Ерте феодалдық Франк мемлекеті және құқығының кезеңдерге бөлінуі



Дата06.01.2022
өлшемі16,73 Kb.
#16803

Ерте феодалдық Франк мемлекеті және құқығының кезеңдерге бөлінуі:

1-кезең – Меровингтер ионархиясы (VІ – VІІ ғ.ғ.)

2-кезең – Каролингтер монархиясы (VІІІ – ХІ ғ. 1 жартысы). Франктер мекендеген жерлер 2-округқа – пагқа бөлінді. Паг ұсақ бірліктер – жүздіктерден тұрды. Мемлекет территориясын жайлаған негізгі этникалық топтар: Солтүстікті мекендеген франктар мен Оңтүстікті мекендеген галло-римдіктер болды.

Негізгі топтар – фоедалдар мен феодалға тәуелді шаруалар болды.

Меровингтер монархиясына тән белгілер:

1. Хлодвиг өлімінен кейін корольдік бірнеше рет тәуелсіз мемлекеттерге бөлінді.

2. корольдік билікті ұстау үшін жерге жеке меншік – аллад енгізілді.

1. үнемі өсіп отыратын шіркеулер және жер иеліктері тез байыды.

2. жерсіз шаруалардың тез өсуі.

3. патронат жүйесі кең таралды.

4. корольдік билік әлсіреп, ақсүйектердің құдыреттілігі өседі.

5. Билік ақсүйектердің қолына шоғырланды. Ол мемлекеттегі барлық маңызды лауазымдарды басып алады. Оның ішінде майордан – алғашында король сарайын басқарды, соңынан мемлекет басшысы болды. Бұл лауазым мұраға айналып, соңында Каролингтер әулетіне жол ашып береді.

Каролингтер монархиясының негізгі ерекшілігі сол ол майордан Карл Мартелл реформасымен тығыз байланысты. Оның мәні мынада:

1. жерді толық меншікке сыйға беру тәртібі жойылады ;

2. мұның орнына өмірлік иелену – бенефиций пайда болды.

3. бенефиций  ұстаушысы – авссол деп аталады, ао берушісі – сеньор деп аталады;

4. бенефиций ұстаушысы сол жерді берген тұлғаның мүддесі үшін әскери қызметті өтеуі тиіс болатын;

5. мемлекет басшысынан басқа бенефицийді басқа да ірі феодалдар тарата бастады, сөйтіп олардың өздерінің вассалдары пайда болды ;

6. сот, полиция, қарды облысындағы барлық өкілеттіктер жер иесіне берілді;

7. иммунитеттік гролиотар енгізілді. Ол бойынша сол жерге мемлекет шенеуніктерінің қызметі таратылмады.

 

Мемлекеттік құрылыс



Басқару формасы бойынша франк мемлекеті шектеулі монархия болды. Король билігі үнемі әрекет ететін кеңеспен шектеліп отырды және олардың келісімінсіз бірде бір маңызды шешім қабылданбады.

Мемлекетті басқару мен сот ісін жүргізуде жоғарғы лауазымды тұлғалар қызмет етті : майордам, пфальцграф – алғашында король малайларын бақылады, соңынан сотты басқарды; тезаурарий – қазыналы, байлықты сақтаушы ; маршал – атты әскербасшысы ; және архикаппелан – король духовнигі және сарай духовенствасының ішіндегі ең басшысы.

Жергілікті басқару

Округті (паг) басқаруды – король тағайындайтын лауазымды тұлға – граф жүзеге асырды. Округ құрамына кіретін жүздіктерді солтүстікте центенарий, ал оңтүстікте викарий басқарды. Олар графқа бағынышты болды. Жүздіктің құрамына кіретін қауымдар өзін-өзі басқаруды сақтады.

Сот

Жоғарғы сот билігі монархта болды. Корольдік кеңес аса қауіпті қылмыстарды қарастырды. Негізінен істердің көпшілігі жүздіктердің сотында қаралды.



Франк мемлекетінің гүлденуі ІХ ғ. Басында оның құрамына барлық батыс Европа енгенде жетті. 843 ж. Вердендегі ¦лы Карл немересімен жасасқан шартта Франк мемлекетінің 3 корольдікке бөлінуі заңды бекітілді. Олар: батыс франктік, шығыс-франктік және орталық (болашақ Франция, Германия және Италия).

Құқығының негізгі белгілері

​Ертедегі құқықтың қайнар көзі – тайпалық сипаттағы әдет ғұрыптар.

​V-ІХ ғ. Кезінде «варварлық шындық» түріндегі тайпа әдет ғұрыптың жазбасы болды.Салистік, Рипуарлық, Бургундтық, Аллементтік шындықтар пайда болды. Көбінде Салистік шындық мысалға алынады. Онда құқықбұзушылық және соған сәйкес жазаның жалпы, абстрактілі ұғымдары болмайды : мысалы қылмыс д/з – тұлға мен мүлікке зиян келтіру және «король бейбітшілігін» бұзу ; ал жаза д/з – жәбірленушіге келтіруге зиянды өтеу және «король бейбітшілігін» бұзғаны үшін корольге айыппұл төлеу. Жаза кінаға байланысты болмады және ол тек қана әрекеттің аяқталған нәтижесіне тағайындалды.

​Салистік шындық бойынша неке күйеу баланың келін баланы ұрлау формасында болды. Зорлықпен ұрлауға тыйым салынды және қандас туысы және еріктілер мен құлдар арасында неке қию тиым салынған. Мұрагерлік құқықта меншік иесі өлгеннен кейін барлық қозғалмалы мүліктерді ең алдымен балаларына, олар болмаған жағдайда кезектесіп шешесі, аға-қарындасына мұраға қалып отырды.

​Міндеттемелік қатынас облысында Салистік шындық мәмілелермен тек қарапайым түрлерін білген : сату-сатып алу, несие, заем, айырбас, сыйға тарту. Мәміле кезінде меншік құқығын беру көпшіліктің алдында жүзеге асты. Міндеттемені орындамау мүліктік жауаптылыққа әкеледі. Сот процесі айыптаушылық сипатта болды. Оған тән негізгі белгілері : азаматтың және қылмыстық процестің жүзеге асырылуы бірформада болды. Іс жәбірленушінің инициативасы бойынша қозғалады.

476 жылы Рим империясы құлады. Франктердің басында, Франк патшалығының негізін қалаған Меровей руынан шыққан Хлодвиг тұрды. Хлодвиг әкесі Хильдерик өлгеннен кейін орнына келген мұрагер еді. (Хильд-Рик ескі франктерше «қуатты соғысушы» деген мағынаны білдірсе, Хлод-Виг «соғыста даңқы шыққан» дегенді білдіреді).

Батыс Рим империясының орнына пайда болған Франк мемлекеті ерте ортағасырлық Еуропа территориясындағы ірі мемлекеттердің бірі болды. Өз дамуының шарықтау шегінде оның құрамына қазіргі Францияның, Белгияның, Люксембургтің барлық территориясы және Нидерланды, ГФР, Италия, Испания территорияларының аймақтары кірді. Франк мемлекетінің 400 жылдық тарихы қазіргі Батыс Еуропа елдерінің тарихының алғышарты іспеттес. 486 жылы Суассон түбіндегі ұрыста Галлиядағы ақырғы Рим наместнигі Сиагрий франктерден жеңілді. Франктердің басында Меровингтер руының ақсүйегі 19 жасар Хлодвиг тұрды.



Франк көсемдерін ығыстыра отырып, Хлодвиг галл мемлекетінде тәртіп орнатуды көздеді. Франктер Рим территорясында империя құлағанға дейін пайда болды және императорға қызметке тұрып, олардың ішкі ісіне араласа бастады. Меровей руының ұрпағы басқарғандықтан, франктер әулеті V ғасырдың бірінші жартысы мен VІІІ ғасырдың аралығын «Меровингтер патшалығы» деп атады. Бұл әулеттің патшалары салт-дәстүр бойынша ұзын шаш өсірді. Ол наным-сенімге байланысты болды. Хлодвиг – франк патшаларының арасында бірінші болып шоқынған адам. Григорий Турский франк патшаларының қулығын, қатігездігін суреттейді. Салий франкт

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет