Ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесу, сыныптағы қажеттілікті түгелдеу, топтық және жұптық жұмыс кезінде техника қауіпсіздігін ескертемін. Жәнеде бүгінгі сабақтың мақсатын қысқаша айтып өтемін
Үй тапсырмасын тексеру үшін « Жолдың шетіндегі таңбалар» әдісін қолданамын. Оқушыларға үй тапсырмасына қатысты дәптердің шетінде «Ж»- жеңіл, «Қ» қиын, «К» - күмән тудырады деп таңба қалдыруды сұранамын, мұғалім сабақтың басталуына дейін әрбір оқушының проблемаларын көруге, ал оқушы рефлексия жасауға үйренеді.
Мұғаліммен сәлемдесу
«Жарайсың!»
«Тамаша!»
«Талпын!»
Сабақтың ортасы 25мин
Жаңа тақытыпты түсіндіру
(презентация)
Жақша ішінде алгебралық
қосынды жазылған өрнектерді
оған тең жақшасыз
өрнектермен алмастырып
түрлендіру
"жақшаларды ашу" деп аталады.
Жақшаларды ашу үшін бізге өзіміз білетін
"таңбалар ережесі"
қажет.Қане есімізге түсірейік!
1- жағдай Жақшаның алдында "+" таңбасы бар
a + (- b +c -d) түріндегі жақшаларды ашу.
1-мысал, 7+(-9a+4b-c) = 7- 9a+4b-c
Ереже: Жақша алдында"+" таңбасы болса,жақшаны ашқанда жақша ішіндегі
қосылғыштар өз таңбаларымен жазылады.
2-жағдай Жақшаның алдында "-" таңбасы бар
a - (-b+c-d) түріндегі жақшаларды ашу.
2- мысал, 5 - ( 2a - 3b +7c) = 5 - 2a +3a - 7c
Ереже: Жақша алдында "-" таңбасы болса,жақшаны ашқанда жақша ішіндегі
қосылғыштардың таңбалары қарама-қарсы
таңбамен алмастырылады.
3- жағдай
Егер жақшасы бар өрнектің құрамында
санмен қатар әріп көбейткіштер болса , онда
көбейтудің терімділік және ауыстырымдылық
қасиетін пайдаланып,өрнекті жақшасыз
жазамыз.
Көбейтудің терімділік және ауыстырымдылық қасиеті деген не?
3-мысал, 2*(-4a)3b = (2*(-4)*3) *(a*b) =-24ab
a(b+c)= ab + ac Көбейтудің терімділік және ауыстырымдылық
қасиеттерін пайдаланып, сан көбейткіштерді
бөлек, әріп көбейткіштерді бөлек топтаймыз
Егер өрнек сан мен бір немесе бірнеше
әріптің көбейтіндісі болса, онда санды
" коэффициент " деп атайды
Коэффициент әріп көбейткіштің алдына
жазылады. 1 н/е -1 ге тең коэффициент
жазылмайды.
Мысалы,1a=a, -1a=-a
Оқулықпен жұмыс жасайық
№659
«Өрмекші торы» әдісі арқылы кері байланыс алу.
Жіпті лақтыру арқылы әр топ кезекпен бір-біріне сұрақтар қояды.
Кері байланыс. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы кері байланыс аламын,
Үйге тапсырма беру. №652,
Оқушылар өздерінің тақырып бойынша оқып, зерделегенін тұжырымдайды.
Мақсаты: Өз ойын айтып, сабақты бекіту, қорытындылау.
Тиімділігі: Оқушы алған білімін жинақтап, саралай білуге дағдыланады.
1.Маған бүгін не ұнады.
2. Маған бүгін не ұнамады.
3.Менің күдіктерім.
4. Менің тілектерім.
Оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Мадақтау сөздері» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды. Жарайсың!, Керемет!, Жақсы!, Талпын!,.
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:1
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2: