көпшіліктің  алғысына  бөленіп  жүрген   

ұлағатты  ұстаз,  ардақты  ана   Кобелекова Айтжамал Шағманқызы   басқаруда.

          Мектеп  оқушылары   мен  мұғалімдері  өз  білімін  үнемі   жетілдіру  мақсатында  

заман  ағымына  ілесуде.  Күн  тәртібінен  түспейтін,  ең  өзекті   мәселелердің  бірі  

ол-  білім  сапасы болғандықтан,   оқушылар  аудандық,  облыстық,  республикалық   

түрлі    байқауларға      қатысып,      жүлделі      орындарды    иеленіп    жүр.  Жыл    сайын   

мектеп  бітіруші   түлектердің    30-35 пайызы   жоғарғы  оқу  орындарына  грант-

пен  түсуі- ұстаздардың  тынымсыз   еңбегінің  нәтижесі. Тәрбиенің  нағыз  қайнар  

бұлағы      мектеп    десек,  тәрбие  жайында    ғұлама-ғалым,    шығыстың      Аристотелі  

Әл-Фараби  «Тәрбиесіз  берілген  білім -  адамзаттың  қас жауы»,-деген  болатын.  

Мемлекеттің      маңызды    мәселесі    бала    тәрбиесі      болғандықтан,    мектебімізде   

тәрбие  жұмыстары  да   дұрыс  жолға   қойылған. Мектепте  түрлі  спорттық  іс-

шаралар  жиі    өткізіліп,    салауатты    өмір    салтын    ұстануының    арқасында  

жас    спортшыларымыз    түрлі    республикалық      байқаулардың    жеңімпаздары. 

    Қазіргі      ұстаздар    қауымы    үшін    ұлы      мақсат-талап,    табыс      биігінен  

көріну,    білім      заңын    басшылыққа    ала    отарып,    білімді,    саналы,      сауат-

ты      ұрпақ    тәрбиелеу.    Осы    жолда      маңдай    терін    төгіп,    аянбай      еңбек  

етіп      жүрген        ұстаздар      легі,      үлгі      тұтар      мақтаныштарымыз    өте    көп. 

                    Түрлі      міндеттерді      орындауда      мектеп      ұжымы      бір      жағадан    бас,  

бір    жеңнен    қол      шығара    отырып,    жұмыла      көтерген    жүктің      жеңіл    бо-

латынын    сезініп,        шығармашылықпен,    үлкен    ізденіспен      жұмыс      істеп,   

алдағы    уақытта  да    мектеп    абыройын      асқақтата      берері      сөзсіз.    

       


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет