Эссе: Мартин Хайдеггердің “Болмыс” туралы түсінігі



Дата15.08.2023
өлшемі103,8 Kb.
#105317

Эссе: Мартин Хайдеггердің “Болмыс” туралы түсінігі


Хайдеггердің ойынша, философияның ең басты мәселесі болмысты түсіну. Егер грекантикасы заманында философтар болмысқа жақындау болса, кейінгі замандарда одан ауытқып, мүлде басқа жаққа, жасанды философиялық жүйелер жасау жағына кетіп қалған. Ал философтың бір-ақ қана міндеті бар, ол болмысқа құлақ түру. Болмыс деген сөз болу етістігінен шыққан. Грек философиясына зер сала үңілген Хайдеггер «Дүние неге жоқ емес, бар?» деген сауалдан бастайды. Сөйтіп ол шынайы дүниенің қасиеті жоқ болу емес, бар болу деген түйінге келеді. Алайда бар болудың да түрлі түрлері бар ғой, мақұлық түрі, адамдық түрі, данышпандық үлгілері. Осыған қарап неміс философы бар болу аз дейді, әрбір бар нәрсенің өзінің болмысы болуға тиіс, ол адамның бар тірлігіне мән беретін нәрсе, сөйтіп ол тірлікті бар болу және мәнісі, болмысы бар бар болуға бөледі. Орысша айтқанда, бытие и сущее. Бұлар бір біріне қосылмайды дейді Хайдеггер. Тек хайуанның болмысы ғана жәй барболушылықпен шектеледі, ал адам мән іздеуші, болмысқа көтерілуші тұлға. Өйткені оның өмірі өлімге аяқ басқан өмір, немесе оның өмірі өлімге дайындық. Ал бұл адамды қамсыздықты қойып, қамдануға жетелейді. Орысша бұл термин забота деп айдарылады. Сөйтіп Хайдеггер философияны аспаннан жерге түсіріп, ол тек адамның өмір сүруіне, сол сүрген өмірін өзінің жеке санасымен сезінуіне байланысты дейді. Демек, Гегельдің пайымындағыдай ешқандай Абсолютті Рух жоқ, тек қана болмыстың мәнін түрлі түсінуші жеке адамның жеке санасы бар. Міне, осы жеке адамды Хайдеггер мындағы болмыс дейді. Осылай айтқанда ол бір жағынан болмысты жекелесе, екінші жағынан, жеке адамды жалпы болмысқа, космологияға сіңіріп жібергендей. Бұл тұрғыдан да ол біздің дала ойшылдарымызға жақын.


Х
айдеггер философиясының жалпы сипаты .
«Болмыс және уақыт» кітабында пайымдалған идея жүйесі. (Немісше)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет