«Жасауыл қырғын» жырының тарихи негізі



Дата29.04.2023
өлшемі15,32 Kb.
#88307

«Жасауыл қырғын» жырының тарихи негізі
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің тарихын зерттеуде архив құжаттарымен қатар қазақ фальклорының орны ерекше. Бұл қазақ халқының дәстүрлі формасына сай тарихымызда орын алған ірі оқиғаларды халық ауыз әдебиетінде сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан тарихи жырлар, аңыздар, дастандар т.б. Бұл фольклорлық материалдарда қазақтың әлеуметтік-әлеуметтік құрылысы, тұрмыс-тіршілігі мен әдет-ғұрпы, халық өміріндегі аса маңызды тарихи оқиғалар айқын көрініс тауып отырған. Қазақ қоғамының ішкі болмысын сезінуге, түсінуде фальклордың орны ерекше.
Қазіргі таңда тарих ғылымы үшін фальклордың тарихи дереккөзі ретінде пайдалану мәселесі өткір. Қазақ фальклоры негізінен суреттеп отырған оқиғаларды бірін қалдырмай баяндайтындығы, көптеген жер-су аттары мен адам есімдері кездесетіндіктен, сол жылдардың бет-бейнесін ашып көрсететіндіктен тарихшылар үшін маңызды дереккөзі бола алады. Фальклордың маңыздылығы туралы Е.Бекмаханов «Фольклорлық материалдың маңызы сонда, ол тарихи оқиғалар мен жеке адамдарға дәл және көбінесе дұрыс бағасын береді, себебі тарихты жасаушы және суреттеліп отырған оқиғалардың тікелей қатысушысы халықтың өзі болып табылады.»[1] деп түсіндіреді. Тарихшылар үшін фальклордың екінші жағы бар, фальклорда көбінесе тарихты идеаландыру, жеке адамды асыра мақтау, батырларын мистикалық тұрғыда бейнелеу шындықтан сәл ажырады.Қазақ фальклоры ауыздан ауызға тарап, көптеген уақытты артқа қалдыратындықтан, оны жеткізіушілер бұрмалап жеткізетіндіктен, фальклордың бастапқы формасы өзгеріске ұшырайды. Осындай факторлар әсер ететіндіктен фальклорды дереккөзі ретінде пайдаланғанда тарихшы сыни көзбен қарап, шындықты ажырата білуі керек.
Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық соғыстың кезеңдерін, барысын, тіпті өзін халық қаһарманы ретінде берілетін қазақ ауыз әдебиетінде көптеген жырлар өте көп. Ал Кенесары ханды керісінше даттайтын, елге жасаған зорлық істерін әшкерелейтін тарихи жырларда кездеседі. Соның бірі мақалаға арқау болып отырған «Жасауыл қырғын» жырының тарихи шындығын ашып көрсету. «Жасауыл қырған» жырында болған оқиғаны басқа мұрағат құжаттарымен, басқада осы оқиға кездесетін түрлі тарихи жырлармен салыстырмалы-тарихи әдістерді қолданып, болған оқиғаның артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап жазу.
Мен қолымдағы нұсқа Нұрлан Ахметбеков Жасауыл қырғын оқиғасын алғашында 1926 жылдары хатқа түсіп, 1936 жылы Ғылым акедемиясының ғылыми кітапханасында сақталған. Осы нұсқадағы «Жасауыл қырғын» жырына талдау жасап көрмекпін. Одан кейінгі нұсқалары екінші дүнижүзілік соғыстан кейінгі идеалогияның бұрмалауына байланысты түрлі өзгертулерге ұшыраған. Осы бастапқы нұсқасына тарихи талдау болмақ.[2]
Жырда: «Абылай ханның ұлы Қасым сұлтаннан Кенесары хан мен Наурызбай батыр тарағандығы айтылады. Кенесары хан туған кезде уысында қан болған екен. Қасым хан қайтыс болғаннан кейін Кенесары хан болыпты. Елдің жағдайын ойламай тек ел тонап, халықтың малын тартып, әділетсіз патша болғандығы жазылады. Арқа жерініне сыйы кетіп Ұлытау жеріне қоныс аударады. Ал інісі Наурызбай батыр тоқсан жасауылымен кіші жүз жаппас руынан салық жинап, қоныс аударатын болды. Жаппас руы зекет салығын бере алмайтының айтқанда Наурызбай батыр қалың елге бас салады. Төтеп бере алмаған халық Науан батырға сый құрмет жасап, мал жинап, көңілін көтеру үшін ойын-күлкі жасап береді.Жаппас руының батыры Жаңғабыл қыстан аман-есен шығып, Сыр бойында базарлық алыпа жүреді. Осы хабарды естігінен күн-түн демей ауылына келеді. Науан батырға білдіртпей өз батырларын кек алу мақсатымен жинайды. Ақылдасып он ауылға он батырдан қонақ қылып, жасауылдарды бөліп өлтірмекші болады.Қызыққа тойған жасауылдар ұйықтап жатқанда жаппас руының батырлары барлығынын қырып салды, тек Науан батыр ғана бір жасауылды қарауылға қойып, мән жайды тез біліп аман қалады. Осы оқиға тарихта Жасауыл қырғыны деген атпен қалған. Жырдың аяғында Кенесары ханның қырғыздармен шайқасып, қаза болғандығы айтылады. Сол соғыстан тірі қалған Нысанбай жыраудың Кенесары ханды жоқтап, жырлап қалғандығы айтылады.»[3]

Пайдаланған әдебиеттер тізімі


1. Е. Бекмаханов «Казахстан в 20-40 годы XIX века»
2. П.Қ.Бисенбаев, Т.Қ.Мекебаев «Кенесары-Наурызбай туралы тарихи-фальклорлық үлгілер» Алматы 2014
3. Н.Ахметбеков «Жасауыл қырған»

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет