Жас ерекшеліктері туралы ұғым. Белгілі кезеңдерге бөлінуі



Дата17.03.2023
өлшемі205,14 Kb.
#75237
Байланысты:
Жахонгир Дилшод

Жас ұғымы


Қабылдаған: Сейдаева А
Тобы: 1509-11
Орындаған: Сабриитдинов Д, Абибуллаев Ж

Жоспар: 1. Жас ерекшеліктері туралы ұғым. 2. Белгілі кезеңдерге бөлінуі

Анықтамасы: Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшелігі деп атайды.

Педагогикада зерттелуі: Педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым- қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді.

Жеке адам түсінігі: * Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адам; *Қалыптасу дегеніміз-адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы.

Жас ерекшеліктерін ескеру туралы ежелгі педагогтардың ойы Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы рете кезде-ақ көрсеткен еді. Ал, белгілі педагогтар Я.Коменский, Ж. Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын.

Жас ерекшеліктерін жинақтау әдісі


Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, ал сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады.

Бөліну сатылары: Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің сызбасына жаңа туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейінгі өзгерістер кіреді. Олардың сатылары: 1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін) 2. Нәрестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін) 3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін) 4. Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт жастан 7 жасқа дейін) 5. Бастауыш мектеп жасы (7жастан 11,12 жасқа дейін) 6. Жеткіншек шақ (11,12жастан, 14,15 жасқа дейін) 7. Жасөспірім шақ (14,15 жарым жастан, 17 жасқа дейін)


*Тәрбие мен оқыту осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі керек.
*Өйткені, адам жасының табиғи негізі — жас сатылары немесе биологиялық жетілу сатылары.

4-7 жастағы шақ:

  • Мектепке дейінгі балалық шақта, жас баланың 4 пен 7 жасының аралығындағы өзіне тән ерекшеліктері, оның айналасындағы болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып, көргені мен сезінгендерін зердесіне хаттай жазып ала қоятын зеректігін ала бөтен ескерген жөн. Әрдайым козгалыс үстінде жетіле дамыған балалардың денесi мен салмағы да бір калыпты мөлшерді сактап есіп отырады.

Бастауыш мектеп жасы

  • Төменгі сынып окушысын дамыту және тәрбиелеудің ерекшелігі. Бастауыш мектеп жасындағы баланын психологиялык ерекшіліктері баланың бұрынғы дамуында жинакталып, оны өз кезегімен дамудык келесі сатысына көшуге дайындап отырады.

Жеткіншек шақ:


Жыныстық толысу тез жүреді:
回 қыздарда - 11-13 жас;
ер балаларда 13-15 жас.
Дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру керек.
Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны онын «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», <<сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл - ен тынымсыз, ең қиын, ен кызба жас. Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы-оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі, ол белгiлi бiр үлгiлер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен, жолдастарымен қарым- катынас орнатуға бағытталады

Жасөспірімдік шақ:

  • Жасөспірімдік кезеңнің көптеген теориялары бар. Жасөспірімдік шак бала мен ересектік шактын аралығы, баланың ересектерге тәуелділігімен сипатталады, ересектер баланың өмiрлiк iс-әрекетін мазмұны мен бағытын белгілейді.
  • Жасөспiрiмдiк шактын аса маңызды мiндеттерi - мамандық таңдау, еңбек пен когамдық-саяси кызметке даярлану, некелесуге, өз отбасын құруға әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгiлi бiр уақытты талап етедi.

Қорытынды: Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Осыған байланысты әрбір педагог-маман орта мектеп оқушыларының жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерге сергек те сезімтал көзқараспен қарап, олардың жан дүниесін түсіне білуі шарт.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет